"Сөзжасамнан өткенді қайталау" сабақ жоспары 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөзжасамнан өткенді қайталау" сабақ жоспары 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың білімділік мақсаты:

1.Сөзжасамнан өткенді қайталау

2.Оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыру, бекіту.

С/дамытушылық мақсаты:

1.Мәтін сөйлем құрастыру шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының таным белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

С/тәрбиелік мақсаты:

1.Жүйелі ойлау, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.

2.Берілген мысалдарды пайдалана отырып, ой түйінін шеше білуге, халықтың тіл байлығын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, кеспе қағаздар, таблицалар, ойындар.

Сабақтың барысы:

A) Ұйымдастыру жұмысы

Ә) Қызығушылық ояту.

Үй тапсырмасын тексеру: ,,Біз өткен сабақтарда нені білдік?” деген мақсатпен сұрақ-жауап әдісімен сөзжасамнан өткендерді пысықтау, қайталау.

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөзжасам неше түрлі тәсілдермен жасалады?

3.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

4.Туынды сөздер жұрнақ арқылы қалай жасалады?

5.Бірігy арқылы жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

6.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

7.Сөздер тіркесу арқылы қалай жасалады?

б) Білімді тексеру кезеңі

I деңгей ,,Жауап бер''

II деңгей ,, Ойла Ойлан''

III деңгей ,, Жалғастыр''

IV деңгей ,, шешуін тап''

I деңгей

А) Сөйлемдерден сөзжасам сөздерін тауып, қалай жұмсалып тұрғанын айт.

Жетісудің жерін мен жақсы білемін.Менің тyған жерім-Малайсары. Көп кешікпей бұларға көрші-қoлаң, ағайын-туғандар келе бастады.

Ә)Қос сөздерді толықтырып сөйлем құра.

Ертелі….ұлан….анда….жеміс….ата.

(Кем, теңіз, санда, жидек, баба)

II деңгей. ,,Ойла, ойлан''

A)Біріккен сөздердің сыңарын тауып жаз.

Бейне….мүшел….тіл….тұсау….арам….сая….баспа....ақ.

(бейнетаспа,той,ашар,кесір,шөп,жай,сөз,сүйек)

Ә)Сөзжасам қалай жасалады? Әрбір жасалу тәсілдеріне бір-бірден сөйлемқұра 1,2,3,4.

III деңгей. ,,Жалғастыр''

A) Мына сөздерді қалай қосарлап айтуға болады.

Ыдыс (аяқ)

Үлкен (кіші) бас (аяқ)

Төсек (орын) тым (тырыс)

Киім (кешек) үсті (басы)

Біреу (міреу) әрі (бері) іс (әрекет)

Ә) Ақтөс, Алатау, ақбөкен, демалыс, бүгін сөздеріне ойларыңнан сөйлем құра.

IV деңгей. ,,Шешуін тап''

A)Жұмбақтың шешуін тауып, сөзжасамды түсіндір

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (кітап)

Қарааспанның тауында,

Киік кетіп барады.

Қол-аяғын баурына

Жиып кетіп барады. (бұлт)

Ә) Қосымшаларын тауып жаз

Ақыл жас ұлан…. (нан)

Жүйрік тай құлан…. (нан) Мақал

V деңгей. Шығармашылық деңгей:,,Ой толғаy''

,,Көктем“ тақырыбына сөзжасамдарды қатыстырып, мәтін құра.

В) Бекіту кезең ,,Сендер білесіңдер ме, балалаp'' ойынын ойнату.

1.ап-аласа, қонақ (үй)

2.доп-домалақ, бет (ашар)

3.жап-жақсы, көне (төз)

4.шіп-шикі, Ала (тау)

5.сеп-семіз, таң (ертең)

6.түп-түгел, алты (бақан)

7.пып-пысық, еш (кім)

8.он (алты) күн (сәулесі)

9.темір (жол) жер (жүзі)

10.көк (ала) кәрі жілік

2) ,,Қызықты грамматикадан'' сұрақ-

тапсырмалар

1.Кім тез шешеді?

Бөлек жазсаң,

Біреуі түйреп алады.

Бірге жазсаң,

Бір құс болады.

(Бізтұмсық)

2. Екі сөз бірігіп айтылса,

Онда ол -тышқан.

Бөлек бөлек айтылса,

Біреуі ұсталық сайман.

(Егеуқұйрық)

Әзіл-шыны аралас сұрақтар:

А)Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады?

Ә)Күнбағар сөзінің түбірі нешеу?

Б) Қалжыңға бас қосылса, қандай түбір болады?

Г) Жалғау көп пе, жұрнақ көп пе?

Д) Сабақты қорыту, бағалау.

Ж) Үйге тапсырма: Сөзжасам сөздерін қатыстырып сөйлем, мәтін құру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.00.2018
877
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі