Материалдар / "Сөйлеу-тілдік этикет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сөйлеу-тілдік этикет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу . Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері

«Сөйлеу этикеті» түсінігі «қатынас мəдениеті» түсінігімен тығыз байланысты. «Қатынас» феномені психология, философия, лингвистика, семиотика, педагогика, этика, эстетика жəне т.б. көптеген ғылымдардың негізінде дамып келеді. «Қатынас» феномені XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап əлеуметтік-психологиялық теория деңгейіндегі барлық формадағы адамдардың психологиялық өзара əрекеттері ретінде зерттеле бастады. Қазіргі уақытта қатынас психологиясының қарқынды дамуына байланысты қатынас — адамның өзара қарым-қатынасының ерекше түрі ретінде анықталады. «Қатынас мəдениеті — көптеген қызметтер: педагогикалық, публицистикалық жəне т.б. саласындағы кəсіби құзырет белгісі болып табылады» [1; 106].

Қатынас мəдениеті адамдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған белгілі бір ережелері мен нормаларын сақтауға негізделген. Орта ғасырдан бастап адамдар арасындағы қатынастардың ережелері мен нормалары, соның ішінде «қоғамдағы адам əдептерінің əлеуметтік жинақталған нормалары» — этикет те жүйелене бастаған болатын [1; 270]. Этикет деп адамның рухани мəдениетімен, оның басқа адамдарға (айналасындағылармен тіл табысуы) жəне этикеттік маңызы бар заттарға (киімі, шаш үлгісі жəне т.б.) деген қатынасы айтылады. Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік əдептер деп аталуы қабылданған əдептің маңызды бөлігін құрайды. Н.И.Формановская жəне де басқа зерттеушілер «сөйлеу этикеті» түсінігін қалыптастырған болатын.

Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау, қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы ұлттық реттеуші ереже [1; 12]. Сөйлеу этикеті коммуникативтік лингвистиканың, прагмалингвистиканың жəне де функционалдық стилистика, риторика, мəтін лингвистикасы, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика мен паралингвистика сияқты бірқатар ғылыми бағыттардың да зерттеу нысаны болып табылады.

Қазіргі кездегі зерттеулер бізге сөйлеу этикетінің сипаттамалық негізгі ұстанымдарын айтуға мүмкіндік беріп отыр:

  • Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар арасындағы қатынас саласы» [2]. Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі. Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып саналады. Оның мəдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол — қатынас, сөйлеу əдебі мəдениетінің элементі; 2) ол — тіл элементі, ал тіл болса — мəдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен оның сақтаушысы [1; 54]. Ұлттық мəдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде (мысалы, сəулет немесе киімі) ғана емес, сөйлеу əдебінің формаларында да көрініс береді. Мысалы, гректер: «Қуана бер!» деп амандасса, қытайлықтар ішінде ең алдымен: «Тамақ іштің бе?» сұрағынан басталады,ағылшындықтар: «Бүгін ауа райы жақсы» сұрағынан бастаса, қазақта амандасу: «Мал-жан аман ба? Үй-ішің аман ба?» сияқты сұрақтармен басталып жатады. Этнографиялық коммуникация мен басқа да ғылыми бағыттар сөйлеу əдебінің ұлттық-мəдени ерекшеліктеріне сүйенеді.

  • Сөйлеу этикеті — тарихи «əлеуметтік мұраға қалады».

Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт бойынша өзгеріп отырған тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу этикетін анықтайды. Адам қатынасының əлеуметтік детерминациясы сөйлеу этикеті əр уақытта қайтадан пайда болады дегенді білдірмейді; олар «əлеуметтік мұраның» тəсілі ретінде мəдени дəстүр механизмі арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі». Мысалы, қонақ күту, оны қарсы алу, дастархан басындағы əңгіме тақырыбы, тамақ беру (сыйлы қонаққа берілетін ас түрлері), тағы басқа дəстүрлі этикеттер. «Этикеттік белгілердің саны шексіз, ол консерватизм мен тұрақтылық белгісіне қарамастан, қоғаммен бірге дамиды, біреуінің орнына біреуі келіп қосылып жатады» [1;7].

Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Осы тұста Л.П.Якубинский сипаттаған əңгіме тақырыбына қатысты, тұрмысқа байланысты, əдеттегі қатысым жағдаяттарында жиі қайталанатын типтік фразалар біздің жадымызда дайын тұрады. Мəселен, Мейрамыңыз құтты болсын! — Рахмет; Нəрестенің бауы берік болсын! — Айтқаныңыз келсін. Жалпы типтік фразалар стереотиптердің нақты тобын, тұрақты сөйлеу формулаларын құрай отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнауына қызмет етеді. Коммуниканттар осы формулалардың көмегімен ынтымақтастықтың белгілі ережелеріне сүйенетін жоғары мəдени деңгейлі, сəтті қатысым қалыптастырады. Бұл тұрақты формулалар сөйлеу этикеті бірліктерінің микрожүйесін құрайды. Сөйлеу этикетін нақты тілдік құбылыс деп жүйелеп зерттеген еңбектердің бары сөзсіз. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер де бұл мəселені назардан тыс қалдырған емес. Отандық тіл білімінде біраз зерттеу жұмыстары қазақша сөйлеу тіліне тəн этикет формулаларының əмбебап табиғатын ашатын ерекшелігін əр түрлі бағытта қарастырған.

