Сөз қадірі – өз қадірің

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз қадірі – өз қадірің

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз қадірі – өз қадірің
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Сөз қадірі – өз қадірің

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Қазақ халқында: «Өнер алды – қызыл тіл» , «Тіл тас жарады, тас жармаса , бас жарады» , «Сөз жүйесін тапса , мал иесін табады», — мақалдар бар. Бұл халқымыздың тіл құдіретін танып әрі өте ардақтағанын көрсетеді. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айырықша мән берген. «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз», «Жақсы сөз – жан азығы» ,  «Жақсы лебіз – жарым ырыс», «Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес», « Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» , — деген сияқты мақалдар сөздің бұзушы және түзеуші зор күш екенін, сөйлеу білудің орасан зор маңызын танытады.



Қорытындылай келсек сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады,жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берген. Бұл жөнінде Құранда да айтылған: « Менің пенделеріме айт: жақсы сөздер сөйлейтін болсын», — деп.



Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. «Жылқы кісінескенше , адам сөйлескенше», дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып , өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады. Сөз адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып , қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп , оңды-солды талғаусыз айта берсең , жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі- адамның өз қадірі, сөзі құпсыздың өзі құпсыз».

Қалай да сөздің адамға жағымды  немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Біздің халымыздың: « Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», — деген тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалық керемет күшке ие екендігін аңғартады. Халық жырларында азуын айға білеген айтқыш ділмарларымызды тілінен «Тәтті айтқанда , бал тамған, ащы айтқанда , қан тамған» деп сипаттайды. Ал «Тіл бас жарады, бас жармаса, тас жарады», — деген мақалда да кәрі тарих мақұлдайтын шындық бар.

Таратпа қағаздар







Интерактивті тақта













Бейнеролик











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2024
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі