Материалдар / Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны. ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2024
141
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ








«Еліміздің ертеңі тәуелсіздік»

«Балалар бастауы-2021»

Әлеуметтік жоба

Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны.




Қатысушы: 9 сынып оқушысы Серіков Дамир

Жетекшісі: География пәнінің мұғалімі Оразалинова А.К.












2020-2021 оқу жылы

Жоспар




Кіріспе 1 бет

І.Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны. 2-4 бет

ІІ.Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы спорттық-сауықтыру шаралары түрлерінің тиімділігі

ІІІ. Аягөз қаласындағы спорт ғимараттары және салауатты өмір салтын ұстанушы жастар. 5-8 бет

ІҮ. Аягөз қаласындағы Бетонтауға спорттық кешен салу жобасы. Аягөз қаласындағы спорттық-туристік кешенінің 3D макеті. 10-12 бет


Ү.Қорытынды 13-14 бет
















Жоба нысаны: Аягөз қаласы Геолог қонысындағы Бетонтау төбелі жазық

Жоба өзектілігі: Қалада ең қолайлы ең биік төбе болғандықтан спорттық сауықтыру кешен салу, шана, шаңғы жолдарын дамытса жастарды спортқа деген қызығушылығын арттырып салауатты өмірге баулу.

Жобаның мақсаты: Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау

Жоба міндеттері:

1.Спорттық сауықтыру кешендері арқылы жастардың салауатты салтын қалыптастырудың қазіргі жайын анықтау;

2.Спорттық сауықтыру кешендері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін анықтау;

3. Спорттық сауықтыру кешендері арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ету формаларын анықтау.

Жоба жаңалығы: Спорттық кешен салынатын таудың 3D моделін жасау.

Жоба құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Жоба мерзімі: ұзақмерзімді

Ұсыныс: Бұл спорттық кешенді салу кәсіпкерлердің көмегімен немесе мектеп бітіруші түлектердің қолдауымен жүзеге асыруға болады.

Жоба нәтижесі: Алған қойған мақсат-міндеттерді толықтай орындадым. Әлеуметтік жоба болғандықтан халықтың ойын білу үшін сауалнама алынды, GOOGLE FORMS қосымшасы арқылы. Спорттық кешен салынатын таудың 3D моделі BLENDER бағдарламасы арқылы жасалды..








Кіріспе

Қазақстан егеменді ел болып құрылғанына 30 жыл болды, бұл жылдарда ғылымның барлық салаларында көпеген заңдар мен заңдылықтар, жарғылар, жолдаулар және бағдарламалар қарастырылды. Жылдан жылға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп алда тұрған кез келгенше мәселені шешуге ұмтылыс стратегиялы түрде жүзеге асып отырады. Осы ұмтылыста Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында-«Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс». Нақ сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған баланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту жіне типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы жолдаудан кейін еліміздің түпкір-түпкірінде, әрбір ауылдарда, әрбір аулаларда спорт алаңдары бой көтерді. Соның нәтижесінде салынған спорттық кешендер жасөспірімдерді өзіне көптеп тарта бастады.

Елбасының әрбір Жолдауында халықтың денсаулығына үлкен мән беретіндігін байқауға болады. Өйткені қандайда бір мемлекет болмасын оның ең басты байлығы-дені сау ұрпақ екені баршамызға белгілі. Сөзіміздің дәлелі ретінде Елбасының «Қазақстан-2030 » мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекімен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашағыңызды айтып берейін» деген екен. Сондықтан сауықтыру кешендері денеге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.

1

І.Спорттық кешендердің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны.

Қазіргі кезде қоғамымыз саяси және әлеуметтік өзгерістер үстінде. Осыған байланысты адамдардың тұрмыс тіршілігі,сана-сезімі және әдет-ғұрпы да өзгеретіні заңды құбылыс.Яғни, бұл болашақта біздің ұрпақтарымыз жаңа өмір салты бойынша өмір сүреді деген сөз.Денсаулық мәселесі жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мәнінде жүзеге асырылуы адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Онда жабдықталған қондырғылар мен денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы-жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы.

Спорттық кешендердегі дене тәрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары- дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы және т.б.), гигиена ережелерін ұстану (әр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына және т.б байланысты).

Спорттық кешендер түрлері Shape1

Спорттық кешендер көлемі мен жоспарына қарай ашық және жабық кешен болып бөлінеді. Жабық кешендегі жаттығулар ғимараттың ішінде, залдарда, бассейндерде өтеді. Ашық кешенде табиғат аясындағы таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, спорттық бөлімдерге қатысуды, шаңғымен жүгіру және тау шаңғы трассалар, туристік саяхаттарды қамтиды.

2

Өзінің архитектуралық жоспарлық және көлемдік құрылымдық ерекшеліктеріне қарай спорттық кешендер көлемдік құрылымдық топқа бөлінеді.

Және де қуаттылығына қарай жеке және кешенді болып бөлінеді.

Аягөз қаласындағы Геолог қонысындағы Бетонтауға спорт кешені салынатын болса ол көлеміне қарай ашық кешенге жатады.

Коронавирус пандемиясына байланысты былтыр көктемнен бастап карантинде болдық, одан кейін ауру біраз бәсеңдеген соң карантиннің санитарлық талаптарын сақтап, үйлерімізден шыға бастадық. Қала тұрғындарының басым бөлігі саябақтарда бой жазып, бұқаралық спортпен шұғылданып жатты. Ендігі бір топ еліміздегі спорт кешендерінің ашылғанын күтіп жүр. Осы мақсатта елімізде жыл сайын әртүрлі спорт алаңдары салынып, тұрғындар игілі­гіне берілуде. Аягөз қаласына да жабық спорт кешендер бар арнайы ғимараттардағы, ал бізге ашық аспан аясындағы спорттық кешен қажет деп олаймын.Әзірше үкімет спорттық іс-шараларды өткізуге, жабық кешенде жаттығу жұмыстарын жасауға рұқсат берген жоқ. Сондықтан да ашық алаңдағы спорттық сауықтыру кешенін ашу керек деп ойлаймын.Қаламызда Орталық стадионда (тегін), Ақмарал кафесінің артында коньки алаңы, Тоғжан спорт кешендері бар.Онда коньки тебуге арналған, сырғанақтары бар төбешік те бар . Спорттық кешендеріміз аз болғандықтан қашан барсаң да ұзын сонар кезекте тұру керек.

Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өздерінің әр Жолдауында үнемі бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтып, осы салаға жауап­ты министр­лікке, қала, облыс әкім­деріне нақты тапсырмалар беріп келеді. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жыл­дың 2 қыркүйегіндегі «Сын­дар­лы қоғамдық диалог – Қазақ­станның тұрақтылығы мен өр­кен­деуінің негізі» атты Жол­дау­ында елімізде бұқаралық спортты дамытуға байланысты кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді. «Ұлт ден­сау­лығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті.

3

Барлық жас санат­тары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфра­құрылымның барынша қол­жетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамы­ту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлт­ты қалыптастырамыз. Бұл ба­ғыт­ты заңнамалық тұрғыда жалғас­тырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қа­был­дау керек», деді Мемлекет бас­шысы Қазақстан халқына Жол­дауында.






















4

ІІ.Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы спорттық-сауықтыру шаралары түрлерінің тиімділігі.

Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып, өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Адамдар мен қоғамның салауаттылығы – бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.

«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды.



5

Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең – жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады. Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады. Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с.

6

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт – жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді.

Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.

–     Денсаулықты сақтау

–     Денсаулықты қалыптастыру

–     Жеке тұлғаны қалыптастыру

Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі – әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады. 7

1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу

2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.

3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет. Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы.

Егер болашақ ұрпақтың денсаулығын ойласақ, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа осындай сана арқылы тәрбиелеген озық ойлы үлгілерді қазіргі кездегі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс. Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау- әр мектептің, әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың парызы деп білуге болады.

Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.




8


ІІІ. Аягөз қаласындағы спорт ғимараттары және салауатты өмір салтын ұстанушы жастар.

Аягөз қаласындағы спорт ғимараттары және салауатты өмір салтын ұстанушы жастар жайлы мәліметті білу үшін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі» мемлкеттік мекемесінің әдіскері Киржибаев Сакен Аймухаметовичпен ZOOM қосымшасы арқылы сұхбат жүргіздік.Сұхбат барысында алынған мәліметтер.

Аягөз қаласында 1 спорт мектебі, 1 бокс залы бар. Мектептерде спорт үйірмелері бар. Жалпы Аягөз ауданы бойынша тіркелген 283 үйірме, онда 4818 бала қатысады. Үйірме түрлері,:

  • Воллейбол- 1041 бала

  • Футбол- 794

  • Баскетбол-733

  • Шахмат-600

  • Теннис-370

  • Шаңғы -120

  • Хоккей-40

Спорт мектебінде 1568 қатысушы бар. Ондағы үйірмелер түрі грек рим, қазақ күрес, воллейбол. Аягөз қаласы бойынша дамыған спорт түрі регби. Регби бойынша Аягөз қаласы облыс бойынша екі дүркін чемпион.Сондай-ақ воллейбол, футболдан да түрлі жарыстарға қатысып аудан жастары жүлдері орындардан түспейд.

Қазіргі кезде короновирус инфекциясының таралуына байланысты бұл үйірмелердің көбі толық жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Бала саны 15 тен аспау қажет. Сондықтан да Сакен Аймухаметовичте Бетонтау аймағынан спорт кешен ашылатын болса Аягөз халқына әсіресе жастарына көптеген мүмкіншіліктер ашылар еді деген пікірде.


9


ІҮ. Аягөз қаласындағы Бетонтауға спорттық кешен салу жобасы, сұлбасы

Аягөз қаласындағы Геолог қонысында Бетонтау деген төбелі жазық бар. Төбелі жазықтың биіктігі шамамен 200-250 метр. Төбенің арғы жағында кішігірім көлшік бар. Бұл жерге қыста балалар да үлкендер де келіп шана тебеді. Бірақ адамдардың өмір қауіпсіздігі үшін ешқандай шаралар жасалмаған. Арнайы автокөлік тұрағы да жоқ. Сырғанауға келген адамдардың автокөлігі тура төбенің етегінде тұрады.Төбенің басынан төмен қарай сырғанаған шана тура автокөліктің астына кіреді. Өзім барғанда бірнеше рет куә болдым. Жарақат алып жатқан балалар болды. Бұл жерге Аягөз халқы тек қыс кезінде ғана келмей жазда да демалыстарын өткізсе, таза ауадағы серуендер, ролик алаңын жасап, балалар ролик тепсе, кіші футбол алаңын жасап доп ойнаса, салауатты өмір салтын қалыптастыратын бір орын болар еді. Жалпы бұл жобаға Аягөз ауданының кәсіпкерлерінің қызығушылығы артып, кейіннен іске асатын болса, ол жердің инфрастуктурасын мынадай шаралар арқылы өзгертуге болады.

  • төбенің басына шығу үшін арнайы баспалдақтар жасау;

  • төбенің басына шыққанда отыратын арнайы алқап жасау(орындықтармен)

  • автотұрақ салу;

  • көлшік маңына қоршаулар орнату

  • экологиясын жақсарту

  • шыршалар отырғызу;

  • жарық шамдарын орнату

  • жаяу адам жүруге жолағы арналған жол

  • велосипед жолағын салу

Міне, осы шаралар жасалатын болса, біздің қаламыздың халқына салауатты өмір салтын қалыптастыратын орын, жастардың спорт саласындағы жетістіктерін одан әрі көбейтуге болады деген ойдамын.

10

Аягөз қаласындағы спорттық кешенінің 3D макеті










Бұл 3D макетті информатика пәніндегі алған білімімді

пайдаланып,компьютердің BLENDER бағдарламасын арқылы жасадым.

Негізі жобаны бастамас бұран Аягөз қалалық әкімшілігінің архитектура мамандарына жолығып кеңес сұрадық. Бетонтау аймағына спорттық кешен салынса қалай болар еді деп.Сол кезде архитектор мамандардың айтуы бойынша алдымен Бетонтаудың 3D макеті жасап алыңыздар деп кеңес берді. Кейін егер де осы жобаға кәсіпкерлердің қызығушылығы артып жатса ары қарай осы жасалған макет арқылы бизнес жоспар жасауға болатынын айтты.

Аягөз халқының барлық жас топтары арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сауалнама тақырыбы- қалада спорттық кешеннің салауатты өмір салтына әсері. Сауалнамаға 130 адам қатысты.

11

Сауалнама нәтижелері :

20-30 аралығында қатысушылар - 30,5

30-40 аралығында қатысушылар -26,3

50 ден жоғары аралығында қатысушылар -20,3%

1.Қаламызға спорт сауықтыру кешенінің қажеттілігі деген сұраққа -95,8% ия деп жауап берді

2.Cпорттық кешендер арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады ма? деген сұраққа -97,5% ия деп жауап берді

3.Дене жаттығуымен аптасына неше рет айналысасыз деген сұраққа 2-3-4 деп жауап берді.

4.Қандай спорт кешені ұнайды: ашық немесе жабық деген сұраққа 60,7 %, 37,6% жабық кешен деп жауап берді.

5.Салауатты өмір салтын ұстану сіздің денсаулығыңыздың жалпы жағдайыңыздың, көңіл күйіңіздің, жұмыс істеу қабілетіңізге әсері барма деген сұраққа 91,5 % ия деп жауап берді.

Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың көбі Аягөз қаласындағы ашық аспан аясында спорт кешенің керектігі халық сұранысында екенін байқадық.

















12

Қорытынды

Адамның өміріндегі басты байлығы оның денсаулығы дедік. Дені сау адам ғана салауаттылықты жан-жақты ұстанып, белсенді өмір сүру көзқарасын ұстанады. Медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді», -деп өсиет қалдырды.Мұнда айтылғандай әлеуметтік-экономикалық өмірдегі елеулі өзгерістерге байланысты жастарды тәрбиелеу мәселесі дұрыс бағытта болуы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселесіне айналып отыр.

Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы, көңілінің сергек,осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Соған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар әлеуметтік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата заңның 24 және 29 баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқығы бар екендігі атап айтылған.

Қазіргі таңда спорттық кешендер арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір салтын қалыптыру жұмыстарына үлкен мән берілуде. Спорт кешендері арқылы салауатты өмір салтын тәрбиелеу процесі өте күрделі және көп қырлы, оған оқушыларды дайындау үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Салауатты өмір салтына оқушыларды әзірлеудің барлық тәрбиелік құндылықтарына айрықша маңыз беріледі, бірақ барлық тәрбие жөніндегі іс-әрекеттер жемісті бола бермейді. Қазіргі уақытта осы бағытта дайындық жұмыстары әр түрлі денсаулық сақтау кешендерінің ұйымдастырған шаралары арқылы жүзеге асырылып отыр. Спорт кешендеріне бұқара қауым сауығу мақсатында шынығуға келеді.

Қорытындылай келе, «Балалар бастауы» байқауына қатысып, Аягөз қаласының гүлденуіне,халықтың әл ауқатын ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануына әсер ететін спорт кешенін салу жобасын ұсындым.

13

Ол кешенді қаланың кіре берісіндегі жұрт Бетонтау деп атап кеткен жерге спорт кешені салынатын болса. Бұл жердің инфраструктурасын көтеретін болсақ

Аягөз қаласының халқы жазғы уақытта серуендеуге, ролик немесе велосипед теуіп,таудың басына шығып бүкіл қаланың көркін тамашалауға, қыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің шанамен сырғанақ тебуі, ересек адамдар келіп шаңғы тебуі, адамдардың салауатты өмір салтын ұстануға қандай тамаша мүмкіншілік болар еді. Қаланың ішінен гөрі бұл жердің ауасы таза, қазіргі пандемия кезінде адамдар келіп таза ауамен тыныс алып, тыныштықта серуендеп, табиғат аясында тынығуға болады. Дәрігер- ғалымдардың айтуы бойынша ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту.Сондықтан деніміз сау болсын десек салауатты өмір салтын ұстанайық.









 











14

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!