Шоқан Уәлиханұлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уәлиханұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірі жайлы конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Күнтимес ауылында дүниеге келді. Әуелі Аманқарағай, кейіннен Құсмұрын деп өзгертілген округтің (дуанның) аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың 1834-1853 жылдардағы қыстауы осы жерде орналасып, ол Күнтимес ордасы деп аталды. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы 1834 жылғы 30 тамызда ашылған Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) тұңғыш аға сұлтаны. (Күнтимес ордасы осы Қараобадан теріскей-батысқа қарай 40 шақырымдай жердегі қалың қайың мен қарағай орманының қойнауында ірге көтерген ). Округ орталығы 1844 жылы жаңадан салынған Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып аталды . Шоқанның балалық шағы қыс маусымында Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы бабасы Уәлихан әулетінің ата жайлауында өтті. Сырымбеттегі хан ордасын мекен ететін әжесі Айғаныммен, басқа да жақын туыстарымен негізінен осы жазғы жайлау кезінде кеңінен араласты. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Шоқан әуелі Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде сауатын ашады, ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады, сурет салуды үйренеді. Ол бала кезінен білімге қабілеттілігін танытты. Жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын ықыластана тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде қожа әулетінен шыққан сауаты мол әжесі Айғанымның да ықпалы күшті болды. Әжесі бала Шоқанды көне әдебиет үлгілерімен таныстырды. Қисса-дастандарды оқуға баулыды .

Шоқан — атақты хандар әулетінің]] ұрпағы. Оның бабасы Абылай қазақтың XVIIІ ғасырдағы ұлы ханы, ал атасы Уәли Орта жүздің патша үкіметі ресми түрде бекіткен соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі — Шыңғыс Уәлиханов та сол заманның көзі қарақты білімді адамдардың бірі болды. Ол 1834 жылы Омбыдағы Сібір казак-орыс әскери училищесінің Азиялық мектебін бітірді. 1838 жылы майор, 1852 жылы подполковник, 1855 полковник шеніне ие болды. 1834-1853 жылдары Аманқарағай (кейіннен Құсмұрын) округінің, 1854-1857 жылдары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарайтын Сібір қазақтары облыстық басқармасының кеңесшісі, 1857-1865 жылдары Көкшетау округінің аға сұлтаны қызметтерін атқарды . Шоқаннын нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті. Туған нағашысы Шорманов Мұса полковник, Баянауыл округінің 1854-1868 жылдардағы аға сұлтаны, этнограф.

Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге

== Кадет корпусында ==

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кезде Батыс Сібір өлкесінің орталығы Омбы қаласындағы таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына түсіреді. Сол жылдары кадет корпусына жаңа инспектор Ждан-Пушкиннің келуімен қайтадан дерлік жаңғырған оқу бағдарламасы, білгір ұстаздар еңбегі кадеттердің тәуір білім алуына, соның ішінде ауылдан келген Шоқан қабілетінің кеңінен ашылуына көп әсер етті. Жеті жылдық корпуста әскери сабақтардан басқа жалпы география, оның ішінде қазақ даласының сипаттамасы, тарих, дін сабағы (мұсылмандар ислам шарттарын), орыс және батыс әдебиеті, философия негіздері, ботаника, зоология, физика, алгебра, геометрия мен тригонометрия, сәулет өнері, сызу мен сурет пәндері, орыс, француз немесе неміс тілдері оқытылды. Казак-орыс балалары үшін қазақ тілі сабағы жүрді. Жоғары класс оқушыларына қылыштасу мен би сабақтары арнайы өткізілді. Кадеттердің әртүрлі би мәнерлерін жап-жақсы меңгергендігін – корпустың би бөлмесіне Омбы бикештерінің келуіне рұқсат берілгендігінен-ақ аңғаруға болатын. Осылардың бәрі: мәнді оқу бағдарламасы, мұғалімдердің білім сапасы, сол заманның демократиялық идеялар рухымен тыныстаған бір шоғыр ұстаздардың сергек тәлімі, тумысынан зерек Шоқанға ерекше ықпалын тигізді. Оқуға түскен кезде орыс тілін білмеген Шоқан өзінің зеректігімен тілді тез үйреніп алды. Екі-үш жыл ішінде-ақ алғырлығымен, жүйрік ойымен көзге түсті.

