СТО стратегияларын сабақта қолданудың тиімділігі атты коучинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СТО стратегияларын сабақта қолданудың тиімділігі атты коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге СТО стратегияларын тиімді қолдануды үйрете отырып, теориялық - тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігін арттыру, әріптестермен ынтымақтастық қарым - қатынас орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг
Сабақтың тақырыбы: СТО стратегияларын сабақта қолданудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары: Мұғалімдерге СТО стратегияларын тиімді қолдануды үйрете отырып, теориялық - тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігін арттыру, әріптестермен ынтымақтастық қарым - қатынас орнату.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер СТО әдістерін меңгеріп, сабақ барысында тиімді қолдана алады, оларды ажырата біледі, оқушыларды сабақта түгел қамти алады.
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1. Тренинг 2. Топтық жұмыс 4. Кері байланыс
Қажетті құралдар Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер
Коучинг кезеңі Коучтың іс - әрекеті Мүғалімдердің іс - әрекеті
Психологиялық ахуал
Тренинг Мұғалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мұғалімдер ортаға шығып, жағымды сын есімді өз аттарына қосарлап айтып, өзін таныстырады, бір жақсы тілек айтады. Мұғалімдер өзін таныстырады, бір жақсы тілек айтады.
Топқа бөлу
Өлең шумақтары арқылы топқа бөлу
(М. Мақатаевтың өлеңдері) Мұғалімдер өлең шумақтары арқылы үш топқа бөлінеді.
1 - топ «Зерттеуші ұстаздар»
2 - топ «Сарапшы ұстаздар»
3 - топ «Шығармашыл ұстаздар»
Білу
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет (слайд) көрсетемін.
«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?
Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік
Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Түсіну
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады:
1. Ой шақыру ( қызығушылықты ояту)
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;
- Оқушылардың іс - әрекетін белсенді ету;
- Оқу іс - әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру;
- Оқу іс - әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», сияқты әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
2. Іске асыру (мағынаны ашу)
- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу;
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу;
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену;
- Ой шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында: V - «білемін», - «білмеймін», + - «мен үшін жаңа ақпарат,»? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
3. Рефлексия (ой толғаныс)
- Жаңа білімді беру;
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау;
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою;
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін - өзі бағалау бойынша жұмысы
Ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «Бес жолдық өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Ішіне - сыртына» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықталынып қолданылады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.
Мұғалімдер өздеріне белгілі мәліметтерді топта талқылап отырады

3 кезеңде топтар «ДЖИГСО" әдісі Мұғалімдер слайдтан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.
Тиімді әдіс - тәсілдерді
жазып алады
Талдау
Практикалық тапсырма ретінде М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сыни тұрғыда талдау мақсатында тапсырмалар таратамын
Қызығушылықты ояту. «Шеринг» әдісі
М. Мақатаев шығармасында қасірет пен қасиет деген ұғымдарды қалай жеткізген?
Топтарға мүсін (аққу, ана, бала, т. б.) беріледі.
Мүсінді бір - біріне кезектесіп беріп, талдаулар барысында қасірет пен қасиет ұғымдарына қатысты есте қалған оқиғаларды айтады. Үш топ та берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы бір - бірінің тапсырмаларын бағалайды.

Жинақтау
«Суреттерді әңгімеле» әдісі
Топтарға суреттер беріледі (Аққу, бесік, бала, Ана, тәуіп, дәрігер)
Суреттердің бір - бірімен байланыстырады.
Суреттердегі уақыт кеңістігін бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Суреттердегі құндылықтарды анықтайды.
Берліген суреттерден әңгіме құрастырады

Қолдану
«Қабырға газеті» әдісі
Топтарға поэмадан үзінділер таратылады
Өлең жолдарындағы ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы қандай мәселе көтереді?
1 - қадам.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан берілген үзіндіні оқиды;
Үзіндіде ақын көтерген мәселені талқылайды;
Түрлі - түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т. б.), жанр таңдап (өлең, әңгіме, ертегі, аңыз т. б.), шығарма оқиғасын өз көзқарасымен дамытып жазады. (2 - 3 сөйлем)
2 - қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;
3 - қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және тапсырма жазылған қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
4 - қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған пікірлерді сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Бағалау
«Шығармашылық ізденіс» әдісі
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны бойынша жобалық жұмысты таңдап алады.
• Жұмыс тақырыбы өмірмен байланысы болуы керек.
• Зерттеуге басқа әдеби шығармалар мен өнер туындыларындағы аққулардың ролі мен маңызы кіруі мүмкін.
• Презентациялар тәсілдері тақырыпқа байланысты түрленуі мүмкін.
Ұсынылатын тақырыптар:
Ұлттық құндылықтар
Табиғатты аяла
Бала - адамның бауыр еті
Жетімкөл неге жылайды?
Ананың халін кім ұғар? Берілген тапсырма бойынша суреттерді бір - бірімен байланыстырып, құндылықтарды анықтайды, әңгіме құрастырады,

Поэмадан берілген үзіндіні оқиды;
Қабырға газетін көркемдеп, шығарма оқиғасын өз көзқарасымен дамытып жазады.
Топтардан 1 - 2 өкіл шығып, галереяға саяхат жасап,
тапсырма жазылған қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
Сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
Топ мүшелері тақырыптың бірін таңдап алып, презентация жасап, қорғайды
Кері байланыс Таратылған А4 парағына бес саусақты салып, әр саусаққа пікірлерін жазады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2024
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі