Спорттық ойын: «Алақай ойындар!» мектепке дейінгі балалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық ойын: «Алақай ойындар!» мектепке дейінгі балалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адамзат баласының дені сау болып өсу үшін салауатты өмір салтын ұстану,дұрыс тамақтану,жеке бас гигиенасын сақтай білу керек.Материал мектепке дейінгі балалардың спорттық ойынға деген қызығушылығын арттыру,денені шынықтыру мақсатында жазылған.Балабақшада осындай ойындарды ұйымдастырудың маңызы зор.Бұл материал балабақша тәрбиешілерінің тәжірибелік жұмыстарына да өз үлесін тигізер деген ойдамын.Материал тәрбиешілердің спорттық ойындарды түрлендіріп өткізуіне,өз ойларын жинақтап мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын арттыру үшін керек және балалардың ойынды көтеріңкі көңіл күймен ойнауына көмегі көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Спорттық ойын: «Алақай ойындар!» мектепке дейінгі балалар


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар, бүлдіршіндер!

Бүгінгі өткелі тұрған «Алақай ойындар» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
Ортаға ойынға қатысушы «Жалын»,«Сұңқар» және «Барыс» топтарын шақырамыз.


Таныстыру.

I-топтың аты: «Жалын»

топтың ұраны:Жалындаймыз, жанамыз,

Біз спортшы боламыз!

Сәлемдесу: Ұшқын оты жалындап бойымызда,

Биік шыңға жету бар ойымызда

Спорттық алақай ойынында

«Жалын тобынан- жалынды сәлем!»

II-топтың аты: «Сұңқар»

топтың ұраны:Сұңқардай саңқылдап,биікке самғаймыз. 
Сәлемдесу: Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек жасымаймыз.
Бірлігіміз жарасқан,
«Сұңқар тобынан»-сәлем,сәлем,сәлем!»

III-топтың аты: «Барыс»
топтың ұраны: Барыс тобы алға

Биіктерге самға

Сәлемдесу: Салауатты өмір салтын сақтаймыз

Сайыстардан ешқашанда қашпаймыз

Жарысқа түспес бұрын бәріңізге

Құрметпен иіліп сәлем айтамыз.

Спорттық ойын кезеңдері.

1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.

2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Күлімде, Күн» ойыны.
4.
«Кедергілер» ойыны
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.

Сайысымызды бастаймыз.

I-ші кезең «Көңілді әуе шарлар» ойыны.

Ойын шарты: Әуе шарларын қолымызға ұстап,белгіленген межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар!

II-ші кезең «Жұптасқан ұстаушылар»

Ойын шарты: Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып кірпіштердің арасымен өтіп белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.
-Өте тамаша балалар!

III-ші кезең «Кенгуру» (ата-аналармен)

Ойынның шарты: Үлкен резинкалы доппен белгіленген орынға жетіп,кері топқа оралу.

IV-ші кезең «Күлімде Күн» ойыны

Ойын шарты: Шеңберге, жерде шашылып жатқан қыстырғыштан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!

V-ші кезең «Доп жалғастыру» ойыны
Ойын шарты:Ойыншылар бір қатарға сап түзеп тұрады.Бірінші тұрған ойыншы допты

қатарда тұрған келесі ойыншыға береді,доп жалғастырылып соңғы тұрған ойыншының қолына келеді.Қай топтың ойыншысы допты бірінші алса сол топ жеңімпаз атанады.

VI-ші кезең «Қаппен секіру» (ата-аналармен)

Ойынның шарты: Ата-аналар қаптың ішіне екі аяқпен кіріп, мәреге дейін кубиктердің арасымен секіріп қайтады.





VII-кезең «Такси» ойыны
Ойынның шарты: Құрсау мәреде тұрады, топ басшысы кедергілер арасымен жүгіріп құрсауды алып, қайта жүгіріп келіп, топ мүшелерін бір – бірлеп мәреге жинайды. Мәреден қайтып, кедергілер арасымен топ мүшелерін орнына жинайды. Кім бірінші сап түзесе, сол жеңіске жетеді.

-Міне,міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар

Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар,сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Осымен «Алақай ойындар» спорттық ойындар кезеңдері аяқталды.

Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

Өнерге бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!

Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Ойын-сауықты қорытындылау.


Сценарийді дайындаған: Насиева Ф.Х.

2018 жыл














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
1816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі