СӨЗДІК ҚОРДЫ БАЙЫТУҒА
АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тіл байлығын дамытудың ең
дұрыс жолы – кітап оқу. Бұл орайда көрінген кітап емес, қазақ
әдебиетінің классикалық шығармаларын көбірек оқуға кеңес берер
едім. Жай судыратып оқып шықпай, әр сөзін ұғынуға тырысқан жөн.
Түсінбеген сөздер болса, түсіндірме сөздіктердің көмегіне
жүгінсеңіз болады.
Жаңа сөзді немесе сөз тіркесін
есте сақтаудың түрлі әдістері бар. Біреу кітап оқығанда ұнаған
тұстарын түрлі түсті қаламмен сызып кетсе, енді біреулер арнайы
қойын дәптеріне жазып алып жүреді.
Ұнаған сөз тіркестерін, әдемі
цитаталарды жазып отыратын арнайы дәптер арнаңыз да, соған түртіп
алып жүріңіз. Бірақ жаңа сөздер сол дәптер беттерінде қалып қоймауы
тиіс. Оқыған кітаптарымыз – пассив сөз қорына қосылады. Санамызда
жатталып, белсенді сөз қорына енуі үшін оларды қолдану керек.
Мәселен, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жаңа сөздерді пайдаланып,
түрлі тақырыпта пост жазып тұруға болады. Оқыған кітаптар, көрген
фильмдер туралы достарыңызға әңгімелеп беруді әдетке айналдырыңыз.
Әңгімелеу барысында жаңа сөздерді қолдануға, бір сөзді қайталай
бермей, синонимдерін пайдалануға тырысу керек.
Сөйлеуді дамытудың жалпы
қабылданған үш әдісі бар: көрнекілік, практикалық және
сөздік.
СӨЗДІК ҚОРДЫ БАЙЫТУ ЖАЙЛЫ
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР.
1. ПАРАЗИТ СӨЗДЕРДЕН
АРЫЛЫҢЫЗ
Жаңа сөз өрнектеріне орын
беріңіз. "І-і-і... (ы-ы-ы...)", "не ғой", "мына", "жаңағы" сияқты
сөздерді айтудан алшақ болыңыз. Бұл сөздердің орнына нақты әрі
түсінікті тіркестерді қолданыңыз. Паразит сөздер сөздік қорды
сұйылтып, ойды дұрыс жеткізуге кедергі болады. Көркем әрі нақты
сөйлеуден алшақтатады. Мұндай сөздерді көп қолданбау үшін түрлі
әдістерді қолдануға болады.
Өлең оқып, телефондағы
диктофонға жазып алыңыз да, тыңдай жүріңіз. Өзіңізді радиожүргізуші
ретінде елестетіп, диктофонға әр алуан тақырыпта шағын спичтер
жазсаңыз болады. Мұның арқасында тілдік қорды да ұлғайтып, дикцияны
да түзеп, әдемі сөйлеуге машықтанасыз.
Камера немесе диктофон арқылы
өз-өзіңізге сұхбат беріп, сөз саптауыңыз бен сөздік қорыңызды
тексеріңіз. Қажет емес сөздерді тізіп жазыңыз. Оларды келер жолы
қолданбауға тырысыңыз.
2. ӘРТҮРЛІ БАҒЫТТАҒЫ
ШЫҒАРМА МЕН ЖАЗБАЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ
Сөздік қорды байыту үшін
оқудың орны бөлек. Бірақ тек әдебиетпен ғана шектелуге болмайды.
Әртүрлі сала бойынша хабардар болған абзал. Сондай-ақ әлеуметтік
желілердегі жазбаларды, бейтаныс адамдардың блогтарын және өзіңіз
қызықпайтын газет-журналдарды да оқыған
пайдалы.
3. КЕЗ КЕЛГЕН СӨЗДІҢ
МАҒЫНАСЫН БІЛУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ
Кей сөздің мағынасын
білмесеңіз сөздік қараудан, интернеттен іздеуден ерінбеңіз. Егер
қасыңыздағы адам айтса, онда мағынасын сұраудан қымсынбаңыз.
Білмегенді сұрағанның ұяты жоқ. Бұл сіз бәрін түсініп тұрғандай
көрінгеннен, нәтижесіз сұхбатты жалғастырғаннан және жаңа нәрсе
білу мүмкіндігін жоғалтқаннан гөрі жақсы.
4. БАСҚА САЛАДАҒЫ МАМАНМЕН
ДЕ СЫРЛАС БОЛЫҢЫЗ
Біздің араласатын ортамыз
тілдік қорымызға, сөйлеу мәнерімізге тікелей ықпал етеді. Сондықтан
жаңа адамдармен танысып, өзіңізге ұқсамайтын, мүлдем басқа мамандық
иелерімен араласып тұрған жөн.
Кез-келген жаңа адам сізді
өзгертеді. Сондықтан ортаңызды үнемі кеңейтуге
ұмтылыңыз.
5.
ЖАЗЫҢЫЗ
Әлеуметтік желіде пост жазыңыз
немесе арнайы блог ашыңыз. Өз ойыңызды, көргеніңізді, өзге де
қызықты оқиғаларды күн сайын егжей-тегжейлі сипаттап жазып
отырыңыз. Жай жазбай ізденіп, пайдалы дүние
ұсыныңыз.
Достарыңызбен сөйлескенде де
қажетсіз хабарламалардан аулақ болыңыз және сөздердің орнына
эмодзиді көп қолданбаңыз.
Жазу – үйренгендеріңізді
қолданудың және оны жұртқа жеткізудің тамаша
тәсілі.
6. АФОРИЗМДЕР, ӨЛЕҢДЕР МЕН
ДӘЙЕКСӨЗДЕР ЖАТТАҢЫЗ
Қарапайым сөз тіркестерін
жаттап алудан гөрі, жанға әсер ететін қанатты сөз тіркестерін
үйрену әлдеқайда жағымды. Ұнағанның бәрін белгілеп, жазып алыңыз.
Оқыңыз, қарап шығыңыз және қайта оқып шығыңыз. Уақыт өте келе
сөздік қорыңыз тамаша сөз тіркестерімен толыға
түседі.
7. ТАНЫМДЫҚ САЙТ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛЫ ПАРАҚШАЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ
Қазір интернетте танымдық
сайттар мен пайдалы парақшалар көп-ақ. Жыл санап қатары көбейіп
келеді. Осы сайт пен парақшаларды жиі қарап, пайдалы танымдық
дүниелерін оқудың өзі сөздік қорды дамыту мен сауатты жазуға көп
көмегін тигізеді.
Әлеуметтік желілердің
мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Мәселен, Telegram-да қолданыстан шығып
қалған әдеби сөздердің мағынасын ашып, мысалдар көмегімен
түсіндіріп беретін, сауатты жазуды үйрететін парақшалар көп.
Осындай парақшаларға жазылып, күнделікті бір шолып отырсаңыз,
пайдасы зор.
СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
ОЙЫНДАР
1.ОЙЫН «СУРЕТТІ
ЖАТТЫҒУЛАР»
Мақсаты: баланың қиялын
дамыта отырып сөздік қорын дамыту
Балалардың арасынан бір
бастаушы таңдалады, қалғандары отырады. Мұғалім үлкен қораптан
кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып
шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап жасырады. Бастаушы суретті
карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты
сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не
бейнеленгенін тауып алу керек. Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды
жалғастырады.
2.ОЙЫН «ИНТЕРВЬЮ».
Алдымен балаларды жаңа сөздермен таныстыру
керек. Интервью-газет, теледидар
немесе радиодан берілетін сұхбат
әңгіме.Тілші – сұрақ қойып отыратын кісі.
Респондент – сұраққа жауап беретін
адам.
Балаларды микрофонға нық
сөйлеуге үйрету керек. Ол үшін балаларды 10 дейін өсу, кему
ретімен санауды ұсынамыз. Сосын балаларға рөлдерді бөліп береміз.
Мүмкін болатын тақырыпты талқылаймыз. Тілшілер сұрақ
бастайды. Сосын әңгімені ұжым боп тыңдап,
талқылайды.
Мүмкін болар тақырыптар:
театрға барғанын, көрген қойылымды талқылау;
мерекені талқылау; суреттер көрмесін, қызықты кітапты, аптада
болған ең қызықты оқиғаларды.
Ойын нұсқалары: 1)мұғалім балалардан интервью алады, 2) балалар
мұғалімнен интервью алады, 3) ата-аналар интервью алады, 4) балалар
ата-аналардан интервью алады.
3. ОЙЫН «ОЙЫНШЫҚТЫ
АТА»
Әр бала өзімен бір
ойыншық ала келеді. Бір
жүргізуші
тағайындалады. Ол 3-5 минутқа
сыртқа шыға тұрады. Ол жоқта мұғалім балалармен
бір оқиға құрастырады. Ол оқиғада негізгі
кейіпкер балалардың әкелген бір ойыншығы
болады.
Барлық ойыншықтарды орындыққа
тізіп қояды. Жүргізуші баланы шақырады. Балалар оған ойдан шығарған
оқиғаны ретімен айта бастайды. Бірақ кейіпкердің атын атамай. Оны
тек есімдіктермен ғана атайды. Оқиға 3-5 минутқа ғана болуы керек.
Жүргізуші оқиғаның негізгі кейіпкерін ойланып, тауып алу
керек.
Егер бастауыш дұрыс
тапса, ойын жалғасады. Егер бала кейіпкерді таба алмай жатса, онда
балалар оқиғаны толықтыра
түседі.
4. ОЙЫН
«ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ»
Мұғалім балаларға бір сурет
көрсетеді. Суреттегі бейнеленген затқа қарама-қарсы мағынада
сөз айту керек. Мысалы, суретте «доп», балалар « тақта»
дейді. (доп дөңгелек, тақта жазық) «күн» (допты адам
жасайды, күн табиғаттың бір бөлігі)
т.с.с.
Әр бала өзінің жауабын
айтады, міндетті түрде неге ол жауапты таңдағанын
түсіндіру керек.
5. ОЙЫН
«КӨПІР»
Мұғалім заттар
бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен көрсетеді.
Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз
ойлау керек. Ол сөз екі затты «байланыстыратын көпір»
секілді . Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген
болуы керек. Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және
«ағаш». «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы
мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз
ойды). «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды)
т.б.
6. Ойын «Қадамдар» (Кім тез
жетеді...)»
Бұл ойын арқылы баланы
жарыстыра отырып оның тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіруге
болады. Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді.
(арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады.
Мысалы, «Әдепті сөздер». Әр бала әдепті сөз айтса
ғана қадам жасай алады. Ойлануға бір минут қана
беріледі.
Басқа тақырыптар: «Барлығы дөңгелек», «Барлығы ыстық»,
«Барлығы дымқыл». «Анаға арналған жылы сөздер», «Мейірімді
сөздер» және т.б.
Келесі нұсқа :Балалар бір-біріне
қарама-қарсы жұппен тұрып қадам жасайды. Ойын шарты
солай, тек сөз айтқаннан кейін ғана қадам
жасайды.
7.
ІЗДЕУ!
Байланыстыра сөйлеуін,
зейінін, байқағыштығын дамытамыз. Бұл ойынға 5 адам
қатысады. Әйтпесе қызық болмайды. Мұғалім былай
дейді: Мен (құрбымды) досымды іздеп жүрмін. Оның
көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара, ол мысықтарды жақсы
көреді, ал сүтті мүлдем ұнатпайды. Кім бірінші қай бала
туралы сөз болғанын тауып алады,
Кішкентай балалар ойнағанда,
киімдерін де сипаттауға болады.
8. ОЙЫН «ЕКІ
ШЕҢБЕР»
Балалар екі шеңберге тұрады.
Сыртқы үлкен шеңбер және ішкі (3-4 адам). Үлкен
шеңбердегі балалар тұрады, ал кіші
шеңбердегі балалар жүре сөйлейді. «Біз шеңбермен жүреміз,
өзімізбен .... аламыз».
Ал үлкен шеңбердегі балалар
тезірек тәттіні білдіретін сөз айта қою керек, мәселен,
қант. Қай бала сөзді бірінші айтады, сол бала ішкі
шеңберге тұрады. Ойын жалғаса береді. (... өзімізбен бірге
жұмсақ, ащы, тұщы, қатты, қышқыл, т.б.) Үлкен шеңбердегі
қалған соңғы бала бір тапсырма орындау
керек.
9. ӘҢГІМЕ
ОЙЛАЙМЫЗ
Жүргізуші сөйлемдерді
оқып тұрады.Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып
отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер
болады) Мысалы:
«.... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған
тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта жүрген
мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?),
тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . .
(Қайда?) жатты. Марғаулар доппен .... (қалай?)
ойнады.
10. СӨЙЛЕМДІ
ТАРАТУ.
Мұғалім: «Бағбан ...
суғарып жатыр ... (нені? қайда? қашан? неге?). Балалар ...... бара
жатыр ... ( қайда? не үшін? неге?)
т.с.с.
11. СӨЙЛЕМДІ
ТОЛЫҚТЫР.
Балалардан сөйлемді аяқтауды
өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр,
себебі...........». «Ағаштарда бір жапырақ қалмады,
өйткені........... «Аю қыста ұйықтайды, себебі.......» және
т.б.
12. «МЕН ЦИРКТЕ
БОЛДЫМ...»
Ойын үшін
сізге әріпті және буындық карточкалар керек болады. Екі немесе
одан көп адам ойнауға болады. Барлық ойыншылар кезекпен
карточкаларды алады.
Бастаушы карточканы алып, «Мен циркте болдым онда
..... көрдім». Ол карточкадағы әріптен басталатын
бірдеңені атау керек. Атайтын сөз тек зат есім болуы керек. Мысалы,
"К" әрпіне клоунды, керікті.
Егер буын карточкаларын қолдансаңыз, ол буын
сөздің басында да, ортасында да, сөздің соңында да кездесе
берсін. Мысалы, «Мен
теңізде болдым» т.с.с.
13. КІМ ҚАЙ ӘРІППЕН
ДОС
Бұл ойын баланың тілін ғана
дамытпай, оның есте сақтауын, танымдылығын дамытады. Әр балаға
жануардың суреті болу керек. Мысалы әркімде әртүрлі: бір
балада-піл, екіншісінде - қолтырауын, үшіншісінде - кірпі. Мысалы,
бірінші бала айтады: «Менің пілім «Т» әрпімен дос, өйткені
оның тұмсығы ұзын». Екінші бала, «Ал менің қолтырауыным «Ө» әрпімен
дос, өйткені ол өзенде мекендейді». Келесі бала, «Менің кірпім « И»
әрпімен жолдас өйткені, оның инелері
бар».т.с.с.