Материалдар / Шоколад тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шоколад тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоколадтардың атаулары әртүрлі, және олардың шығу тарихы да әртүрлі. Шоколадтардың атаулары – бұл жай сөз емес, өз атауымен өзіндік жүйе құрайтын керемет әлем. Барлық атауларда қарапайым адами құндылықтарға деген құмарлық сақталады. Қоршаған әлем сұлулығы, балалар қуанышы, сезімдер мен эмоциялар – мұның бәрі тәттілер әлемі, дәмдер мерекесімен табиғи үйлесімділік табады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
667
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Автор. Сырымбай Мейірлан Ернарұлы

Бейнеу ауданы Боранқұл селосы Қарақұм жалпы білім беретін мектеп



МАЗМҰНЫ



Абстракт

І. Кіріспе .................................................................................................................3



ІІ. Теориялық бөлім.

1.1. Ағылшын тілінің елімізде алатын орны.........................................................5

1.2. Шоколад тарихы...............................................................................................8

III. Практикалық бөлім

2.1. Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер.................................................13

2.2. Шоколадтың ағылшынша атауларын қазақ тілінде зерртеу......................18



ІV. Қорытынды......................................................................................................21



V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................22



Қосымша материалдар









КІРІСПЕ

Мені бала кезімнен шоколадтар әдемі жарқыраған орауыштарымен де әртүрлі атауларымен де қызықтыратын. Қай бала шоколадты жақсы көрмейді? Оның әдемі орауыштарын кімдер жинамады? Шоколадтар әрдайым балалық шақпен, қуанышпен, жағымды эмоциялармен байланысты. Бірақ мені сол шоколадтардың ағылшын тіліндегі атауларының не мағынасы бары қызықтырып, ойымда мынадай сұрақтар туындайтын:

  1. Не себепті шоколадтардың әр түрлі аттары бар?

  2. Ағылшынша шоколад атаулары қайдан пайда болды?

  3. Жаңа атаулар қайдан пайда болады?

Өте тәттіқұмар жан ретінде бұл сұрақтар маған маза бермейтін. Менің жақсы көретін тәттілерімнің көбісінің атаулары ағылшынша болғасын, мен бұл атауларды зерттеуді ұйғардым.

Менің жұмысымның тақырыбы өзекті ме? Қазіргі кезде көптеген тұтынушылар шоколад атауларының аудармасын білмейтіндеріне шағымданады. Мен өз сыныптастарымнан “Шоколад сатып алғанда атауына назар аударасындар ма?” – деп сұрағанда, олардың 55%-ы атауларға зейін аударып, еске сақтап қалуға тырысатынын айтты. Мені өте таңқалдырғаны, балалар шоколад атауына ғана емес, сонымен қатар оның құрамы мен сыртқы әдемілігіне де назар аударатындарын айтты. Және де біздің дүкендердегі шоколадтардың ағылшын тіліндегі атаулары көпшілігін қызықтырады екен.

Егер нақты атауын білмесек, шоколад сатып алған кезде сатушыға өнімнің қай түрін қалайтынымызды түсіндіре алмас едік. Бұл біздің әрқайсымыздан білімділікті қажет етер еді, сондықтан бұл жұмыс шоколадтардың ағылшын тіліндегі атауларының шығу тарихын зерттеуге арналады. Мен бұл тақырыпты өзектілігі белгілі және зерттеу қажет ететіндіктен таңдадым.



Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар жобаның теориялық және практикалық мәні қандай екендігі де сөз болды.

Ғылыми жоба теориялық және практикалық бөлімнен тұрады: Теориялық бөлімде екі мәселе қарастырылады: “ Ағылшын тілінің елімізде алатын орны ” және “Шоколад тарихы”.

Практикалық бөлімде шоколадтардың ағылшынша атауларының қазақ тіліндегі мағыналары қарастырылады.

Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында шоколадтардың атауларына сараптама жасалды. Жұмыс барысында ауыл кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды.

Зерттеу мақсаты – шоколад атауларының мағынасын ашу.

Зерттеу объектісі: шоколадтардың ағылшынша атауларының шығу тарихы.

Зерттеу нысаны – ағылшын тілді атаулардың әртүрлілігі.

Зерттеу болжамы – шоколадтардың ағылшын тілді атаулары оларды ойлап табушының есімі немесе фабриканың атауына байланысты.

Алға қойған мақсатқа жету үшін және болжамды дәлелдеу үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:

  1. Шоколадтың ағылшынша атауларының шығу тарихын зерттеу

  2. Шығу тарихына қарап атауларын сараптау.

Зерттеу әдістері: салыстыру, жалпылау, жүйелеу, салыстырмалы талдау.

Жұмыстың құрылымы: Аталған жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымша материалдан тұрады.



I бөлім. Теориялық бөлім.

1.1.Ағылшын тілінің елімізде алатын орны

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткені есімізде.

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.

Осыған орай, ағылшын тілі тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етудің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы, әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор.

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батысгерман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Оған қоса көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Тіпті балабақшалардың өзінде ағылшын тілінде сөйлеуді, оқуды үйретеді. Ғаламтор желілерінде, кішкене балаларға арналан түрлі-түрлі мультхикаялар баршылық. Керек дегенде, Ағылшын адамдары да ғаламторға оқыту,үйрету әдістерін енгізіп қойғаны да рас.

Кейінгі жылдары ағылшын тілін оқытуда қолданылатын жаңаша оқу әдісінде білім беруді компьютерлендіру дейміз. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ.Компьютер арқылы ағылшын тілінде онлайн бағдарламаларды көптеп көреміз. Ағылшын тілі - инженерлік-компьютерлік технологиялар тілі, әлемдік қарым-қатынас тілі, кейбір мамандық бойынша білім алу тілі, жастар арасында беделді тілге, БАҚ, әсіресе Интернет арқылы ақпарат алу тіліне айналып келеді.

Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік. Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды.

Ағылшын тілінде қазіргі заман талабына сай көптеген технологиялар жаңаруда. Тілді жақсы үйреніп, меңгеру , әрбір жастарымыз үшін қажет. Тіпті шет елдермен сауда, қарым – қатынас жасау үшін де , ағылшын тілінің маңызы зор.

Ағылшын тілі күні БҰҰ-ның тікелей бастамасымен басқа тілдерге арналған ресми күндер секілді 2010 жылдан бері мерекеленіп жүр. Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тіл саналады. Бұл тілде сөйлейтін адамдарды "англофандар" деп атау дәстүрі қалыптасқан. Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп отыр. Бірінші орында – қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800 000-нан астам сөз бар. Және синоним сөздер қатары да көп. Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағыл. drunk) сөзінің 200-ге жуық синонимін тапқан екен. Енді, өзіңіз ойлай беріңіз. Мұның тиімділігі – керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда, басқа сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.

Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда болған. Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері 14 000 жасқа жеткен. Олардың көпшілігінің негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алады. Бұл сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз. Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады. Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis. Бұл тыныс жолы ауруының атауы. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын әліппесіндегі барлық әріп кездеседі. Талай айтылған алғашқы сөз: «ОК». Қазір бұл сөзді айтып көрмеген адам кемде-кем. «The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш болып саналады. Тіл сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.

Ағылшын тіліндегі month, orange, silver, purple - осы 4 сөзге ғана ұйқас табу қиын екен. Кейбір ақындар ізденістерінің арқасында orange сөзін courage, porridge, arrange және т.б. ұқсас сөздермен үйлестіріп көрген екен, бірақ мағынасы жағынан бұл қисынсыз болып шыққан. Ағылшын тілінде құрлық атаулары басталған әрпімен аяқталады.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек,кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда.



1.2. Шоколад тарихы

Шоколад тарихы өте ертеден басталды. Шамадан біздің жылымызға дейін 1500 жыл біздің ойпаттарда мексикалық шығанақтың жағасында Америкада ольмек өркениеті туды. Олардын мәдениетінен аз мәліметтер қалды, бірақ кейбір лингвисттердің жоруына қарай, "какао" сөзі тұңғыш рет "kakawa" шамадан біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын естілген, яғни ольмек өркениетінің гүлденген заманында. Майя какаоға үлкен мағынаны сомдайтын. Шоколад сияқты киелі сусынды басында ритуал үшін ішті. Майя құдайының пантеонында какао құдайы болды. Майя бізге какао бірінші белгілі плантацииясын жасаған. Олардың шоколад сусынының қамдас әдістері мен игерушілік көрінген қоспалары - қалампырдан және бұрыштан болды. Ал қантты үндістер мүлдем білмеді. Какао-атбұршақтар байлықтың және абыздың түртіндісімен болды. Шоколадты атбұршақтарды пайдалантын бай адамдар ғана болды. Өзінің шоколад атбұршақтарын ақшалардың орнына пайдаланды. Құлдарды 100 атбұршаққа иемденуге болды.

Ботаникада "шоколадты ағаш" "Теоброма какао" деген атауды алды, бұл "құдайдың асы" деген мағынада. Ацтектер оны "бейіштің ағашы" деп есептеді және тәңірлік өнім деп құрметтелді. Бұл ағаш тропикалық қармақбаудың өзінің жүрегінде, солтүстік және оңтүстік Америкада, Австралияда және Азияның аралдарында жылы және ылғалды ахуалда өседі. Өсімдіктің биіктігі 10-15 метрге жетеді. Егіс жылына екі рет - негізгі жиын қазанда-ақпанда түсіріледі және мамырда-маусымда түсіріледі. Әрбір жеміс 20 50 тұқымға дейін болады. Олар домалақ, томпақ болады және сұрғылт, немесе қоңыр көк түсті болады. Аман ағаш атбұршақтың 2 килограммына дейін жылда береді. Жаңадан жиналған какао-атбұршағы ащы-ауыз қуыратын дәм және боз өңі болады; арада мынадай көріністе олар шоколада өндірісінде игерушілік үшін жарамсыз. Жас какао-атбұршағы 30% су және 30% какао-майы болады. Какаоны таратуда үлкен рөлді ацтектер ойнады. Ацтектің аңызы бойынша, какао тұқымдары бейіштен бізге келді және какао-ағашы жемісінен ақылмандық және күш аралап шығады делінген.

Бас майя шоколадты сусыны "xocolatl" аталды, бас атцектерде - "cacahuatl". Осы атаулар: " choco" немесе " xocol" - " көбік" және " atl" " су" деген екі үндіс сөздерінің тіркестерінен шыққан. Мүмкін, сондықтан, шоколад ерте кезде сусын сияқты белгілі болды. Какао-атбұршақтар бас ацтектерде ара сапа ерекшеліктің ақшаларының қызмет етті. Таң қалдыратыны үндіс көсемінің сарайының қамбаларында сақталған какао-атбұршақтар. Мынадай сарайлардан какао 486 қабының бір жылда қолданатын мөлшері табылған, әрбір қапта 24000 дән болған. Ең бірінші шоколад дәмін көрген еуропалық Христофор Колумб болды. Ол 1502 жылы, Гайана аралының халықтары аяулы қонақты какао-атбұршақтан жасалған сусынмен күтті. Колумб жұмбақ дәнді Фердинанд атты корольге өзінің төртінші жаңа нұрға экспедициясынан әкеліп берген, бірақ оған ешкім көп мән бере қоймады сырттан асыл қазына көп әкелгендіктен.

Жиырма жыл бұрын Мексиканы жаулап алушы Эрнан Кортес, "ксоколатл" дәмін байқап көрді. Кортес тұңғыш рет 1519 жылы ацтектердің жеріне кірді, оны осы үшін құдай етіп қабылдады. Алтынның айшанағында оның алдында оғаш ащылау какао-атбұршақтардан сусын, әр түрлі дәмдеуіштермен, бұрыштармен, балмен және көбікке дейін болды. Бұл ең алғаш испан конкистадорлары үйренген бірінші шоколад болған. Ақырын-ақырын бұрыш пен ваниль және күшті хош иіс сомдау үшін мускат жаңғағы қантты ауыстырды.

Сұрыпталған, тазартылған, қуырылған, майдаланған - міне өндірістік топтаманың кезеңінің жас бөлігінен, какао-атбұршағына айналады. Шоколад шынымен де бірегей өнім - дәмді, жоғары калориялы (550 ккал 100 граммда ), сипатын өзгерместен бірнеше жыл сақтала алатын. Онда 50-55% углеводтар, 32-35% май, 5-6% ақуыз болады. Сондай ақ дубильді зат (4-5%), стимуляторы - және кофеин (1-1,5%), микроэлементтер, Na, K, Mg, P, Fe және В1 витамины, В2 және РР теобромин. Онда 40қа жуық айқындаушы өткінші құралымдар қатысатын. Айтпақшы, физиологтардың тағайындағаны бойынша осы хош иіс шипа: ашуланшылықты басады, тынышталдырады екен.

1526 жылы, қатал корольге есеп берумен бара жатқан Кортес өзімен бірге какао-атбұршағының жәшігін басып алды. Осы ретте шоколадтың жолы болды: экзотикалық хош иісті сусын мадрид ауласында игі ниетпен кездестірілді.

Тез арада шоколад айрықша испан ақсүйектерінің тындырымды таңертеңгі сусыны болды, ана уақытқа шай және кофені назардан шығарып. Жаңа сусынның құны биік болғаны соншалық, бір испан тарихшысы тіпті: "тек бай және абзал адам шоколад іше алады, себебі ол тіпті ақшаларды" ішті деп айтқан екен.

Кейінгіде "ксоколатл" 100 жасы Испаниядан Еуропаға өтіп кетеді, өзге тауарларды бағасымен және танымалдылығымен басып алады. Герман императоры Карл V, какаоның коммерциялық кердеңдігін біліп, монополияны осы өнімге сұрайды. Алайда XVII ғасырдың алып сатаралары белсене шоколадпен голланд базарларын толтыра бастайды, және 1606 жылы Фландрия және Нидерландыда какао Италияның шекараларына жетті. Тоғыз жылдан кейін үшінші испан Филиппінің қызы Анна австриялық какаоның бірінші жәшігін Парижге әкеліп береді. 1650 жыл. Шоколадты ағылшындар іше бастайды. 1657 жылы Лондонда ең алғашқы "шоколад үйі" ашылып, болашақ "шоколадтылар" бейнесі ашылады. Сусын мәдениеттің бөлігі болады, оған уақыт беріліп: шоколад ішуге келіңіздер, сағат кешкі сегізде күтеміз делінеді.

Шоколадты "пайдалылыққа" қалай тексеруге болады? 25-30% мазмұндар какао-атбұршақтары тақтасында туралы айтылмыш шоколадта біраз аласа сапасын айғақтайды, 35-40% шоколадтың орта сапасын анықтайды, 40-45% толығымен жақсы өнім, ал ал какао-атбұршақтарының мазмұнының от 45 до 60% өзі үшін айтады - ол сіздің денсаулығыңызғы пайдалы таза шоколад.

1674 жылы бас негіз шоколад рулеті және пирожный жасаудан бастады. Биыл құнарлы" шоколадты шығарған жыл болып есептеледі.

1825 жыл. Англия военно-морской флот еуропаға қарағанда какаоны көп мөлшерде алады. Сусын шоколад дәл соларға арналғандай : нәрлі, алкогольсіз. Теңізшілер арасында күшті суық "желді шоколад" деген атауды тасыды.

Көптеген адамдарды толғандырған сұрақ неге шоколад ақ түсті болады. Оның ұста пішінінде, шоколад тақтаның негізімен ақ түсті какао-май болып табылатын. Құрғақ сүтті және қанттың опасын оған үстейміз және ақ шоколад аламыз. Қоңыр шоколад бұл да какао майы және какао ұнтағы болып келеді, ол тақташаға қоңырлау түс береді.

XIX ғасырдың франциялық аптекашысы шоколад туралы жазды: "сол тәңірлік аспанның сусыны, сол нағыз панацея - әмбебап дәрі барлық аурулардан емдейді" деген. XIX ғасырда бірінші шоколад тақталары шығады, ал Жак Неаус бірінші кәмпитті ойлап табады. Міне мынадай ұзын тарихи жолды какао-атбұршағы біздің қазіргі қатты шоколадқа еңсерді.

































Теориялық бөлімге қорытынды



Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ағылшын тілінде сөздік қорымыз молаю үшін кез келген ағылшын атаулы шоколад тарихын зерттемес бұрын, шоколадтың жалпы шығу тарихы туралы мәліметтер жинақтадым. Жоғарыда айтылғандай, шоколад тарихы өте ертеден басталған. Шамадан біздің жылымызға дейін 1500 жыл біздің ойпаттарда мексикалық шығанақтың жағасында Америкада ольмек өркениеті туды. Олардын мәдениетінен аз мәліметтер қалды, бірақ кейбір лингвисттердің жоруына қарай, "какао" сөзі тұңғыш рет "kakawa" шамадан біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын естілген. Шоколадтың шығу тарихы туралы барлық мәліметтерді жинақтай келе, келесі бөлімде олардың ағылшын тілді атуларының шығу тарихын зерттеп,сараптайтын боламын.

.























II бөлім: Прақтикалық бөлім

2.1. Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды.Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады. Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!