Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шөл өсімдіктері мен жануарлары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру. Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады. Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану Күні: 31.01.2018 ж Сыныбы: 4 «ә»

Тақырыбы

Шөл өсімдіктер мен жануарлары

Мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушылар тақырыпты оқып, мағанасы мен негізгі идеясын ашады, топпен жұмыс жүргізеді


Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпты оқып, түсіне алады


Кейбір оқушылар: өсімдіктер мен жануарларды атай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: Алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдана алды.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Алдыңғы оқу

Қайталау: дала өсімдіктері мен жануарлары


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар


Басталуы


Үй тапсырмасы




Ой қозғау




Ортасы



Оқулық б/ша жұмыс




































Қорытындылау



Кері байланыс




Үйге тапсырма


Бағалау

 І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
ІV: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)
Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді7
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.
Венн диаграммасы:
Топтық жұмыс:
1 - топ: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.
2 - топ: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
3 - топ: Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
5 - жол өлең: Ақбөкен.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.
VII. Сергіту сәті.
VІІI. Бекіту кезеңі:
Тест.
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр
в) арқар
с) кесіртке
2. Дала өсімдігін ата.
а) селеу
в) жусан
с) қарағай
3. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз
в) бетеге
с) сарғалдақ
4. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды
в) дала, шөл
с) қала, ауыл
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс Қазақстан облысы
в) Қызылорда облысы
с) Талдықорған облысы
IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2018
1205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі