-Сендердің достарың
бар ма?
-Достық дегенді
қалай түсінесіңдер?
Қостілдік құрам: дос-друг,ұл- мальчик,
қыз –девочка.
Достық тақырыбында әңгіме
өткізу.
-Достық (дружба)-адамдардың бір-бірімен
жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы.Балалар ,нағыз достың қандай
болатынын білесіңдер ме?
-Ал балалар сендер
өмірдегі сырды, бөлісетін, әркез қасымызда бірге ойнайтын,
көмектесетін, қиын кезде қастарыңнан табылатын
кім?
Жарайсыңдар, ол-
«Дос». Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың.
Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар
ма?
Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге
күліп, бірге ойнау керек.
-Ендеше, балалар мен
сендерге «Екі дос» ертегісін оқып
беремін.
Бір күні екі дос
орманда келе жатады.Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді.Сол кезде
біреуі талға өрмелеп жасырынып қалады, ал екіншісі ортада қалып
қояды.Не істерін білмей ойына: «Өлген адам сияқты жерге жата салсам
бәлкім құтылып кетермін» - деп жерге жата салады.Аю келіп оны
ескелей бастағанда, демін бір жұтып демалмай қалады.Аю
ескелеп-ескелеп кетіп қалады. Талдан түскен досы күліп сұрайды: «Аю
құлағыңа не деп сыбырлап кетті?» - деп.Сонда досы былай деп жауап
береді: «Досыңа қауіп-қатер төніп тұрған кезде қашып кеткен
адамдардан сақтану керектігімді»-деп жауап
береді.
-Сонымен балалар
ертегі не туралы?
Балалар дос туралы
қандай тақпақтар білесіңдер?
Күнде бірге
жүреміз
Бірге ойнап
күлеміз
Бірімізге-біріміз
Көмектесіп
жүреміз.
Өлең шумағында не
жайлы айтылғаны туралы
түсіндіру.
Сергіту
сәті:
Оңға, оңға түзу
тұр
Солға, солға түзу
тұр.
Артқа қарай бір
адым
Алдыға қарай бір
адым
Жоғары төмен
қарайық
Орнымызды
табайық.
Дидактикалық
ойын: «Өз досыңа
көмектес»
Мақсаты: Көкіністерді жеміс-жидектерден
ажыратуға үйрету.
Шарты: Берілген суреттер бойынша
бірінші топ көкіністерді жинап бақшаның суретіне
жапсырады, ал екінші топ ағашта өсетін жеміс-жидектердің суретін
жинайды.
|