Материалдар / Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
1716
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-бөлім

згертілген командалық ойын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 6-сынып

Сабақ 21-22

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану

Меңгеру мақсаттары:

6.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақ мақсаты:

Топта жұмыс істеу

Көшбасшылық сапасын дамыту

Жетістік критерийлері:

Баскетбол ойынында техникалық әдіспен допты дұрыс алып жүре алады

Топта жұмыс істей алады

Баскетбол ойынының негізгі ережелерін және қауіпсіздік ережелерін біледі

Жеке жумыс істей алады

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • баскетбол добы, пластиктен доп, әр түрлі түсті лента, ысқырық, сет, тайм, аут, фол, дриблинг.

Талдау үшін сұрақ:

  • Дриблингті жақсарту үшін не істеу қажет?

  • Мергендік қасиетті дамыту үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту:


Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту. Патриоттық тәрбие.

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәніменжәне математикамен байланысады

Акт қолдану:

Бейнетаспа көрсету, ғаламтор пайдалану.

Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин


Сапқа тұру,баяндама,сәлемдесу,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Қауіпсіздік ережесін еске салу.

Жәй жүгіріс.

ЖДЖ жасау.

Әр түрлі белсенділік үшін үлкен,бос кеңістік.


Сабақтың ортасы:


25мин.

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету

Допты алып жүру

Допты қалай дұрыс алып жүруіне бейнетаспа көрсету: «баскетбол сабақтары-дриблинг, допты бақылау».

Допты алып жүру кезінде, қауіпсіздік ережесін еске салады.

(Б, Т, Тәж, ф)

Мотоциклисттер”-ойыны:

Тапсырма: Допты бір орында және қозғалыста алып жүруді дамыту,оқушыларды алаңды көруге үйрету.

Алаңда ені 2-3м жол жолағы орналасқан.Барлық оқушылар мотоциклисттер,олар допты еркін алып жүре алады.Мұғалім-бағыттаушы, қызыл және жасыл жалаушаларымен. Егерде бағыттаушы қызыл жалаушаны көрсетсе, мотоциклист тоқтайды, бірақ моторды сөндірмейді – яғни допты бір орында жүргізеді. Ал жасыл жалаушаны көрсетсе,мотоциклисттер көшеден тоқтаусыз өтеді – допты қозғалыста жүргізеді. (Қозғалыс көшеде бір бағытта жүреді)

Допты алып жүру кезінде 3 қателік жіберсе (екірет алып жүру, доптан айырылып қалу және т.б.) ойыннан шығарылады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Оқушылар дұрыс тұрыста допты алып жүреді.

- Допты итеру кезінде,қолымыз допты шығарып салады.

Допты ұтып алу

Баскетбол добы саған қарай ұшып келе жатса, ертерек қолымызбен қарсы аламыз.Ол үшін екі қолдарыңыздың саусақтарын үлкен воронка тәрізді жасаймыз. Ұшып келе жатқан допқа мұқият қарау.Ол саусағын тигізген бойда, допты қыс, ал қолымызды шынтақтан бүгіп,допты кеудеге тартамыз.Бірақ негізгі тұрысты ұмытпа! Ойынды жалғастыруға дайын бол.

«Баскетбол ойынында допты жалғау және ұтып алу» таныстырылымын көрсету.

Есімімен шақыр”-ойыны:

Тапсырма: Оқушыларға допты ұтып алуға үйрету.

Оқушылар топқа бөлінеді және шеңбер құрайды. Бір оқушы доппен шеңбердің ортасында болады. Ысқырық берілгеннен кейін,ол допты аспанға лақтырып бір баланың атын атайды.Аталған оқушы допты түсірмей ұтып алуы қажет.Осылайша допты ұтып алған оқушы лақтырып ойын жалғаса береді.Ең аз допты түсіріп алған топ жеңімпаз болып саналады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Допты ұтып алу кезінде қолымызды алға созып саусақтарымызды воронка тәрізді жасаймыз.

-Допты ұтып алғаннан кейін кеудемізге жақындатамыз.

ҚБ:

Еденге бормен 3шеңбер саламыз.

Оқушыларды шеңберге тұруға шақырамыз:

1 шеңбер-кімде барлығы жақсы болды

2 шеңбер-кімде кейбір сәттері орындалмады

3 шеңбер-кімде ештеңе орындалмады.

Үлкен ойын алаңы,құрал-саймандар.

Баскетбол доптары, қызыл және жасыл жалаушалар.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту (дұрыс тұрысын,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың қозғалысы және т.б.)

Жие қателік жібергендерді атап өту (дұрыс емес тұрыс,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың дұрыс емес қозғалысы және т.б.)

Рефлексия «екі жұлдыз бір тілек»-оқушылар стикерге сабақтың екі ұнаған сәтін және сабаққа өзгеріс енгізу үшін бір тілек жазып кетеді.

Үлкен,бос кеңістік

Стикер,маркер.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындайды;

-допты ұстап алуды кейбір оқушылар орындайды;

-жаттығуды орындау кезінде қиындық көретін оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз.

Жұпта жұмыс жасаған оқушылар бір-бірін бағалайды.


Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:


1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



2.Оқушылар нені үйренді?



3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?





Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!