Тақырыбы: Спорттық
ойындар
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық
ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға қазақтың
салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Ұлттық ойын түрлері салынған
сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық
аспап.
Барысы:
1.Амандасу
2.Топқа
бөлу
3.Әділ қазыларды
сайлау
Шаттық
шеңбері
Дөңгелене
тұрайық,
Киіз үйді
құрайық,
Кереге болып
керіліп,
Уыктар боп
иіліп,
Киіз үйді
құрайық.
Жүргізуші:
Қазақ халқы - ұлттық ойындарға
бай халықтардың бірі.Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті,
батылдықты,шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты,
күш – қуат молдығын,білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет
етеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек
ойын - сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол - спорт, ол - өнер,
ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы. Қазақтың
ұлттық ойындары: көкпар, сайы, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату
т.б. Олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы
бар.
Ал енді балалар қызық халқының
ұлттық ойындарына байланысты сұрақтарға жауап
берейік:
... екі балуан бір-бірімен
жекпе-жекке шығады. Женген женімпаз
атанады.(Қазақша
күрес)
... 81 құмалақпен ойналатын
математикалық ойын. (Тоғызқұмалақ)
.... - ертеден келе жатқан
ойындардың бірі. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға
ұзын жіп немесе арқан керек.(Арқан
тарту)
- қазақтың ертеден келе жатқан
ойын түрлерінің бірі. Елдің сыртында әткеншек құрып, өлең
айту.(Алтыбақан)
…. ойынға 4-5 бала қатысады.
Ойынға он асық алынады.(Ханталапай)
…шауып келе жатқан аттың
үстінен белгіленген затты дәл көздеп , атып
түсіру.(Жамбы
ату)
...- белгіленген ара
қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге
тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу
керек.(Теңге
алу)
...ашық алаңда көгалды жерде
ойналатын ойын. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі
жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру
керек.(Аударыспақ)
– қызықты ойындардың бірі. Қыз
бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі
қуысады.(Қыз
қуу)
Жүргізуші: Қазір балалар қазақтың ұлттық
ойындарын ойнаймыз. Ойын бастамас бұрын бойымызды жазып
алайық.
Би «Қара
жорға»
Қазақтың ұлттық
ойыны
1. Тақия
тастамақ
Ойын шарты былай балалар.
Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау
керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.Жеңілген бала
тақпақ айтады.
2. Қол
күрес
Бұл ойын стол үстінде екі
баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп
қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске
жетеді.
3. Хан талапай
ойыны
Көп асықтың ішінде бір асықты
қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды
бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған
балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін
бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан
талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан»
кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.
4. Шеңберде асық
ойнау
Шеңбер сызып аламыз, асықты
ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала
ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады.
Рет ретімен сосын ойнаймыз.
Әділ қазыларға сөз
беру.
Жүргізуші: Сонымен ұлт ойындары – ата –
бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға
жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің
күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның
алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып,
өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ,
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін
қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы
кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.