400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Публицист

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақ тарихында ерекше орны бар тарихшы, ағартушы. Өмірін ғылыми зерттеулерге арнаған шығыстанушы еліміздің дамуына орасан зор үлес қосты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шоқан Публицист


Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақ тарихында ерекше орны бар тарихшы, ағартушы. Өмірін ғылыми зерттеулерге арнаған шығыстанушы еліміздің дамуына орасан зор үлес қосты.

Шоқан ғалымдық, ағартушылық еңбегін дамыту бағытында сапарларға шыққан. Саяхаттаған жерлеріне сипаттама беріп, құнды тарихи деректер қалдырған. Сапарларының бірі - Қашғарияға сапары еді. Тәуекелді талап еткен Қашқар сапарына Шоқан 1958-1959 жылдары аттанды. Саудагер ретінде барған Шоқан ұлттық ұзын шапан киіп, шашын ұстарамен алдырып тастаған екен. Қоқан хандығына бағынған қалаларды зерттеу барысында елдің саяси әрі экономикалық құрылымының тарихы мен этнографиясы туралы толығырақ мәліметтер жинайды. Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін жетік меңгеріп алады. Оған дәлел ретінде, ғалымның архивіндегі ұйғыр тілінде жазған ақпараттарын көре аламыз. 1959 жылы керуенмен қайтар жолда ат басын бұрып, Шайыркөлге бет алған екен. Бұл көл туралы азды-көпті естіген еді. Осынау керемет жерге сапар шеккен тұңғыш саяхатшы болып саналады. Сол кезеңде Қашғария Ресей тарапынан зерттелмеген өлкелердің бірі еді. Сондықтан, Шоқанның бұл сапарға аттануын тарихи сәтке жатқыза аламыз.

Шоқан 1959 жылдың соңына қарай Петербургке барады. Ержүрек саяхатшыны орыс ғалымдары үлкен құрметпен қарсы алған екен.

Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Өз заманының биік деңгейде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.

Ғұмыры шолақ болғанына қарамастан қазақ тарихының дамуына өз үлесін ойып қалдырғанына таңырқай қараймын, басымды иемін! Бабаларымыздың салып кеткен сара жолын ұмытпай қазақ тарихын зерттеуге біздер, яғни жастар өз септігімізді тигізуге міндеттіміз! Сол жолда, тарихшы мамандарды көбейту, бағдарымызды өзгерту үшін кешегімізді білу керекпіз. Кешегіміз бен бүгінімізді білмесек ертеңіміз қараң екені хақ.

Ғабит Мүсірепов айтқандай «Шоқаны бар ел, шоқтығы биік ел». Кез келген мемлекет тұрақтылық жағдайында дамуы үшін оның территориясы жері, байырғы халқын білуге міндетті!


Ерланқызы Асемай, 101 топ, жалпы журналистика

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі