Сөйлеу қабілеті бұзылған
балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының
«Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне:
бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту,
адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау
арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша атап
көрсетілген.
Осыған байланысты қоғам алдына
оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер
қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты
тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі
таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен
теңдей білім алуына барлық жағдай
жасалуда. Сөйлеу қабілеті бұзылған
балалардың сөйлеу тілінде мынандай
ақаулықтар болады: жалпы тіл кемістігінің ІІІ
және ІVдеңгейі, фонетика-фонематикасының толық дамымауы,
дислексия, дисграфия. Жалпы тіл кемістігі - есту
қабілеті мен ой - өрісі әдеттегідей дамымаған балалардың
дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тіл
құрамының компоненттерінің бұзылуынан да болатын
күрделі тіл кемістігі.
Жалпы тіл кемістігінің ІІІ
деңгейіндегі сөйлеу тілі бұзылған балаларда кездесетін
қателіктер:
- Ауызекі байланыстырып
сөйлегенде кейбір сөздерді білмеуі, дұрыс
қолданбауы;
- Тілдің грамматикалық
жағынан дамымауы;
- Сөйлегенде
тек жәй сөздерді қолдануы;
- Дыбыстық талдау,
жинақтау әдісін меңгеруде қиналуы.
Ауызекі сөйлеу тілінің
патологиясынан басқа оқу және жазу тілінің
бұзылуы да болады. Сөйлеу тілінің түрлі мүкістері бар
балалар жазуды және оқуды меңгеріп кетуге шамалары
келмейді.
-
Дислексия - оқи алмау,
дауыстап оқудың қиналуы, оқу процесінің
бұзылуы.
-
Дисграфия- жазу
қабілетінің бұзылуы, грамматикалық ережелерді
білгенімен сөздерді, сөйлемдерді қате
жазуы.
-
Дисграфиялық қателердің
ерекшеліктеріне жататындары: ерекше фонетикалық
алмастырулар. Бұл қателер сөйлеу
мүшелерінің және әуезінің нәзік белгілерімен
ғана айыруға болатын бір топқа жататын дыбыстарды
айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң
және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды
алмастыру және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге,
дауысты дыбыстарды да алмастыру
жатады.
Сөздің буындық
құрлысының бұзылуы: бұған дыбыстарды ажырату және бөлу
ғана емес, сонымен бірге олардың жүйелілігін анықтауды да
білмеуі жатады. Бұнда жекелеген дыбыстарды және
тұтас буындарды түсіріп қалдырады, дыбыстардың немесе
буындардың орнын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып
жазады.
Грамматикалық қателіктер: бұл
қателер жазылуда грамматикалық жағынан қалыптасу барысының
жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің,
септік жалғауларының түсіп қалуы немесе дұрыс
қолданылмауы.
Дисграфияға ілеспелі
қателіктер: орфографиялық қателер, екпін түспейтін дауысты
дыбастарда, ұяң және қатаң дыбыстарды сөздің аяғында дұрыс
жазбауы.
Графикалық қателер:
әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің
орнына М жазу және жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның
орнына Д жазу, т.б.)
Дисграфия мен дислексияның
пайда болуы фонематикасының толық дамымауының есебінен
екендігі ғылыми түрде
дәлелденген.
Сонымен, балалардың оқуы мен
жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу тілінің даыммауынан,
фонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан
немесе сөйлеу тіл мүшелерінің барлық сыңарлары,
фонетика-фонематикасының және
лексико-грамматикасының толық дамымауының
нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта
дәлелденді.
Ересек және орта жастағы
балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбыстарды
бұзып айту ақаулықтары. Бұл топқа жататын сөйлеу
қабілеті бұзылған балалар жеке дыбыстарды, бір
немесе бірнеше топтағы (ызың, ызың және ысқырық,
ызың және аффрикаттар) дыбыстарды дұрыс айта алмайтыны
байқалады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын
мұқият тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің
дыбыстарды айтуы сөздің құрамындағы буындық
ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының
қалыптаспағандығын көрсетті. Бұл сияқты
ауытқулардың ерекшеліктері оқу мен жазу дағдыларын
меңгеруіне қауіпті.
Фонетика- фонематикасының
толық дамымауы - ол қабылдау түйсігімен
дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан
болған сөйлеу тілінің әртүрлі кемістіктері
бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың
айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысынан
бұзылуы.
Фонетика- фонематикасының
толық дамымауын сипаттайтын негізгі
көріністер:
Жұп немесе топ дыбыстардың
айтылуын ажырата алмауы.Мұндай жағдайда бір дыбысты, екі
немесе үш дыбысты да алмастыра береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч,
Ш дыбыстарының орнына айтылады.
Бір дыбыстың басқалармен
алмастырылуы. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл
айтылатын дыбыстарды, айтылуы қиын дыбыстармен алмастырады.
Мысалы: Л дыбысы мен Р дыбысын, Ф дыбысы мен Ш дыбысын, Т мен
Д дыбыстарын және ызың мен ысқырық дыбыстарды түгелдей
алмастырады.
Дыбыстарды шатастыру. Бұл
көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерде қолдануының
тұрақсыздығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс
қолданады, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе
айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып
жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С дыбыстарын жеке түрінде дұрыс
айтады да, ал сөйлегенде ауыстырып
шатастырады.
Тіл кемістігі - сөйлеу
тілінің бұзылуы бар балаларда дыбыстарды алмастырулар мен
шатастыруларынан басқа айтылуында да кездеседі. (Р дыбысын
қырылдап, С дыбысын тіл арасымен
айту)
Сөйлеу тілінің кемістігі бар
балаларда фонетика- фонематикасының толық дамымауын түзетуде
мынадай жұмыстарды жүргізуге
болады:
Дыбыстардың айтылуын
қалыптастыру.
-
Фонематикалық есту қабілетін
жетілдіру;
-
Дыбыстық талдау мен жинақтау қабілеттерін
дамыту;
-
Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағын
жетілдіру;
-
Сөздік қорын толықтыру.
А. Фонематикалық есту
қабілетін дамыту:
Фонематикалық қабылдауын
дамыту:(дыбысты қабылдау)
- берілген дыбысты басқа
дыбыстар арасынан анықтау;
- сөз арасынан берілген буынды
анықтау;
- пароним сөздерге тиісті
суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала,
баға-бақа);
-
буын тіркестерін қайталау (та-да-та,
ас-аш-ас);
Б.
Дыбыстық талдау мен жинақтау:
-
сөздің басындағы дауысты дыбыстарды ажырату, бөліп
айту;
-
сөздің басындағы, соңындағы дауыссыз дыбыстарды бөліп айту (қол,
мал, ат, от сияқты сөздерді жабық буынды талдау және
жинақтау);
-
сөздегі дауысты дыбыстың орнын анықтау
кезеңі;
-ашық буынды, бір буынды сөздерді талдау,
жинақтау;
-
сөздегі дыбыстардың санын, реттілігін анықтау
(мысалы: қар-3 дыбыс).
В.
Фонематикалық түсінігін, ұғымын
дамыту:
-
берілген дыбысқа суреттерді
таңдап алу;
-
берілген екі дыбысқа қарай суреттерді екі бағанға бөліп
қою;
-
3,5,6 дыбыстардан сөздер құрастыру.
Сөйлеу тілінің кемістігі бар
балалармен түзету жұмыстарын тиімді жүргізбесе, ол қателіктер
оқуы мен жазуының бұзылуына, ой-өрісінің дамуына, сөздік
қорының қалыптасуына, өз ойын еркін жеткізуге кері әсерін
тигізеді.
«Баланың өскен бесігі – кең
дүние есігі» дейді дана халық. Сондықтан бала кемелденіп, азамат
болып қалыптасқанға дейін жан-жақты тәрбиелеу, ана тілді меңгерту
жауапты іс. Тіл дамыту үшін жас ұрпақты – халқымыздың әсем сөз
өрнектерімен, көркем әдеби тілімен, ойнақы тілмен жазылған
санамақтарымен, бесік жырымен сусындандырса, ана тілінің байлығын
меңгертеріміз сөзсіз. Бала тілін дамытып, жан-жақты қалыптастыруда
қазақ халқының ауызекі шығармалары, әсем тілге құрылған жұмбақ,
жаңылтпаштары, санамақ, ойын, өлеңдері, мақал-мәтелдердің көмегі
зор. Осы бай мұраның қай түрін алсақ та бала тілін дамытуға,
байланыстырып сөйлеуге , тілінің грамматикалық құрылымын
қалыптастыруға, дыбыстық қателіктерді жоюға көмектесетін баға
жетпес құрал екені сөзсіз.