Тақырып бойынша 11 материал табылды

«СТИЛИСТИКА ӘЛЕМІНДЕ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларымен жүргізілетін үйірме жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІ»КММ







«СТИЛИСТИКА ӘЛЕМІНДЕ»

ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ














Бағыты: Тіл білімі

Сынып: 11

Мұғалім: Шуленова Қ.Б.

Сағат саны аптасына: 2

Жылдық сағат саны: 68






Өскемен, 2018




Түсінік хат

Тiл кез-келген танымдық iс-әрекеттердiң құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негiзi болып саналатындықтан, мектеп жасындағы балалар «Қазақ тiлi» пәнi арқылы тiлдiң үш түрлi қызметiн: теориялық мәселелердiң практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететiн бiлiмдiк қызметiн; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тiл арқылы меңгеруге болатынына және өз ойын жеткiзудiң, өзiн-өзi тану мен өзгенi танудың бiрден-бiр құралы тiл екендiгiне көз жеткiзетiн танымдық қызметiн алған бiлiмдi практикалық тұрғыда қалай қолдану iскерлiктерiн жетiлдiруге бағыттайтын коммуникативтiк қызметiн меңгерту мiндеттелiнедi.

Оқушылар бұл үйірме жұмысының барысында стилистиканың негізгі

ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын

және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең

игеруі қажет. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары,

олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты

түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің

стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы

тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық

қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейінде «Стилистика әлемі» үйірмесінің мақсаты – ана тiлiнiң қоғамдық-әлеуметтiк мәнiн түсiнген, тiлдiң қызметiн жүйелi меңгерген, коммуникативтiк бiлiктiлiгi дамыған дара тұлға даярлауға мүмкiндiк туғызу.


Үйірменің мақсаты:

Қазақ тілі пәні адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, әдеби тіл, әдеби тілдің нормалары, тілдің көркемдегіш құралдарын, қазақ тілінің қызметін, тіл білімінің салаларын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін саналы түрде қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастырып дамыту.


Үйірменің міндеті :

Жоғарыдағы мақсатты орындау үшiн танымдық және практикалық бағыттағы бiрнеше мiндеттер қойылады.

Танымдық бағыт бойынша:

  • оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • әрбiр тiлдiк бөлшектердiң жалпы тiл жүйесiндегi орнын, маңызы мен ерекшелiктерiн ажырата бiлуiне қажеттi iскерлiк-дағдыларын қалыптастыру;

  • тiлдiң қоғамдық маңызын түсiндiру, ана тiлiнiң бүгiнгi таңдағы әлеуметтiк рөлiн, оның басқа тiлдермен өзара байланысын, теңдiгi мен бiрлiгiн ұғындыру;

  • оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсiну әрекеттерiн жетiлдiру, шығармашылық қабiлеттерiн арттыру;

  • тiлдiк құбылыстарды абстрактылауды және жинақтауды үйрету, таным белсендiлiгiн күшейту;

  • тiл фактiлерi арқылы оқушының рухани дүниесiн жетiлдiру, адамгершiлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

  • қазақ тiлi сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан бiлiм негiздерiмен қаруландыру.


Практикалық бағыт бойынша:

  • оқушының тiлдiк сауаттылығын арттыру, әдеби тiл нормаларын меңгерту;

  • тiл мәдениетiн қалыптастыру, тілдің стильдік ерекшеліктерін оқып-үйрету, ауызекi сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетiнiң талаптарына сай дағдыларды жетiлдiру.

Қазақ тiлi сабағы оқушы үшiн тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой- өрiсiн өсiрiп, оған тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiруi қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы бiлiм мазмұнының iшкi байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным деңгейiне сүйенiп, оның өмiрге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға себiн тигiзедi. Оқушының таным деңгейi оның сөйлеу тiлiне, сөздердi орынды қолданып, сөйлемдi дұрыс құрастыру, ойын жеткiзе бiлу iскерлiгiне тiкелей тәуелдi. Сондықтан тереңдетілген бағдарламада оқушының тiлдiк бiлiмiн кеңейтiп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтiк, танымдық мотивтердiң қалыптасуына жол аша отырып, алған бiлiмдерiн практикалық iскерлiк-дағдыға айналдыру көзделедi.

Оқушы деңгейіндегі міндеттер: теориялық, практикалық, жекелей жұмыс түрлері

Стилистика туралы түсінік.

Стилистика пәні, оның зерттеу нысаны, жалпы халықтық тіл, оның нормалары, стилистикаға қатысы, тілдік стиль ұғымы.

Функционалды стиль және оның топтастырылуы тарауы бойынша түсінік.

Оқушыларға стилистиканың тіл білімінің үлкен бір саласы ретінде рөлі мен орнын таныту, оның қарастырылатын мәселелерін меңгерту және білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру ретінде игерту. Стильдік ұғымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктері. Бұл саладағы тектік ұғымдарды меңгерту. Стилистика саласы бойынша негізгі білімді қалыптастыру.

Педагог деңгейіндегі міндеттер: теориялық, практикалық, жекелей жұмыс түрлері

Тұлғаны стильдік материалдарды ашық ажырата білуге үйрету.Сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру. Көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу. Сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгере білуге қалыптастыру. Өз бетімен іздене білуге үйрету.

Қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу. Шығармашылық қасиеттерін дамыту. Өз беттерімен мәтіндер, сценарийлер құрастыра білу;

талдау, пікір айта білу;Тарихи – мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгерту

Шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу.

Қазақ тілінің (танымдық) халықтық сипатын танытатын тілдегі сөз таптарының түрлерін, олардың атқаратын қызметін, байланыс түрлерін терең меңгере отырып, қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу. Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.

Үйірме мазмұны:

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрда, ауызшаны, жазбаша тұлғада, әр түрлі салада ) қолдануымен байланыстырып зерттейді. Ал көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызметін зерттейді. Практикалық стилистиканың міндеті - стилистикалық тілдік мәдениетті, сөз қолданудың стилистикалық нормаға сай дағдысын қалыптастыру.

Әрбір мәдениетті адам сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талаптанады. Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық айқындылық, тіл тазалығы, тіл дәлдігі - тіл мәдениетіне тікелей қатысты. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер шешімін табуға тиіс:

  • оқушыларға тіл тазалығы, тіл мерейі, мемлекеттік тіл, ана тілдің көркемділігі әдеби тіл нормаларын сақтауға биік талап қойылады;

  • тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографиялық, орфоэпиялық қателерді, стильдік қателерді болдырмаудың жолдарын үйрету;

  • мыңдаған сөздерді талғап ойын анық, оны дәл жеткізу үшін басқа сөздермен тіркестіріп, сөйлемдерді дұрыс құрауға дағдыландыру;

  • әдеби тіл нормаларын қатаң сақтауға үйрету.

Оқыту әдістемесі: Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары. өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады. Үйірмеде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады.


Оқушылар білуі тиіс: Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функционалды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі тиіс. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.


Оқушылар істей білуі тиіс: Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, сабақта және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.


Пререквезиттер: - Фонетика. Лексикология. Грамматика - Әдебиет теориясы. - Философия. Логика. - Педагогика, психология.

Постреквизиттер: - Қазақ тілінің синтаксисі - Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі - Жалпы тіл білімі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • зерттеу;

  • талдау;

  • зерттеу-ізденушілік;

  • сөздік жұмысы;

  • презентация т.с.с.

Пәнаралық байланыс:

  • әдебиет; тарих;

Күтілетін нәтиже:

1) әдеби тілдің нормаларын меңгеруі;

2) стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай білуі;

3) сөйлеу мәдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеруі;

4) ұжымдық қатынаста және мәтін түзуде сөз таңдай алуы;

5) мәтін талдауда оқу алгоритмін қолдана білуі;

6) тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды білуі;

7) төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін, төл сөздің орналасу тәртібін, тыныс белгілерінің қойылу себебін;

8) бірыңғай мүше, оңашаланған айқындауыш, қыстырма, одағайға байланысты тыныс белгілерінің қойылуын;

9)ауызша және жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білудің шарттарын білуі тиіс.

10) Эссе жазудың стилистикасын толық меңгеруі тиіс.

«Стилистика әлемінде» 11-сыныпқа арналған үйірменің мазмұны

-Үйірменің түсінік хаты;

-Үйірменің мақсаты мен міндеті ;

-Оқушы деңгейіндегі міндеттер;

-Педагог деңгейіндегі міндеттер:

-11- сыныпқа арналған үйірменің күнтізбелік жоспары

Тараулары

І тарау. Стилистика туралы түсінік ;

ІІ тарау. Стильдің түрлері;

ІІІ тарау. Эссе жазудың стилистикасы.

-Әдебиеттер тізімі мұғалімдер үшін;

-Әдебиеттер тізімі оқушылар үшін.

-Орындалатын жұмыс түрлері




11 - сынып

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

(Аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)


«Стилистика туралы түсінік» (16 сағат).

Стилистика пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті.

Стилистикалық норма

Стиль термині туралы түсінік. Стиль- тарихи категория

Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы, оның негізгі обьектісі: грамматика, лексикология, фонетика

Фонетикалық стилистика

Лексикалық стилистика

Грамматикалық стилистика


«Стиль түрлері» (40 сағат)

Функционалды стильдің анықтамасы және термині. Функционалды стильдің топтастырылуы

Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилінің грамматикалық ерекшеліктері

Іс-қағаздар немесе ресми стильге тән белгілер.

Ресми стильдің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері.

Ресми іс-қағаздары стиліне байланысты құжаттармен жұмыс жасау

Ғылыми стиль, оның қолданылу аясы. Ғылыми стильге тән белгілер

Ғылыми стильдің лингвистикалық ерекшеліктері.

Ғылыми тақырыпта эссе жазу.

Публицистикалық стиль, оның қолданылу аясы. Публицистикалық стильге тән белгілер

Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

Мақала жазуға қойылатын талаптар. Публицистикалық мақала жазу.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылу аясы

Көркем әдеби стилінде эссе жазу

Мәтін стилистикасы . Ойды жүйелі жеткізудің алғы шарттары

Мәтінге жан-жақты , толық талдаудың жоспары

Пайымдау мәтіні негізінде эссе жазу

Мәтін құрамындағы стильдік құралдар.

Жазба жұмыстары туралы түсінік

Функционалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері

Р.Сыздық. «Қазақ тілінің стилистикасы»


«Эссе жазу стилистикасы» (12 сағат)

Эссе туралы түсінік. Эссе жазудағы стильдік қолданыстар.

Эссенің түрлері

Ел Тәуелсіздігі тақырыбында эссе жазу

Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы

Түрлі тақырыптарда эссе жазу


Стиль мен пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысын қайталау (10сағат).

Шығармашылық жұмыс (18 сағат)

Практикалық жұмыс (4 сағат)

Зерттеу жұмысы (6 сағат)


Математика- жаратылыстану бағытындағы 11 - сыныбына арналған

"Стилистика әлемінде" атты күнтізбелік жоспар

аптасына 2 cағат, жылына 68 сағат


Күнтізбелік жоспар


р/с

Тақырыбы:

Өткізу формасы

Сағат саны

Мерзімі

І. Стилистика туралы түсінік

1

Стилистика пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті.

Әңгіме

2


2

Стилистикалық норма

Әңгіме

2


3

Стиль термині туралы түсінік. Стиль- тарихи категория

Әңгіме

2


4

Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы, оның негізгі обьектісі: грамматика, лексикология, фонетика

Қайталау

2


5

Фонетикалық стилистика


2


6

Лексикалық стилистика


2


7

Грамматикалық стилистика


2


8

Стилистикалық норманы сақтай отырып, еркін тақырыпта эссе жазу

Шығармашылық жұмыс

2


ІІ. Стильдің түрлері

9

Функционалды стильдің анықтамасы және термині. Функционалды стильдің топтастырылуы

Өз бетінше жұмыс

2


10

Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилінің грамматикалық ерекшеліктері

Қайталау

2


11

Іс-қағаздар немесе ресми стильге тән белгілер.

Қайталау

2


12

Ресми стильдің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері.

Практикалық жұмыс

2


13

Ресми іс-қағаздары стиліне байланысты құжаттармен жұмыс жасау

Шығармашылық жұмыс

2


14

Ғылыми стиль, оның қолданылу аясы. Ғылыми стильге тән белгілер

Талдау

2


15

Ғылыми стильдің лингвистикалық ерекшеліктері.

Талдау

2


16

Ғылыми тақырыпта эссе жазу.

Шығармашылық жұмыс

2


17

Публицистикалық стиль, оның қолданылу аясы. Публицистикалық стильге тән белгілер

Талдау

2


18

Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

Қайталау

2


19

Мақала жазуға қойылатын талаптар. Публицистикалық мақала жазу.

Шығармашылық жұмыс

2


20

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылу аясы

Талдау

2


21

Көркем әдеби стилінде эссе жазу

Шығармашылық жұмыс

2


22

Мәтін стилистикасы . Ойды жүйелі жеткізудің алғы шарттары

Практикалық жұмыс

2


23

Мәтінге жан-жақты , толық талдаудың жоспары

Талдау

2


24

Пайымдау мәтіні негізінде эссе жазу

Шығармашылық жұмыс

2


25

Мәтін құрамындағы стильдік құралдар.

Шығармашылық тапсырмалар

2


26

Жазба жұмыстары туралы түсінік

Талдау

2


27

Функционалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері

Талдау

2


28

Р.Сыздық. «Қазақ тілінің стилистикасы»

Зерттеу

2



ІІІ. Эссе жазудың стилистикасы.


29

Эссе туралы түсінік. Эссе жазудағы стильдік қолданыстар.

Зерттеу

2


30

Эссенің түрлері

Зерттеу

2


31

Ел Тәуелсіздігі тақырыбында эссе жазу

Шығармашылық жұмыс

2


32

Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы

Талдау

2


33

Түрлі тақырыптарда эссе жазу

Шығармашылық жұмыс

2


34

Қайталау. Жыл бойы өткен тақырыптарға шолу жасау.

Қорытынды

2




























Әдебиеттер тізімі.


Оқушылар үшін:


  1. Қ.С.Дүсіпбаева «Қазақ тілінің стилистикасы» -Өскемен: КМК «Шығыс Ақпарат», 2009.-120 бет

  2. Т.Ахтанов Тіл білімінің негіздері. Алматы, Рауан, 1995.

  3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы.

2000 ж.

4. Оқушы анықтамалығы.



Мұғалімдер үшін:



1. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

3. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976

4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005

5. Р.Сыздық Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі –А., Арыс,2004

6. В.В.Виноградов Проблемы русской стилистики - Москва,1983

7. М.Серғалиев Көркем әдебиет тілі – Алматы, 1995

8. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі - Алматы, 1996

9. А.Байтұрсынов Тіл тағылымы - Алматы,1992

10. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965

11. Т. Қожекеев Сатиралық жанрлар – Алматы, 1983

12. Г.Я.Солганник Стилистика текста – Москва, 2000

13. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых

бумаг – Алматы, 2000

14.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің

стилистикасы - Алматы, 2005

15 Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006

16. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

  1. Қ.С.Дүсіпбаева «Қазақ тілінің стилистикасы» -Өскемен: КМК «Шығыс Ақпарат», 2009.-120 бет


















Үйірме мүшелері:



Оқушының аты-жөні

Сыныбы

1

Аманжолов Ақтілек Аманжолұлы

11-«Ж»

2

Аскаров Амирлан Болатович

11-«Ж»

3

Ахметова Диана Ахметовна

11-«Ж»

4

Бақашева Райхан Ерболатқызы

11-«Ж»

5

Бердібек Қуаныш Бердібекұлы

11-«Ж»

6

Бокенов Дидар Дарханович

11-«Ж»

7

Ғадылбекова Аруна Нұрбекқызы

11-«Ж»

8

Жанымқанов Аян Нұрланұлы

11-«Ж»

9

Заинбеков Данияр Гамильулы

11-«Ж»

10

Қанағатов Аңсаган Серікұлы

11-«Ж»

11

Макариева Жулдыз Мауленовна

11-«Ж»

12

Орынбасарова Айша

Нұркелді қызы

11-«Ж»

13

Пайзолдина Аружан Карпатовна

11-«Ж»

14

Сапарғалиева Нұрдана Бақытжанқызы

11-«Ж»





































ГЛОССАРИЙ 
1 Стилистика– тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді. 

2 СӨЙЛЕУ – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады. 

3 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау. 

4 ДИСКУРС – (фр.discours – сөйлеу)– экстралинвистикалық, яғни, парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс – өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині «мәтін» терминімен салыстырғанда көне, басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды. 

5 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы. 

6 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады. 

7 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді. 

8 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі. 

9. ТАБУ – (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. Т. құбылысы тілдің магиялық қызметімен байланысты, яғни, сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. Т. Барлық тілдерде бар. Ең көп тараған Т. адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тиым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады. 

10.ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu – жақсы және phemi – сөйлеу)- эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде, өлді-қайтыс болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге қарсы қойылады.

Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы сөздер қолданылады





СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті.

Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.

Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады.

Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.

1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы — құрылымдық стилистика.

2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім — функционалды немесе қолданымдық стилистика.

3. Көркем әдебиет стилистикасы.

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық

сапа-қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті — стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастырады.

Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық стилистика саласы — әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың қарамағына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары — оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құрайды.


Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем шығармалардың не жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы еңбектер де жарық

көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады.

Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.

Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60 жылдарынан, тіл ғылымының тілдің құрылымын зерттеуден оның қызметін (тілдің тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап белсенді жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы мәселелерін зерттей бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары: В.Матезиус, В.Гавренек, Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б. еңбектері).

Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан – мәтінге қарай) әсерін тигізді.

Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де өзіндік үлес қосты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты стиль, сөз мәдениеті мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.

Мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық зерттеулердің кейбір жаңа бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: «Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті, тілді және психологияны зерттеу стлистиканың (тіл ғылымының бір саласы ретінде) пайда болуымен одан әрі нақтылана, айқындала түсті»,- дейді [4,21].

Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан — функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.

Тіл — өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.

20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.


Шынында, тілді тек жекелеген бірліктердің жүйесі деп анықтау жеткіліксіз, өйткені жеке тілдік бірлік болсын, не, тіпті, тілдің тұтас жүйесі болсын әлі коммуникативтік қызмет атқармайды. Жеке тілдік тұлға мен жүйеде ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік қызметтің нақты жүзеге асуы тіл шынайы қарым-қатынас процесінде қолданысқа түскенде ғана мүмкін болады. Тек осы жағдайда тіл ақпарат тасушы жүйе түрінде көрінеді [5,26]. Тілді жүйе мен оның қызметінің (қолданымының) бірлігі ретінде түсіну ғана оның қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Мұнда қызмет ету дегенді тек тілдік жүйені сөйлеу актісінде пайдалану ғана деп түсінбеу керек, сонымен қатар тілді жалпы қарым-қатынас процесінде пайдалану деп түсіну керек, яғни қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін тілдің көптеген сыртқы факторлардың әсерімен қолданысқа түсуі дегенді білдіреді. Бұл сөйлем — айтылымның мағыналық жағын байытады.

Сөзде заттардың (олардың әртүрлі топтарының) белгіленуі, ұғымның бейнеленуі қарым-қатынас үшін, тілдің қатысымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін әлі де жеткіліксіз болады. Қарым — қатынас процесінде контексте сөздердің жалпыланған мағыналарын нақтылау жүріп жатады. Өйткені тілдік тұлғаларды (тіпті, сөздерді) сөйлеушілер шамамен бірдей мағынада қолданады. Сондықтан сөйлеу кезінде (әсіресе, жазба түрдегі) «сөз азабы» деген туады (ол ақын, жазушыларға ғана тән емес). Ауызша сөзде дәлсіздіктердің, оғаш құрылған сөйлемдердің болуы сондықтан. Қарым-қатынастағы мұндай кедергілер вербалды емес амалдардың (ым, мимика) көмегімен игеріледі.

Сөйлеу (ауызша болсын, жазбаша болсын) — шығармашылық процесс, ол аз дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Тілдік қатынаста стандарт, әрине, негіз, тірек қызметін атқарады, бірақ толыққанды, тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдің бұл қасиеті жеткіліксіз. Өйткені шынайы қарым-қатынастың алдын-ала болжап болмайтын нәзік иірімдері толып жатады.

Сөйлеу қызметінің шығармашылық сипаты туралы Л.В.Щерба былай деп жазды: «Сөйлеу процесінде бұрын айтылғанды немесе естігенімізді жиі қайталасақ та, алайда… сөйлеуде бұрын естімеген тұлғаларды, сөздерді жиі қолданамыз, қолданып қана қоймаймыз, үнемі жаңа тіркесімдер жасап отырамыз» [6,24]. Тілдің қолданысы тілдік тұлғалардың мағынасын синтагматика қағидалары бойынша жай қоса салу деген емес, сондықтан сөз (сөйлеу) оны құру үшін пайдаланылған тілдік тұлғалардың мағыналарының механикалық қосындысынан тұрмайды.

Өзара түсінісу қарым-қатынас контексінде пайда болатын «жаңа қолданымдардың» көмегімен (солардың негізінде) жүзеге асады. Мысалы, тілдегі жаңа қолданыстар: метафора, метонимия т.б. (сөздердің, тіркестердің жаңа мағыналары) тіл жүйесінде алдын ала белгіленбейді, сондықтан белгілі бір кезеңге дейін ешкімге белгісіз болады, алайда тыңдаушы адам оны бірінші рет естігенде оның мағынасын бірден түсінеді (контекстегі белгісіз сөздерді түсіну тілдің осы қасиетіне негізделеді).

Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның (жазылғанның) ерекше мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал бұның өзі стилистикалық құбылысқа жатады. Тіл жүйесінің «құпиялылығы» — оны шығармашылық тұрғыдан пайдалану мүмкіндігінде жатар.

Тіл мен сөз (сөйлеу), дәлірек айтқанда, тілдің жүйелік (құрылымдық) және қолданымдық аспектілері өзара бірлікте, бірақ бірдей емес. Қолданыс кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқарғы шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады. Тіл жүйесінде алдын ала қалыптастырылған мағыналық мазмұн электронды есептегіш машиналары (ЭЕМ) үшін, әрине, тиімді, бірақ ол тілдегі шығармашылықты жоққа шығарады. Шынында, табиғи тұрғыдағы тіл мен ойлау тілдегі осы жалпыланғандық пен қалыптылықты (стандарттылықты) әрдайым еңсеріп отырады. Тілдің жоғарыдағы белгілері (дайын үлгі, стандарттылық) — бұлар әрі қажетті, әрі пайдалы да, бірақ олар тілді қолдану процесінде кедергілер де жасайды.

Тілдік жүйенің коммуникативтіктілігі толық көлемінде тек қарым-қатынас процесінде ашылады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық-мағыналық реңктері, мәнерлілігі, стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттілігі тілдің қолданысында ғана айқындалады. Сөйтіп, тілдің стилистикалық феномені, яғни тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие. Тілді танып білу және оны сипаттау үшін жүйелілігіне қоса оның функционалдық аспектісін де ескеру керек.

Сондықтан тіл грамматикасымен қоса жұмсалым грамматикасы (функционалды грамматика) да пайда болып дами бастады.

Қорыта келгенде, функционалды стилистика тілдің қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді, басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні (предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.


(http://bigox.kz/stilistika-zhane-onyn-anyktamasy/)






























Қазақ тіліндегі стиль түрлері


Бүгінгі таңда кеңінен пайдаланып жүрген қазақ әдеби тілі – стильдік-жанрлық тармақтары айқын, ауызша және жазбашалау негізінде қызмет ететін тіл. Қазақ әдеби тілінің стильдік бөлімдері, айта келгенде, үлкен екі бөлімге толысады. Үстінде көрсетілген публицистикалық стиль, ресми стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі – кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы айтылған стильдерді жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады. Ал сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды.

1. Ғылыми тәсіл (ғылыми стиль)

Ғылыми жазбаларда, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде (ғылыми-зерттеу жұмыстарында, дәрістерде)

Дәрілік заттарды және құбылыстарды және ақпаратты берудің жиынтық жеке тұлғалары туралы түсініктеме. (яғни жинақталған білімнің және эволюцияның жиынтығы) растау, қазіргі мағынада зерттелген. (докасан, зерттелген, күллі)

Ұсыныс ғылыми терминологияны енгізуді қолданады.

(ғылыми терминологияны пайдалану, әңгімелер жазу)

2. Ресми баспа басылымының тәсілі (ресми стильдің стилі)

3. Публицистика (журналистік стиль)

Баспа басылымдарында, оқу хабарламаларында және кеңсе құжаттарында (құжаттарда, құжаттарда, құжаттық құжаттарда) пайдаланылады. Баспа басылымдарында, журналдарда және жаһандық ақпарат құралдарында қолданылады. (баспа басылымдарында, журналдарда, комитеттерде, ШОБ-да пайдаланылады)

Таза ақпарат беретін есеп беру. (жариялау, белгілі бір ақпаратты шақыру). Халықты ақпараттандыру, құбылыстарды ашу, жұртшылыққа қызығушылық туғызу және тарту. (халыққа әсер ету, олардың жеке қабылдауын, оқиғаларын енгізу) Ресми, анық, сөзбе-сөз. (ресми ностальгия, дәлдік) Шақыру, шағым, шындық. (қоңырау, таза)

Кітап, ресми мәтіндер мен тираждар, сөйлемдер, анықтамалар (кітаптар мен ресми пікірлер, жағдайларды баяндау, терминдер)

4. Көркем стилистика (әдебиет стилі)

Көркем әдебиетте қолданылады (әдебиетте қолданылады). (құбылыстар мен оқиғаларды сипаттау) Image, сезімтал, айтарлықтай (елестететін, эмоционалдық, мәнерлі)

Айнымалы мағыналар, көркемдік әдістер, метафораны енгізу / теңдеулер, эпителий, синекокс метонимиясы және т.б. / / Транспозициялардың мәндерін, әдістемелік әдістерді, метафоралық метадеректерді,

5. Сөйлеу тәсілі (сөйлеу стилі)

Адамдармен әңгімелесу (қатынастарға қатысы бар) қарым-қатынас жасау (жалпы пайдалану үшін)

Мәтіндер мен триадаларды ақырын енгізу. Жиі қойылатын сұрақтар, Жиі қойылатын сұрақтар, Жиі қойылатын сұрақтар, Жиі қойылатын сұрақтар, Жиі қойылатын сұрақтар және жиі қойылатын сұрақтар).

Әдептілік стереотиптері тілдің формалығы мен әдісіне бөлінеді: публицистикалық, көркемдік және ғылыми тұрғыдан тілдің функциясына және көлеміне байланысты. Қолдану саласы қоғамның барлық салаларында.

Ресми құжаттар мен құжаттар. Құжаттардың түрлері белгілі бір тұлғаның атынан жиі жазылғандықтан, бұл сөйлемнің мәлімдемесі және форманың бірінші және бірыңғай формасын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен ресми тілі ресми стиль парағы болып саналады.

Ғылыми көзқарас тұжырымдамасы. Ғылыми жұмыстың ғылымның түрлі салаларында ғылыми жұмыстары бар. Тұрақты дәйектілік «ғылыми» сөздің басты ерекшелігі болып саналады. Ғылыми стильдердің түрлері: ғылыми мини-стилі, ғылыми және білім беру мини-стилі, ғылыми жарнама түрі. Ғылыми тәсілдің қауіптілігі: реализм, объективтілік, шынайылық. Анықтамалар — ғылым мен техниканың, өнердің және саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты тұжырымдамаға негізделген мәтін немесе тираж. Анықтамалар салалық, пәнаралық және жалпы сабақ ретінде қарастырылады. Ғылыми тұрғыдан негізгі лексикалық даралықты анықтау болып табылады.

Журналистік тәсіл. Публицистикалық тәсіл радио-теледидарлар, баспа басылымдары мен журналдар тілін қамтиды. Мемлекеттік саясаткерлердің публицистік тәсілі қарастырылады. Журналистік православиелік тәсілі — шешендік мәтін.

Көркемдік тәсілі. Көркемдік ерекшеліктері: шығарушы кез-келген мәтінге ие және талғампаз мақсаттар үшін қолданылады. Көркем және жағымды жеңілдіктер кеңінен қолданылады. Лексикалық тілдердің барлық түрлері пайдаланылады. Көркем әдебиет түрінде белсенді стильдің барлық түрлерінің компоненттері де бар.

Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның зерттеу нысаны — стиль. Стиль терминінің мазмұны терең, қолданылу аясы кең. Бұл сөзді көркем өнер саласында, архитектурада, әдебиетте, лингвистикада қолданады. Лингвистикаға байланысты «стиль деп тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдердің дұрыс қолданылу принциптерін айтамыз». Сөйлемдегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының, сөздердің сөйлемде орналасу тәртібінің, тіпті сөздегі дыбыстардың өзара үйлесімділігінің де белгілі бір стильдік мәні бар.

Жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан әдеби стильдің екі түрі бар: ауызекі сөйлеу тілінің стилі және кітаби-жазба стиль.

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі, бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

(http://shygharma.info/aza-tilindegi-stil-t-rleri)


















ФУНКЦИОНАЛДЫ  СТИЛИСТИКА

      Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейтін ғылым. Ол бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі және өзге де функционалды‑стильдік ерекшеліктерді, яғни «стиль ішіндегі» жанрлық жағдаяттарды қарастырады. Оның міндетіне тілдің жеке стилистикалық мүмкіндіктерін қарым‑қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым‑қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады.

      Функционалды стилистикаға тіл қызметі және оны қолдану жатады, яғни оның құрылымы емес, тек тілдік құралдары, сонымен қатар экстралингвистикалық факторлар анықтаған таңдау мен үйлесімдік ұстанымдары жатады. Оның нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі) ұйымдастырылады. Функционалды стилистика дегеніміз – әртүрлі қарым‑қатынас саласында, адамның іс‑әрекеті түрлеріне сай қолдану заңдылығын, сонымен қатар функционалды түрлерде, оларға тілдік құралдарды таңдау мен үйлестіруді шоғырландырылған сөйлеу жүйелілігін зерттейтін лингвистикалық ғылым. Сөйлеу формаларының өзгерісі мәтіндегі баяндау формаларына динамикалық сипат береді. Жазушы сөйлеу формалары арқылы шығармада баяндалатын жайларға қандай мән беретінін байқатып, бірде оқиғаны өмірдің өзіндегідей кең, толықтай бейнеленсе, бірде жалпылама сырғыта сипаттайды.

      Стилистиканы танып‑білуде жалпы лингвистикалық әдіс‑тәсілдер қолданылады. Сондай‑ақ, көрнекті ғалым‑зерттеушілердің тұжырымды ой‑пікірлері мен арнаулы жүргізілген эксперимент жұмыстарының қорытындылары бойынша стилистика жайлы, оның ішінде қазақ тілі стильдері мен практикалық стилистика туралы шынайы ой‑пікірлері назарда ұсталынуға тиіс.

      Жалпы стилистиканы зерттеудің әдіс‑тәсілдері екі топқа бөлініп қарастырылады: бірі теориялық таным әдістері, екіншісі теориялық‑практикалық әдістер.

      Стилистиканы қарастырудың тілдік теориялық әдістері: әңгіме, баяндау, түсіну, көркемдік элементтердің қызметін ашу, т.б. пайдаланылады. Тілдік материалдардың ерекшеліктерін таныту бағытында сөйлем мен мәтіндерге жан‑жақты талдау жүргізу, сөйлемдердің ішкі байланыстарын, интонациялары мен мәнерлілігін, стильдік және эмоционалды‑экспресивтік сапаларын анықтап, стилистикадағы тіл стильдерін ажырату көзделеді.

      Тіл стильдері туралы білім мен дағды стиль түрлерін нақты ажыратып қана қоймай, көркем шығарма мәтінін жан‑жақты зерттей білуге де көмегін тигізеді. Өйткені, стилистикалық талдау жүргізу кезінде салыстырмалы әдіс‑тәсілдерсіз белгілі нәтижеге жету мүмкін емес. Ал, белгілі бір мәтінді редакциялау мен жетілдіру әдістері, сөздерді синоним немесе варианттармен алмастыру, суреттеу мен баяндауға байланысты сөйлемдерді нақтылау арқылы белгілі бір стильге сай қысқарта құру, қайта құрау, сөйлем мен мәтінді басқа стиль түрлеріне сәйкес қайта жазу сияқты амалдар тілдік‑стильдік нұсқаның толығуына мүмкіндік береді. Әсіресе қазақ тілінің стильдері туралы жүйелі білім мен дағды беруде осы теориялық‑практикалық әдістер жиі қолданылып, олардың пайдаланудағы тиімділігі байқалады.

      Сонымен, мәтін стилистикасын зерттеп, тану мақсатына сәйкес әдістерді екі топқа бөліп қарастырамыз: біріншісі, тілдің стилистикалық байлықтарын, реңдерін, мәнін ашу, екіншісі, әдеби тіл стильдерінің жұмсалу қызметтерінің ерекшеліктерін табу. Сол мақсатқа орай, тәжірибе жасау арқылы да стильге авторлық өзгеріс енгізуге болады. Ол үшін мынадай тәсілдерді қолданған жөн:

1.     Даяр мәтіннің стилін анықтай білу.

2.     Мәтінге стильдік талдау жасай білу.

3.                 Берілген мәтінді өңдеп, редакциялай білу мақсатына байланысты түзету енгізу.

4.     Даяр мәтінді басқа тіл стилімен өзгертіп, қайта жаза білу.

5.                 Берілген стиль бойынша мәтін құрастырып жаза білу. Бұған қазақ тілі сабағына байланысты практикалық жұмыстар жүргізу арқылы жаттықтыруға болады. Әсіресе, бұл жүйе студенттің білім көлеміне байланысты болмақ.

6.                 Тіл стильдеріне байланысты жазба жұмыстары, шығарма, мазмұндама, іс‑қағаздары, мақалалар, мөлтек сыр, рецензиялар, баяндама жазу арқылы авторлық стильді түсінуге қол жеткізуге болады.

      Мәтіннің стилін анықтау – стиль туралы түсінік берудің алғашқы кезеңі, стилистиканы меңгертудің бастапқы сатысы болып табылады. Сондықтан стиль туралы мәлімет беру, мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтау, қаламгердің дара стилін ажырату жұмыстарын тілдік‑көркемдік тәсілдер арқылы, тынымсыз еңбектің арқасында тануға болады.

      Дара стильді анықтау үшін мәтіндегі тілдік элементтердің көркемдік қызметін ашу – басты мақсат болып табылады.

      Функционалдық стильдердің ерекшеліктері бойынша жұмыстар жүргізіп, олардың грамматикалық ерекшеліктерін ашу, айтылу, баяндау мақсаттарын анықтау – көркем шығарманың өзіндік белгілерін тануға көмектесетін амалдар екендігі белгілі.

      Функционалдық стильдердің ерекшеліктерінен қысқаша мәлімет беруді мына бағытта жүргізу тиімді:

1.     Ойды жеткізудегі қолдану аймағы мен жағдайы.

2.     Сөйлемдегі міндеті.

3.     Стильдік ерекшеліктері.

4.     Тілдік құралдары.

      Бұл бағытта функционалдық стильдердің мына сияқты ерекшеліктерін анықтауға болады:

      Ауызекі сөйлеу стилінде:

1. Қолдану аясы: кісілермен, әсіресе таныс кісілермен еркін әңгіме, суреттеу, жанды суретін көрсету, нені айтпақшы болса, соның бейнесін суреттеу арқылы адам сезіміне әсер ету.

2. Стильдік ерекшеліктері: образды, эмоционалды, экспресивті.

3. Тілдік құралдары: ауыспалы мағынада, көркемдік тәсілдерін пайдалану (теңеу, эпитет, метафора т.б.).

      Публицистикалық стиль.

1.     Қолдану аясы: газетте, журналда және жиналыстар мен шерулердегі сөздерді қолданылады.

2.     Мақсаты: көпшілікке әсер ету, заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару.

3.     Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.

4.     Тілдік құралы: риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану.

      Стильдердің қолданылу аймағы, мақсаты, стильдік ерекшелігі, тілдік құралдары мәтіннің жанрына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ғылыми стиль мен көркем әдебиет тілі стилін төмендегі келтірілген мәтіндерден анық байқауға болады:

1  Мәтін

 

Омонимдер – айтылуы, жазылуы бірдей, алайда мағынасы әртүрлі сөздер. Мысалы, ара – жәндік, еңбек құралы, мекен. Ара гүл тозаңынан бал жинайды. Қысқы отынды қол арамен аралады. Осы арада кездескеніне өзі де ыңғайсызданды.

2 Мәтін

 

Жан құрбым! Кездеспегенімізге де көп болыпты‑ау... Сен өзгерген шығарсың. Жан жарыңның тілеуін тілеп, балаларыңды бауырыңа басып, сар далаға сағыныштан телміре қарап жүрген боларсың. Тағдырдың бұралаң белдерінде нәзік иығыңа түскен ауыртпалықтан сүрініп қалмай, қайсар төзіммен алға тартып бара жатқан боларсың. Сен аман болшы... Сен енді сүрінбеші... Сен мықтысың, сен бақытыңды қалап жатқан жансың. Ұшса құс қанаты талатын шалғай бір түкпірде өмір сүріп жүрген мен сенің тілеуіңді тілеймін. Жақсылық болғай әрқашан!

 

3  Мәтін

 

Еліміздің  екінші деңгейлі банктері шағын және орта бизнеске төмен пайызбен несиелер беріп жатыр. Үкімет мемлекет тарапынан құрылысқа берілетін қаржы көлемін ұлғайтпақ.  Бұдан басқа мектеп, аурухана құрылыстарының өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды да күшейтпек. Осы жылдың аяғына дейін республикадағы барлық үлескерлердің басым бөлігі қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

 

      Мұндай мәтіндерді ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттерден, газет‑журналдардан таңдап ала отырып, тілдік зерттеу жүргізген тиімді. Таныс мәтіндердің мазмұнына ғана көңіл бөлу емес, оның стильдік ерекшелігін, тілдік қолданыстарын, жақ, шақ категорияларының қолданысын ашып, тану мәтін стилистикасының алғышарты болады. Сонымен бірге түрлі мәтіндерді күнделікті ауызекі сөздер мен көркем туындылардан тани білу де стильдік ерекшеліктерді меңгертеді.

      Баспасөз құралдарындағы жай хабар, ақпарат беру мақсатында жазылған мақалалардың өзінде де қазіргі кезде көркем стильге тән сөздік қолданыстар жиі кездеседі. Олардың бірнеше себептері бар. Оқырманға бұрыннан таныс, санасында қалыптасып қалған мазмұн желісін жалғастырушы іспеттес сөздер мен сөздік қолданыстар мақалада айтылатын ойды жақсы түсінуге себепкер болатынын қаламгерлер жете түсінеді. Мысалы:

      Қазақстанның қара алтыны көптеген шетелдік инвесторлардың қызығушылығын туғызып отыр.

      Арқа төрінде орналасқан әсем Астана, биікке қол созған «Бәйтерек», теңіздің бір тамшысы іспеттес «Думан» ойын‑сауық кешені, Құрылыс алаңына айналған елорда, шырайлы Шымкент, көне Тараз, қазақ жанының айнасы деген сияқты көптеген тіркестер стильдің барлық түрінде де өзіндік қолданысын тауып отыр.

      Стиль түрлерін анықтауда қиындық келтіретін жайттардың бірі – көркем әдебиет стилі. Көркем шығармалардағы сөздердің барлығы да көркем әдебиет стилімен жазылған деген ұғым дұрыс емес. Себебі, көркем әдебиет тілінде барлық стильдердің элементтері болады. Көркем туындының архитектоникасын жасайтын тілдік элементтердің эстетикалық қуаты күшті, эмоционалды‑экспресивті бояуы қанық болуы – қаламгердің шеберлігіне тікелей қатысты. Мәтіннің қай стильге жататынын анықтау үшін мынадай жетелеуші сұрақтар қойған да тиімді болмақ:

      1.Мәтіндер ауызекі сөйлеу тілінде ме, әлде кітаби жазба тіл стилінде жазылған ба?

      2.Қай мәтін қандай стильде жазылған? Оның себебі не?

      3.Тілдік құралдарында қандай айырмашылықтар байқалды?

      4.Автордың айтайын деген ойы қандай?

      5.Айтатын ойын жеткізу тәсілінің ерекшеліктері неде?

      Тіл стильдеріне сай мәтінді анықтай білу үшін сол стильдердің тілдік ерекшеліктерін таба білу қажет. Көркем әдеби стиль мен ауызекі сөйлеу стильдерін жеке‑жеке салыстыра отырып қарастыру екі стильдің өзара айырмашылығын нақты ажыратуға ықпал етеді. Бұл жерде көркем әдебиетте ауызекі сөйлеу стилі қолданылмайды деген жаңсақ ұғым туындамауы тиіс. Сөз шеберлерінің өз туындыларын барынша әсерлі, терең мазмұнды, тіпті шытырман оқиғалы етіп ұсыну мақсатында өзіндік сөздік қолданыстарды пайдалануға жиі қадам жасайды. Алайда авторлар сөздің мағынасын сақтап, ішінара сөздер мен сөз тіркестерін өзгертіп қолданудан басқа, жаңа сөз «ойлап табуға» да тырысады. Оқырмандарға ой желісі түсінікті болу талабына сай олар өздері тапқан сөздерді де қазақ тілі заңдылығына сай құрастыратыны жасырын емес. Осы тұста көркем әдеби стильдердің үлгілерін автордың баяндау немесе суреттеулерінен, ал ауызекі сөйлеу стильдері үлгілерін кейіпкерлердің сөздерінен, әңгімесінен іздеу қажеттігін ескеру керек.

      Мәтін стилистикасын анықтаудың тиімді әдіс‑тәсілдерінің біріне төмендегі амалдарды атауға болады:

- сөйлемдердегі берілген сөздердің қалай қолданылып тұрғандығын және оның мәнін ашу;

-  мәтіндегі әдеби тіл стильдеріне тән сөз тіркестерін анықтау;

- сөздердің және сөз тіркестерінің қолданудағы стильдік ерекшеліктерін айқындау;

- келтірілген үзінділердің әдеби тіл стильдерінің қай түріне жататындығын анықтау және оның ерекшеліктерін табу;

- көркем мәтіндегі автордың даралық қолтаңбасын қалыптастыратын тілдік‑стильдік элементтердің қызметін айқындау.

      Сонымен, мәтін стилистикасының құрылымы мен бітімі туралы түрлі зерттеулерді салыстыра отырып, стилистика тіл білімінің көптеген заңдылығын қамтитын аса ауқымды аралық пән екендігін танимыз.




















ЭССЕ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Эссе- франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк; латынша
“ exagium”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе жанрын ашқан М. Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.).
Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.

Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі

Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.

Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.

Эссе құрылымы

  1. Титул беті.

  2. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.

  3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.

Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек:
Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
4. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.

Эссе жазу үшін қажет делелдеу аппаратының құрылымы

Дәлелдеу- белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім-наныммен байланысты , бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық- тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім- жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.

Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.

Тезис- дәлелденуге тиісті жағдай.

Аргументтер- тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.

Қорытынды- фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым- біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.

Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.

2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.

3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.


Дәлелдеудегі байланыстардың түрлері


Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін.

Тура аргументте тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады.Мысалы, біз сабаққа баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.

Индукция, дедукция, аналогия, себеп-салдар байланыстары арқылы тура дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.

Дәлелдеу әдістері

Индукция - фактілерге негізделген қорытынды. Тұжырымдау барысында біз жекеден жалпыға, жобалап- шамалаудан бекітуге қарай қозғаламыз. Индукцияның жалпы ережесі бойынша: неғұрлым фактілер көп болса, соғұрлым ол дәлелді.

Дедукция- жалпыдан жекеге бағытталған үрдіс. Онда қорытынды екі алғы шарттан тұруы мүмкін, оның біреуі көбірек жалпылық қасиетке ие. Мысалы, өз алдына нақты мақсат қойған адамдар түбі бір үлкен нәтижеге жетеді. Сондай адамдардың бірі –А. Линкольн.

Аналогия- салыстыру арқылы жететін тұжырымдау тәсілі. Аналогия бойынша А және Б заттары бірнеше бағыттары бойынша ұқсас болса, онда олардың қасиеттері де ұқсас болуы тиіс.

Себеп – салдарлы аргументтеу- қандай да бір құбылысты түсіндіру арқылы аргумент жасау.

Фактіде берілген заттарға және басқа көздерге қойылатын талаптар

Эссе жазу барысында эмперикалық берілгендер мен басқа көздерді қалай пайдалану маңызды орын алады. Қолданылатын материалдардың аргументтері мен тұжырымдауы нақты уақыты мен орнына қарай сәйкестігі анықталады. Бәс туғызатын сұрақтар күмән туғызатындығын ұмытпаған жөн. Автордан анық немесе түпкі жауап күтілмейді. Келтірілген материалдың маңызын түсіну қажет. Автор өзі оқымаған жұмыстарға сүйенуге болмайды.

Аналогия-алғашқы түсінікті тауып алу және құрастыру. Элемент маңыздылығының байланысын анқытау.

Ассоциация-заттар мен құбылыстардың өзара байланысын шын мәнінде жүйкелік-психикалық құбылыстарға сай бер. “Адам басына бірінші келеген ойды беру.”

Алғашқы бекіту- ешқандай дәлелдемелерге негізделмеген бекіту.

Ой толғау- пікірлер айту және құрастыру.

Аргументтеу- автордың көзқарасын, позициясының дұрыстығын дәлелдейтін өзара байланысқан ой толғаулар қатары.

Толғау- мына нәрсе қаншалықты шындыққа жақын?- деген сұраққа жауап беретін фраза.

Тұжырым жасау- қорытынды ойдың абсолютті түрде дұрыстығын немесе қандай да бір мөлшерде дұрыстығын дәлелдеу.

Эссе тақырыбы оны қайдан іздеу керектігін өзі айтады десе де болады. Әдетте, интернет, кітапхана, сөздіктер, анықтамалық тар қолданады. Мәтін сапасы төрт негізгі компоненттен тұрады: ойдың ашықтығы, түсініктілігі, сауаттылығы, сәйкестігі. Өзіңіз айтқыңыз келетін идеяны анық және нақты жеткізуіңіз керек. Ой- жазылғанның мазмұны.

Түсініктілігі- мәтіннің түсінуге ыңғайлылығы. Оған жету үшін тақырыпты ашатын логикалық баланысы бар сабақтасып келген сөздерді, фразаларды, өзара байланысқан абзацтарды қолдану керек.

Сауаттылығы- грамматика мен көркем жазу нормаларын сақтау.

Корректность-сәйкестігі ол жазылған нәрсе стилі. Ол жанрмен, жұмыстың құрылымымен, автордың тыңдаушылар не оқушылар алдына қойған мақсатымен анықталады.

Эссені бағалау

Критерийлері

Қойылатын талап

Жоғар

ғы ұпай саны

Тақырыпты түсінуі

мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы ;
—қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;
—жұмысты өз бетінше орындауы.

2 ұпай

Мәселені бағалай білуі

сауатты талдай білуі;
— салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;
— қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;
— қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;
— мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;
— мәлелені өзі бағалай білуі;

4 ұпай

Ой- толғау жасай білуі

мазмұнының анық және ашық болуы;
— дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
— ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
— әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.
— мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.

3 ұпай

Жұмысты орындауы

жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;

лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
— орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;
— талап формасына сәйкес болуы

1 ұпай



Қолданылған әдебиет:

1.Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. Гл.15 «Понятие статики и динамики у Н.Кондратьева и Й.Шумпетера»

2. Шумпетер Й. Теория экономического развития. Гл.2, Кондратьев Н.Д. Основные проблемы экономической статики и динамики. Гл.9.
3. Методические рекомендации по написанию эссе. Государственный Университет Высшая Школа
4.Экономики Санкт—Петербургский филиал. — СПб., 2005.

5. http://www.library.novouralsk.ru/recommends—esse.html
 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.12.2018
1991
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12