Материалдар / С.Сейфуллин. Қыс бейнесі. Әдебиеттік оқу. 3 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С.Сейфуллин. Қыс бейнесі. Әдебиеттік оқу. 3 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Сейфуллин. Қыс бейнесі. тақырыбында әдебиеттік оқудан 3 сынып бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Қыс бейнесі

Күні

Мұғалімнің есімі Джакупбекова С.Қ.

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.8.1 – эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.

Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, Көркем шығармаға пікірін білдіреді.

Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалайды

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:

Әдеби мұра . Әдеби көркем сөздер . Халық ауыз әдебиеті

Даналар нақылы. Асыл сөз. Шешендік

Құндылықтар

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пән / байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру дағдылары қалыптасқан.

Негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген.

Жоспар

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі күнге .................. тілеймін.

Оқушылар өз тілектерін бір сөзбен айтып шығады.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Шұғыл SMS (хабарландыру)…» әдісі.

1Рисунок 1 . Отан дегеніміз не?

2. Сенің туған жерің қай жер?

(МК) Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға,түс, кейпін

Достым,білгің келе ме?–

дей келіп, Отан жайлы қалам тартып, өлең арқылы Отанына өз

сезімдерін білдірген ақындарды оқушылар еске түсіреді

Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау:

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру. Күтілетін нәтижені анықтау




Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы .

С. Сейфуллин атында көшелер, театр, кітапханалар бар.

Топтық жұмыс

Қысқы табиғат құбылыстарын атап, сипаттаңдар.



Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Ортасы


Қызыл шұнақ
Шытынайды тыста аяз -
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан - теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңдап,
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
(С. Сейфуллин)

Оқиғаның маңызды тұстарын талдаймыз.

-Ақын жаңа жауған қарды неге теңейді?

-терезеге тиген қар ұшқыны қандай күйге ұшырайды?

-қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

Өлеңдегі ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу.

Зәрлі деммен ысқырып, мұздай демі аузын ашады. Ақын бұл сөз тіркестерін неге қатысты айтты? (топтық тапсырма)

Дескрипторы:

Таныстырылым жасаймыз.

Сөздік жұмыс:
қызыл шұнақ – бет қаратпайтын үскірік аяз.
зәр – суық, аяз, ызғар
зәрі сыну – ызғары қайту, жылына бастау
мұздай – сұп-суық
шытынау – сынып кету
Ұшқын-искра
Күннің құлақтануы күннің айналасына тәж пайда болуы







Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Аяқталуы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі.

Жұптық жұмыс. «Қызыл шұнақ» өлеңінен қылшылдап, жалаңдап, ысқырып, санын сабалап, аузын ашып деген сөздерді оқығанда қандай әсерде болдыңдар?

Қорытындыла. Өлеңдерге сүйеніп, өз жеріңдегі қысты сипатта.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда). Кері байланыс.

Оқушылар «Қар кесектері » әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!