Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шортанды ауданында – Ключи ауылы бар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нұр-Сұлтан қаласы
№43 орта мектебі
Ұлан Гаухар 8 сынып
Шортанды ауданында – Ключи ауылы бар
Ғылыми жетекшісі:
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Саттыбаева Кулаш Кенжебаевна
.
Астана,2020
Мазмұны
1. Кіріспе -----------------------------------------------------------------------------1
2.Ключи ауылының өмірі----------------------------------------------------------5
2.1. Ключи ауылының әлеуметтік жағдайы -----------------------------------6
2.2. Ауылдағы негізгі проблема – ауыз су жағдайы--------------------------6
2.3 Мал шаруашылығындағы проблема----------------------------------------6
2.4. Жол проблемасы----------------------------------------------------------------9
3. Қорытынды-------------------------------------------------------------------------9
4. Пайдаланған әдебиеттер---------------------------------------------------------10
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында
қазіргі Қазақстандағы ауыл мәселесі, Ключи ауылының
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе
теориялық және практикалық тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен
кемшіліктері жан-жақты қарастырылды.
«Менің бастауым – менің
ауылым» 2019 балалардың әлеуметтік бастамалар байқауы бойынша
мен анамның кіндік қаны тамған
жері, яғни Ключи ауылын таңдадым. Анамның балалық шағы
өткен ауылдың қарапайым
жай-күйімен танысуға арнадым.
Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын.
Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деп Елбасымыз атап айтқан болатын.
Иә, туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған, жанына,журегіне жақын, алтын ұясы. Оның топырағы, тауы мен тасы да ыстық болады.
Міне осындай туған жерге деген менің анамның ауылы жайлы тереңірек білуге баулыды.
Тақырыптың өзектілігі: Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Ключи ауылының әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Гипотеза. Менің ойымша, егер мен осы тақырыпты қозғасам, көптеген адамдар өзінің кіші отанына аса құрметпен қарайды деп санаймын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ауылдың өмір-тіршілігімен танысу, ауыл проблемасын анықтау, іздеу қызметінің пайдалылығын көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) адамдардың назарын туған өлкенің тарихына аудару;
2) ауылдың тарихын зерделеу;
3) Ауылдың жағдайын, ондағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру;
4) адам өміріндегі Отан рөлін білу.
Жобаның практикалық қорытындысы бейне - және фонотека, Фото мұрағат жасау болуы тиіс.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, ғылыми еңбектер алынды.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеу кезеңдері:
• 1 кезең - ұйымдастыру. Ауылдың бейнематериалдарын, сұхбаттарын іріктеу. Құжаттарды жинау және жүйелеу.
• 2 кезең - қалыптастырушы. Таңдалған материалды зерттеу.
• 3 кезең – қорытынды, зерттеу нәтижелері. Жиналған материалдарды байқауға ұсыну.
2. Ключи ауылының өмірі
Ауыл
— дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Оны
қазіргі еліміздің түп-тамыры десек те болады. Қазіргі таңда
көпшілік адам қалада тұрғанымен, олар де кезінде ауылда немесе
ата-бабалары ауылда тұрған. Алайда, қарап отырсақ қала мен ауыл
өмірінің ерекшеліктері өте көп
секілді.
Мен Ключи ауылымен
танысып, ауылдың ішін аралап, осы ауыл жайлы білдім. Жалпы бұл
жерде 1300 ден астам адам өмір сүреді.
Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Ключи ауылы Астана қаласынан 37 км шақырым жерде орналасқан. Бозайғыр ауылдық округінің құрамына енеді. Бұл мұқым ел көлемінде тарыдай шашылған көптеген кішігірім ауылдардың бірі. Олардың өзіндік тыныс-тіршілігі, қуанышы мен ауыртпашылығы бар.
Ауылдың өміріне келетін болсам, әрбір адамның бір-біріне деген мейірімі өте зор. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді. Нағашы атам-әжем, төрт түлік мал, үй құстары – кәдімгі ауылдың тіршілігі.
Ауылда мен жаздың және көктем каникулы кезінде демалып, бір жағынан өз үлесімді қосамын. Нағашы көкеме мал шаруашылығына, яғни малға шөп салып, су беремін. Әжеме бие саууға, қымыз ашытуға көмектесемін. Ауылдық тұрмыста барлық тағам қолдан жасалынады. Оның жақсы жақтары: біріншіден, ол нағыз табиғи, ешбір генетикалық түрленуге ұшырамағандар. Екіншіден, қолдың тамағы ерекше дәмді, жағымды.
Нағашым ауылында төрт түліктерінен қымыз, құрт, айранды өздері өндіреді. Ауылда табиғи тамақтардың бәрі бар. Осындай табиғи тамақтармен қоректенетін адамдардың денсаулықтары анағұрлым жақсы, сонымен қатар суының тұщылығы өте тамаша. Ол жақта ауыз суды құдықтан ішеді. Жерді өздері қазып, 67 м-ден су шығарған. Ауыл адамдардың еңбекқорлығына қарап тамсанамын.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда - қазақи келеді. Яғни мұнда салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар қаламен салыстырғанда жақсы сақталған. Сонымен қатар табиғаттарында да көптеген ерекшелітері бар. Мысалы ауылда тамаша табиғат, таза ауа, демалуға жақсы. Ал қалада қызған тіршілік, тіпті тынығуға да уақыт таппай жататын кездер болады. Мұнда ауыл адамдары бір-бірін жақсы таниды, аралас-құралас араласады. Және ауылдың таза ауасы, ауыл табиғаты, жазық далада төрт-түлік малдың жайылып жүргенінің өзі әдемі.
Мен бұл арқылы ауыл қаладан жақсы немесе жаман деп айтқым келмейді. Қала тұрғындары үшін ауылда тұру қиын болса, ауылдағылар үшін қала өмірі ұнамай жатады. Өйткені әрқайсылары жергілікті жерде тұрып үйреніп қалған. Бірақ қаладағы цивилизация деп ауылдағы салт-дәстүр мен табиғатты ұмытпауымыз қажет.
Ауылдың ауасы мен жазиралы даласы өте ғажап. Ауылдан алған тәлім-тәрбие мен рухани құндылықтар өте көп деп ойлаймын. Өйткені ауылды жерде ата бабамыздан дәуірінен келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптар көп сақталған. Мен осындай аулымның барына мақтанамын.
2.1 Ключи ауылының әлеуметтік жағдайы
Қазақ қауымы үшін ауылдың экономикалық, этникалық, мәдени, әлеуметтік маңызы өте зор. Ауыл – ұлттық дәстүрді сақтаушы орта, ұлтымыздың негізгі тірегі болып келді. Алайда, осы бір ерекше әлеуметтік қауымдастықтың күйзеліске ұшырағанына көп болды. Бүгінгі күнгі ауылдың басты проблемалары қандай?
Ұлтымызды ұлықтау ауылды аяққа тұрғызудан басталады. Елбасы: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз» деген болатын. Алайда, сонау 1990 жылдары жүзеге асырылған реформалардан бері ауылдың еңсесі көтерілмей келеді. Еліміздегі барлық ауылдық елді мекендердің 780-дейі, яғни, 10%-дан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде. Жалпы, ауылдың болашағы әрбір қазақ азаматын толғандыратыны сөзсіз. Өйткені, ауыл көркейсе ондағы халықтың өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі.
Әр ауылдық округте білім мәселесі басты назарда тұрады. Ал сол білім беру саласында мектептің атқарар міндеті зор.
Ключи ауылында 200 оқушыға арналған жергілікті мектепте қазір небары 80 оқушы ғана оқиды. Шәкірттердің арасында дарындылар да кездеседі. Ахметжанов Ерқанат – алтыншы сынып оқушысы, құрбы-құрдастарының арасында Абайдың өлеңін оқудан оған тең келетін ешкім жоқ.
Мектепте спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Он бірінші сынып оқушылары мектепті тәмамдаған соң жоғары оқу орындарына түсуге тырысады. Олардың көпшілігі ауылдың болашағы жоқ деп санайды. Ауылда негізінен Ұлттық бірыңғай тесттен аз бал жинағандар қалады. Ұлдар ата-аналарына шаруашылыққа қолғабыс етеді немесе әскер қатарына кетеді.
Сондай-ақ, бұл ауылда мобильдік байланысы нашар. Мобильдік байлыныс мұнарасы орнатылған, бірақ іске асырылмаған. Бұл жерде біреуге телефон шалу қиын.
Ауылда мешіт бар. Мешіт негізінен жұма күндері ашық болады.
- Әуелгіде мешіт күнде жұмыс істейтін, бірақ ауылда тұрғындар саны аз болғандықтан, мен оны тек қасиетті және жұма күндері ғана ашамын, - дейді жергілікті молла. - Бірақ кейде жұрт менен кілтті сұрап алып, өздері үшін мешітті ашып жатады, ондайға тек қуанасың
Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмасы белгілі. Ал Күлшін медпункті кішкіне үйде орналасқан. Онда дәрі-дәрмектер жеткіліксіз. Телефоннан кейінгі үлкен мәселе – осы.
– Жеңіл диагноз қойылған науқастарды қарап, дәрісін беріп, әйтеуір тығырықтан шығамын. Ал ауыр науқастарды округ, аудан орталығына жеткізу қажет болады. Мынадай аязды қыста көлік табу да өте қиын. Газель жұмыс күндері 1 рет, демалыс күндері 3 рет қана жүргесін, өздеріңіз жүріп келген жолмен такси жүргізушілері қалаға дейін 1 мың теңге сұрайды. Аудандық ауруханада кейде орын болмай қалғандықтан, науқастарды қалаға тасымалдауға тура келеді. Науқастардың өздері де ауданнан гөрі жақын болғасын қалада емделгісі келеді. Бірақ әкімшілік аумаққа байланысты біз ауданда ем қабылдауымыз керек. Сондықтан осындай қиындықтар кездесіп тұрады. Ең бастысы, ауылда барлық керек-жарақпен жабдықталған медпункт болса деймін, – дейді Райхан апай.
Ключи ауылының тұрғындары өз өмірлеріндегі кейбір қиындықтар ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір шешімін табады деген үмітпен күн кешіп жатыр. Себебі, бақытты өмір сүру үшін олар көп ештеңе сұрамайды да...
2.2 Мал шаруашылығындағы проблема
Негізгі кәсіптері – мал шаруашылығы Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы мен дамуына қатысты барлық жағдайлар бар. Бұған жайылымдық жерлер мен су көздері жеткілікті географиялық ортаның тікелей қатысы бар. Ключи ауылы үшін де төрт-түлік мал бағу ең тиімді шаруашылық көзі болып табылады. Ауылда мал ұстауға аса ыңғайлы, тек жайылымдық жер өте тар. Айналаның бәрі егістік алқап.
Ауылда тұрудың қиындап кеткені рас. Өйткені, мұнда малдың жем-шөбі қымбат. Бір арба шөп 25-30 мың теңге тұрады. Қорасында бес бас малы бар адамға малын қыстан аман алып шығу үшін жылда кем дегенде 5 арба шөп сатып алу керек, бұған шамамен 125-150 мың теңге қаражат керек. Малға шөппен бірге жем де керек. Жаңағы 5 бас малға қыс айында кем дегенде оншақты қап жем жұмсалады. Егер бір қап жемнің құны 2,500-3000 теңге болса, 10 қап жемді сатып алуға 25000-30000 теңге керек. Сонда 5 бас малды қыстан шығару үшін жемін, шөбін қосқанда барлығы 160 мың – 180 мың теңге қаражат қажет екен. Бұған тағы уақ мал шығынын қосыңыз, сонда қыс айларындағы мал бағу шығыны, шамамен 220 мың – 250 мың теңгеге жуықтайды.
Ауылдарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге ықыласты әрі мүмкіндігі бар адамға кәсібін шағындап жүргізуге көмек берілсе. Мысалы, қымыз, шұбат, сүт өнімдерін өңдейтін шағын цех ашуға қойылатын талаптарды жұмсартып, несие қарызын өтеуге алғашқы жылдары каникул берілсе. Сөйтіп, ауыл кәсіпкерлерінің аяғынан тұрып кетуіне мүмкіндік берілсе. Сырттан келген инвесторлардан гөрі сол ауылда қалып, өмірін сол жерге арнаған адамның жұмыс жасағаны пайдалы емес пе?- дейді нағашы атам.
2.3 Ауылдағы негізгі проблема – ауыз су жағдайы
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Қазақстан жасыл желекті, ауасы таза, мөлдір сумен айшықталған экологиялық апаттан сақ ел болып қалыптасуы керек», - деген сөзін басшылыққа ала отырып ауылдағы су мәселесі, оның тазалығын сақтап, ластанбауына жол бермеу.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында халықты, әсіресе ауылды жерлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы алаңдатып отыр. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің басты мәселесі халықтың орналасу жағдайы, ауыл шаруашылық еңбегінің ерекшелігімен анықталатын сипатымен байланысты. Қазақстан жағдайындағы жер беті және жер асты су көздеріндегі тұщы судың жетіспеушілігі маңызды фактор болып саналады.
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Бұның бәрі бізге таныс, жадымызда сақталып қалған түсінік. Бәрімізге тіршілік үшін ішуге жарамды таза су қажет болса да, бәрі бірдей оған қол жеткізе алмай отыр. Солардың бірі-Ключи халқы.
Ауыл халқы бұл проблеманың өз шешімін табуын асыға күтіп отыр. Басында бағдарлама бойынша жұмыстар басталған кезде қуанған халық қазір ұрпағының болашағы үшін алаңдаулы. Ал судың жыры қашан аяқталары әрі белгісіз.
Жер бетінің 75%-ын су алып жатыр. Егер су болмаса біздің планетамыздағы тіршілік баяғыда-ақ жойылған болар еді.
Су – тірі табиғат. Адам денсаулығы үшін судың маңызы зор. Кейбір мәлеметтерде адам денесінде; қан құрамында 85%, бұлшықеттерде 80%, мидың 75% -ын су құрайды. [3]
Адамға өмір сүру үшін судың маңызы көп. Күнделікті өмірде 1 адам басына кем дегенде 10-12 литр су жұмсайды. Біз сумен жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз, үй шаруашылығына жұмсаймыз және т.б. Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып барады. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек және су тазалығын сақтауымыз керек. [2]
Ключи ауылдағы судың негізгі көзі ол құдық. Барлық үйде құдық бар. Оның ішінде 2 құдықтың суы таза, ішуге жарамды. Ауылда шамамен 115 отбасы тұрақтанған. Орта есеппен есептегенде әр отбасыда 5 адам бар. 1 адам күніне 10-12 литр су қолданады. Сонда 1000 адам күніне тұрмыста неше литр су қолданады? Шешуі:115*5=575
575*12 л=6900 литр су бір күнде әр отбасының тұрмысында қолданылады.
Қыс мезгілінде құдықтағы судың жерге төгілуінен мұз болып қатады. Мұзды адамдар ояды. Ол мұз қайтадан құдықтың ішіне түсіп, ауыз су ластанады. Сол себептен суды әрбір қолданған отбасы таза күйінде қабылдау үшін қайнатып, тұндырып ішу қажет.
Шаруашылықтағы малды суару үшін су керек, ол үшін өз қаражатына 100 метрден скважина қаздырады.
2.4 Жол проблемасы
Ключи ауылына қыс кезінде студенттердің және оқушылардың демалысқа келіп қайтуы қиынның қиыны.
"Біз үшін басты проблема -
жолдар. Біздің ауылда жолдар жаман, лай, лас", - дейді нағашы апам. Ол мұнда елу жылдан
бері тұрып келеді екен.
Бұл ауылға жету үшін көптеген кедергілерден өтуге тура келеді. Мысалы, мына бір жол. Қыс-көктем кезінде онымен жүру мүмкін емес. Ондайда тек аса мұқтаждық қана адамдарды жолға шығарады.
Сондай-ақ, көктемнің сәуір айында Дамса суы жолды шайып кетеді. 1 апта бойы ауыл адамдары сыртқа шыға алмай әлек болады.
Ауылда асфальт жоқ, барып-келу қиын. Бұдан кейін ауыл адамдары көшіп кетпей қайтеді, көбі кетті.
3. Қорытынды
Қазақ елінің болашағы жалынды жас ұрпақтың қолында. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлан-байтақ жеріміз, келешек ұрпаққа үлгі өнеге болар салт-дәстүріміз, қашанда елімен бірге өмір сүретін ғажап тіліміз бар. Бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтар сабақтастығы нәтижесінде қаны мен жаны қазақ еліміздің әрбір азаматы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңіріп келеді. Әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту, қалыптастыру біздер үшін – қуатты күш, қосымша инвестиция. Оның негізінде рух, намыс жатыр. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем.
Жинаған мәліметтерге қарап ауылдың әлеуметтік жағдайы өзге ауылдармен салыстырғанда нашар екенін көруге болады.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда Ключи ауылы көркейіп, гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөлсе және тек ауылым деп атқы мінер азаматтар көп болса екен деп тілеймін.
Шынымды айтсам осы ғылыми жұмыс арқылы өте көп мәліметпен таныстым. Ауылды зерттеп оны тереңірек білдім және жай ғана жақсы демалдым. Сонымен қатар мен ауыл тұрғындарының бойынан қала адамдарында көп кездестіре бермейтін сыйластық, бірлік, татулық секілді тамаша қасиеттерді көрдім. Ал осындай жобаны ұсынған Білім басқармасына алғысым зор. Бұл жоба мені тек қана ауыл табиғаты, өмір-тіршілігін танып қана қоюға ғана емес, сонымен қатар патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиеледі.
Қорыта келе, жұмысымның соңында: «Сайраған жолы болса, мектебі жабылмаса, ауызсуы ағып тұрса, медпункті жаңарса, Ключи ауылынан ешкім көшпес еді» - дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
С.Ж. Мадияров «Аулым - алтын бесігім» Қайнар баспасы 1990ж
-
Табиғаттағы су. Оқулық. Алматы кітап, 2014 жыл
-
Бастауыш мектеп журналы. «Су тірі табиғат» № 5, 2016 жыл
-
«Казахстанская правда» газеті.
-
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
-
Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы
-
Интернет желісі
11