Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сөзжасамға арналған жаттығулар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сөзжасам
-
Мәтінді көшіріп жаз. Түбір сөздерді белгіле.
Өрімші
Жарты өміріне жуығы ат үстінде өткен көшпенділер үшін өрімші кәсібі өте қажет болған. Бұл – мыңның бірінен зорға танылатын шеберлік. Қазақ өрімшілері: таралғы, тебінгі, жүген, ноқта, айыл, құйысқан, өмілдірік, шідер, тұсамыс, тағабау, тізгін, шылбыр,арқан, таспа, тоқым, адырна, божы, оймақ, қамшы, бишік сияқтыларды өреді және жасайды. Бұлардың көбін таутекенің терісінен істеген. Ол суға көп жібімеу, өңезденбеуге өте жақсы. Айыл-тұрманға өте ыңғайлы.
-
Т өмендегі ребусты шешсең, бір түбір сөз шығады. Шешуімен түрлі сөйлемдер ойлап, сол түбірдің сөзжасамға қатыстылығын айқында.
-
Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек жаз.
Есенғұл, Нұрғиса. Көкшетау. Алтыбақан. Жаздыгүні. Қосаяқ. Қазанғап. Әнеугүні. Белбеу. Айнамкөз. Екібастұз. Есенгелді. Тайбурыл. Өмірзақ. Сарсенбай. Бегәлі. Айғыз. Нұрғиса. Жанбай. Қарабай. Қаламқас. Бүгін. Биыл. Қыстыгүні. Кемпірқосақ. Айгүл.
-
Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем ойла.
Ақсүйек, беташар, тоғызқұмалақ, атқамінер, теміржолшы, шаңсорғыш, тұйеқұс, итбалық, тоқымқағар, Оқжетпес, Темірқазық.
-
Қос сөздердің мағыналарын айқындап, жасалу жолына қарай топ-
топқа бөліп жазыңдар.
Апалы-сіңлілі, ел-жұрт, ата-ана, ел-жұрт, ағайын-туған, апақ-
сапақ, апай-топай, әуре-сарсаң, алақ-жұлақ, ет-мет, шай-пай, аралас-
құралас, апалаң-топалаң, аңғал-саңғал, сегіз-тоғыз, қант-шай, оқта-
текте, келін-кепшік,ыза-кек, үлкен-кіші, азды-көпті, оқу-ағарту.
-
Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесі мен сөйлемдер
құраңдар.
Ил-62, АҚШ, ҚазПИ, медколледж, педколледж, пединститут,
ҚарМУ, колхоз, совхоз, медпункт, ТУ-104, ҚХР, БҰҰ, мм, см, кг,км,
Газ-69, МТС, ҚР ҰҒА, ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86, АН-24, ХШЖК, МАИ.
-
Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндір.
-
Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды.
-
Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
-
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
-
Баланың бас ұстазы- ата-анасы.
-
Тентек баланы теке сүзеді.
-
Қызға қырық үйден тыю.
-
Т өмендегі тірек сөздерді қатыстырып, сурет бойынша әңгіме жаз.
Тірек сөздер: ұлттық, спорт ойыны, жазық жерлерде, ат спорты, классикалық түрі, бапкер, шабатын бала, күтім, ат айдаушы, белгі, табандылық, батылдық, мініскер, аттарды, жылқы заводы.
-
Жұмбақтарды шешіп, сөздерді құрамына талда.
-
Қозғалмайды,
Үш аяқтан тұрады.
Ауыл көшсе,
Шаңыраққа шығады.
-
Кішкентай сары безер,
Жер дүниені кезер.
-
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.
-
Алты аяқты, төрт көзді,
Екі ауызды, бір сөзді,
Ынтымақпен ел кезді.
-
Мәтінді көшіріп жазып, заттың атын білдіретін сөздерді сөз құрамына талда.
18 май. Біздің аялдаған жеріміздің оң қол жағында Шелек ағып жатты. Бұл алқапта жирен деген атпен белгілі антилопалар мыңғырап жүреді. Қырғыздар оны қарақұйрық деп атайды. Кавказ бен Даурияда мұны дайран дейді. Тау қырғыздары мен Іле қалмақтарынша-жирен. Олар сәуір, мамырда лақтайды. Қырғыздар бірнеше лағын ұстап алды.
Ш.Уәлиханов
-
Кім тез табар екен? Әріптерді жүйелі қолдансаң, мақал шығады.
-
-
-
Ұ
Н
Ы
Д
А
Й
А
Ұ
Т
Қ
Д
С
А
Ы
М
-
-
12.Төмендегі сөйлемдерден күрделі сөздерді тауып, кестеге толтырып жаз.
Көкшетау-Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Ол батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр. Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді. Көлде ақтабан, алабұға, шабақ, сазан, шортандар бар. Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер, сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оқжетпес-Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы биік келген конус пішіндес жартас. Құртқашаш, қаражидек, қияқөлең, мыңжапырақ,көкшағыр - Көкшетау өңірінде өсетін өсімдіктер. Ақжон, аққанат, көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі. Көкшетау жеріндегі Майлысор, Айдабол, Көлшүмек- тұйық, тұзды көлдер.
Қос сөз |
Біріккен сөз |
Қысқарған сөз |
|
|
|
13. «Бурабай- жердің жұмағы» тақырыбына ой толғау жаз.
Тірек сөздер: жер жаннаты, табиғи сауықтыру орман кешені, байлықты қорғау, шұрайлы, шүйгін шөптер, табиғат мұражайы, Қазақстан Швейцариясы.
№1
Мына сөздерді қатыстырып, сөйлемдер ойлап жаз.
Атамекен, кеше, бақытты, Қазақстан, халықаралық, байқау, Астана, білім.
№2
Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын айтып бер.
-
Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас.
-
Қайырымды жүрек қартаймайды.
-
Ілім-бұлақ,
Ақыл- жағалай жатқан құрақ.
-
Еккеніңді айтпа,
Қамбаға төккеніңді айт.
-
Ұқыптының уақыты мол.
№3
Берілген сөздерді көшіріп жазып, мағыналарын айт.
Білімпаз. Ұмытшақ. Дымқыл. Жауырын. Сәулесі. Қиқар. Терең. Қабырға. Әскер. Ұшқыш. Ынтымақ. Бақыт. Сырғанақ.Мақтаншақ. Оқымысты. Азамат.
№4
Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін оқып, қолдану мағынасын түсіндір.
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен қарау; жүрегі тас төбесіне шығу; жаны ашу; көңілі қалу; жанына бату; төбесінен жай түскендей; тас жүрек;
су жүрек; ит арқасы қияңда; ат шаптырым жер; қас пен көздің арасында.
№5
Мәтінді түсініп оқып, еріндік және езулік дауысты дыбыстарды теріп көшір.
Аздан соң жол соғып қалжыраған жұрт қатты ұйқыға кетті. Сайдың тасындай ер жігіттер шоқпарларын бастарына жастанып, жүйріктерін белбеулеріне байлап, көштің ішіне шашырай орын алды. Әрі-беріден соң әр жерден қорылдағын, пысылдаған дыбыстар естілді.
Дала тып-тыныш, тек анда-санда лүп етіп соққан желмен ойнап үкілі қурай мен қамыс бастары шуылдай жөнеледі де, лезде тына қалады. Оқтын-оқтын көл жағасындағы әупілдектің күмпілдеген үні мен өгіз шағаланың өкірген айқайы естіледі. Кенет аш түлкінің тырнағына іліккен жапалақ жерге құлаған баланың даусындай шар етеді...
І.Есенберлин
Еріндік дауыстылар |
Езулік дауыстылар |
|
|
№6
Метаграммаларды оқып шешіңдер.
-
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Леземде от жағылды,
Тұрар елге нұр төгіп.
( Түн-Күн)
-
Алғашқы буыным-
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін-
Көп аңдардың дүрімін.
( Жол+Барыс+Жолбарыс)
-
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса,
Өлшеммін, дәуірмін.
( Бақыт-Уақыт)
-
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.
( Сүлгі-Үлгі)
№7
Құрамындағы жуан және жіңішке дауысты дыбыстар қатысқан сөздерді бөліп жаз.
Бұрынғы заманда Қыдыр, Бақ, Ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегісіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады.
Қыдыр Бақ пен Ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан жынды адамға барып дариды. Сонда оның айдаған жерінен шыққан тас кесектерінің бәрі алтын болып кетіпті.
Үлгі: Жуан дауысты сөздер:
Жіңішке дауысты сөздер:
№8
Төменде берілген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер және толғауды мәнерлеп оқып, мағыналарын түсіндір.
-
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.
-
Жақсы жердің қадірін қожайын емес, құл білер.
-
Білім берген мұғалім-
Өмірдегі зор ғалым.
-
Ғылым өлшеуі –ақыл,
Зейін өлшеуі-нақыл.
Нақыл сөздер
-
Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
-
Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық.
-
Алыстағы арыстанның ақырғанынан жақындағы есектің бақырғаны батады.
-
Жұрт Темірден қорқыпты,
Темір өлімнен қорқыпты.
-
Нан қадірін білмеген жан қадірін білмейді.
-
Нәрсіз сөзден надандық исі шығады.
-
Озат ойға өріс кең.
-
Ақиқаттың арбасы алысқа жетеді.
-
Талантты сөз-табиғи.
-
Жаңа қағазға жазсаң да,
Жаңармайды ескі ой.
Ескі қағазға жазсаң да,
Көнермейді есті ой.
-
Ғылымның жеңісі- халықтың жемісі.
-
Құлын өспей, Құлагер атанбас.
-
Елді егінші асырайды.
-
Дәні молдың әні асқақ.
Төле бидің толғауы
Алғаның адал болмаса,
Басыңа бақыт қонбайды.
Екі досты айырған
Түбінде өзі оңбайды.
Көреген болса балаңыз,
Қиынды көбен болжайды.
Өзіңнен туған ұл мен қыз
Сыйламаса, сол қайғы!
Наннан асқан тағам жоқ,
Қадірін білген адамға.
Билікті берсең қиратар,
Білімсіз соқыр наданға.
Жаныңа батса білерсің,
Қасиетін саулықтың.
Елің тозса білерсің,
Азабы мен қасіретін,
Араздасқан жаулықтың.
№9
Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып көшір.
Қ...з...қста...ның ...ай...ы...ы ұш...н-тт...ң...з. Б...з...еб...р...ы... та...и...и р...с...рс...а... кез...е...еді. Т...б...ғ...т...ы қ...р...ау қ...ж....т.
№10
Берілген мәтінді көшіріп жазып, мазмұнына көңіл бөл.
Кей күні Аян сирек тістерін көрсете отырып, жымың-жымың күліп қойып көңілді, күлдіргі ертегілерді бастайтын. Ондайда біз қыстың сай-сүйектен өтіп дірдектеткен ызғарлы суығын ұмытып, ішекті түйнеген күлкіден қиқылдап-шиқылдап, көзіміз бен мұрнымыздан сорамыз бірдей ағып, әрқайсымыз әр жаққа ішімізді басып домалайтынбыз да қалатынбыз.
Ол күні біз бұ дүниеде соғыс дегеннің бар екенін, әрқайсымыздың әке-ағаларымыздың алыста-сонау батыста жауған оқтың астында жүргенін де естен шығаратынбыз.
С.Мұратбеков
Тапсырма:
Көңілді, күлдіргі сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
№11
Жұмбақтардың шешуін тап.
-
Білімнің дәнін треді,
Балаға тәлім береді.
-
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы.
-
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.
-
Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.
-
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.
-
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
-
Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не?
Жұмбақтардың шешуі: сөйлем, ұстаз, күнделік, 42 әріп, мұғалім, сынып, қоңырау.
№12
Берілген сөз тіркестеріне қарсы мәндес сөз тіркестерін жазыңдар.
Жеңіл жұмыс-...; көңілді ән- ...; терең су- ...; баяу жел-...; қалың шөп-...; шалғай жер-...; қысқа сезім-...; тату ағайын- ...; бос шелек-...; ақ көйлек-...;
№13
Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен тіркестіріп, сөз тіркесін жазыңдар.
* Сирек, селдір (шаш, кездесу)
* Қысқа,келте,шолақ (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше)
* Көп, мол, қыруар ( ақша, тамақ,адам, жылқы, шығын)
* Мықты, берік, күшті (еден, ағаш, суретші)
№14
Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құрастырыңдар.
Күй өнері, домбыра аспабы, көркем шығарма, дарынды бала, күй атасы.
№15
Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айтыңдар.
-
Қалың дәптер, қалың қар,қалың шөп, қалың тұман, қалаң жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім.
-
Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы.
-
Қисық ағаш, қисық мінез.
-
Суық күн, суық сөз, суық хабар.
-
Жылы су, жылы сөз, жылы қабақ.
-
Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр мінез.
№16
Өлең шумақтарын оқып шығып, қимыл,іс-әрекетті білдіретін сөздердің астын сыз.
Ит
Шашыратып шығындап,
Жалап-жалап ішеді.
Жан-жағына ырылдап,
Қарап-қарап ішеді.
-Себебі не сондағы?
- Тым қызғаншақ болғаны.
Мысық
Көзін жұмып, көлгірсіп,
Жалап- жалап ішеді.
Бәрін өзі білгірсіп,
Санап-санап ішеді.
-
Себебі не сондағы?
-
Сәл сотқарлау болғаны. С.Боранбаев
№17
Қарамен жазылған сөздердің синонимін тауып жаз.
Бауыржанның қанатты сөздері
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
Отанда опасызға орын жоқ.
Ұрыс жүргізуге кедергі жасайтын ұлттық дәстүрлер жоқ, ұрыс жүргізуге көмектесетін ұлттық дәстүрлер бар.
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезім арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Ұлттың ішіндегі кер кеуде адам- зиянды, егістегі арам шөпті отап тастаған жөн.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі.
№18
Өлең шумақтарынан түсінгендеріңді өз сөздеріңмен мазмұндаңдар.
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама.
Махамбет
Бұл тағдыр бабын алсын, бағын алсын,
Тілесе, тіпті, тіл мен жағын алсын.
Тек қана туған жерден айырмасын,
Әйтпесе кімге еркелеп шағынасың.
Ж.Молдағалиев
Мың рахмет, ұстаз-мұғалім!
Ардақтап адам,
Көтерген сені жыр-таққа.
Ұлы елдің баулып ұланын,
Жасарып жылда,
Жасай бер, әрбір ұрпақта!
Ж.Молдағалиев
№19
Мына сөздердің фразеологиялық синонимдерін жаз.
Бақытты- маңдайы ашылған,қыдыр дарығын, бақ қонған.
Анық-
Алыс-
Аз-
Сорлы-
Білекті-
Мына фразеологизмдердің мағынасын білдіретін сөздерді жаз.
Жүрегі алып ұшты- қобалжыды.
Төбесі көкке жетті-...
Бармағын тістеді-...
Жермен жексен ету-...
Қол ұшын берді-...
Мына тұрақты тіркестердің антонимдерін жаз.
Жүрек жұтқан- су жүрек
Ит терісін басына қаптады-...
Жүрегі қарс айырылды-...
Ұшан-теңіз-...
Қой аузынан шөп алмас-...
Өзара синонимдес тұрақты тіркестер ойлап, жаз.
Көз ілмеді. Түн ұйқысын төрт бөлді. Кірпігі айқаспады. Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады.
Жұмған аузын ашпады-...
Төбе шашы тік тұрды-...
Төбесінен жай түсті-...
Ит арқасы қияңда-...
№20
Адамның портреті бойынша, бет-әлпеті, мұрны, аузы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестерді ойла.
Мысалы: бетің бар, жүзің бар демейді, бетінен оты шықты, көзінің жасы көл болды, мұрнына су жетпеу, тілі мірдің оғындай, тісінен шығармады т.б.
№21 Төрт түлік малға байланысты тұрақты сөз тіркестерін жазыңдар.
Мысалы: түйені түгімен жұтқан, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, өгіздей өкіреді, сиыр құйымшақтату, тайға таңба басқандай т.б.
№22
Жыл мезгілдеріне байланысты тұрақты сөз тіркестерін жаз.
Мысалы: Жаз- аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, көңілі көктем т.б.
Қыс- қабағынан қар жауып, кірпігінен мұз қатты, ақ қар, көк мұзда, түкірігі жерге түспейді, суық көзбен қарады т.б.
Күз- күрең қабақ болды, жылауық күздей, құс қайтқандай болды, балапанды күзде сана, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды т.б.
Көктем-май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды т.б.
№23
В енн диаграммасы арқылы тұрақты тіркестер мен еркін тіркестерді салыстыр.
№24
«Антоним» атты сөзжұмбақты шешу.
1 |
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
2 |
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
Т |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
О |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
6 |
И |
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
М |
|
|
|
|
|
1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
2. «Бағалы» сөзінің синонимі.
3. «Байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз.
4. «Айналайын, қарағым, бетіңе келмес,қарағым» деген өлең шумағында
қандай сөздер тобы бар?
5. «Бала» сөзінің синонимі.
6. Бір ғана сөз табына қатысты сөздер қалай аталады?
7. Біледі иесі бағасын,
Көргенде таң қаласың.
Сүтсіз-ақ асырар
Қырық-отыз баласын.
№25
Жұмбақтар ойыны
Оқыған жұмбақтардан бірінші жауабын, екінші антоним сөздерді тап.
-
Күндіз ізетті, түнде күзетте. ( есіктің ілгегі)
-
Қара жердің төсінде ақ қоянның ізі мол. (тақтадағы жазу)
-
Асты тігілген, үсті сөгілген. (қап)
-
Ерте тұрады бір қыз,
Кеш тұрады бір қыз.
Қайткенде де солардың
Дегенімен жүреміз. (Күн мен Ай)
№26
Мақал-мәтелдерден антоним сөздерді теріп жаз.
Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады. Палуанға оң, терісі бірдей. Ит үрер жақсыға да, жаманға да. Алыста жүрсе-кісінескен,жақында жүрсе-тістескен. Жақсылық жар басында, жамандық жастық астында. Досыңның асын қасыңдай іш.
№27
Мына тұрақты сөз тіркестерін бір сөзбен ата.
Жүрек жұтқан-
Жерге кіре бастады-
Таң сәріден-
Қой аузынан шөп алмас-
Ағынан жарылу-
Арасынан қыл өтпейтін-
Аттың жалы, атанның қомында-
Құлаққа ұрған танадай-
Аспанмен таласқан-
Тамырына балта шапқан-
Бармағын тістеу-
Қолын қақпау-
Бір ауызды болу-
№28
Сөйлемдердің ішінен тұрақты сөз тіркестерін тап.
Ботасы өлген інгендей боздайды да жылайды. Бір кезде төрдегілер қойдай дүрлігіп, есікке келді. Үріккен еліктей елегізе қалған ол төмен қарады. Аққудай тізіліскен ақша қыздар алтыбақанды айнала топтасып тұр. Айгүл аққудың көгілдіріндей болып өсіп келе жатыр. Ауыз үйдегі кемпірлер үріккен қаздай дүр сілкіністі.
Есіткенде бұл сөзді
Жасыды менің сүйегім.
Көзімнің жасы егілді,
Қабырғам менің сөгілді.
№29
Фонетикаға байланысыт сұрақтарға жауап бер.
-
Фонетика дегеніміз не?
-
Фонема деп нені айтамыз?
-
Әріп дегеніміз не?
-
Дыбыс дегеніміз не?
-
Адамның сөйлеу мүшелері неше бөліктен тұрады? Атап суреттеу керек.
-
Артикуляция дегеніміз не?
-
Сөйлеу тілі дыбыстарының пайда болуына қандай шарттар керек?
-
Жалпы дыбыс болу үшін қандай шарттар керек?
-
Сөз бен дыбыстың бірлігі неде деп ойлайсың?
10)Буын үндестігі дегеніміз не?
№30
Кім айтқан?
-
«Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы, бізде енді поэзия дәуірі басталады» (Ә.Тәжібаев)
-
«Жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та Мұқағали алдымыздан шығады» (Оразақын Асқар)
-
«Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді» ( Лашын Әзімжанова)
-
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім. (М. Мақатаев)
-
Сенің жырың жаралған Гималайдың,
Төбесінде ойнаған найзағайдан. ( Т.Молдағалиев)
-
«Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқына адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады» ( Күләш Ахметова)
№31
Төмендегі сөйлемде қарамен жазылған омонимдер қандай сөз табынан жасалғанын айт.
Жоғалса да атың, / зат есім
Жоғалмасын атың. / зат есім
Айыбымды кеш, /етістік
Келсем де үйге кеш. /үстеу
Жағам дейсің қара, /зат есім
Әліңе бірақ қара. /етістік
Күйе, күйе, күйе ме? /зат есім
Күйеге қолым күйе ме? /етістік
Самат санды бөле ме? /етістік
Сара мен Самал бөле ме? /зат есім
Дәл осы орында /зат есім
Сабағыңды орында /етістік
Келсең-дағы жай /үстеу
Киіздерді жай. /етістік
№32
Сұрақ-жауап
-Бұл кім?
- Дәрігер, емдеуші, ақ халатты абзал жан т.б.
- Ол кімді емдейді?
-Ол ауру адамды, дімкес адамды, науқастарды, сырқат, дертті адамдарды емдейді.
-Қойды кім бағады?
-Қойды қойшы, бақташы, шопан бағады.
- Қойлар қайда жайылып жүр?
- Қойлар өрісте, жайылымда немесе тауда, беткейде, қырда, жотада, белде жайылып жүр.
№33
Омонимдер мен синонимдерді салыстыру.
Омонимдер Өзіне тән белгілері
мағыналары бөлек сөздер
|
Ортақ қасиеттері
|
Синонимдер Өзіне тән белгілері
|
№34
Мына сөздердің синонимдік қатарын толықтыр.
Туысқан-
Данышпан-
Қаймығу-
Әрең-
Қорқу-
Қысылу-
Жомарт-
Адал-
№35
Антоним сөздердің астын сыз.
Үлкенге-құрмет,
Кішіге-ізет.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (?)
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (?)
Ашу-дұшпан,
Ақыл-дос.
Ақылдан жақын дос жоқ,
Ашудан жаман қас жоқ.
Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (?)
Бар ма, жоқ па- оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (?)
Еңбек- қуаныш, жалқаулық- айырылмас азап.
Ата-ананың ақылы-
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы-
Сарқылмайтын көлмен тең.
№36
Даналардан шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез. ( Қанатты сөздердің мәнін ашу)
* Ақын бала мінезді,
Ол айды алам деп қолын созады,
Айға ұмтылған ақын-шын ақын,
Ол атасынан жүз жыл үлкен,
Баласынан бір ғасыр кіші болғандықтан шын ақын
Б.Момышұлы
* Қадірлі кісі қартаймас.
Ж.Баласағұн
* Өз қадірін білмеген, ер қадірін білмейді.
Ер қадірін білмеген, ел қадірін білмейді.
Б.Момышұлы
* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішін өлген артық.
Б.Момышұлы
* Кімде кімнің әділі жоқ болса, оның ұлты да жоқ.
Абай
-
Тәкаппарлықты тәңірі сүймес
Қорқыт ата
№37
Мақал-мәтелді құрастыр.
-
Білім-ер азығы, (ер- ел азығы)
-
Шебердің қолы ортақ, ( шешеннің тілі ортақ)
-
Білімді өлсе, қағазда аты қалар.
(Ұста өлсе, істеген заты қалар)
-
Ақыл- тозбайтын тон,
(Білім- таусылмайтын кен)
-
Екпей егін шықпас,
(Үйренбей білім жұқпас)
-
Жеті жұрттың тілін біл,
( Жеті түрлі білім біл)
№38
Өлеңді оқып, өз сөзіңмен түсіндір.
Балалы үй –базар
Мен мектепте оқимын, Әжем айтар ертек көп,
Інім болса бақшада. Атамызды сыйлаймыз.
Ақ мамама кім жетсін, Біздің үйде ән тарап,
Әлемдегі жақсы ана. Думандатар өмірді.
Папамызға еркелеп, Біздің үйде салтанат,
Мамамызды тыңдаймыз. Біздің үйде көңілді