Материалдар / "Сөз зерде" зияткерлік сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сөз зерде" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тапқырлыққа ,шапшаңдыққа баули отырып,қазақ халқының бүгінде ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрлерінің, ырым-жоралғыларын үйрету
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Sóz - zerde» зияткерлік ойыны

Қатысушылар: 2 топ сынға түседі.


I kezeń. «Sóz tapqanǵa...»


Бұл кезеңде ойыншылар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын нақты сөзбен береді. Тұрақты тіркесті және мағынасын ашатын синонимді өзінің алдындағы қағазға жазады (жазғанының дұрыстығын сарапшы тексереді).

1-топ.

Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас тарту
Аузын буған өгіздей – үндемейтін адам
Аузына құм құйылды – жағы қарысты, сөйлей алмады
Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады

Басынан сөз асырмау – басындырмау
Бауыр басу – үйрену
Бес саусақтай білу – жетік білу
Бет бақтырмау – бой бермеу
Бетке айту – шындықты көзіне айту
Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды

2-топ.

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды – қорықты

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Бағалау: 10- балл


II kezeń. «Bilgenge marjan»

Қазақ халқының бүгінде ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрлерінің, ырым-жоралғыларының атауы беріледі, қатысушылар сол салт-дәстүрге кеңірек сипаттама беріп, халық өміріндегі маңызын айқындайды.

1-топ

Ақсарбас атау . Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.


Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.


2-топ

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.


Бағалау: 0-2 балл (мысалы: дұрыс әрі толық түсіндірсе – 2 балл, дұрыс бірақ толық емес жауапқа – 1 балл, қате жауап немесе жауап жоқ болса – 0 балл)


ІІІ kezeń.  «Sózder sóileIdi»

Аталмыш кезеңде бұл күнде аса көп қолданылмайтын, мағынасы күңгірт тартып, ұмыт бола бастаған немесе қазірде жиі айтылғанымен, ертеректе беретін мағынасы басқаша болған көнерген сөздерді қайта жаңғырту .


1-топ.

1.Сауын айту. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салты. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту делінеді.Бұған әр жүз, әр ру мұндай асқа не тойға қымызын, той малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетеді және бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. бұл туралы қазақта: "Той десе қу бас домалайды" — деген мақал бар. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. егер Ас беріліп жатқан болса Жілік алып қашу болады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.

2. Ергенек– киіз үй есігінің алдына қойылатын тосқауыл, есік бастырғыш. Екі таяныш немесе жақтау ағашты қашаумен тесіп, жиілігін 10 – 15 см етіп жіңішке шабақ өткізіп жасайды. Биіктігі 1 – 1,5 м-дей болады. Үйге мал не ит кіріп кетпеуі үшін пайдаланады. Бір жағын есіктің бір босағасына байлап, киіз үйдің шиденкиізден жасалған есігінің сыртынан бастырады. Оның екінші жақтауын екінші босағаға байлап бекітеді немесе құрдан, жіптен, қайыстан жасалған бауға іліп қояды.

3.Дағара - темірден, мыстан, жезден жасалған үлкен ыдыс түрі. Жергілікті жерлерде бұл ыдысты шара, леген, шылапшын деп әртүрлі нұсқада айтады. Дағараны кір жууға, қол жууға, малға жем жібітуге, азық-түлікті қолмен тасымалдауға пайдалана береді.

2-топ.

1.Түмен (он мың әскер) – түркі-моңғол ұлыстарында болған әскери-әкімшілік бірлік. Ол өз кезегінде мыңдық пен жүздікке бөлінген. Түменді түменбегі басқарған.

2.Асадал - тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы, кебеженің түрі. "Ас" және "адал" деген сөздерден құралған. Үстіңгі бөлігі Арыстан баб кесенесі қақпақталып, шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігіне қарай оның бетіне түрлі нақыштар салып, сүйекпен, қаңылтырмен, әр түрлі тастармен безендіріледі, әр түрлі бояумен бояп жиһазға эстетикалық өң беріледі. Төменде (сұрақтарының ұзын-қысқалығына қарай) бір-екі бөлік жасалады. Асадалды түркі халықтарының бәрі пайдаланған.[1][2]


3.Дүрия - жылтырауық, тығыз, жібек мата.

Дүриядан көбінесе қыз-келіншектердің сән-салтанатты киімдері (көйлегіқамзолы) тігіліп, жігіттердің бас киімдері (бөрігі, жекей тымағы) тысталған.


Бағалау: 0-2 балл (мысалы: дұрыс әрі мысалдар келтіре отырып түсіндірсе – 2 балл, дұрыс бірақ толық емес жауапқа – 1 балл, қате жауап немесе жауап жоқ болса – 0 балл)

ІV kezeń.  «BáIge»

Бұл кезеңде әр команданың топбасшылары сайысқа түседі. Әр топ басшысына жеке 10 сұрақ қойылады. Әр сұраққа жауап беру үшін 3 секунд уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептеледі.

1-топ жетекшісіне:

  1. Латын графикасы ең алғаш қашан пайда болған? (Б.з.б. 7 ғасырда)

  2. Қазақ ұлты қандай әліпбилерді пайдаланды және пайдалануда (қадымша араб жазуы, төте жазу, латын графикасы, кириллица)

  3. Шала туған баланы қайда салып асыраған? (Тымаққа)

  4. Ұл баланың төбесіне қойылатын шаш (айдар)

  5. Қызға қанша үйден тыю дейді? (қырық)

  6. Басқа пәле неден? (тілден)

  7. Бие байлау тойы (қымызмұрындық)

  8. Мысықтың баласы (марғау)

  9. Жалғызаяқ жол (соқпақ)

  10. Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасы






2-топ жетекшісіне:

1. Инемен құдық қазуға бола ма?

2. Қар жана ма?

3. Оттан да не ыстық?

4. Тауық түс көре ме?

5. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

7. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

8 Көрдім, көрмедім деген неше сөз?

9.Әнет баба айтқан уш арсыз,уш қадірісізді ата

10.Мен ақсұңқар құстың сойымын дейтін кім?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!