400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз әлемі" элективті курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып білім алушыларына арналған "Сөз әлемі" элективті курс бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАҒДАРЛАМА

Элективті бағдарлама курсы


Парменова Маржан Сагинаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

№208 мектеп-гимназия



Түсініктеме хат мазмұны:

«Сөз әлемі» атты элективті курс бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама бастауыш сыныптың жаңа білім беру мазмұнындағы «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат –жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен – өзі, айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.

Бағдарлама тақырыптары баланың ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.

Бағдарламаның өзектілігі:

Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне байланысты білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығы төмен.

Көптеген білім алушылар ұзақ мәтіндермен жұмыс жасауға қиналады, өйткені оқушы ежектеп оқиды, жылдам оқу техникасын дұрыс білмейді, оқыған шығарманың негізінде мазмұнын айтуға қиналады.Егер оқушы кітапты көп оқыса сөз байлығы мол, өз тілінде еркін сөйлейтін, кешегіні түсінетін, бүгінгіні білетін, өз жерін,елін сүйетін нағыз патриот шығады.

Бағдарлама мақсаты:

Көркем шығармаларға мәтіндік талдау жүргізу арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

  • Көркем шығармалардың негізгі тақырыбын анықтау;

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру;

  • Оқыған көркем шығармаларын сахналау

  • Көркем шығармалардың негізгі ойын еркін жеткізе білу;

Күтілетін нәтиже:

Көркем шығармалардың негізі тақырыбын анықтай алады;

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады;

Актерлік шеберлігі дамып,оқыған шығарманы сахналай алады;

Оқыған шығарманың мазмұнын еркін жеткізе алады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі