Материалдар / Соңғы қоңырау мерекесі "Армандарға жетелеген ,сыңғырла соңғы қоңырау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Соңғы қоңырау мерекесі "Армандарға жетелеген ,сыңғырла соңғы қоңырау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көзді ашып-жұмғандай 2017-2018 оқу жылыда аяқталып келеді. Соңғы қоңырау шарасы қажеттеріңізге жарап жатырса қуаныштымын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2018
413
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армандарғаа жетелеген , сыңғырла соңғы қоңырауЖүргізуші: Оқушылар ! Қатар тұрып ,сап түзе ! Құрметті қонақтар,ата-аналар,Ұстаздар!Салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жас ұрпақ тәрбиесіне ,білім беру ісіне ерекше назар аударып, жас ұрпақтың сапалы білім алып, үлкен азамат болуына барынша жағдай жасап отыр. Өйткені бүгінгі мектеп түлегі –болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі. Біздердің бүгінгі атқарып жатырған қыруар шаруаларымыз сіздер үшін жасалуда, себебі сіздер біздің болашағымыз сыздар. Сондықтанда қай кездеде терең білім алу жолында да жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын, азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді білдіре отырып, Еркінқала орта мектебінде «Армандарға жетелеген ,сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! Жүргізуші: Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін! /Көк тудың желбірегені әні жүреді/ Мемлекеттік Ту ұстау құрметі мектебіміздің бүгінгі түлегі, мектебіміздің мерейін көтеріп жүрген Жәрдемғали Бауыржан ұстайды.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға Жан сәулесін тарататын баршағаШын пейілмен құрметімізді көрсетіпТүлектерді шақырайық ортаға!

-Өз елі қазағымның ұғады әнін Бәріде баласындай бір ананың Он бірінші а сыныбын, шақырайық Ұлдары мен қыздарын Айгул апайдың1. Салкенова Торғын2.Шамұратова Беназир3.Жексемалиева Шұға4.Қамза Ертай5.Әбілова Әйгерім6.Бағытқали Әлпия7.Нысан Дулат8.Нұрланқызы Гүлназида9.Омарова Сұлушаш10.Ізімберген Аянтөре11.Қаратаева Назгерім12.Ерофеева Әсе

Даламдай кең түсінгі ұғымы Қазаққа тән мінезімен қылығы Райса апайдың саф алтындай ұл-қызы Алдарыңызда 11»ә» сыныбы1.Бисенғали Гүлназ.2 Ержанова Арайлым3 Қабдолова Диана4 Шекіртов Нұрсұлтан5 Жәрдем Іңкәр6 Жұмағалиева Жанерке7.Зинолла Нұрхат8.Даулетова Гаухар9 Құспан Дастан10 Махат Іңкәр11 Орынбасар Ардақ12 Серік Диана13 Сәрсенғали Елдос



ФАН-ФАР/ ойналады.Жүргізуші: Мектеп қой еліміздің жаны,қаныМектептен басталады бәрі,бәрі Бүгінгі салтанатты жиынымыздаШырқалсын еліміздің ГИМН әні /Гимн орындалады/Жүргізуші: Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді.Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең- бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең.Соның ішінде білім саласында болып жатырған жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор.Бұл орайда мемлекетіміз көштен қалған емес.Елбасымыздың сындарлы саясатының, тікелей қамқорлығының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.Еркінқала орта мектебі осы оқу жылын да да жақсы көрсеткіштерге ,жүлделі орындарға ие болып, алғы шептен көрініп келеді , 2017-2018 оқу жылының қортындысы туралы сөз мектеп директоры Болат Дүйсеұлына беріледі.





Жүргізуші : Ісіменен көркейтіп еліміздіТанытып азаматтық тегіңізді Қадірлі қонағымыз ,мейманымызТыңдалық сіздің де ыстық лебізіңіздіКұттықтау сөз кезегі Еркінқала ауылдық округі әкімі Ерғали Тапанұлына беріледі.



Ажырамай мектептен бірелі-сізЖақсылыққа жаралған жүрегіңізСөз берелік құрметпенен өзіңізгеШәкірттерге арналсын тілегіңізҚұттықтау сөз кезегі ардагер ұстаз ____________________________________беріледіҚабыл етіп қонақтардың тілегін.Тілегіңді тұмар етіп жүремінҰрпақтарға ұлағатын қалдырарӨздеріңдей болса деймін түлегім Құттықтау сөз кезегін кәсіподақ ұйымы төрайымы Гүлшара Айшқызына ұсынамыз.



Жақсы шәкірт Азамат атанадыХалқынан,Ата-анадан бата алады Ұрпағына айтсын деп ақ тілектіОртаға шақырайық ата-ананыҚұттықтау сөз кезегі мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан________________________ беріледі.

Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа Күміс күлкі сыймайды қара мұнда Ата-анадан бақытты барма екен жан.Қол жеткізген аңсаған арманынаДеп, рахметімізді айтамыз.

-Ұрпақсыз мына өмірде кім түледіЖақсы ұрпақ-еліміздің шын шын тілегі Ортаға шығып, қанекей тілек айтсынБірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі/1 сынып тардың құттықттаулары// фан-фар/-Құлпырған еліміздің ұл қызымызӘзірге үлпілдеген құндызымыз Арасын жер мен көктің бағындырарЕртеңгі жарқыраған жұлдызымыз. дей келе түлектер мен 1 сынып оқушылары сыйлық алмасады./ музыка/

Арманыңда ,жаныңда жалын ән бар
  • Жас түлек сөзіме көңіл аудар
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сеніБұрынғыдай соғылмас қоңырауларМектеп қайта есігін ашпас енді Өмір ұстаз ақылды,ақ шаш өңдіБасқаша енді үйретер бар сабағынҚоңыраулар соғылар басқаша ендіДаусыз ол күн есіңде сақталарыЖазылмаған өмірдің ақ парағы Жаңа дастан күтеді жазуыңды Күтпейді тек сыныптың тақталарыКездеседі дауылда,дабылда көп.Дабылдама ,қамықпа,қабылда кепҮлкен ойдан үлкен іс туады,Ойла, Болашақтың тағдыры қолымда деп.

-Құрметті түлектер!Алдарыңызға қойған міндет көп, сол міндетті орындау үшін ,өз мақсаттарыңызды жақсы білесіздер, Әлем өзгеруде,21 ғасыр сіздерден көп жаңалықтар талап етуде ,сіздер соны сезініп қана қоймай, басып, озуларыңыз қажет дей келе сөз кезегін өздеріңізге ұсынамыз./11 сыныптардың әдеби музыкалық монтажы/



Қоштасады ұшқан ұяң мектебің Маңдайымнан сүйіп өтер көктемімСәт сапар деп қол бұлғаймыз бәрімізТілейміз біз армандарға жеткенінЕгеменде еліміздің бүгінгі сенім артар болашағы өздеріңіз!Туған жеріміз ортақ,тіліміз ортақ,дініміз ортақ. Оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз,қоғамымыз ортақ.Осы ортақ байлығымызды қадірлеп қастерлеңіздер.Алдағы Ұлттық біріңғай тест сынағынан сүрінбей отырып, Ата-аналарыңызбен ұстаздар қауымын қуантуға шын жүректен тілектеспіз! Ендеше сіздерге ақ жол тілейміз! Осымен «Армандарға жетелеген ,сыңғырла соңғы қоңырау атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Сәт сапар жас тулек-2018!Рахмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!