400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Стансалардағы маневр жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Стансалардағы маневр жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ




«Автоматика, радиоэлектроника, тасымалдауды ұйымдастыру және жол шаруашылығы» бірлестігі




М.Ж Баратова



КМ09 «Станса жұмысын ұйымдастыру»

пәнінен дәріс



Мамандық: 10410200–Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік: 3W10410201 4-ші және 5-ші кластардың темір жол стансасының кезекшісі

4S10410205 Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі



ШЫМКЕНТ 2023 жыл



Стансалардағы маневр жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Маневрларға өкім шығару. Маневр жұмыстарын басқару.


Дәріс жоспары:

  1. Стансалардағы маневр жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

  2. Маневрлік қозғалыстарды жүргізуі кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеттері

  3. Маневрлерді басқарушының атқаратын қызметтері


Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе паркі бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчерінің нұсқауымен жүргізілуі тиіс.

Маневрлерді басқару жөніндегі міндеттері бөлісу жөнінде станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Маневрлік жұмыстағы нұскаулар берудің негізгі кұралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда - екі жақты парктік байланыс құрылғылары болуы тиіс.

Маневрлік жұмыста сигналдарды қол сигнал беру аспаптарымен беруге рұқсат етіледі Маневрлерді жүргізуші локомотив, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисі радиобайланыс, екі жақты парктік байланыс құралдарымен немесе қол сигнал беру аспаптарымен берілетін сигнал бойынша маневрлерді басқарушының жеке өзінің нұсқауын алмайынша, оған локомотивті немесе арнайы жылжымалы құрамды орнынан қозғалтуына тыйым салынады. Маневрлерді басқарушының нұсқауынан немесе сигнал беруінен басқа, орталықтандырылған маневрлік маршруттардың стрелкаларына шығардан бұрын машинист маневрлі маршруттардың бағдаршамның рұқсат беруші көрсетуінің бар екеніне кез жеткізуі тиіс, ал орталықтандырылмаған стрелкаларға шығарда - стрелкалық қосын кезекшісінен (жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша) стрелкалардың маневрлік қозғалыстарға әзірлігі жөнінде сигналын немесе хабарпамасын алуы тиіс.

Маневрлерді жүргізетін локомотивтің қозғалысын басқаруды олардың дұрыс орындалуы үшін жауапты болатын маневрлерді басқарушы (поездарды құрастырушы) - бір ғана қызметкер жүргізуі тиіс.

Маневрлерді басқарушының міндеттері төмендегідей:

  • маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәл және дер кезінде орындау;

  • маневрлерді жүргізуге қатысатын барлық қызметкерлердің, оларды алдағы манверлік жұмыстардың жоспары мен оларды орындау тәсілдермен таныстыру негізінде дұрыс орналастыруын және әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  • поездарды осы Ережелердің, тиісті нұсқаулықтар талаптарына дәл сәйкестікпен қалыптастыру;

  • маневрлік жұмысты, қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлерде қамтылған жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сактанымдылығы қамтамасыз етілетіндей дәрежеде ұйымдастыру. Адамдары бар, габариттен тыс және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың маневрлерін ерекше сақтылықпен жүргізуі тиіс.

Станцияларда, жолдық дамуына, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне байланысты, жолдар маневрлік аймақтарға бөлінеді.

Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың немесе оның міндетін атқаратын кызметкердің басшылығымен жүргізіле алады.

Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің қозғалыстарын осы аймақта маневрлердің жүргізілуін басқару құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигналшы (стрелкалық қосынның кезекшісі басқарады).

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның станциялық жолдар бойынша маневрлік қозғалыстары Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Маневрлік қозғалыстарды жүргізуі кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеттері төмендегідей:

  • маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәл және дер кезінде орындау;

  • берілетін сигналдарды мұқият қадағалау, сигналдарды және қозғалыстар жөніндегі нұсқауларды дәлме-дәл және дер кезінде орындау;

  • жол бойындағы адамдарды, стрелкалардың қалпын және жылжымалы құрамның орналасу жағдайын мұқият қадағалау;

  • маневрлерді жүргізудің қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамсыз ету.

Құрама поездармен жұмыс істейтін локомотив бригадалары, сондай-ақ маневрлік жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген кондукторлар мен құрастырушы бригадалар техникалық-жарлық актісінде көрсетілген станциядағы маневрлік жұмыс жүргізу тәртібін білуі тиіс. Техникалық-жарлық актісінде көрсетілген маневрлік жұмыстардың шарттарымен локомотивтік және құрастырушы бригадалар мен кондукторларды таныстыру тәртібін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы белгілейді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі