Материалдар / Шоколадтың пайдасы мен зияны Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шоколадтың пайдасы мен зияны Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2019
4486
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы

«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ











Ғылыми жоба

Бағыты:медицина,психология

Жоба тақырыбы:«Шоколадтың пайдасы мен зияны»











Орындаған: «Жамбыл атындағы орта мектебінің» 1-сынып оқушысы

Еркенқызы Шырын

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Кайыргазинова Саулеш Закарьяновна













2018 жыл


МАЗМҰНЫ

Кіріспе..........................................................................................................3 бет

Негізгі бөлім...............................................................................................4 бет

1.Шоколад және оның шығу тарихы........................................................4-6 бет

2.Шоколадтың пайдасы мен зияны..........................................................7-9 бет

3.Шоколад туралы қызықты деректер мен оны үй жағдайында

дайындау 10-11 бет Қорытынды....................................................................................................12 бет

Пікір ...............................................................................................................13 бет

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................14 бет

Қосымша .......................................................................................................15-19-























Аннотация

Тақырыбы: Шоколадтың пайдасы мен зияны


Зерттеу жұмысын алу себебім: Мен шоколадты жегенді ұнатамын, бірақ анам көп жеуге болмайтынын, зиян екенін айтады, сондықтан шоколад туралы нақты мәліметтер жинақтап, тәжірибеден өткізуді жөн көрдік.


Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде шоколадтың түрі өте көп. Шоколад —какао ұнтағына оның дәмін және хош иісін келтіретін, жұмсақ консистенция беретін компоненттер қосып дайындалынған кондитер өнімдері. Шоколад туралы балаларға мәлімет бере отырып, оның пайдасы мен зиянын да бар екенін дәлелдеу.


Зерттеудің мақсаты: Шоколадтың шығу тарихын білу, оның пайдасы мен зиянын ашып көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Шоколадтың шығу тарихын анықтау, оның жасалу жолы мен құрамын білу;

  2. Шоколадтың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинау;

  3. Шоколад туралы қызықты мәліметтермен танысу;

  4. Үй жағдайында шоколад жасап, таза, дәмді болатынын дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері :

  1. Ғылыми әдебиеттерге, баспасөзге шолу жасау.

  2. Сауалнама алу, сұхбат жүргізу;

  3. Үй жағдайында шоколад жасауды үйрену.

  4. Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау.

Зерттеу әдістері : деректер жинау, жүйелеу, сауалнама алу, сұхбат жүргізу, тәжірибе жасау.

Зерттеудің нәтижесі:

  1. Шоколадтың пайдасы мен зияны көрсетілді.

  2. Үй жағдайында жасалған шоколад таза, дәмді болатыны дәлелденді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі.




ШҚО жарма ауданы Жарық ауылы

«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

1 сынып оқушысы Еркенқызы Шырынның

«Шоколадтың пайдасы мен зияны» атты

зерттеу жұмысына



П І К І Р


    Қазіргі кезде кәмпиттің түрі көп-ақ. Әсіресе, шоколад десе баламен қоса, үлкендер де ішкен асын жерге қоюға даяр тұрады. Шоколадты жегенде пайдасы бар ма екен? Әрине, пайдасы көп. Мәселен, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық. Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде  көңіл-күй көтеріледі. Шоколадтың зияны да бар. Шоколадты көп жеу диатезге әкеледі, аллергия тудырады, оның құрамында көп каллория болғандықтан артық салмақ пайда болады.

Оқушым Еркенқызы Шырын «Шоколадтың пайдасы мен зияны» атты зерттеу жұмысында шоколадтың зияны пен пайдасын ашып көрсеткен.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - қазіргі уақытта шоколад бала денсаулығына зияны мен пайдасын зерттей отырып, орынды пайдалануды насихаттайды.

«Шоколадтың пайдасы мен зияны» атты зерттеу жұмысы жас ерекшелігіне сай, ұсыныстары орынды, мағынасы ашылған зерттеу жұмысы деп есептеймін.


ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылы

«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Кайыргазинова Саулеш Закарьяновна




Кіріспе

Шоколад - кондитерлік өнім, ол какао ұнтағынан жасалады. Латын тілінен аударғанда «шоколад» «тағамдардың құдайы» деген мағына береді екен. Шоколад түрлері ақ шоколад, сүтті шоколад, даибеттік шоколад, қара шоколад, ұнтақты шоколад болады. Шоколадты балалармен қоса үлкендер де жақсы көреді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, пайдасы мен қоса зияны да қатар жүреді екен. Мен сондықтан осы тақырыпты алдым. Шынымен шоколад пайдалы ма, әлде зиян ба? Неге оны көп қолдануға болмайды?

    Шоколад туралы көбірек білгім келіп, оны зерттеуді мақсат етіп, көздеген мақсатыма жету үшін интернет желісі мен баспасөз материалдарын оқып, ойымды жинақтадым. Шоколад ертеде пайда болған екен. Оны тек бай адамдар мен таңдаулылар ғана жеген. Шоколадты дайындау тәсілін құпияда ұстаған. Шоколадты дайындау күрделі, бірнеше сатыдан (тазалау, кептіру, ұнтақтау, дәмдеуіштерді қосу, араластыру, қалыпқа салып қатыру) өтетін жұмыс екеніне көзім жетті.

«Шоколадтың пайдасы мен зияны» тақырыбында 2,3- сынып оқушыларына сауалнама жүргіздім. Мектеп медбикесінен кеңес алу мақсатында сұхбаттастым. Шоколад туралы қызықты деректерді мәліметтерді жинап, үй жағдайында шоколад жасап көрмек болдым.














Негізгі бөлім.

1. Шоколад және оның шығу тарихы.

-Қай бала тәттіні ұнатпайды екен дейсіз? Барлығымыз тәттіні жақсы көреміз. Соның ішінде, әсіресе, шоколадты жақсы көреміз. Осы шоколадқа неге сонша барлық үлкен де, кіші де құмар екенін білгім келіп, зерттеп көрмек болдым. Зерттеуімді анама сұрақ қоюдан бастадым.

-«Ана, шоколадқа неге барлық адамзат құмар? Оның құрамында не бар?Зиян ба, әлде пайдалы ма?»-деп сұрадым. «Шоколадтың пайдасы да бар, зияны да бар. Оның құрамында көптеген дәрумендер болады. Шоколад жесең көңіл күйің көтеріліп қалады. Бірақ көп жеуге болмайды. Олай болса, осы шоколадтың құрамы, тарихы және пайдасы мен зиянын бірге білейік» - деді анам.

Шоколад-кондитерлік өнім, ол какао ұнтағынан жасалады. Латын тілінен аударғанда «шоколад» «тағамдардың құдайы» деген мағына береді екен. Шоколад түрлері ақ шоколад, сүтті шоколад, диабеттік шоколад, қара шоколад, ұнтақты шоколад болады. Шоколадты балалармен қоса үлкендер де, жақсы көреді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, пайдасы мен қоса зияны да қатар жүреді екен. Кейбір ғалымдар какао майы тістерді бүлінуден қорғайды десе, кейбірі тіс жегісін турырады деген. Мен сондықтан осы тақырыпты алдым. Шынымен шоколад пайдалы ма, әлде зиян ба? Неге оны көп қолдануға болмайды?

    Сонымен зерттеуімді сыныптағы достарымның,көрші сыныптағы балалардың шоколад жайлы не білетіндерін білу үшін сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 22 оқушы қатысты.

1.Шоколадты жақсы көресің ба?

Иә.-22- жоқ-0-

2.Шоколад денсаулыққа зиян деп ойлайсың ба?

Иә.-9- Жоқ.-13-

3.Шоколад жегеннен тісің бүлінеді деп ойлайсың ба?

Иә.-16- Жоқ.-6-

4.Шоколад неден жасалатынын білесің бе?

Иә. -10 Жоқ.-12-

5.Шоколадты көп қолданасың ба?

Иә -20- Жоқ. -2-

6.Қандай шоколадты жақсы көресің?

Несквик -6- киндер -7- сникерс-9.

Сауалнама қорытындысы бойынша, барлық бала шоколадты жақсы көреді. Оны үнемі пайдаланғанымен шоколадтың неден жасалатынын, оның пайдасы мен зиянын білмейтін болып шықты. Сол себепті осы тақырыпты зерттегім келді.

Шоколад — какао ұнтағына оның дәмін және хош иісін келтіретін, жұмсақ консистенция беретін компоненттер қосып дайындалынған кондитер өнімдері.

Қазіргі кезде шоколад түрлеріне какао ұнтағынан басқа қант, какао-майы, майсыздандырылған құрғақ сүт ұнтағы, глюкоза қою шырыны, ваниль немесе ванилин, этиль спиртінің қою шырыны, инвертті қант, өсімдік майлары, жаңғақтар, лецитин, пектин, табиғи немесе жасанды хош иіс беретін заттар, консервілеу қоспалары, лимон қышқылы, апельсин майы, жалбыз майы қолданылады. Қалыптасқан шоколад түрлерінен басқа қазір тұздалған, ащы, қуысты шоколадтар өндіріледі. Барлық шоколад өнімдері 15°С жоғары емес температурада және бөтен иістері жоқ бөлмелерде сақталынады. Шоколад көптеген десертті тағамдарға (киселдерге, бламанжеге, желелерге, мусстарға, суфлелерге, кремдерге) жағымды иіс және дәм беретін қолайлы өнім. Сонымен бірге шоколад пирожный, торттардың қамырына да қосылады. Кондитер өндірісінде шоколад кәмпит, пряник, зефир, мармелад өнімдерін глазурлеуге пайдаланылады. Шоколад сыртының "сұрлануы" және қатты құрғақ болуы оның тағамға жарамсыздығын көрсетеді [3].

Шоколад тарихы өте ертеде басталды. Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған. Шамадан біздің жылымызға дейін 1500 жыл біздің ойпаттарда мексикалық шығанақтың жағасында Америкадаольмек өркениеті туды. Олардың мәдениетінен аз мәліметтер қалды, бірақ кейбір лингвисттердің жоруына қарай, "какао" сөзі тұңғыш рет "kakawa" шамадан біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын естілген. Ежелгі майя үндістерінің ата-бабасы – ольмек халқы какао дәндерінің ұнтағын шарап немесе сумен араластырып, ваниль, даршын, тіпті қызыл бұрыш секілді дәмдеуіштерді қосатын болған.
Бұл «xocolatl» деп аталған сусынды патшаларға, қадірлі азаматтар мен жоғары дәрежелі дін қызметкерлеріне беріп, құрмет танытатын. 
Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады. Бірнеше ғасырлар бойы шоколад тек таңдаулылардың тағамы боп табылды.
Майя халқы да ата-бабалары секілді бейсбол добына ұқсас какао ағашының жемісін қадір тұтты. Олар бұл жемістерден ащы дәмі бар сусын дайындауды жалғастырды. Алайда ол уақытта «xocolatl» сусыны кеңінен қолданылып, оны патшалар да, қарапайым адамдар да ішетін болды. 
Майя жерін жаулап алған испаниялықтар да бұл тәттіден бас тарта алмады. Көп ойланбастан олар сусынды "Theobroma cacao", яғни «құдайлардың азығы» деп атап, оны Еуропаға алып барады. Білімқұмар еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл таңсық тағамды зерттеп, қасиетін анықтады [2].












2. Шоколадтың пайдасы мен зияны

Шоколодтың адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін білу мақсатында мектеп медбикесі Гүлмира Хайдарқызынан сұхбат алдық.

Сұрақ: Шоколад адам денсаулығына пайдалы ма әлде зиян ба?

Жауап: Медициналық көзқараспен қарасақ, жас өсіп келе жатқан ағзаға үлкен пайдасы бар. Өйткені онда кофейн, қант бар. Олар ми қызметін жақсартуға көмектеседі. Шоколадтың адам денсаулығына пайдасы мен қоса зияны да бар.

Сұрақ: Қаншалықты адам денсаулығына пайдалы?

Жауап: Шоколад тек қана тәтті емес, ол дәрі де болып табылады. Тыныс жолдары ауруларында мұрынға какао майын жағып қойса инфекция түсуден қорғайды. Суық тигенде, жөтелде 1 стакан ыстық сүтке какао майын салып ішсеңіз пайдалы. Шоколад құрамында темір де бар, қан аздықпен ауыратын адамдар күніне 1 бөлігін жеп отырса болады. Шоколадтың пайдасы көп.

Сұрақ: Қалай ойлайсыз, шоколад тіске кері әсері бар ма?

Жауап: Ұзақ уақыт бойы шоколад тісті бүлдіреді, яғни эмальды бұзады деп келген болатын, қазіргі уаықтта ғылымдар шоколад тіс жегісінен қорғайды деп тұжырымдайды. Жапон тіс дәрігерлері тіс пастасына какао майын қосуды ұсынып отыр. Сонда да, тәтті жеген соң міндетті түрде тісті тазалау керек.

Сұрақ: Барлық адам шоколадты қолдана беруге бола ма?

Жауап. Жоқ болмайды. Қан қысымы жоғары адамдарға, қант диабеттік аурумен ауыратын адамдарға, артық салмағы жоғары адамдарға мөлшерден тыс қолдануға болмайды.

Сұрақ: Балаларға қандай кеңес берер едіңіз?

Жауап: Шоколадты қолдану керек, бірақ мөлшерден жоғары емес. Ғалымдар күніне 25 г шоколад қолдануды ұсынып отыр.

Зияны:

- Шоколад көп қолданса, құнарлығы жоғары болғандықтан артық салмаққа әкеп соғады;

-Шоколадты шектен тыс қолдансақ, аллергия тудырады, диатез болады;

-Шоколадта қоздырушы қызметі жоғары, сондықтан оны жатар алдында қолдануға болмайды. Әсіресе 3 жасқа толмаған балаларға бермеген жөн.

Пайдасы:

-Шоколад-энергия көзі, құрамында магний мен калий болғандықтан бұлшық еттің қызметін жақсартады;

-Шоколад - жүрек пен қантамырлардың қызметін жақсартады. Әсіресе спортпен шұғылданатын балалар қолданған жөн.

-Шоколад - иммунитетті көтереді, көңіл-күйді көтереді.

Шоколадтың пайдасы

Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр.
Қорғаныш қасиеті жағынан шоколадтың жасыл алма, қызыл шарап және көк шай секілді бұрыннан белгілі үздік антиоксиданттардан да күшті екені дәлелденді. Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.Ал сарай ханымдары біраз уақытқа дейін оны беттеріне жағып,әдемілік үшін пайдаланды. Алайда уақыт өте келе, Еуропа халқы бұдан гөрі шоколадты жеудің  пайдасы мол екенін түсінді. Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр. Тіс дәрігерлерінің  «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де  жаңсақ болып шықты. Зерттеулердің нәтижесінде какао  майының құрамында антисептиктік әсерге  ие заттардың бар екені дәлелденді. Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді. Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себебті, бұл тәттіні жегенде  көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық аурулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен [4].


Шоколадтың  зияны

Десек те, шоколадтың  пайдалы  қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құнарлығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Ал егер күніне 250 граммнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. 

Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым  салады.





















3. Шоколод туралы қызықты деректер және оны үй жағдайында дайындау

-11 шілде халықаралық шоколад күні;

-Бельгия, Швейцария, Италия, Франция және АҚШ шоколадты мемлекеттер;

- Джон Кэдбери - бірінші шоколад өндіруші;

- Щвецариялық Генри Нестле ақ шоколадты өндіруші;

- Жыл сайын адамзат 600 мың тонна шоколад пайдаланады екен;

-Әлемдегі ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құраған. Британдық«Thorntons» компаниясы өзінің ғасырлық мерейтойына осындай алып шоколад пісірген екен.

-Әлемдегі ең қымбат шоколад «Сhocopologie by Knipschildt». Бұл өнімнің бағасы 453 грамм 2600 доллар [5].

  Шоколад әзірлеу – машақаты көп жұмыс. Түсі мен дәмі жағынан керекті  өнімді алу үшін  бір-бірімен байланысқан көптеген технологиялық операциялар орындалады. Ең бастысы- шоколадты әзірлеу барысында бір ғана компонент мөлшерден артық, не кем  болмауы тиіс. Одан қалды  қыздыру  кезінде де от қызуы шамадан асып кетсе, тәттінің құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Ал какао дәндері тәтті тағамның басты шикізаты. Олар мұнда  Африкадан тікелей  жеткізілген. Технолог маман  шикізаттың мөлшерін есептейді. Дәл осы жерден  бастап какао дәндері өздерінің  технологиялық саяхатын бастайды. Сұрыптаудың арқасында  какао дәндері артық шаң тозаңнан, түрлі қоқыстан тазартылады. Келесі кезең – кептіру сатысы. Әрі қарай какао дәндері ұнтақтау машинасына жөнелтіледі. Ол 5 бөлу кезеңінен тұрады. Әрі қарай ең маңызды кезең- шоколад құрамына түрлі дәмдеуіштер қосылады. Мұнымен қоса сол сәтте шоколадтың кристалдану кезеңі жүріп жатады. Ол өнімнің ұзақ мерзімге шыдауына, сондай-ақ оның жылдам еріп кетпеуіне, сынып қалмауына жауап береді. Егер суыту процесі дұрыс  орындалса, тоңазытқыштан шыққан шоколад қалыбынан оп-оңай ажыратылады. Осыдан кейін олар арнайы қағаздарға оралады [1].

Шоколад жегенді бәріміз де жақсы көреміз. Оның миымызға, көңіл-күйімізге әсерін жақсы білдік. Алайда дүкен сөрелерінде тұрған шоколадтардың бәрі пайдалы емес екенін де білеміз. Сондықтан шоколадты үй жағдайында жасадық. Ол сіздің көп уақытыңызды алмайды және дайындалу жолы өте қарапайым. 

Ол үшін бізге мыналар керек:

какао – 100 грамм;
қант – 1 шай қасық;
кілегей майы- 50 грамм;
сүт - 2 ас қасық. 
Дайындалужолы:
1. Сүтті кастрөлге құйып, баяужанып тұрған отқа қойып, қайнатыңыз. 

2. Оған қант және какао ұнтағын салыңыз.

3. Содан кейін кілегей майын ерітіп, сүттің үстіне қосыңыз.

4. Жақсылап араластырып, қоспаның қайнағанын күтіңіз. 

5. Отт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!