Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Столыпин реформасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні/Дата/ Date «Бекітемін»
_________________ Директордың ОІЖ орынбасары
___ М.Сисенгалиева
Пән/Предмет/Subject Құқық негіздері |
|
Топ/Группа/ Group № 126КC |
|
Сабақ жоспары/ План урока/ Plan of the lesson
Сабақтың тақырыбы:
ХХ ғ. басындағы Ресейдегі жағдайдың Қазақстанға әсері
Тема урока: В XX в. влияние ситуации в России на Казахстан
Theme of the lesson: In the XX century influence of the situation in Russia in Kazakhstancitizen
Сабақтың мақсаты: Цели урока:
Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары туралы түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: пікірлесу, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: слайд,
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы/ Ход занятия/Procedure of the lesson
І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттермен амандасу, түгендеу
Организационный момент
ІІ. Үй тапсырмасы сұрау:
Опрос домашнего задания
Есеп
сұрақ
1. . 5100-ді 3 –ке бөліп,
оған 23 –ті қосса тарихи оқиға шығады! (1723
ж.)
2. 2800 –ді 2 –ге бөл
шыққан мәнге 2 –мен 30 – дың көбейтіндісін қосып одан кейін 5 –ті
қос сонда тарихи оқиғаның уақыты
шығады.(1465ж.)
3.
50 –ді 34 –ке көбейтіп, оған 71 –ді қос тарихи оқиға уақыты
шығады.(1771ж.)
4. .
398 –ді 5 –ке көбейтіп, 1 –ді қосса тарихи оқиға уақыты шығады.
(1991ж.)
5. 331 –ді 3 –ке көбейтіп
331 –ді қос шыққан мәнді
6.
2-ге көбейтіп одан 662 –ні азайт сонда тарихи оқиға уақыты
шығады.(1986ж.)
Аctivity
1
Көтеріліс Восстание Uprising
Батыр Герой Hero
ІІІ. Өткен білімдерін бекіту: (активити үш тілде): Активизация предыдущих знаний: (активити на трех языках)
Аctivity 2
ΙV. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Объяснение нового материала:
Жер
пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин
аграрлық реформасының зардаптары.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі
өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру
саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға
бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан
шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын
жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл
негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты
болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды
орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы
«Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге
өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол
кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды
заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік
комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып
шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі
делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда
келтірілген баптарын салғастыру арқылы, - делінген түсініктемеде, -
қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді
қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге
толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас
басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге
болмайды».
Мемлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға қатысты бұрынғы қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артықшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін етекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едәуір – суармалы жердің үш десятинасына дейіг шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдық жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 жыл бойы салық жеңілдіктерімен камтамасыз етілді және әскери кызметтен босатылды.
Көші-кон еркіндігін күшейту үшин 1904жылы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уакытша ережелердін» зор маңызы болды,оның заң күші бар еді.Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді,ол 1889 жылы Ережеде бекітілген болатын.
1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында – 88,6%-ы болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зерттеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан заңдар мен өкімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыларға жеткілікті дәрежеде ықпал ете алмады, сөйтіп өз бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді. «Үкімет қоныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр»,- деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға заңдық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының әрекеттері туралы ашық айтылды.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болтын. « Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспидиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспидициясы анықтауы керек еді. Экспидицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Ф.А.Щербина экспидициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдалынудың ең төмен нормасы 110-209 десятина, ал ең көбі 187-510 десятина болса, 190-1908 жылдардағы қайта ұйымдастырылған экспидициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40%-дан 36-57%дйін төмендетілді. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы бес қоныс аудару округіне Ақмола, Семей, Торғай-Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді. Ауданды меңгеруші басқарды, ол ішінара генерал-губернатор арқылы жергілікті әкімшілікке, ал көп дәрежеде егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің жерге орналастыру және егіншілік басқармасына бағынды. Аудан меңгерушісінің өз қарамағында әр түрлі саладағы қызметкерлер штаты, сондай-ақ кіші аудандардағы жергілікті жерлерде шенеуліктері болды.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Закрепление изученного материала:
Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды орналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.
Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.
Тиімді жақтары |
Тиімсіз жақтары |
|
|
Аctivity 3.
өз бетінше жұмыс/самостоятельнаяработы__сұрақтар:
Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:
— отаршылдық тәуелділік
— Басыбайлы тәуелділік
— Жергілікті (автохтонды) халық
— Үлеске тиген жер, кесілген жер
— Столыпиннің аграрлық саясаты
— Ходоктар
— Хутор
— Жатақтар
Объясните значение этих терминов:
- колониальная зависимость
- Острая зависимость
— Местные (автохтонды)
— Земля, вырубка
- Аграрная политика Столыпина
- Ходки
- Хутор
- Полоски
Explain the meaning of these terms:
- colonial dependence
- Acute addiction
- Local (autochthonous)
— The land, cutting
- The agrarian policy of Stolypin
- Trips
- Farm
- Strips
V. Сабақты қорытындылау және рефлексия/Подведение итогов занятия и рефлексия/Conclusion and reflection.
Рефлексия __Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық?_________________________________
Бағалау / Оценка______________________________________________________________________
«
VΙ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание/ Hometask. Оқу
Пәні мұғалімі: _____________ Ж.Муханбеткалиева
Преподаватель: қолы/роспись
Teacher