Сөйлеуді дамыту "Қасқыр,түлкі,әтеш" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту "Қасқыр,түлкі,әтеш" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Сөйлеуді дамыту"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі.

Мақсаты:

Дамытушылығы: Ертегі мазмұнын түсіндіру.

Білімділігі: Сөздік қорларын толықтыру,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет, слайд.

Жаңа сөздер: Шаһар, мұржа, күлтеле, ну орман.


Жүру барысы:

І. Жылулық шеңбері.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ертегі – бұл еркеше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегіде сиқырлы нәрселер бар.


Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер? Естеріңе түсіріңдерші.

(балалар көздерін жұмып, ата-аналарыңнан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. 1-2 бала ертегі айтып береді).

ІІІ. Негізі бөлім. Тақтаға назар аударайық.

Жұмбақтар шешу.

  1. Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? \түлкі\

  1. Сұрғылт тартқан түсі бар,

Ақсиған көп тісі бар.

Тыным таппай жүгіріп,

Сілекейі маңын ториды,

Ауылдың өш бар иті. \қасқыр\

  1. Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар. \Әтеш\

Ендеше, бүгінгі танысатын ертегіміздің тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, әтеш»

Мағынан тану

Ертегі тыңдау \ертегі слайдтағы суреттер арқылы түсіндіріледі\

Сөздік жұмыс.

Шахар – қала

Күлтеле – шоқтау, шоғырлау.

Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.


Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды созайық

Белімізді жазайық.

Оңға – оңға түзу тұр

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызды табайық .

Сұрақ – жауап:

  • Ертегі кейіпкерлерін атаңдар?

  • Ертегі кейіпкерлерін сипаттау.

  • Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма береді?

  • Түлкі өзі не істеді?

  • Ертегі қалай аяқталады?


Балалардың пікірлерін тыңдау.

Балалар сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады?

Шахар салу үшін не істеу керек екен?


IV. Дәптермен жұмыс.

«Қасқыр, түлкі және әтештің жолын тап»

Шарты: Дәптерге ертегідегі кейіпкерлердің үйлеріне апаратын жолын сызып көрсету.


V. «Ненің даусы?» ойыны \қасқыр, ұлиды, әтеш шақырады\

VI. Венн диаграммасы.

Қасқыр мен Әтеш салыстырылады.

VII. Қасқыр, әтеш, түлкі сөздерін үш тілде айтқызу.

Қасқыр – волк – wolf

Әтеш – петух – fox

Түлкі – лиса - cock

VIII. Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.

Ертегіні рөльге бөліп ойнату.

XI. Кері байланыс.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
3514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі