Тақырып бойынша 11 материал табылды

"STEM БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдибаева Ырысгуль Нысанкуловна

Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің әдіскері.



"STEM БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ"

Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).

Бүгінде көптеген елдерде, STEM-білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылуда.

Осы салада STEM- орталықтары, халықаралық конференциялар құрылды. Білім берудегі STEM нені білдіретінін айтып көрейік.

STEM білім берудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері дегенде не айтқымыз келеді? Яғни, STEM білім беру дегеніміз не? Не үшін керек? Қалай жүзеге асыруға болады? деген сұрақтар төңірегінде ойтолғанысыммен бөлісемін.

Кеңестік дәуірден пәндік білім беру бізде өте жақсы дамыған. Мысалы: математика сабағында формулаларды жатқа білу, есептер шығару, графика сызу т.б. Биология сабақтарында клетканы микроскоппен бақылап, барлық тірішілік иелерінің эволюциясын тас-талқан етіп талдап тастау. Мен өзім орта мектепте алгебра, геометрия пәндерінен олимпиадаларға көптеп қатысатынмын. Есімде 10 -сыныпта олимпиадалық есептер жинағы деген кітаптағы есептерді ұстазым екеуміз жарыса шешетінбіз. Бір балалық азартқа кіріп күні-түні мұғалімімнен көбірек шығаруға ұмтылатынмын. Бірақ сол есептердің, формулалардың өмірде қай жерде, қай кезде пайдаланып, қолдануға болатындығы туралы ұстазым сөз де қозғамайтын. Сол сияқты химия, физика сабақтарында да формулалар бойынша есептер шығарылып, тәжірибелер жасалғанмен, ол пәндерден алынған білімдеріміз өзара біріктіріліп, өнім, зат шығаруға болады деп бізді ешкім итермелемейтін. Сен математикадан формулаларыңды алып, физика мен химиядан тәжірибелеріңді алып, еңбек сабағынан инструменттерің мен ағаш темірлеріңді алып, зат жасауға әрекет ет, жаңа бір нәрсе ойлап шығар деп ешкім айтпайтын, оған жағдай да жасалмайтын.

Кім біледі? Қазіргі замандағы функционалдық сауаттылықққа арналған талап тілектер сол уақытта қойылып, жағдай жасалса, онда мен қай мамандықтың иесі болатын едім? Мен әрине өкініп тұрғаным жоқ. Өз мамандығымды сүйемін. Бірақ мектепті алтын медальға бітірген мен сияқты оқушы үшін, қазіргі заманғы озық мамандықтарға қолжетімділік ашылар ма еді деп ойлаймын.

Ал қазіргі, ақпараттық жаһандану заманында жаңа технологиялардың тез дамуы кезінде машина жасау, ІТ технологиясы, ғылым, өнер, және т.б. мамандықтарға сұраныс көбейді. Болашақта елестету қиын болатын мамандықтар пайда болып жатыр. Олар жаңа био, нанатехнологиялар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салада білімділікті талап етеді. Осындай мамандарды даярлауды мектептен бастасақ, ол үшін не істеуіміз керек? Ойланып көрсек, біз қазір мектепте беріп жатқан біліміз қаншалықты өзгерді? Деңгейі қандай? Оны қайдан көреміз?Қандай жағдай жасадық? Жасай аламыз? Не істеу керек?

Таяу және алыс шет елдерде жоғары технологиялар саласында мамандарды даярлаудың негізі STEM білім беру болып есептеледі. Оқушылардың есептік ойлау дағдыларын ерте дамыту, ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобалық топтық, жұптық жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттыру, нақты инженерлік, технологиялық нәтижелер шығаруға бағытталған. Сондықтан да көптеген елдер бізден көш ілгері шығар.

Сонымен, STEM білім беру дегеніміз не? Сұраққа жауап бермес бұрын, STEM деген сөздің мағынасын ашып алайық:

STEM аббревиатурасы қалай жіктеледі:

S – science (жаратылыстану ғылымы)

T – technology (технология)

Е-engineering (инженерлік)

М-mathematics (математика) scince- ғылым, technology-техника, технологиялар, engineering –инженерлік, mathematics- матиматика деген сөздер екен. Яғни осы салалардың біріккен жиынтығын қамтитын кеңістік деп түсінемін.

"STEAM-білім" бағдарламасы бойынша білім алушылар физика және математика пәнінен басқа робот техникасын үйренеді ,өзінің роботтарын бағдарламалап құрастыра біледі.

Сабақтарда арнайы технологиялық зертханалық және оқу жабдықтары, сонымен қатар 3D-принтерлер, визуализация құралдары және басқа да жабдықтар пайдаланылады. STEAM-білім - философиясы балаларды еңбек сабағында кәсіпке бағыттап ескі игі амалдармен оқытуға негізделген, қазір мұның оқыту әдістері мен құралдары өзгерді.

Мектепте «stem» оқыту жүйесін дамытудағы мақсатымыз STEM білім беру жүйесін дамытып, оны қаланың жекелеген мектептерінің оқушыларына барынша қолжетімді ету.Мектебімізде «Робототехника», «Болашақ инжеренелер», «IT технология», «Үш өлшемді модельдеу технологиясы» курстары өтілуде[1].

STEM бағыты оқушының алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады. Бағдарлама төрт кезеңге бөлінген. Олар: инженерлік іс, бағдарлау, робототехника мен 3d моделдеу. Аталған бағдарламалар бүгінгі күнгі ең өзекті топтамалар мен Autodesk Solidworks, Scratch, Java, Python, C++ сынды бағдарлау тілдерін қамтиды.

СТЕМ - білім беру білім саласы «Жаратылыстану», «Математика және информатика», робототехника, 3Д модельдеу, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған. СТЕМ оқыту бойынша пән мұғалімі әсіресе сабақта пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлуі керек. Шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына көп көңіл бөлуі керек. Ол оқушының әлеументтенуіне үлкен үлес. Мысалы: 6-сынып оқушылары істеген мына кішкене модель «робот – официант». Оқушыдан математика, мехатроника, роботехника, сызу, еңбек құралдарымен жұмыс т.б. Яғни бірнеше пәндердің бірлескен білімдер жиынтығы оқушының өнім жасап шығуына ықпал етті, оқушы тәжірибеде пайдаланды.Оқушылар шағын топтарға бірігіп жоба қорғау арқылы осы проблемаларды шешу керек.

Мұнда айта кететін жай СТЭМ оқытуда оқушылардың топтық, жұптық жобалармен жұмыс істеуі маңызды.

Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға стем кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіру арқылы нақты өмірде қолдануға жағдайды қазір жасау керек. Мұның ішінде экологияны сақтау, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, табиғат мүмкіншілігін, ресурстарын пайдалану, аз мөлшерде энергия жұмсау арқылы еңбек өнімдерін алу т.б.

STEM білім беру әртүрлі ғылымдарды біріктіруге негізделген пәнаралық және қолдан­балы тәсілдеме ретінде жиырма жылдан астам қолданылып келе жатқан ұғым болып табылады. Пәндік білімнің STEM-ге, оны іс-тәжірибеде қолдана білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, оқу міндеттерін шығармашылық тұрғыдан шешуге, дизайнерлік тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға және топтық жұмыс сияқты кең ауқымды дағдыларға сұраныстың артуы бүкіл әлем мектептерінде STEM білім беруді нығайтуға себеп болып отыр.

Дегенмен, технологиялар әлеміндегі өзгерістер мен инновациялармен қатар STEM білім беру де бір орында тұрған жоқ. Бұл тәсілдеме дамытылып, STEAM және STREAM тәсілдеріне айналатын жаңа компоненттермен толықтырылып отырады. Бұл жерде «А» (Arts) өнер мен дизайнды білдірсе, «R» әрпін (Research) зерттеу деп түсінуге болады. STEAM тәсілдемесі инновацияларға қол жеткізу үшін шығармашылық және дизайнерлік тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуды маңызды санаса, STREAM тәсілдемесі кіріктірілген жобаларды зерттеулер негізінде жүзеге асыруды ұсынады[2].

Білім беру бағдарламасы бойынша оқу аясында жобалық жұмыс жүргізу STEAM білім беруді жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктер береді, өйткені оқушылар­дың проблеманы анықтау, ақпарат жинау және өңдеу, эксперименттер жүргізу, шыққан нәтижелерді талдау сияқты зерттеу дағдыларын өз беттерімен қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру пәнаралық байланысты нығайтуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу үдерісі барысында алған білімдерін біріктіреді, өмірлік маңызы бар нақты проблема­ларды талқылауға қатыстырады.

«STEAM жүйесі бойынша тіл оқыту: технологиялар мен тәжірибе алмасу» атты отандық және шетелдік тәжірибелерге негізделген әдістемелік семинар-тренингті қарау арқылы қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің Назарбаев Университетінде оқытылу үлгілерімен танысып, тарихи шығармалар мен танымдық оқылымға талдау жасау іс-тәжірибелерімен таныстым. Семинар барысында STEAM жүйесі бойынша қазақ тілін оқытуда мультимедиялық технологияларды, яғни Playposit, Socrative, Google Doc қосымшаларын қолдану жолдары практикалық түрде түсіндірілген болатын. Осы семинардан үйренгенімізді өз әріптестеріміздің арасында көрсетіп, тәжірибе бөлістік. Соның нәтижесінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерін кіріктіріп оқушыларға «Ұлттық мүдде» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді. Кіріктірілген сабақтың мақсаты: STEAM технологиялары арқылы тіл мен тарихты кіріктіру, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу бағдарламасын игеруге мүмкіндік жасау.

Сабақ мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; әміршіл-әкімшіл  саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдап оқу мақсаттарына құрылды. Жазылымалды тапсырмасы ретінде «Болжам жаса. Ой жалға» тапсырмасын орындауда «ХХ ғасырдың ІІ жартысында ұлттық мүдде қалай қорғалуы мүмкін?» тақырыбындағы мәтін бөлігін мұқият оқып, одан әрі айтылмақ  ойға болжам жасады. Жазылым тапсырмасын сәтті орындау үшін Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін саралап, А,В,С дереккөздерімен жұмыс жасады. Негізгі фактті анықтап, деректерге салыстырмалы талдау барысында ақпарат бұрышы толтырылды, тақырып төңірегіндегі білімдерін жинақтады. Бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалады. Жазылымнан кейінгі тапсырма Socrative мобильді қосымшасы арқылы қорытынды сұрақтарға жауап беру түрінде берілді. Нәтижесі сол бойда белгілі болып, кері байланыс берілді.

Socrative технологиясы ұялы телефон немесе ноутбук арқылы оқушыларға арнайы дайындалған сұрақтарды сол бойда орындап, сол сәтте өз білім дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл технология оқушылар үшін қызықты әрі өзін-өзі бағалайды. Мұғалім үшін де пайдалы жақтары бар. Біріншіден, сабақтың бастапқы кезеңінде алдыңғы біліммен байланыстыруға, өткен тақырыпты еске түсіруге көмектессе, екіншіден, өтілген тақырыпты жинақтап, бекітуге тиімді технология.

Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегінде болжай алады. Ғұлама ғалым Н.М Карамзин: ''Тарих-әрбір ұлтың ең басты кітабы'' – дейді. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, косымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді окып ұйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, орыстың ұлы педагогі К. Ушинский ''Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады'' деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және «онлайн» сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Интерактивті тақтаны тарих сабақтарында тарихи тұлғалардың суреттерін, тарихи фильмдерді көру, қазақтың күйлерін тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – еркін сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді. Сондай-ақ, оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын, Flash технологиясының мәні өте зор. Бұл оқу құралын оқушы қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады.

Ақпараттық құралдарды тарих сабағында пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – «Қазақрадиосы» мен теледидардағы «Алашалыптары» , «Жиһанкез» , «Тарих толқынында» атты бағдарлама материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі мұғалім→мектеп→ оқушы жүйесінің орнына оқушы → компьютер → комьютерлік оқыту бағдарламалары → мұғалім жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, мұғалім мен оқушы рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді.Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Сондықтан, «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық–коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.

Гректің ұлы ойшылы Плутарх кезінде былай депті «Көптеген табиғи талант иесі дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар алдына келгендердің табиғи қүбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырады,кұртып тынады».

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Елбасымыздың ''Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан'' атты жолдаудың негізгі тірегі – әлемдегі стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа техникаларын пайдалану өмір талабы. Жалпы «ХХІ ғасыр инновация мен индустрияның заманы». Қазіргі кезеңде бурынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесіндеде сабақтың жүргізілу барысына – да, жаңа талап, жаңа міндет әкеледі[3].

Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін – де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: ''XXI ғасырда нені оқыту керек және мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?''. Табалдырығын білім мен ғылымды инновациялык технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады,осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық технологиялык білім беру жүйесін айтумызға болады.

Инновация–технология терминдеріне жеке жеке тоқталатын болсақ Инновация – жаңа мазмұнды ұйымдастыру жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмунды ұйымдастыруды анықтайды. Технология – тәсілдер жұйесі деген мағынаны білдереді. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогиқалық оқыту технологиқалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сатысын арттыру.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саясы экономикалық білімділік және ақпаратттық сауаттылық талап етілуде.

Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу – әрекетін тиімді әрі қызықты етіп ұйымдастыру. Мұғалімнің міндеті – окушыға оның бойында жасырып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, оқушының білім деңгейін нақты білу.

Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді. Қазіргі кезде ең көп қолданып жүрген – оқу мен жазу арқылы сын турғысынан ойлауді дамыту технологиясы болып табылады

Бұл сабақтың нәтижесінде қолданылған технологиялар екі пәннен бір тапсырма дайындау арқылы оқушылардың дереккөздерді сыни тұрғыда талдау дағдыларын жетілдіре түсті. Мәтін түрінде ұсынылған деректерді қолдана отырып қазақ тіліндегі жазылым алды, жазылым тапсырмасы, жазылымнан кейінгі тапсырмаларды тиімді орындады. Сабақ нәтижесінде оқушылар  оқу үдерісінде алған білімдерін біріктіріп, қолдана білді. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп тұңғыш Елбасы айтқандай, оқушыларға білім беру жолында ақпараттық, жаңа технологияларды оқу үрдісінде тиімді  пайдаланудың маңызы өте зор.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел – Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017 г

2.Г.Ногайбаева, С.Жумажанова. «Развитие STEM-образования в мире и Казахстане» \\ «Білімді ел – Образованная страна»  №20 (57), 25.10.2016ж.

3.Интернет ресурс: https://kk.wikipedia.org




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2021
1516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12