|
Бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл |
Мектеп: Күні: |
||||||||||||||||||||||
|
Пәні: қазақ әдебиеті |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||
|
Сыныбы: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сөздің пірі – Сүйінбай |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау; |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Сүйінбай ақынның өмірі туралы мағлұмат алу, ізгі қасиеттерін өз бойларына сіңіре білу. |
||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты талдау. |
|||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
|||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы
|
Топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Қызығушылықты ояту сатысы: Оқушыларды күн, ай, жұлдыз бойынша бөлу.
Олардың орны тек биікте болуын тілеймін. -Мына суретті көргенде ойларыңа не келеді? (Ақ-қара түс, күн мен түн, жақсылық пен жамандық)
Менің пірім —
Сүйінбай, «Тірі кітап» әдісімен оқушылар С. Аронұлы туралы мәлімет алады, пікірлерін ортаға салады. |
Оқушылар назарын сабаққа аударады. Оқушылар суреттегі тұлғаларға байланысты сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі |
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Мағынаны тану сатысы Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:
Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі. Ой шақыру. «Айтыс өнеріндегі тұлғалық болмыс » ұғымы дегенді қалай түсінесіздер? Топта талқылап, ойларыңызды «Топтастыру» сызбасына түсіріңіздер
Айтыстағы тұлғалық болмыс
Мұғалім айтыс жанры, түрлері туралы қысқаша мәлімет береді: Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс XIX ғасырда ерекше дамыған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады. Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады. Тапсырма: Айтысты тыңдаңыз. (Оқушылар айтысты 3 минут тыңдайды)
Оқушылар айтыс өнеріне қатысты алған әсерлерін айтып, өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама беріңіз. Мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз.
«Соңғы сөзді мен айтайын...» оқушылар қорытынды сөзін айтады.
|
Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағын құрастырады.
Топта талқылап, ойларыңызды «Топтастыру» сызбасына түсіріңіздер.
Оқушылар айтыс өнеріне қатысты алған әсерлерін айтып, өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді.
Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама береді. Мысалдармен ойын дәлелдейді. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.
«Соңғы сөзді мен айтайын...» оқушылар қорытынды сөзін айтады. |
ҚБ
ҚБ
|
http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s
http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/8810/
|
|||||||||||||||||||
|
Рефлексия 3 мин
2 мин. |
«3-2-1» стр.
Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, айтыста аты аталған тарихи тұлғалар туралы деректерді оқып келеді. http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
Қосымша ақпарат |
|
|||||||||||||||||||||
|
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
|
|
|
Пәнаралық байланыс. АКТ-мен байланыс . Құндылықтардағы байланыс |
сурет |
|
|
Рефлексия |
Кері байланыс |
|
|
Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма ? Бүгінгі оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды ? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе ? Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен ? |
|
|
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )? |
||
|
1: |
||
|
2: |
||
|
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз ) |
||
|
1: |
||
|
2: |
||
|
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал ақын Кожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:
Сүйінбай он жасында қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен
Алланың көрмеймісің құдіретін, – деп, Сүйінбайдың бала кезі туралы нақты дерек келтіре отырып, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шырқағандығына таңданады. Белгілі бір адамның бойындағы басқаларда жоқ ерекше қасиеттері, соның ішінде ақындық өнері туралы да, халық: «тұқымында бар», «өлең (ақындық) қонған» дейді. Мұның мәнісі: тегінде – аталары немесе нағашыларында бар ақындық түптің-түбінде ұл-қыздарының біріне көшеді дегенді білдіреді.
Сүйінбайдың 13-14 жасында шығарған «Түс» деген өлеңінде осындай ойға бастайтын құбылыс жайында сөз болады. Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғанын ол қожайынына былайша баяндайды:
Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» – деді,»көген» –деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған.
Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей,
Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей!
Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді
Не дейін сөз кестесі – өлең демей?!
Сен маған ұлықсат бер, Шүйбек байым,
Әйтеуір, тегін емес Сүйінбайың.
Жын соқты ма, білмеймін, таңертеңнен
Көңілім ұйқы-тұйқы құйындайын…
Түс көріп, ақын немесе сазгер, т.б. болып ояну секілді жағдайлар болашақ өнер иелерінің өмірінде кездесе береді. Сүйінбайдың рухына табынумен өткен ұлы шәкірті – Жамбыл да:
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған, – демей ме?! Тұла бойын өлең кернеп тұрған соң осылай деген де.
Шыққан тегі жағынан келгенде, жыраудың арғы атасы Күсеп әрі ақын, әрі қобызшы болса, нағашысы Қабан Жетісудағы ақындық, жыраулық өнердің ірі өкілі болған. Сүйінбай бозбала кезінде жеті тәулік бойы сол нағашы атасының кешінен қалмай, ілесіп жүріп, батасын алыпты.
Сөйтіп, Сүйінбай 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының неше алуан жыр-дастандарын, аңыз-қиссаларын жиын-тойларда жатқа айтып, өз жанынан да шығарады.
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді өмір серік еткен жыраудың 60 жылдан астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған жыр мұрасы ұшан-теңіз болған. «Соққан желдей, аққан селдей» өрен жүйріктің ақындармен айтыстары, ел қорғаған ерлерге арнаған ұзақ жырлары, арнау, сықақ-сын, мінездеме, қағытпа өлеңдері, өмір туралы толғаныстары өте көп болған. Өкініштісі, соның бәрі біздің дәуірімізге түгел жетпеген. Ал бізге жеткен туындылары Сүйінбайдың табан астында тауып айтатын ғажайып тапқыр, сөздің реті келгенде «ешкімнің атағына бас ұрмайтын, басынан құс асырмайтын» әділ де турашыл, даңғыл да дана ақын болғанын көрсетеді. Сүйекеңді қазақ өлеңінің ғана емес, қырғыз елінің де атақты ақындары дара талант ретінде бағалаған. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу жерінің өлең туын аспандатқан Жамбыл бастаған саңлақ таланттары Сүйекеңнің шәкіртіміз деп, ұлы ақынды пір тұтқан. Жамбылдың:
Бата берген Сүйінбай, –
Жырдың тіккен туындай…
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы, – деп ардақтауы сондықтан.
Елдігіміздің аса маңызды нышаны – тұңғыш теңгемізде Сүйекең бейнесінің болғаны халықтың қадірменді ақынына деген зор сүйіспеншілігін танытса керек.
Сүйінбай – XIX ғасырдың 30-жылдарынан 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей- кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын, әлеуметтік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырлармен естен кетпестей қып бетіне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Ол өзінің бұл биік адамгершілік-этикалық ұстанымын жолын қуған талантты шәкірттерінің көкірегіне құйып отырған. Қаратай, Өтеген, Сұраншы, Сауырық, Сыпатай сияқты жоңғар қалмақтарына соққы берген, Жетісуды Қоқан басқыншыларынан азат еткен даңқты батырлар жайында Жамбыл бастаған кейінгі ақындар Сүйінбайдан қалған үлгімен жырлаған. Қырғыз эпосы «Манас», көне түркілік «Көрұғлы», түбі шығыстық «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы» тәрізді ұлы туындыларды жырлап, келесі ұрпаққа жеткізген.
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы.
Ақын шығармаларының біразы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі – көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау ғүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, –
Ақынның «Ту алып жауға шапсаң сен» – деген өлеңінің рухынан да атынан да көрініп тұрғандай, осы өлеңмен үндес. Онда атақты батырлар Сұраншы мен Сауырыққа ақын өзі ат сабылтып келіп, «Сарыкемердегі елді Қоқандықтар шауып кеткенде, бұл жатыстарың не жатыс»:
Қоқанның қолы мықты деп,
Жатырмысың жабығып, – деп, қос батырдың намысына тие сөйлейді, әрі қарай ақын:
Батыр елден шығады,
Ұрандап жауға шабатын.
Ақын елден шығады,
Айтыста шалып жығатын… – деп, батырлық пен ақындықтың елге қызмет ететіні, сонда ғана аттарына сай болатыны жайында мәнді ой айтады.
Елдік пен ерліктің бірлігі ақынның «Сұраншы батыр», «Жабай батыр» толғаулары мен айтыстарында, соның ішінде қырғыздың атақты ақындары Қатаған, Арыстанбектермен айтыстарында, басқа да өлең, термелерінде кеңінен жырланады.
Сүйінбай шығармашылығында көлемі жағынан арнау өлеңдер қомақты орын алады. Соның ішінде, әсіресе Сүйінбайдың ақындық болмысын танытатын, идеялық мазмұны мәнді, көркемдік шеберлігі жоғары бір шоғыр туындылары – халқын ойламайтын билеушілерге, «атқа мінерлер» деп аталатындарға арнау түрінде шығарылған өлеңдері. Және солардың бәрі дерлік аттары аталатын төре, болыс, манаптардың сыртынан емес, бетпе-бет отырып, шаршы топтың алдында айтылған жырлар.
Есте болатын бір жайт, мұндай «атқа мінерлердің» отаршылардың шен-шекпеніне сатылып, өз халқын қосыла тонағанын, ұлықтар алдында «қыздан да қылықты» (Дулат жырау) жағымпаздығын, елге келіп «бергенім жоқ белімді» (Абай) деп күпінетін екіжүзділігі мен намыссыздығын, т.б. сынау, шенеу, жалпы алғанда, бүкіл XIX ғасыр әдебиетіне тән басты сипат. Сүйінбайдың өзгешелігі – оның қатты сынайтын адамның бірі – Тезек төре Жетісудың билеушісі ғана емес, дарынды ақыны да еді, ал Үмбетәлі – қырғыз елінің қаһарлы ханы болатын.
«Төрелерге» деген өлеңінде Сүйінбай бір өңірдің атқа мінерлерінің нашарға жасаған қиянатын, зорлығын, әділетсіздігін бас-басына тізіп айтып шығады.
«Айтыс өнерінің алтын діңгегі «
XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады.
Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.
Ақын боп жиырмамда желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып, қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым, – деп өзі айтқандай, көп өтпей-ақ, алдына жан салмайтын айтыскер ақынға айналады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөздің пірі – Сүйінбай

шағым қалдыра аласыз