Сөйлеуді дамыту "Менің көшем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту "Менің көшем"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал балаларды өздерінің көшелерімен таныстыру, сабақта көшелері туралы айтуды үйрету. әр баланың өз ойын толық жеткізуге арналған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тәрбиеші: Тапалова Г.У.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Менің көшем»

Мақсаты: Балалардың мекен-жайы туралы,өздері тұратын көшесі туралы білімдерін дамыту. Өз көшелерін таза ұстауға тәрбиелеу. Балалардың ойлау, есте сақтау және қолдың ұсақ моторикасының қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: балаға өзі тұратын көшесін құрметтеп, көркейтуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: зәулім үй, жер үй, қала, ауыл.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әнгімелеу, сұрақ-жауап, мүсіндеу.

Көрнекілігі: «Біздің көше» сюжетті суреттер,

Ұйымдастыру Сәлемдесу.Баланың назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері: Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар қызығушылықпен орындайды.

Ізденістік ұйымдастырушылық: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі неше айдан тұрады? Қане,баріміз бірге айтайық: қыркүйек, қазан, қараша.Күзде көшеміз толы жапырақ болады. Біздер ата-анамызға көмектесіп сол көшемізді жапырақтардан тазалауымыз керек. Оны немен тазалаймыз? Тыныс алу жаттығуы: «таза ауа». Мұрын арқылы терең дем алу, ауыз қуысы арқылы шығару. Балалар,бүгін біздер өздерің тұратын мекен-жай туралы,өздерің тұратын көше туралы әңгімелейміз.

Диалогтық жұмыс: Кәне,кім өзі тұратын мекен-жайы,көшесі турлы әңгімелеп бере алады? Көшелеріңнің атын білесіңдерме?

Балалар ,қане бәріміз Әли мен Айяның мекен-жайы туралы мультфильмді қызықтайық. Балалар өз көшелерін қалай тазалап жатыр?

Қане қараңдаршы көшелеріне жас тал шыбықтарын егіп жатыр. Біздерде өз көшемізді таза,ұқыпты ұстауымыз керек. Көктемде жас тал егіп,көшемізге қоқыс тастамай,әр кез таза ұстауымыз керек.

Жұмбақ жасыру: Бір көзім кідір дейді, Бір көзімжүгір дейді, Бір көзім абайла дейді, Қарап ал маңайға дейді. «Бағдаршам

» Қимылды ойын «Бағдаршам». Қане балалар менімен қосылып айтайық:

Қалада көлік көп,

Қалада апат көп.

Сақтайтын апаттан,

Тек қана бағдаршам.

Суретпен жұмыс: «көше тәртібі» Әңгімелеу.

Қортындылау

,өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап:- балалар,бүгін сабағымызда біз не туралы айттық? -көшемізді қалай таза ұстауымыз керек? -жол ережесінен не ұқтыңдар? Балалар жауабы.

Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс:мекен-жай,көше,жол жүру ережесі. Түсінігі: өздері тұратын көшелерін таза ұстауға,жол тәртібі туралы мағлұмат алды.. Көрсете білуі: «Бағдаршам» қимылды ойын. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
9414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі