Материалдар / С.Рахметованың әдістемесіне сүйене отырып, оқушылардың оқу дағдысын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С.Рахметованың әдістемесіне сүйене отырып, оқушылардың оқу дағдысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың оқу дамысын дағдыту, мәтіндерді түсініп оқуға ,буындап оқуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2023
370
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДАУЛЕТОВА НАЗЫМ БОЛАТҚЫЗЫ

С. Рахметованың әдістемесіне сүйене
отырып, оқушылардың оқу дағдысын
дамыту

АВТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

ӘОЖ 373.168.7
КБК 22.7

Құрастырушы автор: Есік қаласы №1 облыстық арнайы мектеп-интернатының бастауыш
сынып жетекшісі – Даулетова Назым Болатқызы

Пікір жазған:
Орақова А. Ш..- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан
білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Бельгия жоғары
мектебінің Гонорар проффессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының
академигі.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде
талқыланып, 2023 ж. «6» ақпанының №203 хаттамасымен мақұлданған және баспаға
ұсынылған

Ж111 «Жаңартылған білім бағдарламасындағы оқытудың құрылымы» «С. Рахметованың
әдістемесіне сүйене отырып, оқушылардың оқу дағдысын дамыту» атты авторлық
бағдарлама/құрастырған авт: Н. Даулетова – Алматы, «EDU print» жедел басу
баспаханасы,2023, 26-бет

ISBN 978-601-09-2755-8
Авторлық бағдарлама жалпы білім мекемелері мұғалімдеріне арналған

ӘОЖ 373.168.7
КБК22.7
ISBN 978-601-09-2755-8

құраст.Авт: Н. Даулетова
© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2023 ж

Зерттеу жұмысының тақырыбы:«С.Рахметованың әдістемесіне сүйене
отырып, оқушылардың оқу дағдысын дамыту»
Мақсаты: Оқушылардың оқу дағдысын дамыту, мәтін мазмұнын түсініп
оқуға, буындап оқуға үйрету, дүниетанымын кеңейту
Міндеті:
-әріптер мен дыбыстарды дұрыс айту, ажырату
-буындап оқуға үйрету, сӛздерді дұрыс буынға бӛлу
-жылдам және түсініп оқуын дамыту
-тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Күтілетін нәтиже:
-әріптерді таниды, буындап оқиды, сӛздерді буынға бӛледі
-мәтінді түсініп оқиды
-оқуға деген қызығушылығы артады
-сӛйлеу дағдысы қалыптасады
- есте сақтау қабілеттері артады

Оқушылар: Әшімбек Айтолы
Ашимбек Рамазан

Жұмыстың мерзімі: 2022-2023 оқу жылы
/қыркүйек-мамыр/

Жұмыстың бағыттары:
1.Кіріспе /Теориялық іздену/
2.Бақылау кезеңі/Диагностика жүргізу/
3.Практикалық кезең
4.Қорытынды кезең

Зерттеу жұмысының жоспары:
Р/с
1

Жұмыстың мазмұны
«Әңгімелеу уақыты» /Сюжетті
суреттер арқылы суретті түсінуге
үйрету/

Мерзімі
Қазан
03.10
04.10

Уақыты
14.00-14.40

2

Дәмді әріптер

15.00-15.40

3

Буындар

4

Шульте кестесі

5

Адасқан әріптер

6

Кітапханаға саяхат

7
8

1-тоқсан бойынша сандық және
сапалық қорытынды
«Отбасымымызбен бірге оқимыз»

9

«Найзағай» ойыны.

10

«Табан іздері»

11

Кезекші әріп

12

«Үкі» дидактикалық ойыны

Қазан
07.10
Қазан
10.10-13.10
Қазан
14.10-17.10
Қазан
18.10
Қазан
19.10-20.10
Қазан
24.10-28.10
Қараша
01.11-04.11
Қараша
07.11-11.11
Қараша
14.11-18.11
Қараша
21.11-25.11
Желтоқсан
05.12-09.12

13

Саусақ жаттығуы

15.00-15.40

14

Дидактикалық ойын «Банан жеу»

17

18

2-тоқсан бойынша жасалған
жұмыстың сандық және сапалық
қорытындысы
«Отбасымымызбен бірге оқимыз»

Желтоқсан
12.12-16.12
Желтоқсан
19.12-23.12
Желтоқсан
26.12-30.12

19

Тіл ұстарту жаттығулары

14.00-14.40
15.00
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40

15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40

15.00-15.40
15.00-15.40

Қаңтар
01.01-08.11,
Ақпан
06.02-12.02
Ақпан
13.02-17.02

15.00-15.40

20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Мнемотехника. Ӛлеңді суреттер
арқылы жаттау
Есте сақтауды дамытуға арналған
жаттығулар
3-тоқсан бойынша қорытынды
жасау
«Ата-анамның бағасы»

Ақпан
20.02-24.02
Наурыз
06.03-10.03
Наурыз
13.03-17.03
Наурыз
18.03-26.03
«Антиципация» . Жалғасын тап
Сәуір
03.04-07.04
Ертегілерді суреттер арқылы оқу
Сәуір
10.04-14.04
Сӛзді лабиринт
Сәуір
17.04-21.04
Ӛлеңдер.Мәнерлеп оқу
Сәуір
24.04-28.04
Сюжетті суреттермен жұмыс
Мамыр
01.05-05.05
Есте сақтауға арналған жаттығулар Мамыр
08.05-12.05
Моншақты тізбек
Мамыр
15.05-19.05
Жылдық қорытынды
Мамыр
22.05-25.05

15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40

15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40
15.00-15.40

1.Кіріспе
Оқу-бұл ӛте күрделі процесс. Оқу дағдысын қалыптастыру бастауыш
сыныптан басталады. Сол себепті де бастауыш сыныта-ақ ннегізі қалануы
тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дамыту.Осы
кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білуүлкен еңбектің жемісі.Оқу дағдысын қалыптастыру мынандай талаптардан
туындайды: оқу техникасы және мәтін мазмұны түсіну. Бұл екеуі бір-бірімен
тығыз байланысты.Ӛйткені оқу техниккасы жетілдірмей, дұрыс оқу, түсіну
жүзеге аспайды. Осы талаптарды жүйелей келе әдіскер ғалым С.Рахметова
оқуд дағдысын 4-топқа бӛлді.Олар: дұрыс оқу, шапшаң оқу, түсініп оқу,
мәнерлеп оқу. Жылдам оқу- текстегі сӛздерді қалай болса, солай
бастырмалатып оқу емес. Жылдам оқудың ӛзіндік маңызы бар. Негізгі
мақсаты- ақыл-ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
Оқу жыламдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де арта түседі. Осы
орайда мен ӛзімнің оқушыларыммен зерттеу жұмысын жүргіздім.Зерттеу
жұмысына Әшімбек Айтолы мен Ашимбек Рамазанды алдым. Бұл
оқушыларды алу себебім, оқу дағдысы тӛмен болды, әріптерді танымады
және байланыстырып сӛйлеу, сӛздерді дұрыс айту, мағынасын түсінбеу
сияқты қиындықтар кездесті.Бұл қиындықтарды оқушыларды зерттеу
арқылы анықтадым. Балалардан әр түрлі тапсырмалар алынды және
психологпен бірге оқушылардың бейімделуі барысында зерттеу жүргізіліп,
кеңестер алдым.

2.Бақылау кезеңі . Диагностика
Бұл кезеңде ең алдымен оқушылардың әріптерді, дыбыстарды дұрыс айтуы
тексерілді. Рамазан кӛп әріптерді тани алды, Айтолы тек А, Р әріптерін ғана
білді. Дыбысталуында әріптерді дұрыс айтты, тек Л, Р дыбыстары бір сӛзде
кездессе, орындарын ауыстырып айтты. Сӛздерді дұрыс айтуын,
байланыстырып сӛйлеу тілін әр түрлі сюжеттік суреттер, кеспе әріптер
арқылы зерттелді. Диагностика барысында байланыстырып сӛйлеу тілдері
ӛте нашар болды. Мұғалімнің қойған сұрағының мағынасын түсінбеді, кейбір
сӛздерді анық дұрыс айта алмады. Диагностикада «Сюжетті суреттер»,
«Суретші нені шатастырды?» сияқты әдістер қолданылды.

3.Практикалық кезең.
«Әңгімелеу уақыты» . Бұл жұмыста ең алдымен оқушылармен әңгімелесу
жүргізілді. Мақсаты- сюжетті суреттер арқылы ӛз ойларын айтуға түсінуге
үйрету. Бұл кезде оқушылар суретте не кӛргенін бір сӛзбен ғана айта алды,
іс-әрекетті байланыстырып айта алмады. Сӛздері анық емес. Әңгімелеу
барысында жетекші сұрақтарды қою арқылы жауап берді.Сюжетті суреттерге
кӛбінесе 3-4 бӛліктен сұратын суреттер алынды. Суреттердің мазмұнын
дұрыс түсінуге кӛмектесу және реттілігін үйрену мақсатында жүзеге
асырылды.
«Дәмді әріптер» .Мақсаты: ӛткен әріптерді есте сақтау. Бұл кезде оқушыны
қызықтыру мақсатында әріптер бейнеленген тәтті печенье арқылы оқушылар
айтылған әріпті тауып кӛрсетеді. Әріптерді Рамазан танып айта алды.
Айтолы шатастырды. Бұл жерде оқушылар қызығушылықпен орындайды.
«Буындар» Мақсаты: ӛткен әріптерге байланысты буындарды жаттатуға,
естье сақтауға үйрету. Бұл жұмыс түрінде оқушыларды қызықтыру үшін
нейрогимнастикалық жаттығулар қолданылды. «Кӛзілдірік», «Ұшақ» әдістері
арқылы буындарды оқып үйренді, оқушылар 2-3 буынды сӛздерді оқи
бастады. Сӛздерді буынға бӛліп үйренді, дауысты және дауыссыз
дыбыстарды ажырата бастады.Бұл тапсырмада нейрожаттығулардың да
маңызы үлкен рӛл атқарды.

«Шульте» кестесі.Тапсырманың мақсаты- баланы буындарды жылдам
табуға және жаттауға дағдыландыру. Бұл әдіс бойынша буындарды үлгі
бойынша сәйкес түспен бояу керек. Сол арқылы буындарды оқушы есінде
сақтай алады. Бір жағынан түстерді де ажыратуға кӛмектеседі.
«Адасқан әріптер» тапсырмасы бойынша балаға әріптер жазылған кесте
берілді. Сол кестеде мұғалім айтқан әріптерді жылдам табу керек.
Тапсырманың уақыты жазылып отырды. Оқушылар бастапқыда баяулау
орындады, жылдамдықтары аз болды. Кейін тапсырманы үнемі пайдалану
арқылы жылдамдықтары кӛбея түсті.

«Найзағай» ойыны. Бұл ойынның мақсаты- оқушылар берілген әріптен сӛз
құрастыру. Тақтада магнитті әріптер ілінген. Оқушылар ӛздеріне түскен
әріппен сӛздер құрастырады. Бұл тапсырманы Рамазан орындай
алды.Айтолыда қиындықтар кездесті.Бұл ойын баланың сӛздерді дұрыс
оқып, жазуына септігін тигізеді.

1-тоқсан бойынша сандық және сапалық қорытынды.
120

100

80

60

40

20

0

Әріптерді тану

Дыбыстарды анық Дыбыстық талдау
айту
жасау

Ашимбек Рамазан

Есте сақтауы

Әшімбек Айтолы

Зерттеу тақырыбы бойынша оқушылармен 1-тоқсанда жүргізілген жұмыстар
барысында мынандай нәтижеге қол жеткіздім. Оқушылар әріптерді толық
танып шықты. Дыбыстарды анық айтады. Дыбыстық талдау жасауды
үйренді.
Әшімбек Айтолы с, з дыбыстарын, ж, ш дыбыстарын айтылуын
шатастырады. Сӛздерге дыбыстық талдау жасай алады. Айтолыда есте сақтау
қабілеті тӛмен. Ӛлеңдерді тез жаттай алмайды.

«Отбасымызбен бірге оқимыз» айдары бойынша күзгі демалыс кезінде
балаларға үйден ата-анасымен бірге оқуға тапсырмалар берілді.
«Табан іздері»Бұл ойынның мақсаты: оқушылардың оқуға деген
қызығушылықтарын дамыту, қимыл қозғалыстары арқылы ойлауын, есте
сақтауын дамыту. Бұл ойында табанның іздеріне буындармен бӛлініп
жазылған сӛздерді секіру арқылы оқыды. Оқушылар қызығушылықпен
орындады.

«Кезекші әріп»Мақсаты: Оқушылардың алдына кеспе әріптер берілді.
Мұғалім кӛрсеткен әріп бойынша оқушы сол әріпті тауып, әріптен
басталатын сӛз айту керек. Тапсырманы орындай алды. Рамазан әріптердің
бәрін таниды, ажырата алды.

«Үкі» дидактикалық ойыны.Бұл ойынның мақсаты оқушының жылдам
оқуға дағдысын қалыптастыру. Оқушы үкінің кӛздеріндегі буындарды
жылдамдатып оқуға қызығады.Жылдамдықты талап етеді.

Саусақ жаттығуы.Тапсырманың мақсаты-баланың оң және сол жақ ми
жарты шарының қызметін дамыту. Баланың ойлауға, сӛйлеу қабілетіне дақсы
әсерін тигізеді. Тапсырманың орындалуы берілген сызықтарды қағаздан
алмай оң және сол қолмен бірдей бастыру керек.

«Банан жеу».Орындалуы: Бұл дидактикалық ойында оқушыны қызықтыру
үшін бананның суретіне әр түрлі сӛздерді жазып, егер дұрыс оқыса маймылға
бананды жегізеді. Тапсырманы оқушылар қызыға орындайды.

2-тоқсанда жүргізілген жұмыстар бойынша оқушылар сӛздерді буынға
бӛлуді үйренді. Сӛздерді буынға бӛліп оқуды, жылдам оқуға дағдыланды.
Оқуға деген қызығушылықтары артты. Егер мәтінді суреттер арқылы оқытып
үйретсе түсініп оқуға қол жеткізуге болады және сабақта кӛбірек
дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқытса балалардың оқуға деген
қызығушылықтары артады және нәтижеге жетуге болады деп есептеймін.

2-тоқсан бойынша жүргізілген жұмыстардың кӛрсеткіштері
120

100

80

60

40

20

0

Буындап оқу Сөздерді дұрыс
Сөздерді
оқу
буынға бөлу

Әшімбек Айтолы

түсініп оқу

Ашимбек Рамазан

Тіл ұстарту жаттығулары.Мақсаты- баланың дұрыс сӛйлеуін, дыбыстарды
дұрыс айтуын дамыту. Бұл жаттығуларда кӛбінесе мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, ұйқаспен айтылған ӛлеңдер кӛмегін тигізеді. Тіл ұстарту
жаттығулары жыл мезгілдеріне, үй жануарларына байланысты, ыдыс-аяқ
түрлеріне, жанұя мүшелеріне де байланысты алуға болады.
Мысалы,мынандай жаттығуларды қолдануға болады.
Ыс-ыс-ыс, Келіп жетті қыс.
Ар,ар,ар жауады қар.
Яз-яз-яз Сақылдаған сары аяз.
Тіл ұстарту жаттығулары дыбысты анық айтуға дағдыландырады.
Мнемотехника. Ӛлеңді суреттер арқылы жаттау. Бұл тапсырманың мақсаты
тіл дамытудағы тиімді әдістің түрі, оқушылардың тілін дамытуға, есте
сақтауына септігін тигізеді. Тапсырманың құрылуы оңайдан күрделіге қарай
жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сӛздік қорын дамытуға, әңгіме
құрастыруға , мазмұндауға, жұмбақты жасыру мен шешуде қолданылады.
Суреттер арқылы оқушы ӛлеңді жылдам жаттауға кӛмектеседі.Бұл жаттығуға
мынандай ӛлеңді алуға болады.
Түнде де, күндіз де
Тілдесем жұлдызбен
Күнді де тексеріп,
Күнделік жүргізем
Бағдарлап ғарышты
Зерттеген Марсты
Астроном ағамдай
Барлаймын алысты.
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар. Бұл тапсырмалардың
мақсаты-балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушының
материалды есте сақтауына кӛмектесетін әдіс-тәсілдерді кӛбірек және тиімді
пайдаланған жӛн. Бұл жерде ұсынылатын тапсырмалар визуалды болса
баланың есінде сақталады. «Жоғалған зат» ойын. Орындалуы: үстелдің
үстіне бірнеше зат қойып, балаларға мұқият қарап алыңдар деп айтып, теріс
қаратады. Сол кезде мұғалім бір затты үстелден алып тастайды. Оқушылар

қай заттың жоғалғанын табу керек. Заттардың санын біртіндеп кӛбейтуге
болады.
«Не қажет?» ойыны. Бұл ойынның орындалу барысы мынандай: балаларға
бірнеше суреттер беріледі, естеріне сақтап алу ұсынылады. Қарап болған соң
балалар суретке байланысты сӛздерді байланыстырып айту керек. Немесе
керісінше тапсырманың орнын ауыстыруға болады. Суреттің орнына бірінші
мұғалім бірнеше сӛзде айтып, сол сӛздерді есте сақтап алу керек дейді.
Сәлден соң оқушы мұғалімнің айтқан сӛзін суреттер арқылы есіне түсіріп
табу керек. Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығуларды бірнеше
түрлендіріп орындауға болады.
«Ата-анамның бағасы» Бұл тапсырмада балалар отбасымен бірге кітап
оқиды. Шағын ертегілерді, буындап оқуға, түсініп оқуға мәтіндер беріледі.
«Антиципация». Жалғасын тап. Оқу дағдысын дамытудағы баланың ойлау
қабілетін дамытуға арналған жаттығудың түрі. Бұл сӛзді, сӛйлемді немесе
мәтінді толық оқымай-ақ, алдын ала жалғасын болжап айту. Бұл баланың
оқуға деген қызығушылығын арттыруға кӛмектеседі.Антиципация- жылдам
оқудың ең оңай тәсілі. Сонымен қатар бұл тәсіл кӛздің қамту аймағын
дамытады. Бұл жаттығуға мынандай тапсырмалар алынады. Балаларға сӛздің
бастапқы бӛлігі беріледі, ал қалған бӛліктерін сызықтармен қосу арқылы табу
керек. Мысалы, Шегі
бақа
Зымы

хана

Тас

ртке

Дәрі

ран.

Тағы да мынандай тапсырманы ұсынуға болады.
Қаңтар тамаша қар сағат табиғат дос жолбарыс
Оқушы табиғат жастық қызыл нәзік әтеш фирма
Балық маймыл табиғат қарақат сарымсақ қияр
Қарбыз кӛрпе сезім жыр ӛмір табиғат доп
Экран болашақ табиғат найзағай жер тәтті.
Осындай сӛздер беріліп, осы сӛздердің ішінен табиғат сӛзін тап. Неше рет
кездесті?

«Ертегілерді суреттер арқылы оқу». «Бала кезде үш жастан он екі жасқа
дейінгі аралықта әр адам ӛзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де
ертегіден алады» Ы.Алтынсарин. Ертегі- мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы
әр түрлі, оқиғасы қызықты болатын шығармалардың бірі. Ол әдеби мұраның
ең кӛне түрі болса да, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, баланы
тәрбиелеудегі маңызы жойылмаған қазына. Осы ертегіні балаға жеткізу ол
шеберлікті талап етеді. Бастауыш сыныпта баланың оқу дағдысын дамытуда
ертегіні суреттер арқылы оқу орасан зор маңызды. Мұнда баланың
қызығушылығы артады, ертегіні қызыға оқитын болады. Тапсырманы беру
кезінде балаға деңгейіне қарау керек, және тақырыбында дұрыс таңдаған
жӛн. Мысалы, 1-сынып оқушыларына «Бауырсақ», «Түлкі мен тырна»,
«Шұбар тауық» ертегілерін алуға болады. Алдымен ертегі мазмұнын мұғалім
балаға қызықты етіп түсіндіріп беру керек. Содан кейін бірнеше бӛліктерге
бӛлінген ертегіні суреттер арқылы беріп, ертегінің ретін құрастыруға
тапсырма беруге болады. Ары қарай күрделендіре түсеміз, ол кезде мәтіндегі
сӛздерге суреттер қоямыз.

«Бауырсақ» ертегісі

«Шұбар тауық» ертегісі

Сӛзді лабиринт. Бұл тапсырмалар баланың әріптерді тез табуына, оларды
есте сақтауына кӛмектеседі. Кӛздерін жаттықтырады, шапшаң оқуға
дағдыландырады. Сергіту жаттығуы ретінде қолдануға да болады. Бұл
жаттығудың да маңызы алдымен жеңілден күрделіге қарай ауыстыруға
болады. Мысалы, бірінші тапсырмада тек әріптерді табу керек болса, кейін
сӛздерді табу деп ӛзгертеді.Және уақытын қадағалау керек, сол кезде бала
жылдамдыққа, жылдам оқуға талпынады.

т р
ы с
н п
т
ы
н

с
а
р

н
а
с
ф
ӛ
п

Әріпті лабиринт

п
у
з

Сӛзді лабиринт

Ӛлеңдер. Мәнерлеп оқу. Ӛлең-шағын кӛлемді шығарма.Ырғағы мен ұйқасы
бар, шумақтардан тұратын сӛздер тізбегі. Ӛлеңнің түрлері әр түрлі
тақырыпта болады.Ӛлеңді баланың оқу дағыдысын дамытудың тәсілі ретінде
қарастырған жӛн. Мұнда баланың деңгейіне байланысты алу керек.Ӛлеңдерді
оқу мәнерлеп оқу дағдысын дамытады.Оларды тек мәнерлеп оқып қана
қоймай, жаттату арқылы есте сақтау қабілетін дамытамыз.
Сюжетті суреттермен жұмыс.Сюжетті суреттер баланың сӛйлеу тілін,
байланыстырып сӛйлеуін, сӛздік қорын дамытады. Сюжетті суреттердің
бірнеше түрлері бар. Олар мазмұнның реттілігін табуға, оқиғаны суреттеуге,
іс-әркетті айтуға бағытталған. Сюжетті суреттерді баланың деңгейіне
байланысты алу керек және жеңілден күрделіге қарай ауыстырамыз. «Не
жетіспейді?» «Суретші нені шатастырды?» деген сияқты тапсырмаларды
алуға болады.

Моншақты тізбек. Бұл тапсырмада оқушыларға әріптерден сӛз құрастыруға
беріледі. Балалар берілген әріптерден бірнеше сӛз құрастыру қажет. Бұл
тапсырма баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын дамытады.

Қорытынды
Бүгінгі таңда жас жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бізге, яғни мұғалімдерге
жүктелген. Бұл жүктеме әр мұғалімнің оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді,
сабақ сапасын жаңа деңгейге кӛтеруді талап етеді.Бала ӛмірінде бастауыш
сынып мұғалімінің алатын орны зор. Барлық білім бастауыш сыныпта
қаланады.Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған оқушыларға білім беретін,
оның ой-қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш
сынып мұғалімі. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарымқатынас жасау барысында үйренеді.Бала үлкендердің істеген әрекеттерін
кӛріп бақылап,оған еліктейді, кейін оны ӛзі істей бастайды. Бастауыш
сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында ӛздерінің білім мен тәрбие алуына
қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - ӛте күрделі
психологиялық процесс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру
жалпы тіл дамытумен, оның ішінде жазбаша, ауызша сӛйлеу тілімен де
тікелей байланысты.
Оқу барысында кӛру, есту мүшелерінің, барлық танымдық процесстер
қызметі қатар жүргізіліп,тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар
мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды
деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы түрде
түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Бастауыш
сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру үшін жоғарыда
кӛрсетілген тапсырмиаларды жүйелі түрде жүргізсе онда нәтижеге жетуге
болады деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 1.С.Рахметова.Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы:Ана тілі.
2. 2.Ш.Сәтиева.Оқушылардың оқу техникасын дамыту. Ұлағат.-2004
3. 3.О.А.Анреев.Техника быстрого чтения.

ҰСЫНЫСТАР ҮШІН

Құрастырушы автор: Есік қаласы №1 облыстық арнайы
мектеп-интернатының бастауыш сынып жетекшісі
ДАУЛЕТОВА НАЗЫМ БОЛАТҚЫЗЫ
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!