Материалдар / «Шоқан Уәлиханов-публицист»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Шоқан Уәлиханов-публицист»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында тарих бетіне өшпес із қалдырған Шоқан Уәлиханов қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлға.« Ер есімі-ел есінде»,-дегенімізбен көбіміз оның атын, ғалым екенін білгенімізбен, ол кісінің ғылыми еңбектері мен публицистикаға қосқан елеулі үлестері жайлы біле бермейміз. Шоқанның публицистикаға қадамы елдегі белең алған әділетсіздік пен отаршылдық саясат кезінде басталғандай. Себебі Шоқан қаламынан шыққан еңбектер отарлаушы саясат ұстанғандарды «өлтіре» сынаумен, өзінің көз көріп, құлақ естіген мәселерін ғылыми жазбалары арқылы жеткізуді мақсат тұтып, сол арқылы қара халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұң мұқтажын ашық әрі айқын көрсете алған. Жаста болса Шоқанның үнемі ізденісте болып , публицистикаға өз үлесін қосқандығы әкесінің орыс зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болғандығы да әсер еткен секілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2022
335
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шоқан Уәлиханов-публицист»

Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында тарих бетіне өшпес із қалдырған Шоқан Уәлиханов қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлға.« Ер есімі-ел есінде»,-дегенімізбен көбіміз оның атын, ғалым екенін білгенімізбен, ол кісінің ғылыми еңбектері мен публицистикаға қосқан елеулі үлестері жайлы біле бермейміз. Шоқанның публицистикаға қадамы елдегі белең алған әділетсіздік пен отаршылдық саясат кезінде басталғандай. Себебі Шоқан қаламынан шыққан еңбектер отарлаушы саясат ұстанғандарды «өлтіре» сынаумен, өзінің көз көріп, құлақ естіген мәселерін ғылыми жазбалары арқылы жеткізуді мақсат тұтып, сол арқылы қара халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұң мұқтажын ашық әрі айқын көрсете алған. Жаста болса Шоқанның үнемі ізденісте болып , публицистикаға өз үлесін қосқандығы әкесінің орыс зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болғандығы да әсер еткен секілді.


«Кіші Бұқара және басқа да Азиялық тұрғындар жайлы жазылған еңбегі

Бұл Шоқанның сапарларының ішіндегі елеулі орын алған, нәтижеге толы күрделі деген еңбектерінің бірі. Зерттеу жұмысының негізгі арқауы Шығыс Түркiстан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтiк құрылысы жөнiнде болды. Бұл Шығыс Түркістандықтар жайлы мағлұмат беретін жалғыз ғылыми еңбек еді, тиісінше қазақ ғылымының алтын жәдігері атана алды деп айтар едім. Себебі ол әлі күнге дейін өз тарихи маңызын жоғалта қоймады. «Кіші Бұхара басқа да Азия халықтарына тән нәрсе мануфактураның
жоқтығы, тек қолеңбегімен, мұның өзі де өте нашар дамыған, тек қағаз
өндірісінде ғана қолданылады» дей келе ол сол аймақ қалаларының ішкі өнімдерін сыртқа қаншалықты дәрежеде жұмсайтынын, қандай іспен және қаншалықты дәрежеде айырбас жасайтынын, пайданың түсу-түспеуін анықтап, соның нәтижесінде Шығыс Түркістандықтардың өнеркәсіп жағдайын төмен деңгейде бағалап , халыққа ретсіз салынған салықтың экономикаға кері әсерін тигізіп , сауданың дамуын кешеуілдететіндігі жайында жазып қалдырған.Тек қана экономикалық жағдайының төмендігін ғана айтып қоймай, тарихи-тағцлымына да көңіл бөлген яғни, қоғамдық құрылысы , әлеуметтік жағдайларын жете зерттеп, өз талдауларын жасап қалдырған. Орта Азия мен Шығыс Түркістан осылайша зерттеуші ретінде Шоқанның бағын ашқан құнды естелігі болды. Осылайша Шоқан Уәлиханов өзін зерттеуші ғалым ретінде дүниежүзіне тегіс мойындату арқылы, қазақтың рухын көтерді десек артық айтпағанымыз.


Шоқан Уәлихановтың «Оңтүстік сибирьлік тайпалар тарихы жөнінде» мақаласы

Бұл мақаланың негізгі арқауын Шоқан қазақ әдебиеті мен ағартушыларынан тапқандай. Қазақ әдебиетінің, жалпы қоғамның ескі мен жаңаның арасынла жүретіндігін терең сезіне біледі. Ескінің жаңашылдыққа , шығыс елдеріне еліктеушілік , мұсылмандық бағыт тақырыптары меніңше қазіргі кездің де өте өзекті тақырыбы. Ислам діні идеологиясы және оның таралуы бүгінгі күннің де жарқын көрінісі. Сол кездегі ақын жазушылардың ескі патриархалды-феодалдық қатынастарды жақтағаны, көне шығысқа еліктеп, Ресейге қосылуға қарсы болғандығын Шоқан« күрес» деп атады. Сол ағыммен керісінше өзі айтқандай күрес жүргізіп әлем елдерін зерттеуге үлес қосып, мәдениетін, тілін үйненіп, орыс мәдениетіне зер салып , үйренуге шақырған ағартушы демократтардың бірі де бірегейі Шоқан болды.

Қазіргі кезде қоғамда тіл мәселесі қандай өзектілікке ие болса , сол кезде де ерекше маңызын жоғалтпаған. Түрік тілдес халықтар мен моңғол тілдерін жете зерттеп, салыстырып , бірнеше ұқсастықтарын таба білген Шоқан қазақ тілінің келешектегі ғылыми жолы мен ережелері мен қағидалары жасалсын деді. Бұл меніңше өте дұрыс тұжырым. Себебі ол «қазақ тілін түркітілдес халықтардың ішіндегі ең жақсысы» деп бағалаған. Келісуге әбден тұрарлықтай себебі біздің қазақ тілі өте бай, уйренуге жеңіл , дыбысталуы әдемі , сөздері дәл тауып айтылғандай жаныңды шымырлатпай қоймайды. Бұл мақалада сонымен қатар Шоқанның журналистикаға қызыққандығын байқаймыз. Оның бұл қызығушылығының артында «Современниктің» Н. Г. Чернышевскийдің ықпалымен басталған. Журналистика Шоқанның үлкен бір арманы , сол арманын ол өмірінің жарқын бір көктемдерінің бірінде «Абылай», «Қырғыздар туралы» және т.б мақалары арқылы таныта алды деп сеніммен айта аламыз.

Шоқан Уәлиханов қүллі қазақтың ардақты ұлы, зерттеуші, ғалым, демократ қана емес , осылайша публицистика негізін салушылардың бірі бола алды.



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті ,Журналистика 101-ші топ студенті :Бақберген Дилназ





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!