400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

2-бөлім Спорттық командылық ойындар арқылы бірлесе әркет етуі

Педагогтың аты-жөні

Махамбаев Ж.Т

Күні

13.03.2024 ж

Сынып 7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау

Сабақтың мақсаты


Шапшаңдыққа,ептілікке,тез шешім қабылдауға, төзімділікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға деген алған білімін өмірімен байланыстырады,кері байланыс орнатады,білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Бағалау критерии

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

- Оқушылар Қауіпсіздік ережесін орындау туралы біледі

- Ойында жіберген қателіктерін саралайды және өз – өздеріне баға бере алады.

- Оқушылар жұпта және топта тиімді жұмыс жасап комбинациялар құрып орындай алады.


Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру. Сергіту сәті: «Спорт түрін тап»

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы 20 мин

Сынып екі командаға бөлінеді. Біріншісі еркін түрде волейбол алаңының бір жағына орналасады. Оқушылар алаңның екі жартысына екі-үш қатардан тұратын, қатысушыларының саны тең екі командаға бөлінеді. Әр команда волейбол добын алады. Белгі бойынша ойыншы тор арқылы допты беруді орындайды. Бірінші команданың кез келген ойыншысы допты қабылдап, өзінің серіктестерінің біріне беруі тиіс, ал ол – допты қағып алуы керек. Егер оны допты қағып ала алса, бірінші команда бір ұпай алады. Екінші команданың барлық ойыншылары допты беруді орындап болғаннан кейін, командалар орын ауысады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Тапсырма

Білім алушылардың өздеріне жеке-жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз, яғни әрбір білім алушыға бір-бірден волейбол добын беруді және допты астынан ойынға қосу әдісін үйретініз.



Shape1

Дескриптор Білім алушы


тапсырманы орындауда қателіктер жібермеуге тырысады;

өз жоспарымен серіктесімен бөліседі;

комбинацияларды орындауда аяқ-қол реттілігін дұрыс орындайды.



Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды

Тапсырмаларды орындайды

құрастыра алады

«Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.


Смаликтер арқылы

өзін өзі бағалау







Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық


Сабақтың соңы

10 мин

 

Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіру

Қызыл – менің түсінбеген сұрақтарым бар;

Сары – алған ақпараттарымды әлі де қорытуым керек;

Жасыл – маған хат жазу талаптары түсінікті болды.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
04.06.2024
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі