×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

"Сөйлеу мәдениеті" авторлық бағдарламасы

Автор:Омаш Айжан Шапайқызы
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-12

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

жас мамандарға










2-сынып




Орындаған:А.Омаш













«Сөйлеу мәдениеті» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды. Оқушыларды «Сөйлеу мәдениетіне» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы мәдениетті сөйлеуді құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Оқушыларға туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Таным ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Сөйлеу мәдениеті» факультатив курсы әдебиеттік оқу пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр., 3- сыныптарға 34 сағаттан жоспар құрылдыаптасына 1 сағаттан. «Сөйлеу мәдениеті» сабағының мақсаты:1. Оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу;
Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады. Шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады. Халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.








2-сынып Сөйлеу мәдениеті аптасына 1 сағаттан 34 сағат

СағатсаныУақыты

11

21

31

41

51

61

71

81

91

11

21

31

41

51

61

71

ІІІ тоқсан
11

21

31

41

51

61

71

81

91

101

11

21

31

41

51

61

71

81

Барлығы 34 сағат





1-4сыныптарға арналған «Сөйлеу мәдениеті» факультатив сабағы оқушылардың рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл – ойы мен сана - сезімін дамытады, әр оқушының сөздік қорын байытады, жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуге тәрбиелейді, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сабақта жаңа ойды дұрыс жазып үйренеді, оқушылар эссе жазады, тақырыптарға байланысты шағын өлеңдер жаттап, ұйқастар арқылы өлеңдер құрастырады, суретке қарап әңгіме құрастуға үйренеді. Сонымен қатар оқушылар «Сөйлеу мәдениеті» ,«Сөйлем мәнері», «Тіл және сөйлеу», «Тыңдау мәнері», «Жаңа ойды дұрыс жазып үйренеміз» тақырыптарын меңгеріп, «Кітап- асыл қазына», «Тыңдаймыз және түсінеміз» атты тақырыптар туралы түсінік алды. Өлеңдерді мәнерлеп оқу дағдылары артып, ертегілерді, әңгімелерді түсіне оқып, оны мазмұндау,сахналау өнерін де меңгерді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпаны Абылай ханның сөйлеген сөзі: Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”,  дегендей, сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!
Пайдаланған әдебиеттер
  • Г. Бекова «Шығармашылық ізденістер» «Бастауыш мектеп» №2, 1998 жыл.
  • Е. Тұрсынбаева «Танымдық қабілетті дамыту және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру
  • .Г. Каримова «Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш білім №2 2008.
  • Г.Алпысбаева, ҮшкемпіровА.Әбуова «Тіл сабақтарында ойынды пайдалану әдістері»
6. С. Үшкемпірова «Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» Шымкент-2007ж.7. Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы» Алматы 2003 ж.8.С. Төрениязова, К. Әділханқызы, Ұ. Жазықбаева, К. Құрманова «Дыбыстар мен әріптер әлемі» 9. Ысқақ Бегман, Сманова Б «Қазақ тілінен тест тапсырмалары» Шымкент-2005ж.10.Өтебаева Н.М. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Шымкент-2007ж.11. Ә. Қабдешова «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Алматы 2006 жылы. «Шешендік өнер әліппесі». 2 сынып. Авторлары: М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділда. Алматы «Өлке» баспасы 7. «Мақал-мәтелдер жинағы» Авторлары:8. Бастауыш мектеп №2 2014 ж.





50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.