Материалдар / Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл кемістігі бар балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгеру толыққанды тұлға ретінде қалыптасу-да маңызды мәнге ие. Тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынас-қа жеңіл енеді, ол өзінің ойлары мен тілектерін, көкейдегі сұрақтарын түсінік-ті етіп жеткізе алады. Ал, керісінше, түсініксіз сөйлеу – қоршаған ортамен өзара қатынасты барынша қиындатады және адамның мінезіне де әсерін қалдырады. Тілдегі мүкістік үлгерімсіздікке әкеледі де, баланың өзіне деген сенімділігін жоғалтады, ал мұның арты теріс нәтижеге әкеп соғады. Сондықтан баланың сөй- леу дұрыстығы жөнінде ерте кезден-ақ қамданған жөн. Бала туғаннан бастап жылу, сезім, махаббаттың жеткіліксіздігі де, баланың тіл дамуына жағымсыз әсер етеді. Мұндай жағдай көбіне отбасылық жағдайы төмен, ата-аналары ішімдікке салынған жағдайда, анасының жоқтығы , дүниге келген күнінен бастап балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, оларға жеткілікті түрде назар аударылмағандықтан туындайды.

Баланы әңгімелеуге үйрету-оның сөздерді байланыстыруын жақсы қалыптастыра- ды.Баланың сөйлеуі оның ойлауымен бірқалыпты дамиды.Балалар ойлау және тілдік дағдыларын, айналасымен қарым-қатынас жасағаннан кейін ғана иемдене- ді. Бұл жерде балаға эмоционалдық қарым-қатынасы өзіне жақын ересек адам маңызға ие болады.Неғұрлым қарқынды және алуан түрлі ақпарат ағыны түскен сайын, баланың миы тезірек дамиды, функционалдық және анатомиялық жетілу орталық жүйке жүйесі күшейе түседі, бірақ келіп түскен ақпараттар жас және психикалық ерекшелігіне сай болуы тиіс екендігі анықталды.

Психологиялық принциптердің бірі ,балалармен тілдік қарым-қатынаста болу, дамытушылық принципі болып табылады. Бұл неғұрлым қолайлы, даму кезінде бала сөйлеуді жақсы меңгеріп алады, өзгелермен қарым-қатынасы жақсара түседі.Сензитивті кезеңде сөйлеу мінез –құлқы қалыптасады, ерекше сөйлеу сезімі пайда болады.

«Оқыту-дамудан бір қадам алда болса ғана жақсы»- деген Я. С. Выготский. Ол сол кезде ғана жандана түсіп өмірге бірқатар функцияларды әкеледі. Осы жағдайда ғана оқыту маңызды орын алады.

Көптеген балалар үшін тілдік қатынас шектеулі. Соның әсерінен олар өз құрдастарынан артта қалып дамып келеді. Сондай-ақ , айтарлықтай артта қалуы сөйлеудегі дамуында есту қабілеті қалыпты мөлшердегі және бастапқы интеллектісіне байланысты, оның ішінде органикалық зақымданулары да бар. Сондықтан біз сөйлеудің дамуы жайлы ғана емес, оның түзетілуі туралы айтамыз. Кешенді оқыту және тәрбиелеу үшін балаларға оңтайлы жағдайлар жасалған. Бір сабақтың ішінде дамыту және түзету міндеттері шешіледі. Сөйлеу тек қана қарым-қатынас арқылы ғана емес, ойындар, сурет салу, жапсыру, құрастыру және басқа істер арқылы жүзеге асады. Балалардың жалпы сөйлеу тілі дамымаған . Оқыту жүйесінде арнайы ерекшеліктер ескеріледі, балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Оқыту жүйесі тіл заңдылықтарына ғана байланысты емес. Қалыпты даму кезінде 2-3 жылда балалардың үздіксіз ұлғайту процесі жүреді. Пассивті және белсенді сөздік қоры молаяды. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында әріп және дыбыс, тіл және сөйлеудің маңызы, мәтін оның түрлері, мәтінге жоспар құру,диалог және монолог, сөйлемнің түрлері, сөз және оның мағыналары, түбір және қосымша, зат есім, зат есімнің тәуелденуі, етістік, сын есім, сан есімдер болады.Жас ерекшеліктеріне тән олар грамматикалық құрылымы бар сөздерді айтып, қарапайым және күрделі сөйлемдерді құрып жеткізеді, сөздерді дұрыс байланыстырып, өзгертіп айтады. Қалыпты даму кезінде балалар сөздерді қатыстырып мәтін құру, түбір мен қосымша, жұрнақ пен жалғауды, толық сөйлемдерді құрап, оларды тиімді пайдаланады. Білетін сұрақтарға жауап бере алады, естіген ертегілер мен әңгімелерді айтқызып жеткізеді.Сұрақтар қояды, сол сұрақтарға жауап алады.Сұрақтарға жауап алулары олардың ой-өрісінің тезірек дамуына көмектеседі.



Неғұрлым тиімді оқытудың тәсілдері мыналар болып табылады:

  • сөздерді, сөз тіркестерін қайталау ;

  • сұрақтардың орнына тиісті сөздер жазу;

  • орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысына сұрақтар қою;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен қөрсету;

  • аппликация бойынша әңгіме құрау, тақырыбын қойып жазу;

  • өлеңді, мақалды жатқа жазу;

  • сурет бойынша әңгіме,ертегі жазу;

  • қуыршақтар арқылы жанама қарым-қатынас(ойыншық);





Баланың сөйлеу тілін дамытудың тәсілдерінің бірі- халық ауыз әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті –бала ана құрсағында жатқан кезден –ақ дамиды. Ал дүниеге келген сәттен бастап бесік жырынан нәр алады.Тілі шыға бастаған сәттен-ақ ертегілер, жұмбақтар ,санамақтар,жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерді бала санасына сіңіре білгеніміз жөн.Баланың ой-өрісін дамыту, қиялын шарықтату, тіл байлығын молайту ауыз әдебиеті үлгілері-ертегілер, жұмбақтар,жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылады.Бір ғажабы –ойындар балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған.Өзгені былай қойғанда , жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қандай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады деген танымдық, тілдік маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білемін» ойынының өзі-ақ құлағына құйып береді.

Әтеш – шақырады.

Есек – бақырады.

Күзен – шақылдайды.

Бақа – бақылдайды.

Шыбын – ызыңдайды.

Шіркей – ызылдайды...

Тегінде іс- әрекеттерді дұрыс сипаттай білу – тіл мәдениетінің бірінші шарты болса керек.

Жаңылтпаш- халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып , жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн.

Тасқа қара ала қарға қонды,

Қара ала қарға талға қонды.



Ақ шар бар, көк шар бар

Көп шар бар, төрт шар бар - деген жаңылтпаштар айтуға болады.

Қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойының бірі – санамақ. Зеректікті, ептілік пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады.

Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы-

Балаң үйрек жалғасы.

Ортан терек – кезекші,

Шылдыр шүмек - көмекші.

Шынашағым - балапан,

Бәріне ортақ алақан

Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Санамақтар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға әсерін тигізеді.Қолдың саусақтарын ашып –жұму арқылы балалардың қол моторикасы қозғалысқа келеді.

Көрнекілік –оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп , қолмен ұстап қабылдайтын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап , сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға ғылымдар, ұлы ойшылдар мен педагогтар зор көңіл бөлген.

Мұғалімнің мақсаты балалардың тіл кемістігін таба отырып, оны жоюдың жүйелі жолдарын ашуға көмектесу,әрлі де нәрлі, әдемі де сауатты сөйлеуге баулу.

















































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!