жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
спорт ойындары
Жоспар:
-
Кеудеден екі қолдап лақтыру
-
Екі қолдап жоғарыдан лақтыру
-
Иықтан бір қолмен лақтыру
-
Бастан бір қолмен лақтырғанда
-
Кеудеден екі қолмен допты әперу
Д О П Т Ы саусақтарының арасын кең ашып, екі қолдан жан жағынан қаусыра ұстайды. Допты дұрыс ұстай білуге үйрету үшін айналысушыларға төмендегідей жаттығулар жасату керек; допты алып, оны жоғары көтеріп, тізе тұсына қарай шапшаң түсіру, содан кейін қолды түзу ұстап допты оңға қарай көтеріп, шапшаң қимылмен солға ауыстырып, екі жаққа қарай шеңбер жасай ауыстыру. Егер сіз допты осы нүктелердің барлығында бақылап отыра алағңыз, онда сіз допты дұрыс ұстай алғаныңыз. Допты саусақпен ғана, алақанның жоғары ғана тигізбей ұстау керек екендігін есіңізде сақтаңыз. Басқа жаттығу: допты алып, серігіңізге оны ұстауға мүмкіндік беріңіз өзіңіз қуатты қимылмен допты жоғары, төмен, өзіңізден әрі, өзіңізге қарай айналдыра, итере, ұмтыла серігінің қарсыласын жеңе отырып тартып алаңыз.
К е у д е д е н е к і қ о л д а п л а қ т ы р у – түйін тәрізді жалт беруден кейін допты шапшаң, бірақ жұмсақ лақтыра отырып, қажетті траектория бойынша торға түсіру. Лақтыру нәтижелі болу үшін аяқпен дұрыс жұмыс істей білудің маңызы зор: көздеуде аяқ аздап бүгіледі, ал допты лақтыруда толық түзетіледі де, дене түгелімен доптың соңынан тартылғандай болады.
Е к і қ о л д а п ж о ғ а р ы д а н л а қ т ы р у – көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолымен жасалатын түріне ұқсас, тек бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғары ұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға – бір қырына қарай бағытталған. Лақтыру қимылы қуатты күшпен түзету арқылы орындалады және қол қоспасын шарт еткізумен аяқталады. Лақтырудың бұл түрі секіріп жасалғанда айрықша тиімді, себебі доптың жоғары болуы оны ұшып бара жатқанда ұстап алуды қиындатады. Сонымен бірге бұл лақтыру ыршып түскен допты қайта ұруда жиі қолданылады.
И ы қ т а н б і р қ о л м е н л а қ т ы р у – дайындық қимылдары мен жұмыс істеу сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас. Дайын тұрған күйінен доп иыққа шығарылады да лақтырушы қол саусақтарына көшіріледі: допты ұстап тұрған екінші қол бір жаққа қарай жіберіледі. Лақтыру қимылы қолды қуатты күпенен түзету арқылы орындалып, қол қоспасын шарт еткізумен аяқталады. Егер лақтыру бір орында тұрып жасалса /мысалы, айып лақтыру/, онда лақтырушы қол жағындағы аяқ алға қарай шығарылады.
Б а с т а н б і р қ о л м е н л а қ т ы р ғ а н д а – орындауда доп қолдың бірінің саусақтарымен ұсталып тұрады. Бұл жағдайда допты екінші ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолдан лақтырудағылармен бірдей.
Торға дәл түсу үшін дұрыс көздей білу және мергендікті арнайы машықтандыру керек. Егер лақтыру орта және алыс қашықтықтан жасалса, онда шеңбердің алдыңғы шетінің ортасын көздеу керек. Жақын қашықтықтан лақтырғанда қалқанды қосымшанысана ретінде пайдаланып, дәл түсіруді жеңілдетуге болады.
Қол қоспасының дұрыс орналасуын және допты қаусырудың дұрыстығын тексеру үшін төмендегі жаттығулар арқылы тексеріледі:
-
Баскетболшы тіке тұру қалпында қолымен доп ұстап тұрғандай көрініс жасау:
-
Дәл осы, тек жүрелеп отырып, қолын жерде жатқан допқа қою. Допты алып, бастапқы қалпыға келіп, қолдың қоспасын доппен бірге айналдырып көру керек, бұл мұндай қимылдарды орындау қаншалықты қолайлы екендігін білу үшін қажет. Егер дұрыс қаусырып, допты саусақпен дұрыс ұстасаңыз, онда бұл қимылдарды онша қиналмай жасауға болады;
-
Дәл осы, доп алаңға түсетіндей етіп, қоспаны ашып сосын қайта ұстап алу. Дәл осы, допты жоғары лақтырып, қағып алу.
ОСЫНДАЙ жаттығулардан кейін серігі лақтырған немесе қабырғаға ұрылып қайтқан допты қағып алуға болады. Қимылдарды бірнеше рет қайталау керек.
Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғана қағып алуды жетілдіруге болады.
|
Допты қағып алуға көп кездесетін қателіктер |
Қателіктердің болу себептері |
|
Допты қысып қалуға тырысу сәтінде қолдан ұшып кетеді. Доп қол қоспалары арасынан өтіп кетеді. |
Доп түзу созылған қолға ешқандай сақтандырусыз қабылданады. Қағып алу сәтінде қол қоспасы дұрыс қойылмаған және ойыншы допты бір жаққа қарай ауытқытып барып қағып алмақшы болған. |
Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолды допқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең қадам жасалады. Допты қағып алып, денеге қарай тартады да келесі қадамды жасап, сүйеусіз жағдайда екінші қадам жасап, үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі.
Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқ пен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн:
-
Түзу сызық бойымен жүгіргенде сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да, жүгіру жалғастырылады. Мұндай қадамды алдын ала дайындалған жерде /белгі бойынша / жасаған дұрыс болады:
-
Дәл осы, саусақпен итерілгеннен кейін екі кең қадамды қатарынан жасау;
-
Дәл осы, қағып алу / бірінші қадамда/ және әперу / екінші қадамда / қимылдарының көрінісін жасау:
-
Дәл осы, тек қағып алу кезінде ойыншысының жүгіру жолында тұрған оқытушының қолындағы допты алу.
Д о п т ы ә п е р у: Ойында кеудеден екі қолмен және бір қолмен әперу қолданыстары кеңірек таралған.
Оның ішінде кеудеден екі қолмен допты әперу қолданысы жиі қолданылады. Оның артықшылығы біріншіден бастапқы қалыпта допты қарсыластан қауіпсіз жерде екі қолмен ұсталып тұрады, екіншіден, әперудің бұл түрі нақты да сенімді, оны бір орында тұрып та, қозғалыста да орындай беруге болады. Әперудің бұл түрінде доппен өзіне қарай жоғары – төмен түйін тәрізді кең емес қимылдар жасап, содан оны қажетті бағытта лақтыру қателік болады. Үйренген қимылдарды бекітіп, жетілдіру үшін бір – біріне қарап тұрып, қосарлана әперу жақсы жаттығу болып есептеледі.
Әперу тәсілін жеке жетілдіру үшін қабырғаның қасында жасалатын жаттығулар пайдалы:
-
Қабырғада 2 -3 м қашықтықта, соған қарап тұрып, допты қабырғаға ұру;
-
Қабырғадан қашықтап, қайта жақындап, қашықтықты өзгерту. Сөйтіп тек қағып алу ғана емес, әперу тәсілін де жетілдіруге болады. Дәл әперу жаттығу үшін қабырғаға кішкене нысана жасап, қажетті нүктелерге түсуге тырысу керек.
Қолданылған әдебиет:
-
Тайжанов С. А.Құлназов «Дене тәрбиесі» Алматы 2002 жыл
-
Е.Уаңбаев «Дене тәрбиесі» Алматы 2000 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген