соттардың құрамы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

соттардың құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Жамбыл политехникалық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

Колледж директорының оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

___________ Ұ.Қ.Кенжебаева

«____»_________2013 ж.







Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі





Тақырыбы: Сайлау құқығы және сайлау жүйелері

Пәні: Конституциялық құқық

Күні:_________ 2013 ж.

Тобы: 2ПВ-12-1


«Құқықтану»

ЦӘК-нің отырысында қаралды

«____»_________ 2013ж.

ЦӘК төрайымы: ____________ Р.М.Тұрлыбекова

Оқытушы: Тілегенова Г.Т.



















Тараз 2013 ж.


Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық жаза тағайындау


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қылмыс ұғымы, қылмыстық жазаның белгілері, жазаның түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы студенттерге түсіндіру

Тәрбиелік: Қылмыстық істерді жасамауға, заң бұзушылыққа бармайтын, конституция мен заңдарға бағынатын, өз құқықтарын қорғай алатын азаматтарды тәрбиелеу

Дамытушылық: Студенттердің ой қабілетін, логикасын, шапшандығын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.


Сабақтың түрі: Аралас (шағын топпен жұмыс)


Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау.


Сабақтың көрнекілігі: Қылмыстық кодексі, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның ҚІЖК


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Студенттерді түгендеу 3 мин

2. Студенттердің зейінін сабаққа аудару


ІІ. Өткен материалды қайталау 15 мин

Студенттерден сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау

1. Қылмысқа қатысудың түсінігі

2. Қылмысқа қатысудың түрлері

3. Қылмысқа қатысудың нысандары

4. Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу

5. Ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері

6. Сыбайластық қылмыс



ІV. Жаңа материалды баяндау 40 мин


Сабақ жоспары:

  1. Қылмыстық жазаның белгілері

  2. Жаза тағайындау


Топтағы студенттерді үш топқа бөлеміз, деңгейіне қарай тапсырмалар береміз

  1. Азаттық тобы

  2. Әділеттік тобы

  3. Достық тобы


І – тапсырма «Білімді білімгерлер» сайысы (әр топқа 6 сұрақтан беріледі)

1. Азаттық тобы


  1. Бас бостандығынан шектеу дегеніміз не? (Ерекше режимдегі түзеу колониясына отырғызу)

  2. Қылмысқа неше жастан жауапқа тартылады? (16 жастан, аса ауыр қылмыстар үшін 14 жастан)

  3. Қылмыс санаттары неше топқа бөлінеді? (5-топқа)

  4. Қасақана қылмыс дегенміз? (тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс)

  5. Мас күйінде қылмыс жасаған адам жауаптан босатыла ма? (Жауаптылықтан босатылмайды)

  6. Қылмыстық кодекстің қай бабында бас бостандығынан шектеу көрсетілген? (Ерекше бөлімнің 1-тарауының баптары)


2.Әділдік тобы:


  1. Кінә дегеніміз не? (Қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыс)

  2. Қылмыстық кодекс қанша бөлімдерден тұрады? (Ерекше және жалпы)

  3. Қылмыстың қайталануы дегеніміз? (Бұрын соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы)

  4. Кодекстің қай бабында өлім жазасы көрсетілген? (49-бабы)

  5. Бір айдан алты айға дейін белгіленетін қылмыстық жазаның түрі? (қамау)

  6. Абайсызда жасалған қылмыс дегеніміз? (Менмендікпен немқұрайлықпен жасалған қылмыс)


3.Достық тобы


  1. Қылмыстық жазаға кімдер тартылмайды? (Психикалық аурумен ауыратындар)

  2. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қалай аталады? (Қасақана жасалған қылмыс)

  3. Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның қай түріне жатады? (жазаның орташа түріне жатады)

  4. Өлім жазасына кесілген адамға кешірімді кім жасайды? (ҚР-ның Президенті)

  5. Жеке адамға қарсы қылмыстар кодекстің қай бөлімінде көрсетіледі? (Ерекше бөлімінде)

  6. Топтасып жасалған қылмыс жазаны жеңілдетеді кім? (Жазаның ауырлататын түрі)



ІІ-тапсырма «Қылмысқа сипаттама» сайысы (әр топқа шығармашылық тапсырма береді)


  1. Азаттық тобы:

Жұмыстан соң үйіне бара жатқан инкасаторда жұмыс істейтін Валиевқа екі қылмыскер пышақ көрсетіп, шабуыл жасап ақша талап етті. Валиев жауап ретінде қалтасынан тапанша шығарып, екі рет атты, соның нәтижесінде шабуыл жасаушылардың біреуі өліп, екіншісі жарақат алды. Тергеу кезінде шабуыл жасаушылардың жасы 17-де екендігі анықталды. Осыған байланысты Валиев ҚР ҚК-нің 96-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Валиев қажетті қорғану шегінен шықты ма?

Оқиғаны анықтаңдар.


2.Әділеттік тобы

Жүргізуші Бляхин балаларды пионер лагерінен алып келе жатып, сол кезде аялдама тұсынан қатты жылдамдықпен келе жатқан кірпіш тиеген жүк көлігі қарсы шыға келді. Бляхин соқтығыстан қашу мақсатында автомобилін автобус аялдамасына қарай бұрды. Нәтижесінде аялдамада тұрған төрт кісі зиян шекті. Олардың үшеуі сол жерде өліп кетті.

Бляхинді қылмыстық жауаптылыққа тартамызба?

Оқиғаны анықтаңдар


3.Достық тобы:

Насырова Әлиева деген қарияның пәтерінде тұрып жатып оны улап өлтіріп, тұрғын үйін иемденгісі келеді. Осы мақсатпен ол Әлиеваның сорпасы бар тостағанына у сеуіп жібереді. Тамақ ішіп болған соң Әлиева өзін нашар сезінеді.Оның қиналғанын көріп Насырова «Жедел жәрдем» көмегін шақырып, дәрігерге қандай у сепкенін айтады. Дер кезінде көрсетілген шаралардың арқасында Әлиева тірі қалды, ал бірнеше күннен кейін біржолата жазылып кетті. Насырова Әлиеваның өміріне қастандық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма?

Оқиғаны анықтаңдар


VІ. Жаңа материалды бекіту. 15 мин

ІІІ – тапсырма «Алғырлықты байқау» (қойылған сұрақтарға қай топ жылдам жауап беретіндігі анықталады)

  1. Қылмыстық жаза дегеніміз не?

  2. Қоғамдық жұмыстарға тарту деп нені айтамыз?

  3. Қылмыстық жазаны ауырлататын жайларға нелер жатады?

  4. Өлім жазасы дегенімізді қалай түсінесің?

  5. Бас бостандығынан шектеу деп нені айтамыз?

  6. Қылмыс санаттарын айтып беріңіз?

  7. Қылмыстық жазаның түрлері?

  8. Кінәнің қандай түрлерін білесің?


V. Қорытындылау 4 мин


Білімгерлерді бағалау

VІ. Үйге тапсырма 3 мин




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.11.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі