Материалдар / Сөйлеу дегеніміз не?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша пихологтарына.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
1659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сөйлеу дегеніміз не? (Ата – аналарға сұрақ)


«Сөйлеу дегеніміз – анық мағынасы бар, бір – бірімен байланысқан сөздермен сөйлемдердің ауызша немесе жазбаша түрде айтылатын нақтылы сөздер. Бұл сөйлесу, әңгімелесу...» (Мағыналы сөздік В.Даль).

Сөйлеу – бұл барлық адамдарға тән қабілеттері, яғни өзін - өзі тану, өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі дамыту, өзінің ішкі әлемін басқа адамдармен, басқа әлеммен, басқа мәдениетпен диалог арқылы құрумен көрінетін адамның маңызды творчествалық психикалық қызметі.

Сөйлеу бала өмірінде көптеген қызыметтер атқарады. Сөйлеудің негізгі және алғашқы қызметі – бұл коммуникативті, яғни қарым – қатынас заты түріндегі сөйлемдердің тағайындалуы.

Мектепке дейігі балалардың үлкендермен және өзі қатарлас балалармен қарым – қатынасының 2 негізгі сферасын ажыратады. Баланың қоршаған ортамен және үлкендермен тілдесуі тек шарт емес, ол оның психикалық дамуының негізгі қайнар көзі. Бала қалыпты адам бола алмайды, егер ол адам қоғамындағы білімді, қабілетті, қарым – қатынастарды игере алмаса. Бұлардың бәрін ол тәжірибесі мол адамдармен қарым – қатынаста болған жағдайда ғана игере алады.

Нақтылы тарихи фактілер, яғни балалар жақын адамдармен қатынасын үзген кезде, бұл мауглидің балалары. Бұндай балалардың басқа адамдармен тілдесу, әлеуметтік тәртіп қабілеттері болмайды, оларда керісінше психикалық дамуларының дамуларының төмендігі анықталынған және олар адам қоғамына үйрене алмаған.

Қоршаған ортадағы ересек адамдармен қатынастың, жылулықтың, махаббаттың, түсінушіліктің жетіспеушілігі баланың қалыптасуының бұзылуына әкелетінін психикалық зерттеулер дәлелдеген. Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым жанұядағы ересектермен қатынаста болудың маңызы зор.

Үлкендермен эмоциалы қатынас арқылы болашақ тұлғаның негізі қалыптасады: көру, тыңдау, қоршаған ортаны қабылдау, қабілетті, танып білу қызығушылығы дамиды, өзіне сенімділік, қорғау сенімі қалыптасады. Егер бала өмірінің алғашқы айларында жақын туыстарынан қажетті жылылылықты алмаса, кейін ол өзін білдіреді. Бала қорқақ және пассивті, өзіне сенбеу немесе қатал, агрессивті болады.

Жанұяда әрбір адам бірін – бірі тыңдап, келіспеушілікті айғай – шусыз шешу, бір – бірінің ерекшеліктерін сыйлаудың маңызы зор. Жалпы алғанда егер отбасында бейбітшілік және қайрымдылық атмосферасы болмаса, баламен дұрыс қарым – қатынас құру мүмкін емес.

Баламен дұрыс қарым – қатынасты қалай құруға болады? (Ата – анаға сұрақ)

Балаға тамақ қалай қажет болса, қатынаста солай қажет. Жаман тамақ ағзаны улайды, дұрыс қатынастың болмауы баланың психикасын «улайды», оның психикалық денсаулығына, эмоционалды қолайлығына соққы тигізеді.

Жанұяда қолайлы қарым – қатынасты қалыптастыру арқылы, тәрбиенің ауыр мәселесін шешуге болатынын, бала және олардың ата – аналарына психологиялық көмектің әлемдік тәжірибесі дәлелдеген.

Ата – аналардың қарым – қатынасының стилі баланың психикасында еріксіз түрде қалыптасып қалатынын еріксіз түрде дәлелдеген. Бұл еріксіз түрде мектепке дейінгі балалық шақта жүзеге асады. Үлкен өскен кезінде, адам оны шынайы түрде қалыптастырады. Нәтижесінде ұрпақтан – ұрпаққа әлеуметтік қатынас ретінде қалып отырады. Ата – аналардың көбі өз балаларын, бала кезінде өзін қалай тәрбиелесе солай тәрбиелеуге тырысады.

Кәнекей баламен қалай тілдесу керек екенін қарайықшы. Бұл жерде бізге Мәскеу университетінің профессоры Юлии Борисов Гиппенритер кеңестері және оның «Баламен тілдесу. Қалай?» кітабы көмектеседі.

Ең алдымен баланы қабылдау – яғни оны ақылдылығына, қабілеттілігіне, әдемілігіне байланысты емес, ол сіздің балаңыз, сізде осындай баланың бар екеніне байланысты жақсы көру керек. Махаббатқа қажеттілік, адам қажеттіліктерінің фундаменті екенін психологтар дәлелдеген. Баланың қалыпты дамуы үшін қажетті шарттар оның қанағаттануы.

Егер сіз балаға сіз үшін қымбат, маңызды, қажетті екенін, және оның жәй ғана жақсы екенін айтып, сонымен қатар сүйіп, құшақтап, еркелететін болсаңыз бұл қажеттілік қанағаттанады.

Әйгілі жанұялық терапевт Вирджиния Сатирдің ұсынысы бойынша, баланы кем дегенде 4 рет еркелетіп, құшақтау керек, ал жақсы көңіл күй үшін күніне 8 рет, ол тек балаларға ғана емес үлкендерге де арналады. Бұндай көңіл аудару белгілері өсіп келе жатқан ағзаға эмоционалды және психикалық дамуына көмектеседі. Егер біз баланы түсінбей, оған жәй ашуланатын болсақ, ол «мені жақсы көрмейді» деген ойға келеді. Адамға жақсы көру, құрметтеу және оның қажеттілігі, жақындылығы қажет. Адамның бақытты болуы оның өмір сүріп жатқан ортаның психологиялық қолайлығына, сонымен қатар балалық шақтан жиналған эмоционалды багажына байланысты. Ал климат пен багаж ең алдымен ата – ананың қарым – қаиынас стиліне байланысты.

Өзінің негативті эмоцияларыңды жинап және жасыруға болмайды.


Біз үлкендер балаға деген қанағаттанбаушылығымызды қалай көрсетуіміз керек? (Ата – анаға сұрақ)

Оны ерекше түрде көрсету керек:

  • Баланың жеке іс - әрекеттерімен, бірақ жалпы баламен емес

  • Баланың іс - әрекетін талдау, бірақ өзімен емес

  • Баланың іс - әрекетіне қанағаттанбау жүйелі түрде болмау керек, ол оның қолайсыздығына әкелуі мүмкін


Ата – аналарға арналған мини – анкета

Мини анкета сұрақтарына жауап беріңіздер:

  • Балаңызға күні бойы неше рет оң эмоциямен қарағаныңызды есептеңіз (күліп қарау, қолпаштау)

  • Күні бойы балаңызды неше рет еркелетіп құшақтайсыз (Таңертеңгі сәлем және жатар алдында бетінен сүю)

  • Баламен қатынаста қандай еркелететін сөздерді қолданасыз

  • Балаға ашуланған кезде қандай сөздер айтасыз?


Егер бала тыңдамаса не істеу керек? (Ата – анаға сұрақ)

Әртүрлі балалар ескертулерге әртүрлі әрекет жасайды; біреулері мұңайады, біреулері ренжиді, үшіншілері ашуланады. Біз үшін өте қарапайым заттар, бала үшін күрделі көрінеді. Баланың қателіктерін ерекше сақтықпен көрсетуіміз керек. Баланың әрбір қателіктерін ескеруге болмайды, оны кейін тыныштық жағдайында талқылау керек, ал бала жұмыс істеп жатқанда бөгет жасамаған дұрыс. Ескртулерді жалпы қанағаттану фонында жасау керек.

Баланың жасына сай ол өзі істей алатын жұмыстар шебері болады. Ал осы шебер сыртында, тек үлкендер көмегімен атқарылатын жұмыстар болады. Бала өскен сайын жасай алатын жұмыстар көбейе түседі, ол оны өз еркімен атқарады. Басқаша айтқанда бүгін үлкендермен бірігіп жасаған жұмыстарды, кейін балөзі жасайды. Егер балаға қиын болса,сіздің көмегіңізді қабылдаса, міндетті түрде қол ұшыңызды беріңіз. Бала өзі істей алмайтын заттарды ғана алыңыз. Бала жаңа істерді игергенен кейін ақырындап оған беріңіз.


Егер бала жұмысты игерген болса, бірақ оны жасағысы келмесе не істеу керек? (Ата – анаға сұрақ)

Тыңдамаушылықтың себебін анықтау керек: мүмкін балаға оны орындау қиын, мүмкін сіздің қатысқаныңыз қажет, мүмкін сіздің моралдік тіреуіңіз қажет. Мүмкін жұмысты атқармаудың негізі теріс уайымдаушылдықта жатқан шығар. Бұл баланың мәселесі болуы мүмкін, бірақ жиі сіздің қарым – қатынасыңызға байланысты. Егер қарым – қатынасыңыз бұзылған болса, достық және жылылық сезімі тонынсыз ол ештеңе бермейді. Тон – жетістіктің негігі шарты.баланың үстінен басымдылық көрсетуге болмайды. Балалар өте сезімтал болады, және барлық жан тәнімен оған қарсы тұрады. Бұндай жағдайларда сыртқы жағдай жақсы көмектеседі, мысалы, ескерту суреттері, жұмыстар тізімі, кетелер, жақсы істер панорамасы, жақсы көретін кейіпкерлерден хаттар және т.б.

Келіспеушіліктің тағы бір себебіне ата – аналардың шамадан тыс қамқорлығы жатады. Бұндай ата – аналар өздерінің өмірі қиын. Олардың өзіндік қызығушылыққа және жеке бас өміріне күштері де, уақыттары да жоқ. Баланың келіспеушілігінен кездескен олар, баланы ақшамен, заттармен өздеріне керекті істерді жасауға қөндіру үшін сатып алуға тырысады. Істің соңы, баланың сұранысының жоғарлауымен, ал тәртібінде уәде берген өзгерістердің болмауы мен аяқталады.

Өзіндік қалау және қабілеттілігі дамитынын ескеру керек.

Ақырындап балаға деген қамқорлықты және жауапкершілікті тоқтатып, оны өзіне беру керек.

Балаға өзінің теріс әрекеттерімен кездесуге мүмкіндік беру керек. Сол жағдайда ғана ол өсіп, ес кіре бастайды.

Бала қиындығының себебі оның сезімінің сферасында жасырынуы мүмкін. Қандай жағдайда оны тыңдау керек. Баланы белсенді тыңдау дегеніміз не?

Баланы белсенді тыңдау дегеніміз – оның сезімін ескере отырып, ол көрсеткен жағдайларды, әңгімелесу кезінде қайтару.

Егер балада эмоциялық мәселелер болса, оны белсенді түрде тыңдау керек. Сіздің және оның көздерінің бір дегейде болуының маңызы зор. Баланы өзіңізге қысып,орындықты өзіңізге жақындатыңыз. Телевизор көріп отырып, газет оқып отырып, диванда жатып әңгімелесуден қашыңыз. Үнемі ескеруіңіз қажет, сіздің жағдайыңыз және позаңыз баланы тыңдауға дайындығыңыздың бірінші және күшті сигналы болып табылады. Егер бала ренжіген және ашуланған болса, оған сұрақ қоюдың қажеті жоқ. Сіздің жауабыңыз бекітілген түрде болған дұрыс. (Бала: Саша мен достасқым келмейді. Анасы: сен оған ренжіп қалдың ба?)

Есте сақтаңыз: Сұрақ түріндегі фраза, сезімділікті көрсетпейді.

Әңгіме барысында көбірек тыңдауға тырысу керек, сол кезде бала өзінің уайымын және сіздің өзінің қасында екенін түсінеді. Үндемеген жақсы, ол өзі жауап бергенен кейін бір нәрсе қосуы мүмкін. Егер оның көздері сізге емес басқа жаққа қарап тұрса үндемей – ақ қойыңыз: оның ішінде маңызды да қажетті жұмыс жүріп жатыр.

Сіздің жауабыңызда балаға не болғанын және оны түсінгеніңізді айтқаныңыз дұрыс. Оны көрген бала өзі туралы көбірек айтып, өз мәселесін өзі шеше бастайды.


Келесі тақырыпта ата – аналарға арналған есеп:

«Бала сезімі»

Келесі шарттарды орындаңыздар.

Өтінемін «Бала сезімі» графасында сіздің ойыңызша белгілі бір жағдайда бала сезінетін сезімдерді, ал «сіздің жауабыңыз» графасында баланың өзіне өзіңіздің жауабыңызды жазыңыз.


Бала сезімі

Кесте 1

Жағдай және бала сөзі

Бала сезімі

Сіздің балаға жауабыңыз

1

Балаға егу жасады, ол жылап тұр: «Дәрігер жаман!»

Ауырсыну

Ауырып қалдыма, дәрігерге ренжіп қалдың ба?

2

Үлкен ұлы шешесіне: Сен оны үнемі жақтайсың, айтасың: «ол кішкентай, кішк ентай», ал мені аямайсың

Реніш

Менде сені қорғағаным керек пе?

3

Бала кесені құлатып, сындырып алды «Ой!!! Менің ке - сем»

Реніш, күйзелу

Өте ыңғайсыз, өкінішті болды

4

Есікке ұшып келіп: «Мама сен білесің бе мен бүгін бақылау жұмысын бірінші жаздым және өткіздім»

Қуану

Тамаша! Сен өте қуаныштысың ғой !

5

Мен телевизор қосуды ұмытып кетіппін, онда филмнің жалғасы болады.

Өкіну

Өте өкінішті

Өтінемін, баламен күнделікті қатынас кезінде оның күйзелісін: ренжуіне, көңіл күйінің болмауына және қорқуына көңіл аударыңыздаршы. Баламен қатынас кезінде осы күйзелістерін айтып, өз сөздеріңізден кейін үзіліс жасауды ұмытып кетпеңіздер.


СІЗДЕРГЕ СӘТТІЛІК ЖӘНЕ ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫН ТІЛЕЙМІЗ!

Ата – аналарға жиналысының шешімі:

  • Өз балаңды жақсы көру және оны қабылдау.

  • Балаға өзінің махабатыңды және түсінушілігіңді көрсету.

Күніне 4 реттен кем емес оны құшақтау.

  • Ю.Б. Гиппентрейтер кітабы «Баламен қалай тілдесу» танысу.

Ата – аналарға арналған ескермелер.

Баланың үлкендермен қатынасын құру принципі.

  • Балмен қарым – қатынас және тәрбиелеу сұрақтары бойынша жанұяда біркелкі көз қарасты сақтау.

  • Бала үнемі жақындарының махаббатын сезу керек.

  • Баланың оның барлық ерекшеліктерімен қандай болса солай қабылдау керек

  • Қарым – қатынас кезінде балаға қызығушылықта басты изеу, қолдау және т.б. көрсете біліңіз.

  • Баланың жанұядағы үлкендермен қатынасқа түсуіне қолдап отырыңыздар.

  • Қатынас оң эмоционалды тонда болу керек. Баламен қатынас кезінде жиі күліп отырыңыз.

  • Баланың жетістікиерін ескеріп, онымен бірге қуанып отырыңыз.

  • Баламен қатынас кезінде вербалды (сөйлеу) жағына ғана емес, сонымен қатар вербалды емес жағына да көңіл аударыңыз. Қимыл қозғалыс, мимика, көз қарасқа көңіл аударыңыз.


«Бала сезімі»

Кесте 2

Жағдай және бала сөзі

Бала сезімі

Сіздің балаға жауабыңыз

1

Балаға егу жасады, ол жылап тұр: «Дәрігер жаман!»

Ауырсыну

Ауырып қалдыма, дәрігерге ренжіп қалдың ба?

2

Үлкен ұлы шешесіне: Сен оны үнемі жақтайсың, айтасың: «ол кішкентай, кішк ентай», ал мені аямайсың

Реніш

Менде сені қорғағаным керек пе?

3

Бала кесені құлатып, сындырып алды «Ой!!! Менің ке - сем»

Реніш, күйзелу

Өте ыңғайсыз, өкінішті болды

4

Есікке ұшып келіп: «Мама сен білесің бе мен бүгін бақылау жұмысын бірінші жаздым және өткіздім»

Қуану

Тамаша! Сен өте қуаныштысың ғой !

5

Мен телевизор қосуды ұмытып кетіппін, онда филмнің жалғасы болады.

Өкіну

Өте өкінішті


Өтінемін, «бала сезімі» графасына белгілі бір жағдайдағы баланың сезімін, «сіздің жауабыңыз» графасына бала сөзіне жауабыңызды жазыңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!