Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Созақ – қария, Созақ – мінез, Созақ - қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы, Созақ ауданы

«І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ








Тақырыбы: Созақ – қария, Созақ – мінез, Созақ - қасиет


Пән мұғалімі: Кудабаева Динара Советовна

Тарих пәнінің мұғалімі














Таукент кенті 2020ж

Мазмұны



І. Кіріспе

1.1 Созақ ауданы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Созақ атауы қайдан шықты?

2.2 Тарихи ескерткіштері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер






























Кіріспе


Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасы да ұлттық кодтың қалпына келуіне қайрат жасайтын елдік маңызы ерекше үлкен шара.   «Отан от басынан басталатыны сияқты», Тәуелсіз еліміздің берік негізі  туған жерден бастау алатыны айқын. Қазығы ауылда қағылып келген қазақ үшін туған ауылы қай қиырда жүрсе де, қай қияға шықса да, әрқашанда қасиетті мекені! «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.»

Иә, туған жер тарихын  білмеу –  түп тамырыңды танымау.  Туған жерден қол үзіп кеткендердің  генетикалық кодының бұзылатыны сондықтан.  «Сен өткенге тас лақтырсаң, келешек  сені зеңбірекпен атады» деген қанатты сөз бар. Батыр бабаларымыз  қасиетті қанын төгіп қорғап қалған Ұлы даланың әр тасы терең тарихтан сыр шертеді.

Осы жобаға сабақтас  «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы  елді біртұтас елдік, ұлттық патриотизмге жетелейтін бағдарлама.

Осы бағдарламалар туралы оқып білген соң өзімнің туып өскен жерім-Төлеби ауданы туралы көбірек оқып, зерттеуге бел байладым. Алғашқы зерттеулерімнен түйгенім, тарихы тереңде жатқан, көптеген киелі орындарға тұнып тұрған , еліміздің мәдени саласын дамытуға ат салысқан зиялы қауым өкілдерінің қызметі және шығармашылығымен таныстым.

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», деген дана халқымыз өз елі мен жерін қадірлей білген. Қазіргі уақытта жеткіншек ұрпақ әлем елдері мен олардың астаналарын, жер-су атауларын жақсы біледі, шет елдерге сапарлап барып келіп жатқандары да бар. Ал кейбіреулері өз туған жерінің тарихын, топонимикасын, табиғаты мен киелі орындарын біле бермеуі мүмкін. Мұндай мәліметтер айтылмай, өскелең жас өз өлкесімен жете таныспағаннан кейін оның ой-өресі шектеліп қалады, тіпті басқа бір әлемде жүруі ықтимал. Сондықтан «Туған жер-тұғырым » тақырыбындағы ізденісімді бүгінгі таңда өзекті деп есептеймін.




Созақ ауданы


Созақ ауданы — Түркістан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км² (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Орталығы - Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 жылы қаңтар айыңда мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды.



Созақтың географиялық орны.

Созақ ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың шаршы шақырым немесе 4млн. 104 мың 940 га ға тең Аудан үш облыс және екі ауданмен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 1255 шақырымнан астам, оның барлығы құрлық арқылы өтеді. Тұрғыны 55,2 мың адам.Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 12 ауылдық округке біріктірілген.Олар Қаратау бөктерінде орналасқан: Таукент поселкесі, Жартытөбе, Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау аулыдары, Шу өзені бойындағы: Шу, Тасты, Жуантөбе ауылдары және Қыземшек поселкесі әкімшіліктері.

Аудан 1928жылы қыркүйек айында мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды 1934 жылдан бастап аудан орталығы – Шолаққорған ауылы. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты ққмды шөлді жазық (Бетбақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік батысын Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында Сүмбешетарал Қонысы мен сор жерлер орналасқан. Созақ ауданының ең биік жері Бессаз(Мыңжылқы) Биіктігі 2176метр.


Климаты тым континентті.

Қысы солтүстігінде суық құрғақ, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаңшылықты, аңызақты. Әрбір жердің климатының қалыптасуына климат түзуші факторлар әсер етеді.Біздің ауданымыздың климатының қалыптасуына Қаратау жотасы мен Мойынқұм негізгі фактор болып есептеледі.Себебі Қаратау жотасы Оңтүстік батыстан келетін субторпиктік ауа массаларын тосып қалады. Нәтижесәнде жауын шашын түсуіне кедергі келтіреді. . Біздің территорияда негізінен қыс айларында Сібір антициклоны үстемдік жасайды. Соның салдарынан Шығыстан жел көбірек тұрып, ауа райы суық болады. «Арыстанды Қарабас» желі аудан территориясына өз әсерін тигізіп, әсіресе көктем айларында ауа райын күрт өзгертіп, суып кетіп егін шаруашылығына зиянын тигізеді.Осы желдің әсерінен көбіне егін алқаптарын үсік шалады. Срндықтан ол жерге егінді қайта егуге немесе кеш егуге тура келеді. Егер де жел шығыстан тұрса, құрғақ суық, батыстан тұрса, ылғалды жылырақ болып келеді. Қаңтар айының орташа жылдық темтературасы -7 -12 градус, шілдеде 24 – 27 градус. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150-250 мм. Ауа райы өте құбылмалы, желдің бағыты жиі өзгеріп тұрады.

Ауданда уран кентасы,1996 жылдан бері ауданда тас көмір өндіріледі. Шу сарысу ойпатында көмірсутегінің, уранның және де сирек кездесетін кен орындары табылды. Ауданның солтүстік бөлігінде 2 табиғи газ кен орындары айқындалып, барлау жасалды. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ, тағы басқа шағын өзендер бастау алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын т.б көлдері бар. Жердің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортаңды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы қызылқайың өседі.

Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. Созақ ауданының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халықтың 90% астамы-қазақтар, қалғаны өзбектер, орыстар және басқа ұлт өкілдері. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған, Созақ, Теріскей, Таукент, Қыземшек, Шақырық, Қарақұр, Құмкент ауылдары. Ауылда қаракөл қойын түйе, жылқы биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеншар болған. Олардың негізінде негізінде 329шаруашылық нысаны құрылды 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым.Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау кен өндірісінің негізгі өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы ет, сүт өндіру болып табылады.



Шаруашылығы

Ауданда қаракөл қойы, түйе, жылқы, биязы жүнді қойы, етті сүтті ірі қара өсіруге, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болды, кейін олар мемлекет меншігінен алынды. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы таукен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауылдың шығысының жетекші саласы ет а.ш ның өнімінің 58,8%)-ы, сүт өндіру 17,2% болып табылады. Ауданда облыстағы сиырдың 3,2%-ы мен ешкінің 9,6 %-ы қаракөл қойының 24,7%-ы, жылқының 5,8%, түйенің 50,1%-ы, құстың 2,1%-ы өсіріледі. 40-ан астам жалпы орта білім беретін, кәсіптік-тех., музыка, спорт мектептері, кітапханалар, аудандық газет, аудандық мәдениет үйі, халық театры, клубтар, аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, фельдш. акушерлік пунктер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Созақ топырағында Ысқақ бапҚарабураБаба түкті Шашты ӘзізСаңғыл би, т.б. әулиелерге қойылған тарихи ескерткіштер бар. Ауданда қазақтың әйгілі күйші сазгері Сүгір туып өскен.


Созақ атауы қайдан шықты?


Созақ мың жылдық тарихы бар көне қала. Созақтың Қаратау сілемдерінің теріскейінде орналасуы оны көптеген жаугерліктен, басқыншылықтардан сақтап қалған. Себебі, ұрыс-керіс, таққа талас, басқыншылық жорықтары Қаратаудың күнгейінде жиі болып тұрған.

Армения патшасы бірінші Гетум 1254 жылы Монғолияға сапарында Қаратаудың Солтүстік етегін алып жатқан Саудакент, Шолаққорған, Созақ, Ақсүмбе сияқты қалалар мен елді мекендерінен өткендігін жазған. Бірақ адамдар ерте мезолит пен неолит дәуірінде мекендегені жайлы мәліметтер Бүркітті өзені, Қойтас сайы, Жуантөбе, Тасты ауылы маңдарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.Созақ тарихында бірнеше хандықтардың ордасы болған. Жібек жолының Теріскейдегі өте дамыған сауда орталығы болған. Сауда саттықпен айналысу мақсатында көптеген өзбектер: Қоқаннан, Бұқарадан, Қашқардан, Түркістаннан, Сунақ пен Қарнақтан, Созақ пен Шолаққорған шекараларына қоныс аударған. Созақ алғаш 1928 жылыдың жазында өз алдына аудан болып құрылды. Өткен 87 жыл ішінде халықтың еңбекқорлығы арқасында Созақ ауданы көркейіп, экономикасы өркендеп бүкіл Қазақстанға танымал болды.

Созақ жерінің тарихын айтқан кезде «Созақ» сөзінің атауына мән беріп кетуі керек. Созақ жері қасиетті жер, бұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналып кеткен Созақтың ішінде бірнеше аңыздар жатыр. «Созақ» сөзі ескі кітап жазбаларында ад кездесетіні, онда Хунзак Туркте «Ұзақ Жер», «Ұлы Жер» деген мағынаны білдіреді. Ескі түркі тілінде Созақ «Халық тұратын мекен», «Манзиолгох» деген мағынаны білдіреді. Созақ атты ауылдар Самарқанд облысының Бұлынғыр атты ауданында, Андижан облысының Хожабар ауданында, Қырғызстанның Ош облысында бар. Созақ шаһарының қашан пайда болғанын және Созақ атауының қалай шыққандығы жөнінде нақты дерек жоқ. Созақ шаһарының атауының шығуы жайлы жергілікті тұрғындар арасында мынадай аңыз деректер айтылады.

Ертеректе Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы саздың бетінде көлшік болып су жатқан. Қарт-қариялар 20ғасырдың орта тұсында бұл сулар біршама азайғаныменоның сақталғандығын, ол суларға көктем айларында құстар ұшып келетінін айтады. Сондай-ақ бұлақ көздері де көп әрі мол сулы болған. Жергілікті халық саз бетіндегі суды «Зәк суы» дейді.Осыдан «Суызәк» деген сөз пайда болып, ол «Созақ» атауына айналған болуы мүмкін деп топшылайды. Атақты өзбек ғалымы, профессор Хамидулла Хасанов та Созақтың сол мағынасын ақиқатқа жақын деп талқылайды. Ертедегі түркі елі ескерткіштері сөздігінде «Сузак» сөзі бар, бұл сөздің мағынасы «Таза», «Мөлдір» деген. Ал бұған келсек бұл да ақиқатқа жақын, неге дегенде Созақ төңірегінде әулиелер көп болған. Сондықтан да бұл жердің суы да таза, жерң де таза деген ұғымға келеміз. Созақ жерінің ерекшелігі де және жерінің қасиеті де осында ғой деп ойлаймыз.

Тағы бір аңызда былай өрбиді: үлкен сауда жолының үсінде ханның көркем бауы болған екен. Табиғаты жайлы, суы мол әрі жолдың үстінде орналасқан баудың қарауылының үйіне ұзақ-ұзақтан келген керуендер қонатын болған. Олар өздерінің барған елдері мен шаһарлары жайлы көргендерін, естігендерін жырдай қылып айтып отырады екен. Бұл әңгімелерді тыңдап риза болған шал оқтын-оқтын «Сөзің сөз – сөз ақ екен» деп отырғандықтан керуеншілер «Сөзің сөз – сөз ақ екен» деп отыратын шал, бара – бара «Созақ» шал атанып кеткен дейді.



Созақ тарихы – шежіре дастан.


Қазыналы қарт қаратаудың теріскей бетінде орналасқан Созақ ауданының тарихы өзінше бір шежіре дастан. Қазақтың тарихы қозғалса Қаратау, Созақ сөз болмай қалмайды. Сонау оғыз заманының абызы Қорқыт атаның айтулы бата сөзіндегі «Қаратауың аман болсын, Қарашығың емеспе ол! Ата – бабаң рухы аман болсын, алып бәйтерегің емеспе ол!» деген сөздер бекер айтылмаса керек. Оғыздар Қаратаудан, Сыр бойына үдере көшкенде Қаратауды кейінгі ұрпаққа аманат қалдырған, амандық тілеген. Қаратауың аман болса тарихың, өткенің өлмейді дегенді меңзеген. Иісі қазаққа атауы етене таныс. Әдетте қазақ сөзі айтылса «Созақ» қосарлана айтылатын жайы бар. Ескі қазақ шежіресінде Қазақ пен Созақ бір туған адамдар болып келеді. Қазақтан үш жүздің баласы тараса, Созақтан Қарақалпақ туады деп айтылады. Бұл шежіре әйгілі ақын Н Наушабаевтың 1903 жылы шыққан «Мәнзумат қарақия» деген кітабында

Созақтан Қарақалпақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді, - деп жырланады.

Созақ тарихында бірнеше хандықтардың ордасы болған. Созақ қаласы да Оңтүстік өлкенің көптеген қалалары сияқты Қоқан хандығының қол астында болып келді. Қазақтың соңғв ханы Кенесары бірнеше рет Созақты шауып, Қоқан датқаларынан елді азат етеді. 1864 жылдан бастап теріскей бөлігі патшалы Ресей қолына өтті. Осы кезде орыс отарлаушылары келіп, хандықты жойып, бүкіл осы Теріскей аймағын Сырдария губерниясының қол асындағы Түркістан уезінің қарамағына қаратты. Экономикалық орталығы Созақ қыстағы болған. Ол орта азиядан Орталық Қазақстан арқылы Сібірге қарай өтетін Керуен жолының Қаратаудан Терістікке өтер аузындағы қақпасы болған.



Тарихи ескерткіштері.


Ақбикеш мұнарасы.

Созақ жеріндегі қарт Қаратаудың батыс сілемдерінде орналасқан Ақсүмбе елді мекені кезінде әйгілі қала болған. Қала орнынан 500метрдей жерде қаламен бірге 12 ғасырда салынған Ақбикеш мұнарасы орналасқан. Тарихи деректерде Ақбикеш мұнарасы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорықтарында Дешті қыпшақ даласын отыру үшін қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылғаны айтылады. Сондай – ақ әртүрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш есімді арудың атымен байланыстырады. Ақбикеш мұнарасының әуелгі ені 14 метр, биіктігі 25метр болса, бүгінде ені 7метр, биіктігі 11 метрге жуықтайды. Бүгінгі күні мұнараның сыртқы және ішкі кейіпі толық сақталғанымен, архитектуралық талаптарға сәйкес реставрация жұмыстары жүргізілмеген.


Баба Түкті Шашты Әзіз Әулие Кесенесі.


Аудан территориясында орналасқан, құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі- Баба Түкті Шашты Әзіз мазары. Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі бүткіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: «Уа аруақ, Баба Түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»- деп сыйынған.

Баба Түкті Шашты Әзіздің есімі «Алпамыс барыр», «Қобыланды батыр» «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиенің өзінің түп атасы санаған. Сондай – ақ тарихи деректерде Баба Түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес серігі ретінде жиі айтылады.








Ысқақ Бап Әулие кесенесі.

Дала түріктеріне Ислам дінін ең алғашқы таратушылардың бірі Ысқақ бап саналады. Мұхаммед пайғамбардың Хазіретәлі ұрпақтарының бірі. Тарихи жазбаларда Ысқақ бап Түркістанға хижраның 150-ші жылдары, яғни қазіргі жыл санаумен алғанда 762-767 жылдары келгені айтылады.


Қара бура әулие кесенесі


Түркі тектес халықтардың әулие тұлғасы, Орта Азияға Ислам дінін уағыздауға елеулі ықпал еткен сахарадағы әскери ақсүйектердің абызы Қарабураның тарихымызда алатын орыны ерекше. Ислам дінін уағыздауда Қожа Ахмет Яссауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғанда, өзінің өсиеті бойынша оның мәйітін арулап табыс ету рәсімі Қарабураға жүктеліпті. Бұл Қарабура әулиенің өз заманындағы орны мен беделін айғақтайды.

Қарабура сағанасының ерекшелігі, оның сағанасына жапсара өскен қараталмен айрықшаланады. Бұл талдың қай заманнан бері өсіп тұрағанын ешкім білмейді. Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура әулие түием шөккен жерде дүниеден өтіп жерленемін деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден өткен деседі. Ол аса кейін көгеріп үлкен ағашқа айналады. Дауласқан екі жақ шындыққа жету үшін осы Қарабура ағашының шыбығын кесейік дейді екен. Өйткені Қарабура әулие ағашының шыбығын кескенде одан қан тамып, өтірік айтып, өміріне ант ішкен болса, ол адам кеміс немесе тіптен өліп те кетеді деседі.


Санғыл би кесенесі


Бізге жеткен деректер бойынша Санғыл руының түбірі мен тегін Шыңғысты таққа отырғызып, хан көтерген тарихи қайраткерлердің бірі қоңырат Санғыл биден таратады. Ескі аңыз бойынша Шыңғысты ақ кигізге көтеріскен қоңырат Санғыл биге: «Ұраның - қоңырат, құсың - қыран, ағашың - алма ағашы, таңбаң - ай болсын» деп бата берген деседі. Түрік, моңғол шежірелерінде аты қалғанына қарап тарихшылар Саңғылды 1180 жылы туған деп тұжырымдайды. Санғылдың Шыңғыс ханға жақын жүруін оның бәйбішесі Бөртеге рулас туыстығынан деп жорамалдайды. Саңғыл руының ұраны «Мүлкаман» болуына қарап кейбір зерттеушілер Саңғылды Мүлкаман батырдың шөбересі деп те айтады.











Қорытынды


Елбасымыз айтқандай, «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді». Ендеше, еліміздің жарқын келешегі үшін өткенімізді ұмытпай, бүгінімізді биіктетіп, ертеңімізді асқақтата білуіміз қажет-, деп ойымды аяқтағым келеді.

Осы ізденіс жұмысымды көпшілікке жеткізу мақсатында өзім басшылық ететін мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымының және өзін-өзі басқару құрылымының жұмыс жоспарына ендірдім Осылайша «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесімді қосудамын.



























Пайдаланылған әдебиеттер


1. Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru.

2. Сүлеймен Тәбірізұлы. Созақ өңірі

3. Дәулет пен Сәулет. Созақ ауданының 60 жылдығы, 1988ж

4. Тарихи тұғыр. Созақ ауданына 70 жыл. Алматы, 1998ж, 296б





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12