Материалдар / Спорттық сайыс "Шынықсаң шымыр боларсың..." сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттық сайыс "Шынықсаң шымыр боларсың..." сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата -аналар мен балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2019
3138
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған

іс –шараның сценариі


Өтетін уақыты: 14.желтоқсан,2019 жыл, сағат -10.00

Өтетін жері: № 41 «Назерке», акт зал

Көрнекіліктер: Ұлттық ойындардың плакаттары

Қажетті құралдар: Арқан ,қап, тері, 2 қасық,4 кесе,стол

Сайысымыздың тақырыбы: "Қазақтың ұлттық ойындары".

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту, ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру, ептіліктері мен, шапшаңдықтарын,бір-біріне деген құрметтерін, жеңуге деген ұмтылыстарын, ой-өрістерін дамыту. Балаларға қуаныш сыйлау.


Жүргізуші:

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны міне, жарылды

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

Құрметті оқушылар ұстаздар! Міне, бүгін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына ____ жыл толып отыр. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік мерекесіне арналған түрлі мерекелік шаралар мен апталықтар өткізіліп жатыр. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Бақыт, бірлік-күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ ОРЫНДАЛАДЫ





Әдіскерге сөз беріледі

Құрметті ұстаздар және оқушылар,Тәуелсіздік күніне арналған іс –шарамызды одан ары жалғастырамыз. Сондай іс –шарамыздың бірі «Ұлттық ойындарға» да кезек келген сияқты. Ендеше, сайысымызды бастаймыз! Сайысты бастамас бұрын, сіздерді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:


1. Күш сынаспақ

2. Көтермек

3. Ақсерек-көксерек

4. Тасымақ

5. Орын тап

6. Қап киіп жарысу

7. Арқан тартыс

8. Көкпар ойыны


Сайыста 2 топ қатысып бақ сынасады. І –топ «Тұлпар» , ІІ –топ «Сұңқар»

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазыларымызды таныстырып өтейін:

1.

2.

3.


Ендеше сайысымызды бастайық!

1. Тұлпар тобын қошеметтейік

2.Сұңқар тобын қошеметтейік


1. Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса, сол бала жеңіске жетеді.

2. Көтермек

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

Белгі бойынша кім бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетеді.

Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де, басқа балалармен бірге күш сынасады.

3. Ақсерек-көксерек

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам болуы шарт.

  1. ші топ. Ойынды бастайды

Ақсерек-ау, ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ. Ақсерек –а,у ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып, ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

4. Тасымақ

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.

5. Орын тап

Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.

6. Қап киіп жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалім белгі берісімен Саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

7. Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады

Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.


Ал енші құрметті сайыскелер,сайысымыз да біраз жерге таяп қалды, сайыскерлерімізге сайысымыздың қорытынды бағасын беретін әділқазыларымызға сөз кезегін берейік. Сайысымызды қорытындылау үшін комиссия төрағасы Рахматов Нұрберген Сәтжанұлына береміз. (мадақтама қағазы тапсырылады)

Келесі құттықтау сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанбуршина Гулбаршын Фазыловнаға беріледі.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі сайыс аяқталды! –дей келе сайысымызды осымен аяқтаймыз, келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!