Бұл ретте озық ойлы ұстаздар, әсіресе орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, шығыстанушы Н. Костылецкийдің, өркениет тарихы пәнінің мұғалімі Г. Гонсевскийдің берген дәрістері де ерекше болды. Олардың Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский сияқты орыс классиктері және батыс әдебиетінің Диккенс пен Теккерей, Гете мен Гейне, Байрон мен Мольер сынды ұлы өкілдерінің шығармаларын мән бере оқытуы, кадет корпусы шәкірттерінің әдебиет пен мәдениеттің, әлеуметтік өмірдің даму бағыттарын терең зерделей білуіне септесті.

Шоқан шығыстанушы Костылецкийдің көмек-қолғабысы арқасында корпусты бітіргенге дейін бірталай тарихи дүниелерді: А. И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен далаларының сипаттамасы» еңбегінің үш томын, чуваш жұртынан шыққан монах Н.Я. Бичуриннің (Иакинф әкей) сол кезде енді жарық көрген «Көне замандардағы Орталық Азияны мекендеген халықтар туралы мәліметтер жинағы» атты үш томдықты, Березин мен Миллердің шығыс тарихына қатысты шығармаларын, Әбілғазы мен Бабырды, көне жылнамалар мен шежірелерді, Марко Поло, Рубрук, Гумбольдт пен Ковалевскийдің саяхаттарын тиянақтай оқып үлгерді. Болашақта солар секілді жиһангез болуды, жұмбақ өлкелердің құпияларын ашуды армандады.

Шоқан қазақ тілін жақсы білетін Костылецкийдің тапсырмасымен, жазғы демалыс уағында халық жырлары мен дастандарын, аңыз-әңгімелерді жинау, жазып алу жұмыстарын жүргізді. Мәселен, «Едіге», "Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды» жырлары Шоқан алғаш жазып алған ауыз әдебиеті шығармаларының қатарына жатады. Кадет корпусының соңғы сыныптарында-ақ, Шоқан жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын екендігін байқатты. Толымды ғылыми тұжырымдар жасай алатын зерттеушілік қабілетімен танылды. «Шоқан бізден бір жыл төмен оқыса да, біз өзімізді оның қасында сары ауыз балапан ретінде сезінуші едік, – деп жазады оның кадет корпусындағы жұбы ажырамас жан досы, кейіннен әйгілі шығыстанушыға айналған Г.Н.Потанин. – Ол өзі көп білетінін, бізден артықшылығын достары арасында онша көрсете де бермейтін. Бірақ реті келгенде оның білімінің мол екені айқын байқалып жататын. Ол өзінің қатарластары, соның ішінде менің өз басым үшін шын мәнінде «Еуропаға ашылған терезе» іспетті болды».

Кадет корпусында Шоқан суретші В. Померанцевтің көмегімен сурет салу өнерін де терең меңгерді. Оның 1850 жылдардың басындағы жазғы демалыс кезінде салған суреттері мен карталарының өзінен ширақ қолтаңбаның ұшқыны байқалады. Г. Н. Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т. б. құстардың суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды.

Корпустың соңғы жылдарында Шоқан Омбыдағы азғана оқымысты, бекзат отбасылардың бірі – Сібір қазақтары облыстық басқармасының төрағасы және осы облыстың әскери губернаторының орынбасары, полковник К. К. Гутковскийдің үйімен де жиі араласа бастады. Ұлықтық қызметімен қатар, кадет корпусында география мен геодезиядан сабақ беретін Гутковский бала Шоқанды құлай жақын тартты. Өз ұлты поляк, әрдайым жергілікті қазақ жұртына риясыз көңіл, шын ниетпен көмектесуге ден қоятын мейірбан жан, жас кадет бойынан болашақта өз халқының маңдайында жарқырай көрінуге лайық тұлғаны көрген. Әуелден-ақ олардың арасында соншама бір пейілді қатынастар басталып, Гутковский Шоқанға өз баласындай қамқорлық танытты.

Ол осы үйге шәкірт кезінде келіп жүріп, Омбыдағы тағы бір зиялы шаңырақ – Капустиндер отбасымен жақын танысты. Гутковскийдің зайыбы Екатерина Яковлевна – Батыс Сібір Бас басқармасының бөлім бастығы Я. С. Капустиннің үлкен қызы болатын. Ал Екатерина Яковлеваның кіші анасы, Капустиннің кейіннен алған зайыбы Екатерина Ивановна – болашақ атақты химик Д. И. Менделеевтің туған әпкесі еді. Кадет кезінен осы қос отбасының қалаулы қонақтарының біріне айналған Шоқан кейіннен қызметте жүрген жылдарында да олармен рәуішті қатынастарын еш үзген жоқ. Сол үйлерде Омбыға соққан талай әйгілі адамдармен танысты, әдебиет мәселелеріне, қоғам өмірі мен саясатқа қатысты өрбитін дәстүрлі әңгімелерге, қызу пікірталастарға араласты .

== Қызметінің алғашқы жылдары мен зерттеушілік жолы ==

Кадет корпусын 1853 жылы корнет шенімен бітірген Шоқан сол жылдың қараша айынан бастап Сібір шебінің 6-шы атты әскер полкінің құрамына қабылданды. Арада үш ай өтер-өтпесте Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Дербес Сібір корпусы штабының бастығы, генерал-лейтенант Яковлевтің адьютанты қызметіне кіріседі. 1854 жылдың күзінен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы, Дербес Сібір корпусының командирі Г. Х. Гасфорттың ерекше тапсырмалар жөніндегі адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орталық Азия халықтарының тарихын, географиясын, этнографиясы мен көне мұраларын зерттеуге белсене араласады. Оның сол кезде орындаған алғашқы дүниелерінің өзінен ғылыми зердесі қалыптасып, білікті зерттеуші дәрежесіне көтеріліп үлгерген алғыр жасты тану қиын емес.

Кадет корпусындағы ұстазы Н. Ф. Костылецкий де Шоқанның ғылым арнасына қарай бұрылуына қолғабысын аямайды. Жас зерттеушіні көрнекті түрктанушы, өзінің байырғы танысы, Қазан университетінің профессоры И. Н. Березинмен жалғастырады. Сол жылдары осы ірі шығыстанушыың дайындауымен «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» сериясы бойынша «Шайбанинаме» (1851), Әбілғазы Баһадүр ханның (1603-1664) «Түрк шежіресі» (1854), шығармалары, Қадырғали бек Жалайырдың (1530-1607) «Жами ат-тауарих».

Уәлиханов (солдан) пен Достоевский (оңнан) 1858 жылда

Олардың кездесулері Шоқан 1860 жылдың ақпанында Петерборға барып, бір жылдан астам уақыт тұрған кезінде одан әрі жалғасты. Достоевский арқылы көрнекті орыс қаламгерлерімен жақын араласты. Кейін Сырымбетке оралған соң да ұлы жазушы досымен хат-хабар алмасып тұрды .

== Саяхаттары ==

Ыстықкөл сапары.

Шоқан 1856 жылдың жазында полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысты. Бұл экспедициялық отряд негізінен қырғыздың екі ірі – бұғы мен сарыбағыш рулары арасында кейінгі жылдары өршіп тұрған өзара дүрдараздықты реттеу, сарыбағыштардың шабуылынан зардап шегіп, Ыстықкөл маңындағы атақоныстарынан айырылып қалған соң, сол иеліктерін қайтару мақсатын көздей, Ресейдің қолтығына кіруге ниет білдірген бұғы руының бас манабы Боранбайдың өтініші бойынша ұйымдастырылған болатын. Омбы басшылығы тарапынан Боранбайдың тілегі мақұлданып, бұл әскери-ғылыми экспедицияға руаралық кикілжіңдерді реттеумен қатар, Ыстықкөл алабын картаға түсіру, ар жағындағы Қашқар аймағында өтіп жатқан оқиғалардың аңысын байқау, жан-жануар, өсімдік әлемімен танысу, қырғыздардың тұрмыс-тіршілігі, этнографиясы мен көне мұралары туралы мәліметтерді жинақтаумен айналысу міндеттерін де жүктеу қажет деп табылған. Орайы келсе, бұғыларды қорғау үшін деген сылтаумен Ыстықкөл жағасында бекініс салу жайын да анықтап қайту тапсырылған еді.

Отрядты Алматы бекінісінің бастығы, полковник Хоментовский басқарды. Ал екі руды татуластыру мәселесімен шұғылдану – генерал-губернатордың ерекше тапсырмалар жөніндегі адьютанты, 20 жасар поручик Шоқан Уәлихановқа жүктелген. Сол үшін де ол Омбыдан Алматыға келіп, экспедицияға қосылуы керек болған. Хоментовский сапарға 1856 жылдың ерте көктемінде шығып кету жобасын ұсынғанымен, Гасфорт оны Шоқанның мамыр айы басында Алматыға жетуіне туралау қажеттігі туралы пәрмен түсірді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі