Сөз. А дыбысымен таныстыру. Сауат ашу негіздері. Метепалды даярлық сыныб

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз. А дыбысымен таныстыру. Сауат ашу негіздері. Метепалды даярлық сыныб

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп, айыра білуге үйрету. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету, сызбалар жасауға үйрету. "А" дыбысымен таныстыру, танып білуге деген қызығушылықтарын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Сөз. А дыбысымен таныстыру.

Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп, айыра білуге үйрету. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету, сызбалар жасауға үйрету. "А" дыбысымен таныстыру, танып білуге деген қызығушылықтарын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Жасайды: ыммен берілген тапсырманы орындайды, ұзын және қысқа сөздерді қолдарымен өлшейді, сөз айту арқылы стақанға қаламдар салуды, жаңа дыбысқа сөз ойлап айтуды;

Түсінеді: «а» дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің қаншалықты қажеттілігін; Қолданады: ұзақ және қысқа сөз ойлап айтады, сөздерді буынға бөледі.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері .

Сөздік жұмыс: Ыммен.

Билингвалды компонент: үй – дом , кітапхана – библиотека, Астана қаласы – город Астана.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар», – деп белгі береді. Ыммен – сөйлемей ишарамен түсіндіру.

2. Негізгі кезең

Міне, балалар, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз.

Балалар, қазір мен бір сөз айтамын. Мысалы: «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға әр сөз айтылған соң бір қарындаштан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады? Ең соңында қарындаштарды санап, педагог қорытынды жасайды

Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

Сендер байқадыңдар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады. Мына екі сөзді тыңдаңдар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, ал қайсысы қысқа айтылады?

Біз ол сөзді өлшеп көрсетейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріңдер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарыңды аша бастайсыңдар. Ал дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар ( Бұл жаттығу 2–3 баламен жекелеп жүргізіледі, 6–8 сөз айтылады). Билингвалды компоненттерді қайталатады.

Сергіту сәті: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

12 Осы менің туған өлкем! (Ө.Тұрманжанов)

Балалар, біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала? Астана қаласының көрікті жерлерінің көркем суреттерін көрсетеді.

Астана қаласы «А» дыбысынан басталады.

«А» дыбысын аузымызды кеңірек ашып қайталаймыз. «А» дыбысы дауысты дыбыс, оны әндетіп айтуға болады. Ауыз қуысынан кедергісіз шығады.

«А» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: «А» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады. Осылай «а» дыбысы жасалады. Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді."А" дыбысы – жуан дауысты дыбыс

Ал енді «А» дыбысынан басталатын сөздерден мысал келтіріңдерші. Педагог балалардың ойлаған сөздерін буынға бөлулерін сұрайды. Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №3 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.

3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. – Бүгінгі сабақта не ұнады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2022
820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі