Сөз таптарын қайталау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз таптарын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді ашық сабақтың жоспары


Пәннің аты:

Қазақ тілі

Уақыты:

5.02.2016 ж

Мұғалім:

Бейсенбаева Салтанат Серикхановна

Сабақтың атауы:

Сөз таптарын қайталау.

Мақсаты:


Оқушылардың заттың атын, сынын,сапасын, қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін бекіту, сөз таптарын сөйлем ішінен дұрыс тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Өз беттерімен кез келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Негізгі дереккөздер:

Алматы «Атамұра» баспасы, 2014 жыл, 3 – сыныптың «Қазақ тілі» оқулығы, Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева.

Сабақтың

әдіс – тәсілдері:

ОмОЖТ, СТО, ОүБжОБ, ЖЕСО

Сабақтың көрнекілігі:

Стикерлер, семантикалық карталар парақтары, суреттер, бағалау парақтары, бағдаршам суреті, смайликтер, А4 форматтағы таза парақтары

Сабақ бөлімдері:

Мұғалімнің іс – әрекеті:

Оқушылардың

іс – әрекеттері:

І.Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

3 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Жылы шыраймен амандасамын.

«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім», -

міне, балалар, кемеңгер, ақын – жазушыларымыздың тілі – туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.

«Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз».

Оқушылар бір – бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі.

ІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

«Жасырынған сөзді тап» ойыны.

3 мин




Көркем жазу.

2 мин

Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «жасырынған сөзді» табу: «мектеп», «көру», «тәтті», «сан».

Сөздерге сұрақ қоя отырып, сөз таптарын анықтау. Сыныпты 4 топқа бөлу: «Зат есім», «Етістік», «Сын есім», «Сан есім».

Топ ережесін еске түсіру, сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру.

Зз, Ее, Сс әріптерін жазу.

Суреттегі жасырын сөздерді табады, қай сөз табына жататынын анықтайды.

«Киндер-сюрприздің жұмыртқаларына» салынған сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді.


Топ ережесін айтады.


Дәптерге әдемі жазады.

Мағынаны тану.

1 – тапсырма.

«Ой қозғау»

5 мин






Әр топқа берілген сұрақтар бойынша бірнеше сөз жазуды тапсыру. Бұл сөздердің нені білдіретінін табу, ережесін еске түсіру, дәлелдеу.

«Зат есім» тобына - «Кім ? Не ? Кімдер? Нелер ?».

«Сын есім» тобына - «Қандай ? Қай?».

«Сан есім» тобына – «Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу ?».

«Етістік» тобына – «Не істеді? Не істейді? Қайтті? Не қылды ?».

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, нені білдіретінін анықтайды, ережесін айтып дәлелдейді.

2 – тапсырма.

«Семантикалық картамен жұмыс»

5 мин


Оқулықтағы 142 – беттегі

3–жаттығудың тапсырмасы бойынша әр топ өз атауына сәйкес сөздерді тауып, кестеге орналастыру, ережелерін айтып дәлелдеу.

Оқушылар сөздерге сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастырады.

Формативті бағалау.

Сергіту сәті.

3 мин


Музыка ырғағына сәйкес қимлдар жасайды.

3 – тапсырма.

«Жазбаша дөңгелек үстел (раундробин)».

8 мин

Барлық топқа ортақ тапсырма беру.

6 – жаттығу. Мәтінді оқу, негізгі ойды анықтау, сөз таптарын табу».

«Борсық – Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ қыстың жылымық күндерінде оянып, інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданатындықтан, көптеп ауланады».


Әр топтағы 1-ші оқушы параққа -мәтіндегі негізгі ойды анықтап, яғни зат есімді тауып жазады;

2-ші оқушы – сол зат есімді етістікпен байланыстырады.

3-ші оқушы - сын есімі бар сөйлемді теріп жазады.

4 – оқушы – сан есімі бар сөйлемді теріп жазады.

Әр топтан 1 – оқушы шығып, кезектесіп оқиды, дұрыстығын тексереді, қорытынды тұжырым жасайды.

Бір – бірін бағалайды.

4 – тапсырма.

«Сәйкестендір»

3 мин

Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір:

ЗDrawObject1 DrawObject2 ат есім әдепті, қызық, қоңыр

ЕDrawObject4 DrawObject3 тістік жеті, тоғыз, жиырма

Сын есім аққу, емен, оқулық

Сан есім биледі, өсті, тазалады

Сөздерді сәйкестендіреді.

Бір – бірін бағалайды.

5 – тапсырма.

«Бестармақ (синквейн)»

5 мин

1-ші тармақ – негізгі ойға байланысты 1 зат есім

2-ші тармақ – 2 сын есім

3-ші тармақ – 3 етістік

4-ші тармақ – 4 сөзден тұратын сөйлем

5-ші тармақ – синоним табу (1-ші тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз)

Оқушылар ойларын тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіреді.

Бір – бірін бағалайды.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс.

«Сөйлемді жалғастыр».

3 мин

Мұғалім допты лақтыру арқылы бір сөйлемді бастайды, допты қағып алған оқушы жалғастырады. Екінші сөйлемді бастайды, келесі оқушы жалғастырады. «Мысалы, зат есім дегеніміз......». т.б.с.с.

Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды, бекітеді.

Бір – бірін бағалайды.

Бағалау

2 мин

Бағалау парағындағы бағаларды санайды, әр топтың бағасын шығарады.

Үйге тапсырма

1 мин

143 беттегі 4 – жаттығу.

Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.

Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.

Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Рефлексия

«Бағдаршам»

2 мин

Бағдаршамға түстерді жапсыру арқылы сабақты бағалайды.

«Жасыл түс -сабақ маған қатты ұнады,бүгін мен көп нәрсені білдім,үйрендім; ал сары түс- түсінбегенім бар, маған көмек керек, тағы да сабақтарға қатыссам деп ойлаймын; ал қызыл түс- мен үшін түсініксіз болды, еш нәрсе түсінбедім».


Оқушылар бүгінгі қазақ тілі сабағы бойынша стикерлерге есімдерін жазып, бағдаршамға жапсыру арқылы кері байланыс жасайды.

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2018
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі