15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Спорттық ойын "Баскетбол"
Дене тәрбиесі пәні
6-сынып.
Юрий Рязанцев,
№4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептің мұғалімі.
Қордай ауданы
Тақырыбы: Спорттық ойын «Баскетбол»
Салауатты өмір салтын ұстану жолында ақпараттық компонент және әрекеттік компонент арасында кері байланысты орнатып, оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімін көтеру.Ойынның шығу тарихын, ережесін білу және іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, координация, ептілік, күш, шапшаңдылық, секіргіштік, жылдамдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке, қайсарлыққа тәрбиелеп, жолдастық қарым-қатынас орнату.
Сабақтың түрі: Үйрету.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Ватман, маркерлер,доптар, қима бөлшектер.
|
Уа қы ты |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
22мин 20мин 3мин |
І. Дайындық бөлім. Теориялық бөлім ІІ Негізгі бөлім. ІІІ Қортынды бөлім. |
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Сәлемдесу
2.Үй жұмысын сұрау, тексеру. 3.Спорттық ойын «Баскетбол» тақырыбына байланысты, өткен оқу жылы оқу материалы бойынша оқушыларға сұрақтар таратамын. Оқушыларға ақылдасуға бір минут беріледі. 4.Оқушылардың білімін бағдаршам текшесі бойынша бағалау. 5. Сыныпты екі топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа міндеттер қоямыз.Оны өздерің қима бөлшектерді дұрыс құрастыру арқылы анықтайсыңдар. 6.Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, кезектесіп сабақтың міндетімен таныстырады. Оқушылар, сабақтың міндеті бойынша түсініксіз жағдайды айтыңдар. 7. Қыздырыну жаттығуларын ритмикалық әуенмен орындау. Қауіпсіздік ережесінің сақталынуын қадағалау. 8. Бой жазу жаттығуын орындау: Қол жоғары, аяқ ұшымен; Қол желкеде, өкшемен; Қол белде, жартылай отырып. Жүгіру : - Қол белде оң, сол жақпен тіркеме қадыммен; - иықты алға, артқа айналдырып оң, сол жақпен тіркеме қадыммен; – артпен алға аяқ ұшымен; - тізені жоғары - алға көтеріп; - аяқты артқа сілтеп; - аяқты шетке сілтеп; - қол белде, аяқ түзу алға сілтеп; - қол желкеде, аяқ түзу артқа сілтеп. Дем қалыптастыру. 9. Кезегі келген оқушы дайындап келген жаттығуларын орындайды. 10.Екі тізбекті бір-біріне қарама-қарсы орналастырып арнайы жаттығуларды орындату. 11. Оушыларды алаңның бір шетіне үш тізбек құрап орналастыру. 12. Оқушылардың демін қалыптастыру. 13.Екі жақты баскетбол үйрену ойынын ұйымдастырып ойнату. Бағалау. Үйге тапсырма беру: ойын ережесі бойынша білімдеріңді жетілдіріңдер. Доппен жаттығулар орындау. Қазақстан спортшыларының жаңа жетістіктері туралы хабардар болу. Стикерге сабақ туралы өз ойларын жаздыру. |
Кезекші оқушы сыныптың сабаққа даярлығы жөнінде мұғалімге рапорт береді. Оқушылар алдыңғы сабақта үйге қандай тапсырма берілгені туралы айтады. 1.Баскетбол спорт түрінің шығу тарихын, ойын ережесін еске түсіріп қайталап, біліп келу. Оқушылар, алдыңғы білім деңгейін анықтау мақсатында шеңберге тұрып, «ақылды доп» ойынын өткізеді. Оқушылар өзін-өзі бағдаршам текшесі бойынша бағалайды. Оқушылар екі топқа бөлініп ынтымақтаса отырып топтық жұмыс атқарады.Топ мүшелері неғұрлым жылдам орынды құрастыруға тырысады. Екі оқушы кезктесіп сабақтың міндетімен таныстырады.Түсініксіз жағдай болса, талқылайды. Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтап қыздырыну жаттығуларын орындайды. Жаттығуларды орындайды. Тұлғаны түзу ұстайды. Оқушылар әріптесі көрсеткен жаттығуларды бірігіп орындайды. 1.Допты әріптесіне жоғарыдан бір қолмен лақтырып береді. 2.Бірінші номер жоғарыдан, екінші номер кеуде тұсынан лақтырып береді. 3.Бірінші номер жоғарыдан, екінші номер кеуде тұсынан еденнен ыршытып лақтырып береді. 4.Оқушылар орындарын өзгерте отырып, допты бір-біріне лақтырып береді. Олар сол тәртіпте алда орналасқан себетке бағыт алып, жақындайды да, үш оқушының біреуі допты себетке дәл түсіруге тырысады. Қолды шеттен жоғары көтеріп дем алады, қолды түсіре дем шығарады. Осылай 3-4 рет қайталап орындайды. Оқушылар ойын кезінде, меңгерген техникалық әдістерді кеңінен қолданады. Оқушылар өзін-өзі орындаған іс-қимыл техникасы бойынша бағалайды. Оқушылар сабақ барысында не ұнады, не ұнамады, ұсыныс жазады. |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордаай ауылы, Аль-Фараби 339 көшесі.
үй тел:42826, сот тел:87028823602

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген