Сөйлеуді дамыту, "Бақша және бақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту, "Бақша және бақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға бау-бақша, бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы әңгімелей білуге уйрету, балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту,балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы

«Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту

Тақырып

Бақша және бақ

Мақсаты: Балаларға бау-бақша, бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы әңгімелей білуге уйрету, балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту,балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.


Сөздік жұмыс

Бау-бақша, бақ

Әдіс тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауаптар,ойын, мнемотехникалық кесте,СТО стратегиясы БҮҮ.

Көрнекіліктер

Жеміс пен көкөніс муляждары, суреттер, бау мен бақшаның макеті,үлестірмелі материалдар,слайд.

Үш тілді компонент

жеміс-фрукты- fruit

алма-яблоко- apple

алмұрт-груша- pear

көкөнітер-овощи- vegetable

сәбіз-морковь- carrot

пияз-лук- onion

картошка-картоп- potatoes

қызанақ-помидор-tomato


Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балаларды ізденушілікке қызықтыру

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң – Көк аспан

Қайырлы таң- Жер ана

Қайырлы таң-достарым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру






Мнемотехникалық кесте арқылы күз туралы айту

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі екенін қалай білдік?

Балалар күз мезгілінде бау- бақшадағы жемістер мен көкөністер піседі. Оларды жинайтын мезгіл күз.

-Ал балалар күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністердің түсі,пішіні қандай атайықшы.



Ғажайып сәт:

-Топқа кірпі келеді.

-Балалар, мен қысқа азық жинап жүріп, осы топта көкөністер мен жемістер туралы айтылып жатқанын естіп қалдым. Менде көкөністер мен жемістер туралы білгім келеді.

Тәрбиеші:

-Олай болса төрлет ,кірпі, бізбен бірге бол, бізбен бірге көкөністер мен жемістер туралы түсініп,үйреніп ал.


-Балалар біздер бұрыннан жемістер мен көкөністер туралы білеміз,ал енді мен сендерге жемістер мен көкөністердің қайда өсетіні туралы айтып берейін, мұқият тыңдап алыңдар. Көкөністер – жерде өседі, ол жерді бақша деп атаймыз.Бақшаны күтіп баптайтын адамды-бағбан деп атаймыз. Жемістер- ағаштарда өседі, ол жерді бақ деп атаймыз. (макет бойынша түсіндіру).

-Балалар сендер көкөністер мен жемістер туралы тақпақтар білесіңдерме?

Балалардың тақпақтары:

Шахназ

Көкөністі көп ектік,

Өссін,піссін деп ектік.

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп өніс.


Алихан

Бақша ішін аралап,

Қара,күлгін,сары ала,

Қауын жатыр сүйкімді,

Үлкенге де балаға.


Нұрберген

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?!

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.


Айзере

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.


-Ендеше балалар, жемістер мен көкөністерді үш тілде айтайықшы.

жеміс-фрукты- fruit

алма-яблоко- apple

алмұрт-груша- pear

көкөнітер-овощи- vegetable

сәбіз-морковь- carrot

пияз-лук- onion

картошка-картоп- potatoes

қызанақ-помидор-tomato


Сөздік жұмысы: Бау-бақша, бақ


-Балалар сендер көкөністер мен жемістер туралы тапақтар біледі екенсіңдер, олай болса өз білімімізді сынау үшін осы көкөністер мен жемістерді ажыратып,ойын ойнайық.


Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Шарты: Балалардың алдарындағы көкөністер мен жемістерді себеттерге ажыратып салу.

Жемістерді- іші қызыл себетке, көкөністерді- іші сары себетке салу.


Сергіту сәті: «Табиғат тамашасы»

Табиғаттың құбылыстарында кездесетін жел, жапырақ сыбдыры, жаңбыр, нөсер жаңбыр, кемпірқосақты бейнелеп көрсету.

Мысалы, жел-ауызбен үру, жапырақ сыбдыры-алақандарын уқалау, жаңбыр-саусақтарымен тарсылдату, нөсер жаңбыр-аяқтарына алақандарымен шапалақтау .


Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң»

Ол үшін алдын ала қиылып қойылған көкөністер мен жемістер суреттерді құрастыруымыз керек.


Тәрбиеші: Кірпіге қарап: «Қалай бізбен бірге болып, көп нәрсе үйрендің бе? Үнемі бізбен бірге болсаң бұдан да көп нәрсе үйренетін боласың»


Кірпі: -Рахмет, балалар сендер өте ақылды екенсіңдер,мен енді өзімнің достарыма барайын,сендерге арнап мына алмаларды ала келдім.

(алманың артындағы сөзді оқып,балалардың мойынына ілу)


Балалар біздер бүгінгі оқу қызметімізде не туралы айттық?

Жұмыс дәптеріміздегі тапсырманы күннің екінші жартысында орындаймыз.


Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып кемшілікті жою)

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер ше?

Білдім

Үйрендім

Үйренгім келеді



Рисунок 5

Балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін,түсін ажыратуды.

Нені игереді:

Жеміс пен көкөністерді үш тілде айтуды;

Нені біледі:

жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетінін біледі.



Тәрбиеші: Сембайқызы Ақмарал

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
4719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі