Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тобы: «Балдырған тобы»
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншық дүкені (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Балаларды сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру. Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру (ақ-жұмсақ қоян, үлкен, мейірімді мысық секіреді т.б.).Ойыншықтардың атауларындағы «б», «п» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығуды жалғастыру. Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты,таза ұстауға үйрету. Көрнекіліктер:дүкендегі ойыншық түрлерінің суреттері,топтағы ойыншықтар. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнату. Сөздік жұмыс: аю, ит, мысық. Билингвальды компонент: аю-медведь, ит-собака, мысық-кошка.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып ән айтады: Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойыншықты жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз. |
Өлең жолдарын хормен қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық -ізденістік |
-Сендердің сүйікті ойыншықтарын бар ма? -Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер? -Ойыншықтарды қалай ұстау керек? Сурет бойынша жұмыс: -Қандай әдемі дүкен! Дүкенде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар? -Динараға тек қана үлкен ойыншықтар ұнапты. -Балалар, үлкен ойыншықтарды кім атап көрсетеді? Үлкен ойыншықтар:Скуби-Ду,Гарфилд,Панда. -Осы ойыншық аттарын бірге қайталайықшы? -Скуби-Ду-ит,Гарфилд-мысық, Панда-аю. Билингвальды компонент: аю-медведь,ит-собака, мысық-кошка. Тәрбиеші ойыншықтарды атағанда «б», «п» Дыбыстарына мән беріп қайталайды. -Динара осы ойыншықтардың ішінен Скуби-Ду итін таңдады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Ойыншықтардың арасынан Спанч Бобтың, үрпек Винни және Панданың суреттерін табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ойыншықтардың атауын, түр-түсін сұрау. Сергіту сәті: Оңға,оңға түзу тұр. Солға,солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. «Дүкендегі кезек» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші ойыншықтарды қаз-қатар тізіп, сатушы болып отырады, балалар кезекке тұрып,ұнаған ойыншықтарын сатып алады. |
-Бар. Балалардың жауабы тыңдалады. -Ойыншықты ұқыпты,таза, сыңдырмай ұстау керек. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, дүкендегі ойыншықтарды атайды. -Үлкен ойыншықтар. Скуби-Ду,Гарфилд, Панда. Аю-медведь,ит-собака,мысық-кошка сөздерін қайталайды. Қайталайды. Балалар ойыншықтардың арасынан Спанч Боб,Панда және үрпек Винниді табады. Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды. Ойын барысында он шақты бала кезекке тұрып, сатушыдан ұнаған ойыншығын сатып алады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-балалар,бүгін біз Динараға қандай көмек көрсеттік? -Оған қандай ойыншық таңдап бердік? -Өзімізге қандай ойыншықтар ұнады? -Біз қандай ойын ойнадық? |
Балалардың жауабы тыңдалады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: дидактикалық ойынның шартын түсініп,тапсырмасын;
Түсінеді: ойыншықтардың аттарында кездесетін дыбыстарды қалай дұрыс айту керектігін;
Қолданады: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ
Дидактикалық ойын
Сөйлеуді дамыту сабағы
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Өткізген: «Балдырған»балабақша тәрбиешісі: Оспанова И.К
2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөйлеуді дамыту сабағы
Сөйлеуді дамыту сабағы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тобы: «Балдырған тобы»
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ойыншық дүкені (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Балаларды сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру. Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру (ақ-жұмсақ қоян, үлкен, мейірімді мысық секіреді т.б.).Ойыншықтардың атауларындағы «б», «п» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығуды жалғастыру. Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты,таза ұстауға үйрету. Көрнекіліктер:дүкендегі ойыншық түрлерінің суреттері,топтағы ойыншықтар. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнату. Сөздік жұмыс: аю, ит, мысық. Билингвальды компонент: аю-медведь, ит-собака, мысық-кошка.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып ән айтады: Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойыншықты жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз. |
Өлең жолдарын хормен қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-шылық -ізденістік |
-Сендердің сүйікті ойыншықтарын бар ма? -Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер? -Ойыншықтарды қалай ұстау керек? Сурет бойынша жұмыс: -Қандай әдемі дүкен! Дүкенде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар? -Динараға тек қана үлкен ойыншықтар ұнапты. -Балалар, үлкен ойыншықтарды кім атап көрсетеді? Үлкен ойыншықтар:Скуби-Ду,Гарфилд,Панда. -Осы ойыншық аттарын бірге қайталайықшы? -Скуби-Ду-ит,Гарфилд-мысық, Панда-аю. Билингвальды компонент: аю-медведь,ит-собака, мысық-кошка. Тәрбиеші ойыншықтарды атағанда «б», «п» Дыбыстарына мән беріп қайталайды. -Динара осы ойыншықтардың ішінен Скуби-Ду итін таңдады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Ойыншықтардың арасынан Спанч Бобтың, үрпек Винни және Панданың суреттерін табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ойыншықтардың атауын, түр-түсін сұрау. Сергіту сәті: Оңға,оңға түзу тұр. Солға,солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. «Дүкендегі кезек» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші ойыншықтарды қаз-қатар тізіп, сатушы болып отырады, балалар кезекке тұрып,ұнаған ойыншықтарын сатып алады. |
-Бар. Балалардың жауабы тыңдалады. -Ойыншықты ұқыпты,таза, сыңдырмай ұстау керек. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, дүкендегі ойыншықтарды атайды. -Үлкен ойыншықтар. Скуби-Ду,Гарфилд, Панда. Аю-медведь,ит-собака,мысық-кошка сөздерін қайталайды. Қайталайды. Балалар ойыншықтардың арасынан Спанч Боб,Панда және үрпек Винниді табады. Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды. Ойын барысында он шақты бала кезекке тұрып, сатушыдан ұнаған ойыншығын сатып алады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-балалар,бүгін біз Динараға қандай көмек көрсеттік? -Оған қандай ойыншық таңдап бердік? -Өзімізге қандай ойыншықтар ұнады? -Біз қандай ойын ойнадық? |
Балалардың жауабы тыңдалады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: дидактикалық ойынның шартын түсініп,тапсырмасын;
Түсінеді: ойыншықтардың аттарында кездесетін дыбыстарды қалай дұрыс айту керектігін;
Қолданады: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ
Дидактикалық ойын
Сөйлеуді дамыту сабағы
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Өткізген: «Балдырған»балабақша тәрбиешісі: Оспанова И.К
2017-2018 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз













