Материалдар / Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ география пәнінен. Ұстаздарға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: Сынып: 7 а Пән: география Күні: 22.02.17 ж

Сабақ тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары

Inland water resources of Northern America

Сабақтың мақсаттары: Солтүстік Американың ішкі сулары туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері:

3

1) Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың ішкі суларына  түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу. Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.

2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту.


) Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ .

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, өздік ізденіс жұмыс, СТО, үш тілдідік, қатемен жұмыс, сандар сөйлейді, сабақта АКТ-ны пайдалану,жеке,жұп, ұжым.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, атлас карта, оқулық, презентация, қосымша материалдар.

 Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

(сәлемдесу(үш тілде) Сәлеметсіңдерме? Здравствуйте? Good morning? Гуд монинг.

Сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.Топқа бөлу(конфет түрлері арқылы), психологиялық ахуал тудыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.  Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)

1. Ең кіші материк (Аустралия)

2. Ең үлкен материк (Еуразия)

3 мин

ІІ. Қызығушылықты ояту- Үйге берілген тапсырма.

Миға шабуыл 3 мин

1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -700С)

2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

4- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)


«Даналық ағашы "сандар сөйлейдіОқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақтарда алған білімін осындай ойын арқылы тексереміз.
Осы сандардың нені білдіретінін    табыңыз. 
4 мин
6193 м (Мак- Кинли)
1600 км (Кордильераның енді бөлігі)
86м (СА теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі Өлім аңғары)
18 м ( ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады)
25 км
( Колорадо каньонының ені)
9000 км
(Кордильера тауының ұзындығы)
24,2 млн.км
2 (СА жерінің ауданы)
6000 мм
(Кордильераның солтүстік- батыс жағалауында жауын- шашынның ең көп түсетін жері)

100 мм (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап , мұнда жауын- шашын мөлшері ең төмен көрсеткіші)


ІІІ. Мағынаны тану- Жаңа сабақ.Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? Не туралы айтылғын?

(Солтүстік Американың ішкі сулары)

Бейнеролик жіберу арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын.«Су» сөзіне ассоциация жүргізу. 3 мин

Жаңа тақырыпқа кіріспе : Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.

Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.Сондықтан Солтүстік Американың өзендері аралас қоректенеді.

Балық қаңқасы арқылы жаңа тақырыпты әр топ оқушылары қорғайды.

1- топ: Атлант мұхиты алабы және Солтүстік Мұзды мұхит алабы

2- топ: Тынық мұхит алабы және ішкі тұйық алап

Оқушыларға мәтін мен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылап , жазу 8 минут. Әр топ өз жұмысын қорғайды 2 минуттан 4 минут. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әрмүшелерін бақылап баға береді.


Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 3-ші орын алады. «Миссисипи» атауы үндістер тілінде «су атасы» дегенді білдіреді.

Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемелерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр стансаларында қуат алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Теннеси өзені бойында 20-дан астам су электр стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі-Макензи метериктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.

Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді.

Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон дүние жүзіне әйгілі.

Материктің солтүстік-шығысында Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғары көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.

Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемелерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200м, биіктігі 51м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді.

Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ұсақ жанартаулық көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарылыстарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.

Балық қаңқасын қорғау кезінде Солтүстік Америка материгі туралы видеоролик көрсету.

Екі топ бір- бірін толықтырып бағалайды.

4. Сергіту сәті: ПОЛИГЛОТ 2 мин

Суға байланысты жұмбақтар шешу және мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.

Жұмбақтар:

Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі тоқ,

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртінектеп тынымы жоқ. Өзен- река- river (риве)


Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі. су- вода- water (уотэ)

Отқа жанбас, Суға батпас. Мұз-лёд- ice (айс)


Қыстыгүні аппақ,

Жаздыгүні сұп-сұйық. Қар, су- снег, вода- snow(сноу), water( уотэ)


Ағынды судың арамдығы жоқ. Ағынды су-проточная вода- running water, flowing water

5.Ой толғаныс

1) №4 практикалық жұмыс

Материктің бір өзеніне сипаттама беру.(жоспар бойынша)

2) Бекіту кезеңі. Ең,Ең,Ең жұптық жұмыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!