Материалдар / «Спорт – денсаулығым, байлығым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Спорт – денсаулығым, байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының әзірлемесі мұғалімдер үшін көмекші нұсқау бола алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
674
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы

КМҚК «Құрылыс колледжі»


Бекітемін

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Ғалымова Р.М.

« » 2017 жыл


«СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҒЫМ, БАЙЛЫҒЫМ»

ашық тәрбие сағатының әзірлемесі


оқу тобы:С-12. өтетін орны: колледж акт залы

өтетін уақыты:07.12.2017ж, сағаты 13-10

ұйымдастырушылар:топ жетекшісі: Оразымбетова Р.Д.

денешынықтыру пәнінің жетекшісі: Жумаканов С.С.



Келісілді

Колледж топ жетекшілері

бірлестігінің жетекшісі

Уакаева Н.Ә.

« » 2017 жыл


Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер бірлестігінің отырысында

қаралды. Хаттама №

« » 2017 жыл

ПБ төрайымы: Оразымбетова Р.Д.

Семей-2017 жыл



Тақырыбы: «СПОРТ-денсаулығым байлығым»

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан өз денсаулығына жағымды жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу. Ел спорт додасының жеңімпаздарымен таныстыру, жеңіс иелерінің толағай жеңістерін насихаттау және жас ұрпаққа үлгі ету.

Көрнекілігі: спорт түрлері туралы суреттер, қанатты сөздер,

видеороликтер және слайдттар

Қанатты сөздер:

«Дені сау бала әр отбасының, қуанышы, бақыты».

«Денсаулығы мықты адам-халықтың болашағы,

Отанының сенімді тірегі»

«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» 

«Спорт – бейбітшілік елшісі»


Ашық тәрбие сағатының барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: топ оқушыларын, өтетін орынды (акт залы) даярлау,

безендіру және жеңімпаз қонақтарды және басқа оқу

топтарын шақыруды назарда ұстау.

Ашық топ сағатын жүргізушілер: 1.Оразымбетова Р.Д.-топ жетекшісі

2.Жәнібек-топ старостасы


1. «Жаса Қазақстан, жаса менің өз елім» әнімен жүргізушілер сахнаға шығады

Топ жетекшісі:

Құрметті студенттер, әріптестер, бүгінгі біздің ашық топ сағатымыздың тақырыбы: «Спорт-денсаулығым, байлығым» деп аталады. Бүгінгі С-12 топ оқушыларының күшімен ұйымдастырылған тәрбиелік іс шараға хош келдіңіздер! 

2.Жәнібек-топ старостасы:

Аса қадірлі ұстаздар, достар!

Біздің бүгінгі іс-шарамыздың қадірлі қонақтарын қарсы алаңыздар.

«Чемпиондар» әнімен қарсы алу

1.Топ жетекшісі:

1.Айбек Нұғымаров- самбошы, түйе палуаншы, ауыр салмақтағы халықаралық спорт шебері. Қазақ күресінен бірнеше Қазақстан, Еуроазия және Әлем барысының  чемпионы

2.Нұрлан Қойжайғанов – 1995 жылғы колледж түлегі, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы

3.Жұмақанов Санат Сайлауұлы-колледждің денешынықтыру пәнінің жетекшісі

1.Топ жетекшісі:

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан өз денсаулығына жағымды жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу. Ел спорт додасының жеңімпаздарымен таныстыру, жеңіс иелерінің толағай жеңістерін насихаттау және жас ұрпаққа үлгі ету.

Өздеріңіз білесіздер, Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» атты мақаласында «ұлттық сана», «ұлттық код», «туған жер», «жаңа 100 есім» т.б. мәселер бойынша бағдарламалар қарастырылған. Көзделген мақсат әлемдік 30 елдің қатарынан көріну, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу.




Ұлттық код дегеніміз-тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге аса құрметпен қарау туралы. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. «Ол үшін халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді берік ұстана отырып, қазақстандық азаматтың әрбір қадамының нық болуы болашаққа сенім» ,- деп айтылады. Бұл ұлттық жаңғыру.

Ұлттық жаңғыру деген ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар.

1.ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

2. ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Ұлттық салт-дәстүрлер, тіл мен музыка, әдебиет пен жоралғылар, ұлттық өнер мен ұлттық спорт ұлт рухтың басты құндылықтары. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы- білім. Мұны білу керекпіз. Бүгінгі жастарға басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  Осы орайда бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды «Ой қозғау» сұрақтары арқылы бастайық. Сұрақтар:

-Спорт деген не оның тарихы туралы не білесіздер?

-Экраннан Қазақстан Республикасының атақты спортшыларының суреті көрсетіледі. Спорт додасының жеңімпазын танып, атап, жеңісі туралы айтып өтеді.


2.Жәнібек-топ старостасы:

Спорттың шығу тарихына тоқталсақ... Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөль атқаратын адам ақыл-ойына қатысты өнер түрі.

Топ жетекшінің сөзі:

Адам ағзасы үшін дене белсенділігінің алар орны ерекше. Кез келген спорт түрі денсаулығымызға пайдалы. Спортпен шұғылдану көптеген аурулардың алдын алудың тиімді әрі арзан әдісі болып табылады. Себебі спорт дене белсенділігі жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартады, жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп-қатерін төмендетеді, сүйек салмағын арттырып, қорғайды. Ең бастысы спорттың қай түрі болмасын адам жанына жақын болуы қажет. Өзі қаламаған спорт нәтиже бермейді.


2.Жәнібек-топ старостасы:

Спорт түрлері өте көп. Адам жанының сұлулығы болып табылатын Гимнастика спорты ежелгі Қытайда, күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы- Ежелгі Грекияда дамыған.

Топ жетекшінің сөзі:

Ол мемлекеттерде спорттың бұл түрлері әскери мәдениет мен әскери өнерге тікелей қатысты болған. Осыған байланысты 4 жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өткізіп тұрған. Осылайша спорттың дамуының өз тарихын жасайды. Ал енді Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері ҮІІ ғасырда пайда болған. Халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болған. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямаған. 

2.Жәнібек-топ старостасы:

Қазақтың ұлттық спорт түрлері көп-ақ. Ия, қазақ баласы үшін алдымен спорттың қызықты түрі ат спорты. Ат спортының мынадай түрлері бар. Аламан бәйге, бәйге, ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, құнана бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс, қыз қуу, көкпар, жамбы ату, күмс ілу, сайыстар



Топ жетекшісі:

Келесі спорт ақыл-ой ойындары: Шахмат, шашки, тоғыз құмалақ, нарды болса,

Жеңіл атлетика: жаяу жарыс, жігіт жарысы мен әйелдер жарысы;

Күш өнерінің жарысы: балуандар күресі, түйе көтеру, өгіз жығу, асық ойындары

Сіздерді жалықтармайық. Назарларыңызға колледждің 1995 жылдың түлегі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем, Азия кубогының иегері, Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдегері 2004 жылы Афин олимпиадасының қатысушысы Нұрлан Қойжайғанов атындағы қалалық, облыстық, республикалық жасөспірімдер арасында өткен еркін күрес бейне жазбаларын тамашалуды ұсынамыз. (бейне жазба)

Мақсатымыз – салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелей отырып,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, Қазақ елінің көк байрағын талай елдердің спорттық ареналарында желбіреткен ағалар өз арамызда. «Спорт-дода, бейбітшіліктің елшісі». Біздің елімізде спортың барлық түрі дамыған. Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар спорт додаларында елімізді әлемге танытты.

Серік Қонақбаев- боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979,1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), ҚРның Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдары депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті


Жақсылық Үшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әл


ем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.


Дәулет Тұрлыханов-грек-рим күресінен Қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының 

палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.  Жарма ауданының Құрметті азаматы

Бекзат Саттарханов –Сидней олимпиадасының чемпионы.

2012 жыл. Лондон Олимпиадасы. қазақстандық спортшылар 7 рет көк туымызды көкте желбiреттi. (экраннан көрсету) Байрақты бәсекеде әлемнiң 200-ден астам елiнiң арасынан 12-орынды иелендiк. Қазақ елінің спортшылары алғашқы күннен-ақ алтын алумен бастады.(суреттерін көрсету арқылы) Велоспорттан 250 шақырымдық қашықтықтағы жарыс жолына шыққан  Александр Винокуров топ жарып, 2-ші күні   ауыр атлет Зүлфия Чиншанло әлемдік олимпиада рекордын жаңартып, Жарыстың 4-ші күнінде Қазақстан қоржынына 3-ші алтынды ауыр атлетіміз  Майя Манезаның жеңісі, зілтемірші қыз  Светлана Подобедова 4-ші алтынды, 5-ші алтынды Ілия Ильин Шығыстан шыққан (ШҚО) арғымақ қыз Ольга Рыпакова үштеп секіруден 14,98 метрге секіріп, еліміздің қоржынына түскен 6-шы алтын медальдің иегері атанды. Қазақ халқында жеті деген сан киелі.  Серік Сәпиев  7-ші алтын медальмен Олимпиада ойындарының соңғы күнін өз биігінде қорытындылады.


«Спорт-әр қайсымыздың денсаулығымыз бен байлығымыз».  Спорт денсаулыққа өте пайдалы. Әңгіме базарын ағаларға берейік. «Денсаулығы мықты адам-халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі». Халықтың би өнерінен де спорт элементтерін көруге болады. Соның айғағы болсын алдарыңызда С-12 топ жігіттерінің орындауында «Қара жорға» биі.





2.Жәнібек-топ старостасы:  

Рахмет Достар! Адам өмiрiнде спорттың алатын орны ерекше. Мемлекеттiк тұрғыдан қарайтын болсақ, ол – абырой! Ел абройы ер азаматтарының ерлігімен өлшенеді.. Осындай жеңістердің жалғасын қонаққа келген ағаларымыз жалғайды. Қонақ ағаларымыздың спорт додасындағы қысқаша жеңіс тарихына көз сала отырыңыздар (Экраннан керек-дерек)


Айбек Нұғымаров Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубыгінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы, Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста "Қазақстан Барысы" атағын алды (2013 ж.). 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сыйға тартылды. 2017 жыл. Әлем барысының чемпионы. Бапкері - Серік Қоржыкенов

Нұрлан Қойжайғанов-1977 жылы Семей облысы, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылының тумасы. Грек-рим күресімен 4-і сыныптан бастап шұғылданды. №13 кәсіптік училищеге түсіп ағаш шебері ұстасы мамандығын алған. 1995 жылы үздік диплом алып, 1997 жылы тайланд қаласында өткен Азия кубогының иегері атанды. Финляндияда Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. 2001 ж. Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді. 2003 жылы Алматыда өткен Әлем кубогының иегері атанды. Грек-рим күресі бойынша Афин олимпиадасына қатысты. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2010 жылдан Аякөз ауданының құрметті азаматы. 2014 жылдан қазіргі уақытта Болат Тұрлыханов атындағы спорт мектебінің директоры. Отбасылы. Бір ұл тәрбиелеп отыр.


Топ жетекшінің сөзі:

Құрметті студенттер сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат

-Спортқа келуіңізге кімдер себеп болды?

-Спорттық алғашқы жеңіске жеткендегі көңіл күйіңіз қандай болды?

-Жастар неге спорттан қашады?

Топ жетекшінің сөзі:

Құрметті қонақтар! Кезекті С-12 топ оқушыларының «Спорт-денсаулығым, байлығым» атты сіздер үшін даярлаған өлең жолдарын оқуға берейік.

1 оқушы:

Шыныққан шымыр денеміз, 

Күн сайын өсіп келеміз. 

«Денсаулық – 5, сабақ — 5», 

Деп рапорт береміз 

Сымбат - мүсін дегенің 

Бітім – көркі денеңнің. 

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап.


2 оқушы:

Көтеріп сәл кеудені, 

Иық жазып дұрыстап. 

Түзу отыр, қисаймай, 

Бүкіреймей, жантаймай. 

Спорт біздің досымыз, 

Күш қайраты сыналған. 

Спорт біздің досымыз, 

Бала кезден шыңдалған. 




3 оқушы:

Денсаулық - ол шыныққан, 

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан, 

Жүйке тамыр жүйесі. 

Жүреміз бәріміз, күлеміз. 
Спорттың пайдасын білеміз.

Сөз соңында айтарым

Спортпен достасып жүреміз. 


4 оқушы:

Сағаттың тіліндей, 
Иіліп оңға бір. 
Сағаттың тіліндей ,
Иіліп солға бір. 
Оң аяқ, сол аяқ, 
Жаттығу оңай-ақ, 
Жақсы өмірді таңдаймыз. 
Тыныштықты қолдаймыз, 
Әрқашанда бар ынтамен, 
Салауатты өмірді қолдаймыз 

5 оқушы:

Басты байлық - денсаулық 
Бабаң айтқан даналық. 
Сақта жолын сен тауып, 
Осы шақтан балалық. 
Денсаулықты сақтайық, 
Шынығайық, баптайық. 
Бір, екі, үш, бойға жинап күш 
Шынығуды бастайық 

Топ жетекшісі:

Спорттың жаңа заманауи түрлері көп. Жас өспірімдер қазір спорт түрімен айналысуды бірі шын чемпион болсам, бірі әуесқойлықпен бастайды. Олар әрине бүгінгі палуан ағалардың ізбасары болары қақ. Осындай оймен спортты жастайынан серік еткен жас спортшыларға береміз. Қарсы алыңыздар. (дзюдо спортының болашақ чемпиондары)

2.Жәнібек-топ старостасы

Рахмет! Міне ертеңгі спорт жарыстарындағы Айбек, Нұрлан ағалардың ізбасарлары, болашақ қазақ чемпиондары! (қол соғып қошемет көрсетейік)

Топ жетекшісі:

Иә, спорт-денсаулық кепілі, біздің денсаулығымыз өміріміздің байлығы.

Құрметті студенттер, жастар! Денсаулықты сақтау күнделікті өмірлік жеке бас гигенасымен байланысты. Спорт десек денсаулық, Денсаулық-әркімнің жеке бас байлығы. «Білгеніңе сенбе, біліміңе сен» атты ой ашу сұрақтарына жауап беруге шақырамыз. Әрине қол көтеріп жауап беру керек. Дұрыс сұрақ жауабын тапсаңыз чемпион ағалары қолынан аз-маз сыйлық аласыздар.

СОНЫМЕН....
1. Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен тіс пастасы)

2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын)

3. Дене шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі сабағы) 

4. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы) 



5. Адам өміріне ең қажетті дүниелер (ауа, су, жылу, жарық, тамақ) 

6. Тазалық кепілі (денсаулық) 

7. Үстел теннисіндегі шардың салмағы ( 2,5 гр)

8. Барлық футбол чемпионаттарына қатысқан әлемдегі жалғыз мемлекет (Бразилия)

9.Кинода ең жиі кездесетін спорт түрі – бокс.


2.Жәнібек-топ старостасы

Тамаша. Көңілдерің көтерілсе,

Өмірде бақыттысың денің сау да. 

«Денсаулық - терең байлық» - деген сөзді жай айтпаған ұлы Абай атамыз.

Иә, «Спорт –денсаулығың, байлығың» атты ашық топ сағатымыз аяқталуға жақындады. Сахнада топ оқушыларының орындауында «Жаным, қазақ» әнін қарсы алыңыздар


Топ жетекшісі:

Құрметті қонақтар, әріптестер, студенттер!

Қазақ халқында қонақты құр жібермейтін дәстүр бар. Сол дәстүр бойынша қонақтарға арнайы дайындаған сыйлықтарды беруге рұқсат етіңіздер. (сыйлықтар табыс етіледі)

Иә, «Рухани жаңғыру -болашақ бағдары». Ұлт азаматтарын қадірлеу, ерлік істерінен үлгі алу, сол азаматтар жеткен жеңістерді насихаттау өз мәресіне жетті. Келген қонақтарға табыстарыңыз толағайлы болсын дей келе, жеңістеріңіз көп болғай. Ел абройын асқақтата беріңіздер дейміз.

-Жастарға, оқушы қыз-жігіттерге айтар ақыл кеңестеріңіз болса ...

Сіздерге тәрбиелік шарамызға келіп, алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге және біздің студенттерге жақсы тілек айтып ағалық кеңес бергендіріңізге зор алғысымызды білдіреміз. Рахмет! Жеңістеріңіз жаңғыра берсін! Жақсы күндерде жолыққанша.

Естелік ретінде сіздерді суретке түсуге шақырамыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!