2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сөздерді буынға бөлеміз

Сөздерді буынға бөлеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбына ашық сабақ Сөздерді буынға бөлеміз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітілді: _______________ Білім саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ:Сөздерді буынға бөлеміз.

Мектеп/МҰ: Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп

Күні:19.01.2023.

Педагогтің аты-жөні: Низамова А.З

Сынып: даярлық «а»

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:0


ҰОҚ-ның оқытылу міндеттері

Міндеттері:Сөздерді буынға бөлуді жалғастыру.Дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекітуге арналған тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Дербес жұмыс істей алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже




Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөзді буынға бөліп айтады, буын санына жыратады.

Буынның графикалық белгісін таниды.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Сөзді буынға бөліп, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтайды.

Заттардың аттарын атап, буынға бөледі.


Кейбір тәрбиеленушілер:

Буын сызбасы бойынша сөз құрастырады.

Сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: -Талқылау барысында сұрақтарға толық жауап береді.

- Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Сызба, буын, буын саны.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Сөздерді буынға бөл.

Буын саны көп сөзді айт?




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

5мин




ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

«Қысқы мүсіндер»ойынын ойнату.

Қыс келді алақай!

Кел ойнайық балақай!

-Ал балалар тұрыңдар екіден жұп құрыңдар.

-Алақанды ұстаңдар,

Мұз сияқты қатыңдар.


Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтқызу.

-Қыста қар жауады.

-Қыста мұз қатады.

-Қыста аяз болады.т.б

Сұрақ жауап


















ҰОҚ-ның ортасы

II Тақырып бойынша жұмыс





1-тапсырма. Смайликтің көңіл-күйі.

Өткен сабақтағы жаттаған тақпақтарын сол көңіл-күйде айту.

Саусағымыз айқасып,

«Жеңеміз» деп шайқасып

Бірін-бірі тартады.

Білекке сенім артады.





2-тапсырма.Сиқырлы сандық ойыны.

Сандықтың ішіндегі суреттерді алып атайды.Сол сөзерді кеспе әріппен жазады,дыбыстық талдау жасайды.



Ана,апа,ата,нан,тау,аға,доп,ай,ара.





3-тапсырма. Суретке қарап отырып, педагогтің қойған сұрақтарына толық жауап беру.



-Буын туралы түсініктерін сурау. Осы сөдерді буынға бөлу.

А-на,а-па,а-та,а-ға,а-ра.

Сөздің,буынның сызбасын сызады.



4-тапсырма.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.



1.Суретте бейнеленген заттарды атайды.Сөзде қанша дыбыс болса,сонша дөңгелек салады.



2.Сөздерді буынға бөледі.Бір буынды сөздерді бір терезесі бар үйге,екі буынды сөзді екі терезесі бар үйге,үш буынды сөзді үш терезесі бар үйге сәйкестендіреді.


Сергіту сəті

6-тапсырма.Жұмыртқа жинау әдісі

Сөздерді оқып,жұмыртқа салғышқа салып толтырады.

7-тапсырма. «Сиқырлы кубиктер»әдісі


Балалар аталған сөздерді дұрыс тауып,буынға бөледі.





















суреттер





















Әріптер бар кубиктер








IІІ. ҰОҚның қорытындысы.

Рефлексия.


Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

(Ө)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.

Шар ұстаған бала мен қыздың суреттері.

























11 Ақпан 2023
719
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі