Сөздер мен дыбыстар. «Т» дыбысы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөздер мен дыбыстар. «Т» дыбысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Т» дыбысымен таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Ойларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар. «Т» дыбысы.

Мақсаты: Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

Міндеттері: «Т» дыбысымен таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жаңа дыбыстан басталатын сөздер айтады, өлең мазмұнын түсініп, жаттап алады, сөздерді буынға бөледі;

Түсінеді:дыбыстардың айырмашылығы қандай екенін, сөз буыннан, буын дыбыстан құралатынын, жаңа дыбысқа сөз ойлай білуді; Қолданады: сөз жарысында көп сөз айтуды Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қаламдар. Сөздік жұмыс: қоңырау.

Билингвалды компонент: дыбыс – звук, ұзын сөз – длинное слово, қысқа сөз – короткое слово.

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, есікті қағады. Қоңырауды сылдырлатады, қағазды умаждап, не естігендерін сұрайды.

2. Негізгі кезең Сөздік жұмысын жүргізу.

Қоңырау – темірден жасалған, үн шығаратын құрал.

Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер.

Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: «А-а» десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Дыбыстар екіге бөлінеді, дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар болып. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Мысалы, «Т» дыбысы. Кәне, бәріміз осы «Т» дыбысын айтып көрейік.

Айырмашылығы қандай? «Т» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің түбіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Дем тіл ұшы мен тістің арасыннан шығады да, «Т» дыбысы жасалады.

«Т» дыбысы – дауыссыз дыбыс, сондықтан да қысқа айтылады. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.

«Ат» – бұл сөзде неше дыбыс бар?

Дұрыс айтасыңдар, «ат» сөзі екі дыбыстан құралған. Ал осы сөзге тағы да «А» дыбысын жалғасақ, қандай сөз шығады?

Дұрыс, «Ата» сөзі шығады.

«Ата» сөзі неше дыбыстан тұрады?

«Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап айтыңдаршы.

Сергіту сәті: Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды. (М.Әлімбаев)

Педагог балаларға «сөз» деген сөздің мағынасын түсіндіреді.

Сөз заттар мен құбылыстардың атауы. Мысалы: алма – жемістің атауы, жаңбыр – құбылыстың атауы т.б. Сөз дыбыстан құралады.

«Кім көп біледі?» ойынын ойнату. Ойлаған сөздеріңді буынға бөлейік.

Әр буында бір дауысты дыбыс болады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз (балаларға көрсету). Педагог «Әліпби сыры» өлеңін мәнерлеп оқып береді: Әліпбидің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде, түсінші?

«А» деген ол – Аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол – Әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол – Балалар ғой әдемі,

Біздің елде Үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей, Сондықтан да расында, Т

ұрады олар Әліпбидің басында!

Педагог балаларға өлең мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді қайталатып айтқызу арқылы, жаттап алуды ұсынады. Билингвалды компоненттерді қайталатады .

Жақсы, балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады). Қаламдарды санау арқылы жеңімпаз анықталады.

Дәптермен жұмыс:дәптердегі №5 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.

3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің қызықты өткенін және ұнағандығын сұрап білу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2022
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі