Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Сөйлеуді дамытуға арналған тапсырмалар мен ойындар жинағы
Сөйлеуді дамытуға арналған тапсырмалар мен ойындар жинағы
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мақсатында тіл дамытуға, сөздік қорды молайтуға және қазақша көркем әдеби сөздердің мағынасын түсінуге арналған тапсырмалар, ойындар, ақындардың өлеңдері, мақал - мәтелдер және тіл ұстартуға арналған жаңылтпаштар ұсынылған. Сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тақырыптарға сөйлей алу дағдысын қалыптастыруға арналған тақырыптар мен сол тақырыптар құрастыруда сүйенетін сүйемелі сұрақтар ойластырылған.
«Менің айтқым
келетіні...» өз ойын, пікірін білдіруге арналған тақырыптар тізбегі
мен тақырып мәтінін құруға арналған сүйемелі
сұрақтар
«Ақындар сыр шертеді»
өлеңдерден қысқаша үзінділер: көркем сөздер және олардың мағынасы
жайлы түсініктемелер
«Мен жаңадан үйрендім»:
мақал – мәтелдер арқылы көркем сөздер
үйрену
Тілді дамытуға арналған
ойындар
Т ілді дамытуға арналған
ойындар
1. Ойын
"Интервью". Алдымен балаларды
жаңа сөздермен таныстыру керек.
Интервью –газет, теледидар немесе
радиодан берілетін сұхбат
әңгіме. Тілші – сұрақ қойып отыратын
кісі.
Респондент – сұраққа жауап беретін
адам.
Балаларды микрофонға нық
сөйлеуге үйрету керек. Ол үшін балаларды 10 дейін өсу, кему
ретімен санауды ұсыныңыз. Сосын балаларға рөлдерді бөліп беріңіз.
Мүмкін болатын тақырыпты талқылаңыз. Тілшілер сұрақ бастайды.
Сосын әңгімені ұжым боп тыңдап,
талқылайды.
Мүмкін болар тақырыптар: театрға барғанын, көрген
қойылымды талқылау; мерекені талқылау; суреттер көрмесін,
қызықты кітапты, аптада болған ең қызықты оқиғаларды.
Ойын нұсқалары: 1) мұғалім балалардан интервью алады, 2) балалар
мұғалімнен интервью алады, 3) ата-аналар интервью алады, 4) балалар
ата-аналардан интервью алады.
2. Ойын "Суретті
жұмбақтар".
Б алалардың арасынан бір
бастаушы таңдалады, қалғандары отырады. Мұғалім үлкен
қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды
бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап
жасыруды ұсынады.
Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы
бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып,
не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды
жалғастырады.
3. Ойын "Ойыншықты
ата".
Әр бала өзімен бір
ойыншық ала келеді. Бір бастаушы
тағайындалады. Ол 3-5 минутқа сыртқа шыға
тұрады. Ол жоқта мұғалім балалармен
бір оқиға құрастырады. Ол оқиғада негізгі
кейіпкер балалардың әкелген бір ойыншығы
болады.
Барлық ойыншықтарды орындыққа
тізіп қояды. Бастаушы баланы шақырады. Балалар оған ойдан шығарған
оқиғаны ретімен айта бастайды. Бірақ кейіпкердің атын атамай. Оны
тек есімдіктермен ғана атайды. Оқиға 3-5 минутқа ғана болуы керек.
Бастаушы оқиғаның негізгі кейіпкерін ойланып, тауып алу
керек.
Егер бастауыш дұрыс
тапса, ойын жалғасады. Егер бала кейіпкерді таба алмай жатса, онда
балалар оқиғаны толықтыра түседі, бастаушы көмек
ретінде.
4 . Ойын "Сөйлем
құрастыр".
Мұғалім лотодан суретті 2 карточканы топқа ұсынады.
Балалар жарты шеңберге отырады. Кезекпен әрбіреуі
суретке қатысты сөйлем құрастырады. Сосын басқа 2 сурет
көрсетіледі. Оларға да балалар сөйлем
құрастырады.
Ескерту:
1. Балаларды ерекше,
өзгеше сөйлемдерді құрауға жетелеңіз.
2. Егер балалар берілген екі сөзбен сөйлемдерді шапшаң құрап жатса,
онда суреттердің санын асырыңыз. Мысалы, үш, төрт карточка
алыңыз.
Бұл ойынды ата-аналар да
баламен жеке жұмыс жасау есебінде алуларына болады.Баламен жарыс
ұйымдастыруға да болады. Әрине, баланы жеңіске шығаруды көздеу
керек.
5. Ойын
"Қарамақайшылық".
М ұғалім балаларға бір сурет
көрсетеді. Суреттегі бейнеленген затқа қарама-қарсы мағынада
сөз айту керек. Мысалы, суретте «доп», балалар « тақта»
дейді. (доп дөңгелек, тақта жазық) «күн» (допты адам
жасайды, күн табиғаттың бір бөлігі)
т.с.с.
Әр бала өзінің жауабын
айтады, міндетті түрде неге ол жауапты таңдағанын
түсіндіру керек.
Ескерту:бұл ойын баламен жеке
жұмыс жасауға да тиімді.
6 . Ойын
"Көпір"
Мұғалім заттар
бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен көрсетеді.
Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз
ойлау керек. Ол сөз екі затты «байланыстыратын көпір»
секілді . Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген
болуы керек.
Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және
«ағаш». «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы
мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз
ойды). «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды) т.б.
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға
болады.
7.Ойын "Қадамдар. (Кім
тез жетеді...)»
Б ұл ойын арқылы баланы
жарыстыра отырып оның тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіруге
болады.
Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді.
(арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады.
Мысалы, "Әдепті сөздер". Әр бала әдепті сөз айтса
ғана қадам жасай алады. Ойлануға бір минут қана
беріледі.
Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы ыстық",
"Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді
сөздер" және т.б.
Келесі
нұсқа : Балалар бір-біріне
қарама-қарсы жұппен тұрып қадам жасайды. Ойын
шарты солай, тек сөзд айтқаннан кейін ғана қадам
жасайды.
7.
Іздеу!
Б айланыстыра сөйлеуін,
зейінін , байқағыштығын дамытамыз. Бұл ойынға 5 адам
қатысады. Әйтпесе қызық болмайды. Мұғалім былай
дейді: Мен (құрбымды) досымды іздеп жүрмін. Оның
көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара, ол мысықтарды жақсы
көреді, ал сүтті мүлдем ұнатпайды. Кім бірінші қай бала
туралы сөз болғанын тауып алады,
Кішкентай балалар ойнағанда,
киімдерін де сипаттауға болады.
8. Ойын"Екі
шеңбер".
Б алалар екі шеңберге тұрады.
Сыртқы үлкен шеңбер және ішкі (3-4 адам). Үлкен
шеңбердегі балалар тұрады ал кіші шеңбердегі балалар
жүре сөйлейді. «Біз шеңбермен жүреміз, өзімізбен .... аламыз»
.
Ал үлкен шеңбердегі балалар
тезірек тәттіні білдіретін сөз айта қою керек, мәселен, қант.
Қай бала сөзді бірінші айтады, сол бала ішкі шеңбергүе
тұрады.
Ойын жалғаса береді.
(... өзімізбен бірге жұмсақ, ащы, тұщы, қатты, қышқыл,
т.б.) Үлкен шеңбердегі қалған соңғы бала бір
тапсырма орындау керек.
9. Әңгіме
ойлаймыз.
Ү лкен адам сөйлемдерді
оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып
отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер
болады)
Мысалы,:
".... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған
тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта жүрген
мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?),
тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . .
(Қайда?) жатты. Марғаулар допты .. . . (қалай?)
ойнады.
Балалардан сөйлемді аяқтауды
өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр,
себебі . . .». "Ағаштарда бір жапырақ
қалмады, өйткені . . . " , "Аю қыста ұйықтайды, себебі
. . . " және т.б.
1 2. "Мен циркте болдым...
"
Ойын үшін сізге
әріпті және буындық карточкалар керек болады. Екі немесе одан көп
адам ойнауға болады. Барлық ойыншылар кезекпен карточкаларды
алады.
Б астаушы карточканы алып,
«Мен циркте болдым онда ..... көрдім». Ол карточкадағы
әріптен басталатын бірдеңені атау керек. Атайтын сөз тек зат есім
болуы керек. Мысалы, "К" әрпіне клоунды, керікті.
Егер буын карточкаларын қолдансаңыз, ол буын сөздің басында да,
ортасында да, сөздің соңында да кездесе берсін. Мысалы, "Мен
теңізде бол-дым» т.с.с.
13. Қызықты
әліпби.
Алдымен бір қалың
дәптер бастаңыз. Әліпби әріптерін қатырма қағазға жазып, қиып
алыңыз. Ескі журналдардан суреттер қиып алыңыздар, әртүрлі
суреттер, жапсырмалар да жарап жатыр. Енді әріпке сай
суретті балаңызбен әріп тұрған бетке
жапсырыңыз. Бірнеше сурет жапсыруға болады. Әр суреттің
астына баспа әріппен сол сөзді жазыңыз.
Кейінірек, бала әріптерді меңгергеннен кейін, тапсырманы
қиындатыңыз. Журналдардан, газеттерден енді сөздерді қиып
алыңыздар. Белгілі әріппен және белгілі
буынмен.
1
4. Шынжыр.
Бұл ойын сөздермен.
Бірнеше бала қатыса береді. Бірнеше дауыссыз әріптерді
алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап
табу керек. Кім көп сөз айтады, сол жеңеді. "а", "н",
"т". Құрамында осы үш әріп кездесетін сөздер: атан, отан,
қант, Қанат, Жанат, қиянат, жарғанат.
15. Кім қай әріппен
дос.
Б ұл ойын баланың тілін ғана
дамытпай, оның есте сақтауын, танымдылығын дамытады. Әр балаға
жануардың суреті болу керек. Мысалы әркімде әртүрлі: бір
балада-піл, екіншісінде-қолтырауын, үшіншісінде- кірпі. Мысалы,
бірінші бала айтады: «Менің пілім «Т» әрпімен дос, өйткені
оның тұмсығы ұзын». Екінші бала, « Ал менің қолтырауыным «Ө»
әрпімен дос, өйткені ол өзенде мекендейді». Келесі бала, «Менің
кірпім « И» әрпімен жолдас өйткені, оның инелері
бар».т.с.с.
Сөздік қорды дамытуға
арналған ойындар
Сөздік қорды дамытуға
арналған ойындар
Баланың сөз мәнерін
дамыта отырып, оның сөздік қорына үлкен мән беру керек.
Өйткені сөздік қор тіл байлығының іргетасы. Сөздік қоры көп болса,
оның тілі де бай болады. Ол өз ойын еш қиналмай –ақ жеткізе алады.
Сөздік қорды молайту үшін, үнемі баламен әңгімелескен жөн, әрине ең
маңыздысы оған кітап оқу
керек! Сонымен қатар, мынадай
ойындар ойнатқан дұрыс болар.
«Дұрыс па, бұрыс
па»
Бұл ойын сөздік қорды, зейінді
дамытады. Сіз бірнеше затты атау керексіз, ал бала сіз шын
айттыңызба , әлде жоқ па екенін анықтау керек. Мысалы,
сіз:
- саптаяқ және қасық –
ыдыстар.
- Бала: иә, дұрыс олар
ыдыстар.
Басқаша нұсқасы:
Сіз:
-Ит пен мысық – олар
құстар.
-Жоқ, сіздікі бұрыс, ит
пен мысық олар үй жануарлары.
Сіздің міндетіңіз баланы
толық, ашық жауап беруге үйрету. Сөйтіп баланың сөздік қоры
молаяды. Сонымен қатар, көп заттардың атауларын біліп алады. Бұл
ойынды ағылшынша да өткізуге болады. Өте қызықты
болады.
Мен бүгін…
барамын.
Бұл ойынның
мазмұны кез-келген бір жағдаят ойластыру болып табылады.
Мысалы, балаға « Елестетші, сен бүгін ойыншықтар дүкеніне
барасың, онда сен не істейсің?» Баланың міндеті 2-3 сөйлемнен
тұратын әңгіме құрау. (кейін сөйлем санын көбеюйту
керек) Оның баяндауы мына сөзден басталу
керек: «Мен бүгін ...
барамын». Жағдаяттар түрлі
болады: саябаққа, орманға, мектепке, қонаққа, көлге,
мұражайға, т.с.с.
Әңгіме
жазамыз.
Бұл қызықты ойын сөздік
қорын байытады, сөз таптарын, заттарды, құбылыстарды жаттауға
да көмектеседі.
Мұғалім алдын-ала
сөздері қалып қойған әңгіме жазып, дайындап қояды.
Қалып қойған сөздің орнына жақшада қай сөз табы екенін жазып қояды.
(зат, құбылыс) Сосын мұғалім баладан кезекпен қалып қойған
сөздерді дауыстап айтуын сұрайды, тек әңгімені дауыстап оқымауы
керек. Мысалы: «Маған сын есімді ата». Бос орындар толықтырылғаннан
кейін, әңгімені толық дауыстап оқиды.
Мысалы:
Сәлем ! Бүгін
… (сан
есім) … (ай). Далада таңатқаннан өте .
. . (сын
есім). Сондықтан мен қыдыруға
баратын болдым. Менің ең сүйікті жерім
… (қаладағы орын
) барамын.
Өзіммен бірге ... (көпше зат
есім) және
… (жануарды) алдым, себебі біз
уақытты өте (сын
есім)
өткіземіз.
Біз сүйікті орнымызға тез
жеттік, себебі . . . (көлік
түрі) отырдық.
. . (қаладағы
орын) өтеәдемі
болды.Аспан ...
(қандай?) түсті болды, күннің
көзі (етістік). Өкінішке орай,
ауа-райы бұзылып, (табиғат құбылысы) жауды. Біз
(қайда?) қайттық. Менің
күнім (сын
есім) өтті.
Суреттеп
айт.
Бұл ойынды топта ойнау
керек. Бастаушының құлағына не болмаса карточкамен бір
сөз айтылады не болмаса сурет көрсетіледі.бала ол сөзді
атамай оны басқа сөздермен суреттеуі тиіс.
Мысалы, «доп» . Оны «
дөңгелек, резенкеден жасалған, түрлі-түсті» деуге болады. Сөзді
тапқан бала ойынды жалғастырады.
Мәтінмен
жұмыс
Тілді дамытуға
арналған мәтіндер
Тауық, тышқан және
құр Ерте заманда тауық, тышқан,
құр – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты.
Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқалапты.
- Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті
тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Тиірменге
тарттырыпты. Тауық: - Енді ұнды үйге кім арқалап
апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құр.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
- Кім қамыр илейді?- деп сұраптытауық.
- Мен илей алмаймын,- дептітышқан.
- Мен де илей алмаймын,- дептіқұр. Қамырды тауықтың өзі
илепті.
Т ауық:
-Кім от жағады?- деп
сұрапты.
- Мен жаға алмаймын,- депті 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз