Материалдар / Спорт-денсаулық кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорт-денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, әрқашан өз денсаулығын күтуге дағдыландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
813
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, ойындар т.б
Сабақ барысы: 
Жоспар 
І. Ұйымдастыру кезеңі.  
 Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі» Қош келдіңіздер! 
ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?  
ІІІ. Спорттың шығу тарихы. 
1)Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. 
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет пен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын құрастырып отырмыз.Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.

Ат спортының түрлерін кім маған атап береді?
•    аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
•    байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
•    ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
•    аударыспақ - ат үстінде алысу,
•    жорға жарыс - жорғалар сыны,
•    құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
•    қыз қуу,
•    көкпар - командалық ойын,
•    жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
•    күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
•    сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
•    шатраш (дойбының бір түрі),
•    тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
•    саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
•    қазақша күрес,
•    әйелдер күрес;
Жеңіл атлетика -
•    жаяу жарыс,
•    жігіт жарыс,
•    әйелдер жарысы;
Күш өнері -
•    балуан тас,
•    түйе көтеру,
•    өгіз жығу,
•    асық ойындары және т.б.

Сіздер таңқалмаңыздар, қазіргі таңда біздің ағзамызды айықпас дертке ұшыратын темекі, яғни көк түтіндер, адамды жындандырушы ішімдіктер мен есірткі заттар, сонымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы көптеп шығып жатыр. Облыс көлемінде қаншама жарнама арқылы зиянды әдеттерден арылтуға бағытталған жарнамалар көрсетілсе де, оның саны азаймай отыр. Біздің мақсатымыз осы жағымсыз заттардан қоғамды арылту, салауатты өмір салтын қолдау. Білім – инемен құдық қазғанмен тең болса, осы сабаққа қатысуларыңыз теңізге бір тамшы су құйғанмен тең. 

 6)Спорт, денсаулық, амандық-саулыққа, қатысты мақалдың жалғасын тауып мағынасын табамыз. 
Денсаулық - зор байлық.
Жарлының байлығы - денінің саулығы.
Ауру атанды да шөктірер.
Ауру кірді - әлек кірді.
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.
Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.
Ауруын жасырған өледі.
Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде.
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
Сәтін салған ауруға, не болса, сол ем болады.
Қасқырдың ойлағаны - арамдық,
      Қойдың ойлағаны - амандық.
Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
Емнің алды - еңбек.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.
Ауру желмен кіріп, термен шығады.
Азған денеге ауру үйір.
Денің сау болса, жарлымын деме,
      Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Ұйқы - тынықтырады, жұмыс - шынықтырады.
Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
      Ішің ауырса, тамағыңды тый.
Қалай дегенменде  спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» . «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен бір ғұлама . Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзi үлгi бола отырып, халықты, әсiресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемi шақырады. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер». 








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!