Бата-тілек сөздері сөйлесу этикеті ретінде жүріп, белгілі бір жағдайға байланысты шартты мағынаға ие болады. Олардың мағыналық тараулары сəлемдесу, қоштасу, құттықтау, алғыс білдіру сияқты адамдардың əр түрлі жағдайларында кездеседі. Семантикасынан бағалауыштық мəн байқалады. Мысалы: кездесу кезінде айтылатын тілектер: қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш; қоштасу кезінде: жолың болсын, кездескенше күн жақсы болсын т.б. Құттықтау тілектері: аспаның ашық болсын, денің сау болсын т.б. Ал тілек-баталарды қолдануда сөйлесімге қатысатын тек айтушы, ол берілген тілегі арқылы өз мақсатының жүзеге асуын көздейді. Тілектер болған оқиғаға байланысты, қарым-қатынас түріне қарай, жасына, жынысына қарамай үлкен де, кішіге де беріледі. Сондықтан эмоциялық пен бағалауыштық қызмет диалог арқылы емес, монолог арқылы жүзеге асады. Осы орайда тілек-батаның əсер туғызушы қызметі де бүтіндей мəтін ретінде прагматикалық аспектіні құрастырады. Мысалы:

Е, құдайым оңдасын,

Қыдыр келіп қолдасын.

Бас аман, мал түгел болып,

Береке, бірлік орнасын!

Алғыстарды, немесе баталарды, естігенде, олар жағымды сезімнің əсерінен туындағанын аңғарамыз. Тілек білдіру кезінде ішкі эмоция арқылы дауыс ырғағы реттеледі. «Баталардың прагматикалық бағыты риза болу, сүйіну, көңіл білдіру, ықылас таныту, қуану сияқты көңіл- күйлермен ұштасып жатса, қарғыстарда табалау, сөгіс білдіру, жақтырмау, мұқату сезімдері қабат келіп жатады. Мұндай эмоцияға толы сөздердің адам психикасына əсері мол» [3;85].

Батаның ғибратты-дидактикалық жəне коммуникативті қызметін басқа да тілдік бірліктердің бойынан байқауға болады. «Бата сөзі, бір жағынан, халық шығармаларына жататын тілі көркем, мазмұны келісті сөз үлгісі болса, екіншіден, тəлім-тəрбиелік мəні айрықша байырғы мұрағаттардың бірі. Халқымыздың бата беру, ізгі тілек айту салты, үшіншіден, сөз əдебі немесе, ғылым тілімен айтқанда, сөз этикеті деген аса мəнді «ережеге жатады»» [4]. Осы тұста, белгілі бір коммуникативті интенциямен жұмсалатын кез келген тілдік бірліктердің пресуппозициясына, фатикалық компонентіне, иллокутивті қызметіне бағытталған дайын жауаптардың да бар екенін айта кеткен жөн. Мысалы: Ораза қабыл болсын! — Айтқаныңыз келсін!; Сапарыңыз сəтті болсын! — Айтсын!; Жолың болсын! –Аумин!; Үй-іші тегіс аман ба? — (Құдайға) шүкір; Ертең кездесеміз ғой. — (Құдай) бұйыртса (қаласа).

Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, кез келген қазақ тілінде сөйлеуші бұл жауаптардың түпкі семантикалық пресуппозициясын айқындай алады. Қазақ сөйлеу тіліне тəн импликатуралар арқылы адресат стимулдың иллокуциясын қалай қабылдағанын, яғни, стимул бойындағы реактивті тапсырмамен келісетінін не келіспейтінін, болмаса оны растайтынын не қарсы келетінін көрсетеді. Мұндай жауаптар стимул интенциясымен ұтымды үйлесіп, коммуниканттар арасында түсіністік орнатуға қызмет етеді. Өйткені олар тыңдаушы санасында орныққан. Осындай тілде бар дайын жауаптар қандай сөйлеу жағдаятында жұмсалса да, өздерінің иллокутивті қызметін орындайды. Мысалы, төмендегі стимул-репликаларға бағытталатын дайын жауаптардың ерекше түрлері бар:

  • Армысыз, əз аға! Асыл аға! — Бар бол, немен жүрсің, жарқыным? [5;11].

  • Ассалаумағалайкум, Балта аға! Келдіңдер ме кешікпей... — Ақанбысың, əліксалам... Аманбысың, жарқыным (Құшақтасып амандасады) [5;103].

  • Күйлі, қуаттымысыңдар, шешелерім! — Шүкір, қарағым... [5;181].

  • Көбеймісің, жарқыным? Аз ауыл Тобықтың не күйде? Елің, ерің аман ба, ұлдарым? — Ел тыныш, ер аман, баба!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!